400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Буллингтен қорған!

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллингтен қорған!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді____________________________________

Тәрбие сағаты

Мектеп: Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия


Сабақтың тақырыбы


«ДОСБОЛLIKE» «Буллингтен қорған! » «Мен жетістікке жетемін» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 30-САБАҚ «Бейтаныс адамның шақыруынан қалай сенімді және қауіпсіз бас тартуға болады?»


Күні: 27.04.2026


Сафиева М.Н.


Сынып: 5 «Ә»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың мақсаты


Мектеп ортасында буллингтың алдын алу

Балалардың қорлау, буллинг, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс қатынасын қалыптастыру.

Қудалау жағдайынан шығу дағдыларын дамыту.

Тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.


Құндылықтарға баулу


Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарларының жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу


Сабақ барысы



Сабақтың кезеңі/уақыты


Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу. Өткен сабақтарға шолу жасау.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Сұрақ-жауап: Буллинг дегеніміз не?

2. Буллингтің себептері мен түрлері

3. Мектептегі буллинг қайдан пайда болады? Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Мұғаліммен амандасады.

Өткен сабақтарға шолу жасайды. Назарларын сабаққа аударады. Берілген сұраққа жауап беріп, пікірлерімен бөліседі.



Сабақтың ортасы









Миға шабуыл (бейнеролик)

Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар) Бұл бейнеролик не туралы? Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?

Буллинг дегеніміз не?

Буллинг бұл жаңа термин. Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қорқыту», «кемсіту», «мұқату» дегенді білдіреді. Кеңірек мағынада бұл бір адам (немесе топ) басқа, физикалық және моральдық жағынан әлсіз адамга (немесе адамдар тобына) физикалық шабуыл жасаған немесе қорқытқан кездегі зорлық-зомбылықтың ерекше түрі. Жалпы баланың қатегездігін білдіреді.

Негізгі белгілері:

-жәбірленуші мен жәбір көрсетуші арасындағы күштердің тең келмеуі;

-кысым мен зомбылықтың қайталануы;

-жәбірленуші көңіл күйіне келтіретін әсері.

-сыныптастар тарапынан намысқа тиетін сөздерді айту,

-жала жабу мен ақша талап ету әлеуметтік жағынан тәртібі әлсіз қоғамда кездесетін жагдайлар.

Қолдау мен түсініспеушілікке зәру балалар, адамның қадір қасиетіне мән берілмейтін ортада буллинг жиі кездеседі.


Буллингтің түрлері:


Психологиялық зорлық-зомбылық- балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау және/не оқшаулауға, баланы коркытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге, оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды. Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланын өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынын сендіру үшін жасалатын мазактау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.


Физикалық зорлық-зомбылық балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатка әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, озін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соккы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, кандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінісе балага залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соктыруы мүмкін.


Кибербуллинг баланың соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында интернет арқылы таралатын әлеуметтік жүйелерді пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру, басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-паракшаны не онлайн режімінде бейне жасау әрекет түрлерін қамтиды.


Буллинг- бұл бір балаға басқа баланың немесе балалар тобының тарапынан бағытталған тұрақты қасақана теріс әрекеттер.


Буллинг әр түрлі болуы мүмкін: қауесет тарату, корқыту, физикалық немесе ауызша шабуыл, баланы топтан шығару, оқшаулау, балаға тікелей немесе жанама түрде зиян келтіретін баска кимылдар немесе әрекеттер.


Қорқытуға мыналар кіреді: біреуге зиян тигізгісі келеді, зиянды әрекеттің өзі, құқық бұзушы мен жәбірленуші арасындағы күш теңгерімсіздігі, мұндай мінез-құлықты қайталау, күшті әділетсіз пайдалану, құқық бұзушының айкын ләззаты және жәбірленушіге қысым көрсету сезімі,


Қорытынды: Баланың озіне ақыл-кеңес


"Жасөспірім өзінің жасына байланысты буллингтен өзін қорғап кала алмайды. Бұл үлкендердің жұмысы. Дегенмен, мұндай мәселелердің алдын алу үшін ересектер балаларға түсіндіруі керек негізі мәселелер бар:


Өзі сенім артатын үлкендерге болып жаткан қысым туралы айту,


Кудалауға қатігездікпен жауап берем деп үміттену дұрыс емес. Бұл тағы да баска мәселелерді тудыруы мүмкін;

Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

• Батыл болуға үйрен. Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың.

• Құрбыңмен/досыңмен бөліс. Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Сонымен қатар, достарың жәбірлеушілер енді мазаңды алмас үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта алады.

• Ересек адамдармен бөліс. Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады. Сондай-ақ,111сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Онда саған көмек пен қолдау көрсетіледі.

• Мұғаліммен бөліс. Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Мүмкін, сенің мектебіңде буллингке қарсы тұруға қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар. Сонымен қатар, сен мектеп психологына да жүгіне аласың.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жауаптарына дәлел келтіреді.





Оқушылар берілген ақпараттармен танысады, мәлімет алады.

Слайд, бейнеролик, жұмыс дәптері


Сабақтың соңы






Қорытынды: Баланың өзіне ақыл-кеңес

"Жасөспірім өзінің жасына байланысты буллингтен өзін қорғап қала алмайды. Бұл үлкендердің жұмысы. Дегенмен, мұндай мәселелердің алдын алу үшін ересектер балаларға түсіндіруі керек негізгі мәселелер бар:


Өзі сенім артатын үлкендерге болып жатқан қысым туралы айту;


Кудалауға қатігездікпен жауап берем деп үміттену дұрыс емес. Бұл тағы да басқа мәселелерді тудыруы мүмкін;


Егер буллингтің куәгері болған жағдайда оны назардан тыс қалдырмауды үйрету".


Рефлексия.


«Түйінді ой» стратегиясымен бүгінгі тақырып бойынша түйген ойларын айтып, қорытындылайды

Оқушылар сабаққа кері байланыс береді. Сабақта білген ақпараттарымен бөліседі, сынып ішінде пікірлерімен алмасады.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 маусым
25
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі