Буллингтен қорған

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Буллингтен қорған

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға буллинг (қорлау, мазақ ету) ұғымын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Шымкент қаласының білім басқармасының

«Аль-Фараби атындағы мектебі» ЖШС

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

«Буллингтен қорған!»

(сабақтың тақырыбы)


Күні:



Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

«Буллингтен қорған!»


«Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері»



Мақсаты

Оқушыларға буллинг (қорлау, мазақ ету) ұғымын түсіндіру;

Буллингтің түрлері мен салдары туралы ақпарат беру;

Қарым-қатынаста құрмет пен достықты дәріптеу;


Оқушыларды төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету

Жедел қызмет нөмірлерін меңгерту

Қоңырау шалу кезінде қандай ақпарат айту керектігін жаттықтыру




Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу:

Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!

«Жылы сөздер шеңбері» ойыны: Оқушылар бір-біріне жақсы сөздер мен тілек айтады.

Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді





Көңілді әуен



Сабақтың ортасы

Кіріспе әңгіме:

Мұғалім буллинг туралы түсіндіреді:

Буллинг — біреуді қайталап қорлау, мазақ ету, қоқан-лоққы көрсету

Түрлері: физикалық, сөздік, кибербуллинг (интернет арқылы)


Нақты өмірден мысалдар келтіру (бейнеролик көрсетуге болады)

Топтық жұмыс / Ситуациялық тапсырмалар:

Жағдаяттарды талдау:


Мысалы: «Маратты сыныптастары мазақ етеді. Ол не істеуі керек?»

Әр топ өз шешімін ұсынады

«Не істеу керек / Не істеуге болмайды» постер жасау Қорғану жолдары:

Ата-анаға, мұғалімге, мектеп психологына айту

111 – Балаларға арналған сенім телефоны

Досыңмен бірге жүру, кибербуллингтен сақ болу


Оқушылардың пікірлерін тыңдауу




Оқушылар тапсырмаларды орындайды



Әр топ өз жұмысын қорғайды.


Оқушылар сұраққа жауап береді





Мадақтама сөздер айту















Оқушылардың жұмысын мадақтау, белсенді қатысқан оқушыларды атап өту.



Ақ қағаз, фломастерлер




Тақырыптық слайдтар мен суреттер.


Презентация немесе бейнеролик


Постер жасауға арналған құралдар



Сабақтың соңы


Рефлексия / Қорытынды:

«Сен не үйрендің?» сұрақ-жауап

«Буллингке жол жоқ!» ұранын жазу немесе сурет салу

Психологиялық жаттығу: «Қауіпсіз жүрек» (қағаз жүрекке өз тілегін жазу)

Үй тапсырмасы:

Үйде ата-анамен буллинг туралы сөйлесу


«Достық пен сыйластық» туралы сурет салу







Өз ойларын жазады


Ақ қағаз

Қауіпсіздік сабағы

10 мин


Сабақ тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

Жаңа білімді меңгеру


1. Жедел қызмет нөмірлерін қайталау:

101 – Өрт сөндіру

102 – Полиция

103 – Жедел жәрдем

104 – Газ қызметі

112 – Барлық төтенше жағдайлар орталығы

2. Қоңырау шалу ережелері:

Сабыр сақтау

Дыбысты анық жеткізу

Орналасқан мекенжайды айту


Не болғанын қысқа әрі нақты жеткізу

Байланысты үзбеу


Скрипттермен жұмыс (Мәтін үлгілері)

Мысал 1 – Өрт шықты (101):

> «Сәлеметсіз бе! Менің атым Айдана. Біздің үйде өрт шықты. Мекенжай: Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі, 102-үй, 5-пәтер. Өрт ас бөлмеден басталды. Өтінем, тез келіңіздер!»

Мысал 2 – Ауырған адамға көмек (103):

> «Сәлеметсіз бе! Менің атым Мақсат. Әжем кенеттен есінен танып қалды. Ол дем ала алмай жатыр. Біз Қарағанды қаласы, Абай көшесі, 35-үйдеміз. Өтінем, жедел жәрдем жіберіңіздер!»

Мысал 3 – Қылмыс көрдің (102):

> «Сәлеметсіз бе! Менің атым Диана. Мен дүкеннің жанында бір жігіттің телефонды тартып алып қашқанын көрдім. Бұл оқиға Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 12-үй маңында болды. Қара киімде еді. Қазір сол маңда жүр.»

Жаттығу:

Оқушылар жұппен немесе топпен өздері жағдаят ойлап, қоңырау шалу диалогын ойнайды


Мұғалім түзетулер енгізеді, дұрыс жауап үлгісін береді

Қорытынды

Қоңырау шалу кезінде ең маңызды ақпарат: мекенжай, жағдай, аты-жөнің


Сабырлық пен батылдық қажет


Нөмірлерді есте сақтаудың маңызы

Үй тапсырмасы:


Отбасымен бірге үй мекенжайын жаттап, жедел қызметтерге қоңырау шалу машығын қайталау


Үйде төтенше жағдай кезінде не істеу керек екенін талқылау




Оқушылардың тыңдау.


Сұрақтарға жауап береді





















Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді.








Әр оқушы шешімдерін қорғап, түсіндіреді.





Оқушылар сұрақтарға жауап береді




Әр топ өз жұмысын постер түрінде дайындап, қорғайды.







Мадақтама сөздер айту
















Мадақтама сөздер айту























Мадақтама сөздер айту








Презентация








Тақырыптық слайдтар.











Құпия сөз жасауға арналған нұсқаулық парақшалар



Тақырыптық бейнероликтер.



Төтенше қызмет нөмірлері жазылған плакаттар.


Рөлдік ойындарға арналған сценарийлер.


Сабақтың соңы

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2025
31
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі