400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Буллингтен қорған!» «Шынайы достық пен жалған достықты ажырату» 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Буллингтен қорған!» «Шынайы достық пен жалған достықты ажырату»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары

«Буллингтен қорған!» «Шынайы достық пен жалған достықты ажырату»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

11 « »

Сабақтың мақсаттары:

-Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу

- оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру.

Құндылық :

• Заң және тәртіп

• Бірлік және ынтымақ

апта дәйексөзі: «Тәртіп-тәрбие бастауы»

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар




35 мин


































Салеметсіздерме құрметті оқушылар?! –

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.

- Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

«Миға шабул»

1. Буллинг деген не?

2. Кибербуллинг деген не?

Буллинг деген не? Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады.
Бүгінде буллинг әлем мектеп¬те¬рінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессия¬ны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан, қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.
Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. Кез келген адамның кибербуллингке ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.

1-тапсырма (жеке жұмыс)

Жағдаяттарды талдау.

Не істер едің?

2-тапсырма

«Буллинге жол жоқ» көрініс

Оқушылар сәлемдеседі.



Шеңберде тұрып оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. Мысалы:Салем! Сәлеметсің бе? Есен-амансың ба? Қалайсың?




Жағдаяттарды талдайды

Егер де:
1 оқушысаған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
2 оқушы сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
3 оқушы

әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса


Презентация 1-8














Қауіпсіздік сабағы


10 мин








































ҚС:

Сабақтың мақсаты: оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру.

Негізгі міндеттері:

  • достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сыйластық қалыптастыру;

  • оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын, пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;

  • оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  1. Кіріспе (2 мин). «Ой қозғау» әдісі

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен:

– Достық нешеу? - деп сұрапты.

Әйтімбет:

  • Достықтың 2 түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық, - дейді. Дұрыс-ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?

Шешен:

  • Адал достық – өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа, – деп жауап беріпті. Осыны қалай түсінесіңдер?

  1. Негізгі бөлім (6 мин)

Рольдік ойын.

Екі дос арасындағы сүйіспеншілікті бейнелеу

Жағдаяттан шығу:

  • Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. 2 күн болды сені көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің?

  • Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?

  • Сенің жаңа досың бұрынғы досыңмен араласпауыңды өтінді. Өзімен ғана дос болғаныңды қалайды. Не істейсің?

  • Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувениріңді ұнатып қалды. Қайта-қайта оны

қызықтаумен болды. Қимас досың сұраса берер ме едің?

  1. Қорытынды (2 мин): сабақты қорытындылау, кеңес беру.

Достықты қадірлей біліңдер. Досыңның кемшілігін кешіре біл. Достық сезім нұр құяды сезімге, досым үшін тойым дағы, төрім де. Қуаныштың ақ құсы боп самғаған, дос көңілдер шырқай берсін өмірде! Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы – бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сендердің бойларыңда қаланды деп сенемін!

Пайдалы сілтеме:

https://youtu.be/gH3zqZPR4EQ?si=BqIN4gX0HtWlpK6T























































https://youtu.be/gH3zqZPR4EQ?si=BqIN4gX0HtWlpK6T



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
277
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі