Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бунақденелілердің шөпқоректі ,жыртқыш,паразиттік және аса паразиттік өкілдері.Олардың биоценоздық және практикалық маңызы.Зиянкес

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Бунақденелілердің шөпқоректі ,жыртқыш,паразиттік және аса паразиттік өкілдері.Олардың биоценоздық және практикалық маңызы.Зиянкес бунақденелілермен күресудің биологиялық әдісі.Бунақденелілерді қорғау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бунақденелілер шөпқоректі,паразиттік түрлерімен таныстыру.Зиянкестермен күрес жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушыларды топтық жұмысқа бағыттау арқылы ұйымшылдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа,табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,миға шабуыл,мозаикалық әдіс.

Көрнекілік: интерактивті тақта,слайд,бунақденелілердің суреттері,оқулық

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу

Сергіту сәті

Жұмбақтар шешейік

Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай.(құмырсқа)

Аузы жоқ,тісі бар,

Тындырар ісі бар.(ара)

Ұшып жүрген гүл қөрдім,

Қонғанда ұстап үлгермедім.(көбелек)

Ат басты,арқар мүйізді,

Бөрі кеуделі,бөкен санды.(шегіртке)

II.Үй тапсырмасын сұрау

Аралар мен құмырсқалар – қоғамдық бунақденелілер.

Миға шабуыл.(10 сұрақ)

1)Құмырсқалар қалай тіршілік етеді?

(топтасып)

2)Құмырсқалар бөлетін ерекше химиялық заттар

(феромондар)

3)Аралар қанша уақыт өмір сүреді?

5-6ай

4)Әрбір илеуде қандай құмырсқалар болады?

Аталық,аналық,жұмысшы,жауынгер

5)Ең еңбекқор жәндік

(құмырсқа)

6)Ара мен құмырсқаның даму сатысын ата.

(толық түрленіп,жұмыртқа,дернәсіл,қуыршақ,имаго)

7)Құмырсқаның маңызы

(ауыл шаруашылығындағы зиянды зиянкестерді жояды.)

8)Араның уы апитоксин қайда қолданылады?

Медицина

9)Құмырсқаның ауыз аппараты

Кеміргіш

10)Жұмысшы аралар қанша уақыт тіршілік етеді?

7-8ай

ІІ Жаңа сабақты түсіндіру(слайд арқылы)

Зиянкестер – адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғшын таратып,өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы.

Зиянкестермен күрес шаралары

Агротехникалық әдіс

Биологиялық әдіс

Физико-механикалық әдіс

Химиялық әдіс

Агротехникалық әдіс

Бұл әдіс бойынша зиянкестерге төзімді,жоғары сапалы мәдени өсімдіктер өсіріледі.Мәдени өсімдіктерді баптай отырып,оларға қолайлы жағдай жасап,өзіндік қорғаныс қабілеттерін артырады.

Химиялық әдіс негізінен улы қоспаларды пайдаланумен ерекшеленеді.Бұл ең қауіпті әдістердің бірі болып табылад.Мұның нәтижесінде пайдалы зиянкестермен қатар,уланған бунақденелілермен қоректенген құстар да қырылып қалады.Жиі қолданылатын құралдарының бірі-пестицидтер.

Физикалық әдіс

Бұл әдіске өнімдерді жинау сонымен қатар топырақты тазартып,қопсыту арқылы зиянкестерді жою жатады.Мұнда бұған қоса төменгі және жоғарғы температураны пайдаланып,зиянкестерді жояды.Физикалық ең қиын әдістердің бірі.

Биологиялық әдіс зиянкестерді олардың жаулары,яғни жыртқыш бунақденелілерді қолданады.Басқа әдістерден ерекшелігі тірі организмдердің жойылуы байқалмайды.Керісінше зиянкес және жыртқыш бунақденелілердің арасында нақты бір баланс орнайды.Бұл өнім сапасын жақсартады.

Бунақденелілердің пайдасы:

өсімдіктерді тозаңдандырады

топырақты қопсытады, топырақ түзуге қатысады

зиянкестерді жояды

бал және балауыз береді

жібек алу үшін өсіріледі

санитарлық қызмет атқарады

тағам ретінде пайдаланылады.

Бунақденелілердің зияны:

ауру таратады

ауыл шаруашылығының зиянкесі

жеміс - жидектерге, көкөніс дақылдарына зиян

үй жиһаздарына, азық - түлікке зиян

III.Бекіту.

Оқушыларды мозаикалық әдіспен 3 топқа бөлемін.Әр топқа тақырып бойынша мәлімет беремін.Мәліметті оқуға 5 мин беремін.Әр оқушы 1 сұрақ дайындап,келесі топқа сұрақ қояды.Жауап барысында жаңа сабақ бекітіледі.

IV.Қорытынды.

Сонымен оқушылар бунақденелілер жер бетінен мүлде жойылып кетсе не болар еді?Бунақденелілердің мына біз үшін маңызы қандай?

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар өз пікірімен бөліседі.

V.Үйге тапсырмасын беру.

Зиянкес бунақденелілермен күресудің биологиялық әдісі.Бунақденелілер ді қорғау.( қосымша ақпарат іздеп келу)

VI.Бағалау

Белсенді сабаққа қатысқан оқушыларды бағалаймын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
696
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12