400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бунақденелілердің шөпқоректі ,жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік өкілдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға қажет материалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ № 37

Сынып 7 г; ғ

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің шөпқоректі ,жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік өкілдері.Олардың биоценоздық және практикалық маңызы.Зиянкес бунақденелілермен күресудің биологиялық әдісі.Бунақденелілерді қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бунақденелілердің шөпқоректі,паразиттік түрлеріме,зиянкес бунақденелілермен күресу жолдармен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оятуарқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,кестемен жұмыс
Көрнекілік:интерактивті тақта,слайд,оқулық
Сабақ барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу
II.
Үй тапсырмасын сұрау
Аралар мен құмырсқалар – қоғамдық бунақденелілер.
Ашық және жабық сұрқтар
ІІІ
Үй тапсырмасын қорытындылау
а) Биологиялық диктант
Ара, бал арасы –.............. отрядының өкілі. ...................барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ................ болып тіршілік етеді. Баларалардың түк басқан ірі басының екі жағында екі күрделі............., олардың аралығында үш жай көзшелері болады. Алдыңғы жағынан ұзын ............. мұртшалары шығып тұрады. Құмырсқаның ........... түрі бар. Олардың көпшілік түрлері ........................ аймақтарда кездеседі. Денесі ..............., ............... және .................. тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты .................. Көкірек бөлімі жіңішке, онда .................. аяқтары жақсы жетілген. Улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – ........................ деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы................... жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “.......................” және “.....................” құмырсқалар болады.
Жұптық бағалау
өте жақсы жақсы жаман емес
ә) Венн диаграммасы


IV. Жаңа сабақ

Азиялық шегіртке - өте қауіпті ,зиянкес жәндік.Көкқасқа шегірткенің аналығының бір жазда 
Өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды.Ал олардың жаушоғырлары мен үйірлері 1-2 сағатта жүздеген,тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді.Шегірткелер дернәсілдерінің топтасуын - жаушоғыл, ересектерінің жинақталуын - Үйір түзеді.Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшеді. 
Колорадо қоңызы – картоп және т.б. алқа тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ұзындығы 9 – 11 мм, сопақтау келген, қанатының үсті қызғылт сары, он қара жолақты сызықтары (әр жағында 5-тен) бар. Колорадо қоңызы 1859 ж. Колорадо штатының (Солтүстік Америка) картоп алқаптарында кездесе бастаған және осыған байланысты аталған.
Картоптың қауіпті жауы, өнім түсімділігін төмендетеді. Күресу шаралары: ішкі және сыртқы карантинді сақтау; терең деңгейдегі агротехника, картоп отырғызатын жерлерді дернәсілдер пайда бола бастағанда және жас қоңыздар шыға бастағанда химиялық препараттармен өңдеу. 
Тарақан - үйлерде тарақанның 2 түрі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және қара. Тарақан азықты былғайды және сонымен бірге ішек құртының жұмыртқалары мен әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек, полиомиелит және т. б.) тасуы мүмкін. Тарақанды жою үшін химиялық препараттардан мыналар қолданылады: хлорофостың ұнтағы және спирт қосылған 30 процентті ерітіндісін «Фосфолан», «Боракс», «Неопинат», «Сульфолан», «Хлорак», «Хлоропин», «Неопин», Тальфон» дусттары, «Хло-рак», «Хлорофос» таблеткалары, 
Бит — адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, құрсақ бөлімі жалпақтау.
Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттіңжануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек Битке айналады.Бит денені қышытып мазасыздандыруымен қатар, аса қауіпті жұқпалы аурулардың (бөртпе, сүзек,оба, туляремия) қоздырғыштарын таратады. Биттеуді (педикулез) болдырмау үшін тазалық сақтау қажет.
Бүрге –буынаяқтылар типіне жататын, масылдық тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды.
Олардың дүние жүзінде2500 түрі, ал Қазақстанда 400-дей түрі бар. Бүргелер бор кезеңінен белгілі. Бүргенің түсі сары аладан қоңыр-қызғылт түстерге құбылып тұрады. Денесі екі бүйірінен қысыңқы, бас, көкірек және қарын бөлімдерінен тұрады. Басында екі көзі (кейбір түрлерінде көру органы мүлдем жоқ), соруға бейімделген аузы болады. Бас-көкірек бөлімінде 3 жұп аяқтары бар, артқы жұп аяғы секіруге бейімделген. Қарын бөлімі 7 — 8 сақинадан тұрады. Бүрге жұмыртқа салып көбейеді. Аналығы 3000-ға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан ақ құрт тәрізді дернәсілдер пайда болады, оның сыртында сирек ұзын түгі немесе қылшығы бар. Дернәсілдері топырақтағы органик. қалдықтармен қоректенеді. Б-лер 3 жылдай тіршілік етеді. Қазақстанда ең зиянды адам Бүргесі (Pulex іrrіtans)адамның және жылқының, мысықтың, т.б. жануарлардың қанын сорады, сондай-ақ, алақұрт Бүргесі (Vermіpsylla alacurt) оба қоздырғышын ауру адамнан сау адамға, ауру малдан сау малға таратады. Тұрғын үйлердегі Бүргені құрту үшін инсектицидтер қолданады және тұрғын үй, қора-жай таза ұсталуы тиіс.


VI.Үйге тапсырма 
Бунақденелілердің шөпқоректі ,жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік өкілдері. ( қосымша ақпарат іздеп келу)
VII.Бағалау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
400
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі