Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Буллингтен қорған! Гаджет және бала. Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Гаджетті дұрыс пайдалану туралы сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: « »

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы


Буллингтен қорған! «Гаджет және бала» сынып сағаты


ҚАҢТАР – ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ


3-апта дәйексөзі:

Тәртіп – тәрбие бастауы

Құндылық

заң және тәртіп


Индикаторлар

Азаматтық- құқықтық білім туралы түсінігінің болуы

Моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін білу



Сабақтың барысы

Сынып сағат кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Рес

урс

тар

Басы

6 минут


Психологиялық дайындық






Сұрақ-жауап:


-Буллинг дегеніміз не?

-Буллингтің қандай түрлері бар?

-Мектепте, үйде, т.б. орындарда буллингке ұшыраған сәттерің болды ма?

-Ондай сәттерде кімнен көмек сұрадыңдар?



Буллинг - бұл жаман әрекеттер, олар басқа адамдардың эмоциялық және физикалық жағдайына зиян тигізеді. Өзіңді қорғау үшін буллинг туралы біліп, оны тоқтатуға тырыс.



Балалар сұрақтарға жауап береді.

Зорлық-зомбылық көрсету

Физикалық немесе сөзбен қорлау, қауіп төндіру.

Қысым көрсету

Басқа адамдардың пікірлерін, әрекеттерін бақылауға тырысу.

Қорқыту

Қорқу сезімін тудыру, қауіп төндіру арқылы бағындыру.

Буллингтің түрлері


ПShape1 сихологиялық физикалық

шабуыл: қорлау, шабуыл

жаман сөздер айту, итеріп жіберу

мазақтау, кемсіту, ауыр соққы

шеттету. жасау










Слайд

1

Ортасы

25 мин

Мұғалім:

- Ал бүгінгі сабағымызда гаджет, оның пайдасы мен зияны және оны дұрыс қолдану туралы білетін боламыз.

Гаджет (ағылшgadget - құрылғы, құрылғының сырлары) — адам өмірін жеңілдетуге және жақсартуға арналған шағын аппарат. Олардың қатарына смартфон, компьютер, ноутбук, планшет және басқа да электрондық құрылғылар жатады.


Сұрақ-жауап:

-Балалар, сендер гаджеттерді қандай мақсатта қолданасыңдар? -Үйлеріңдегі ,айналаңдағы үлкен адамдар қандай гаджеттерді қолданады және қандай мақсатта қолданады?

-Гаджеттердің қандай пайдасы бар?Қандай зияны бар?


Мұғалім:

Гаджеттер түрлі қызметтерді оңай атқара алады. Алайда, өмір сүруді жеңілдетуге арналған электрониканы шамадан тыс қолдану денсаулыққа зиян тигізуі әбден мүмкін.

Гаджеттердің пайдасы

1.Кез-келген ақпаратты тез әрі оңай жолмен алу.

Бұрын белгілі-бір сұраққа жауап алу үшін кітапханаға барып немесе үйдегі компьютерді қолданатын. Ал қазір интернет әрқашан қолыңызда және кез келген тақырыптағы ақпаратты іздеуге көмектеседі.

2.Уақытты үнемдейді.

Жоспарланған іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін белгілі-бір мөлшерде күш пен уақыт жұмсалады.Бүгінде бұл әрекеттерді дәл қазір және дәл осы жерде гаджеттердің көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

3.Қабілеттерді жетілдіреді.

Онлайн тіл курстарына жазылу, түрлі дәрістер мен сабақтарды қарау, әртүрлі электронды кітаптарды оқу арқылы қолданушы өзін-өзі дамыта алады.Ал балаларда пайдалы ойындарды ойнау арқылы логикалық ойлауы жетіліп, қоршаған ортаны танып білуге ынтасы артады.

4.Байланысты арттырады.

Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алдыратын”- құрылғылар қажетті адаммен мобильді байланыс немесе интернет арқылы байланстырады.Туған-туыс, ескі достармен, жақын адамдармен қарым-қатынасты сақтауға үлес қосады.

5.Пайданың артуы.

