|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Жылулық
шеңбері
Балаларды шеңберге тұрғызып,
өлең жолдарын айтқызады:
Бақыт толы
шеңберге,
Шаттық толы
шеңберге,
Қол ұстасып келдік
біз,
Жан достармыз енді
біз.
Қайталау.
-естеріңе түсіріңдерші,
дауысты, дауыссыз дыбыстар бірігіп не құрайтын
еді?
-Дұрыс айтасыңдар, дауысты,
дауыссыз дыбыстар бірігіп сөз
құрайды.
Д\о «Сөз
ойла»
Тәрбиеші допты бір балаға
береді, ол бір сөз айтып, допты қайта
береді.
-Жарайсыңдар, қандай
керемет сөздер ойлағансыңдар. Маған Руслан мен Айдананың сөздері
ерекше ұнады. Келіңдер, екеуінің сөздерін өлшеп
көрейік.
|
Қол ұстасып, жылулық шеңберіне
тұрып, өлеңді тәрбиешімен бірігіп
айтады.
Өткен тақырыпты естеріне
түсіріп, жауап береді.
- дауысты, дауыссыз дыбыстар
бірігіп сөз құрайды.
Допты алған бала бір сөз ойлап
айтады да, допты қайта тәрбиешіге
береді.
Құрамындағы
дыбыстарды санап, екі сөзді
өлшейді.
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Жаңа
тақырып
Балаларға қолына алма ұстап
тұрған баланың суретін
көрсетеді:
-Сүлеймен қолыңдағы алмасын
достарына бергісі келеді. Бірақ достарына бір ғана алманы қалай
жеткізерін білмей тұр. Ойланып көріңдерші. Сүлеймен не істесе
болады?
-Дұрыс айтасыңдар, оны бөлу
керек.
Суретті шетке алып
қояды:
-Сүлеймен сендерге рақмет
айтып, алмасвын бөлуге кетті, ал, біз «алма» деген сөзді бөліктерге
бөлейік.
Тәрбиеші алдымен өзі, одан соң
балалармен бірге сөзді баяу буынға бөліп
айтады:
-Ааал-маа,
-Қанша бөлікке бөлгенімізді
санау үшін әр бөлікті айтқанда ақырын қол
соғайық.
-2рет шапалақ ұрдық, яғни,
сөзді 2 буынға бөлдік
Тақтадағы сөздің белгісін
сызықпен 2 бөлікке бөледі. Таяқшамен көрсете отырып, әр буынды
айтқызады: 1-ал, 2-ма.
Суретпен
жұмыс
Табиғаттың суретіне балалардың
алмалы-салмалы суреттірі
бекітілген.
-Енді мына суретке қараңдар.
Балалар тауға гүл теруге барған. Әдемі гүлдерді тере-тере, Қарлығш
басқа балалардан ұзап, адасып
кетті.
Қыз баланың суретін шетке
жылжытып қояды.
-Балалардың Қарлығашты қалай
іздеп жатқанын тыңдайық:
-Қааар-лыыы-ғааааш.
-Балалар Қарлығаштың атын неше
бөлікке бөліп шақырды? Келіңдер, қол соғып, санап
көрейік.
Қыз баланың суретін қайтадан
орнына қояды.
-Балалар шақырып еді, Қарлығаш
қайтып келді. Жүріңдер, біз де тауға барып, гүл теріп
келейік.
Сергіту
жаттығуы
Балалардан
қалмайық,
Біз де тауға
барайық.
Қызыл, жасыл
гүлдерді,
Теріп, теріп
алайық.
Д\о «Достарды
іздейміз»
-Таудың табиғаты не деген
керемет! Терген гүлдерімізді бір шетке қояйық. Ой, балалар,
қараңдар, Жангир көрінбейді ғой. Келіңдер,
шақырайық.
-Жаааан-гииир
-Менің сұрағыма дұрыс жауап
берсеңдер, Жангир жылдам табылады. Жангирдің атын неше буынға
бөлдік?
-Жарайсыңдар,міне,Жангиріміз
де табылды..
-Енді Қарагөз адасып кетіпті.
Дана, Қарагөзді сен шақыршы.
Осы ретпен 5-6 баланың атын
буынға бөлдірді, неше буын екенін
айтқызады.
-Жаңбыр жаумай тұрып, жылдам
қайтайық.
Саусақ
жаттығуы
Бұлт қабағын түйіп
ап,
Бүркеп алды
аспанды.
Тырс,тырс,тырс,тырсылдап,
Жаңбыр жауа
бастады.
Жаттығуға арналған қимылдарды
жасап көрсетеді.
Саусақ жаттығуына арналған
қимылдарды өздерінің ойлап табуына мүмкіндік беруге
болады.
Дәптермен
жұмыс
|
Баланың суретін
тамашалайды.
Әр бала өз ойын
айтады.
-Алманы бөліп берсін.
Т.б
Тәрбиешімен бірге «алма» сөзін
буынға бөледі.
Алақандарын соғып, сөздегі
буын санын санайды.
Тәрбиешімен бірге әр буынды
айтады.
Суретті
тамашалайды.
Әр буынды естігенде бір рет
қол соғу арқылы "Қарлығаш" сөзіндегі буынды
санайды.
Орындарынан тұрып, бір орында
жүреді.
Еңкейіп, гүл терген қимыл
жасайды.
«
Жангир» сөзін буынға
бөледі.
Неше буын екенін
айтады.
Дана Қарагөзді
«шақырады»:
-Қаа-раа-гөөөз
Балалардың есімдерін буынға
бөледі, неше буын екенін
айтады.
Екі алақандарымен бұлт
жасайды.
Саусақтарымен партпны
тықылдатады.
Әртүрлі қимылдарды ойластырып
көреді.
Жұмыс дәптеріндегі суреттер
бойынша сөйлейді.
Түзу отырып
жазады.
|