Жаңа технологиялар бизнесте жұмыс тиімділігі мен өнімділікті жоғарлатады. Автоматтандырылған құрылғыларды пайдалана отырып, еңбек күшінің шығындарын азайтуға болады.

Гаджеттердің зияны


1.Тәуелділік.

Қолданушылардың 53%-ында интернетке және онлайн ойын-дарға деген тәуелділік бар. Виртуалды әлемге ене отырып, тәуелділік психиканы бұзатын ауруға айналуы мүмкін.


2.Номофобия

2008 жылы британдық ғалымдар енгізген термин адамдардың өз гаджетінен айырылып қалудан қорқу жағдайын білдіреді. Гаджеттердің зияны 2.Номофобия Номофобтар телефонын ешқашан өшіре алмайды және үнемі жаңа хабарлама мен қоңырау күтеді. Гаджетті қолданушылардың жартысы осы фобияға шалдыққан.Олардың ішінде 18-24 жастағылардың үлесі басым.
3.Фантомды қоңырау синдромы

Яғни адамда дыбыстық және моторлы галлюцинация пайда болады.Қолданушыға қалтасындағы телефон жиі шырылдағандай болуы мүмкін, бірақ іс жүзінде бұл болмайды. Бұл синдромға жүйке-жүйесі ауруы бар немесе стресс жағдайындағы адамдар көп шалдығады.


4.Гаджеттің денсаулыққа зияны

Есту қабілетінің нашарлауы. Көру қабілетін нашарлауы.Ұйқы бұзылуынан туындаған аурларға шалдығу.Сөйлеу қабілеті нашарлауы немесе жетілмеуі. Физикалық даму қабілетінің нашарлауы.Ас қорту жүйесінің бұзылу мен семіздікке шалдығу. Мойын бөлігінде қан айналу процесінің бұзылуы.

5. “Google эфектісі”

Қазірде адамдар кез-келген ақпаратты интернеттен табатынына сенімді.Осы себептен адамдар білімді керек қылмайды.Соның нәтижесінде ми жаңа ақпаратты қабылдаудан бас тартып, мәліметті оңай әрі көп күш жұмсамай алуға дағдыланады.










Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, гаджеттерді күнделікті өмірде өздері және айналасындағы адамдар қандай мақсаттарда пайдаланатынын ,гаджеттердің пайдасы мен зиянын өз мүмкіндіктерінше айтады.














Слайд

2




Слайд

3











Слайд

4









Слайд

5







Слайд

6










Слайд

7













Слайд

8







Слайд

9


Кибербуллинг деген не?

Кибербуллинг дегеніміз – біреуді цифрлық технологиялардың көмегімен қудалау. Кибербуллинг әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформалары мен ұялы телефондарда орын ала алады. Бұл – қудалау нысанына айналған адамды қорқыту, ашуландыру немесе масқаралауды көздейтін мақсатты мінез-құлық үлгісі.

Топтық жұмыс

Балалар бейне-роликті көріп кибербуллингтен қорғану жол-дарын айтады.

https://www.youtube.com/watch?v=ftdqVKf_VqQ


Соңы

4 мин

Керек кеңестер:

1. Балалардың гаджеттерді пайдалану уақыты туралы кесте (дәрігерлер кеңесі)

4-5 жас – 15 минуттан аспайды; ● 6 жас – 20 минут;

7-9 жас – 30 минут; ● 10-12 жас – 40 минут;

13-14 жас – 50 минут.

2. Егер монитордың алдында ұзақ уақыт сабақ оқыса, 20-30 минут сайын 10 минуттық үзіліс жасау қажет.

3. Көз бен монитор арасындағы қашықтық 60-70 см. болуы қажет.

4. Ұйықтар алдында гаджеттерді пайдалануға болмайды.

5. Таза ауадағы серуенге, спортқа және қозғалыстағы ойындарға уақыт бөлген дұрыс.

6. Желідегі қауіп-қатерлерге немесе буллингке тап болған жағдайда ата-анаңнан, ұстазыңнан, басқа да үлкендерден көмек сұрау керек.







Слайд

10










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2025
248
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12