15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Буын түрлеріне арналған жаттығу, талдау жұмыстары
Сабақтың тақырыбы: Буын түрлеріне арналған жаттығу, талдау жұмыстары
( қазақ тілі 5-сынып)
Мақсаты: - Оқушылардың өткен сабақтарда алған теориялық
білімдерін нықтай түсу.
- Оқушылардың есте сақтау, елестету қабілеттерін арттыру, ғылыми тілде сөйлеуін қалыптастыру, тіл байлығын жетілдіру.
- Туған елін, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы, саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап, СКТ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта (слайд)
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет.
С
абақтың барысы: І Ұйымдастыру
кезеңі
- Құрметті жолаушылар! Атырау – Астана бағыты мен ұшатын «air astana» «Самұрық» ТУ -51 ұшағына қош келдіңіздер!
- Сіздердің қолдарыңызда ұшу билеттері бар. Билеттеріңізде әр түрлі тапсырмалар жазылған. Сол тапсырманы орындауларыңызды сұраймыз.
№ 1 Тапсырма . Мына сұрақтарға жауап алынады.
1. Үнді дауыссыздарды атаңыз. 11. Үнді дауыссыздардың ережелерін айтыңыз.
2. Ашық дауыстылардың ережесін айтыңыз. 12. Ашық дауыстыларды атаңыз.
3. «Атамекен» сөзінде неше буын бар? 13. «Әке» сөзі буынның қай түріне жатады?
4. Еріндік дауыстыларды атаңыз. 14. Еріндік дауыстылардың ережесін айтыңыз.
5. «От» сөз буынның қай түріне жатады? 15. Жуан дауыстыларды атаңыз.
6. Ұяң дауыссыздарды атаңыз. 16. Ұяң дауыссыздардың ережесін айтыңыз.
7. «Отаным» қандай буынды сөз? 17. Ашық буын дегеніміз не?
8. Қатаң дауыссыздардың ережесін айтыңыз. 18. Қатаң дауыссыздарды атаңыз.
9. Қысаң дауыстыларды атаңыз? 19. Қысаң дауыстылардың ережесін айтыңыз.
10. «Лақ» сөзі буынның қай түріне жатады? 20. «Білім» қандай буынды сөз?
- Жолаушылыр, қауіпсіздік белбеулерін тағып, орындарыңызда қозғалмай отыруларыңыз сұралады.
- Капитан жолдас, жолаушылар тапсырманы ойдағыдай орындады. Ұшақ ұшуға әзір.
(Ұшақ суреті мен дыбысы)
- Жергілікті уақыт 9 сағат 20 минут. Ұшақтың ұшу уақыты 45 минут. Осы уақыт ішінде сіздерге әр түрлі тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды орындауға атсалысуларыңыз сұралады.
- Тапсырманы дұрыс орындаған жолаушылар Елордамыз Астананы тамашалауға мүмкіндік алады. Сәтті сапар тілейміз!
- Астана қаласына алғаш ұшып бара жатқан жолаушыларға Елордамыз Астана туралы шағын мағлұмат береміз.
- Қазақстанның жаңа астанасы – жер шарының бүкіл халықтарына бейбітшілік, ізгілік және ынтымақтастық идеялын әкелетінмемлекеттің астанасы.
- Жас астана қазіргі заманның ең жасқы жетістіктерін және өткен мен келешектің бай мұрасын өзіне үйретеді.
- Астана өзінің реңді бұрқақтарымен, бейбітшілік пен ынтымақтастық пирамидасымен және «Хан шатырымен» бүкіл әлемге әйгілі.
№ 2 Тапсырма: Су бұрқақтар, Пирамида, Хан шатыры сөздерін буынға бөліп, буын түрлерін
анықтау. 1-қатар пирамида, 2-қатар су бұрқақтары 3-қатар Хан шатыры
Пирамида Бұрқақтар Хан шатыры
1. Аралас буынды сөз. 1. Жуан буынды сөз 1. Жуан буынды сөз
2. пи + ра
+ ми + да 2. су бұр + қақ + тар 2. Хан ша + ты + ры
![]()
4 а.б. 1 а.б. 3 а.б. 1 б.б. 3 а.б.
![]()
№ 3 Тапсырма Хан шатыры сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.
![]()
Б
:
Хан шатыры = 0 = ------ =?
4 (2а, 2ы) дауыситы о
Ш: Хан шатыры = 9 о = -------------------------------------- ;
5 (х,н,ш,т,р,) дауыссыз о
![]()
4 (2а, 2ы) тіл арты н/е жуан
А
) 4 = -------------------------------------- ;
2 (2а,) ашық +
Ә
) 4
= --------------------------------------;
2 ( 2ы) қысаң
![]()
Б
) 4
= --------------------------------------;
4 (2а, 2ы) езулік
![]()
3 (х, т, ш) қатаң +
А) 5 = --------------------------------------;
2 ( р, н) үнді
- 13 жыл ішінде Астана жер бетіндегі ең әсем қала атағына ие болды. 2009 жылдың шілде айында қала «Әлем қаласы» атты ЮНЕСКО-ның сыйлығына ие болды.
- Елбасының ой жүзеге асып, Қазақстанның жаңа астанасы Еуропа мен Азияны біріктірді. Астананың қақ ортасында Астана-Бәйтерек кешені орналасқан. (Бәйтерек суреті)
№ 4 Тапсырма: Бәйтерек сөзін буынға бөліп, буын түрлерін анықтау.
Бәйтерек
-
Жіңішке буынды сөз
-
Б
әй + те + рек
![]()
2 б.б 1 а.б.
![]()
- Бұл кешеннің Бәйтерек аталуының да өзіндік тарихы бар. Қазақ ертегілерінің ішінде жұрттың бәріне таныс ең сүйікті кейіпкер - Ер Төстік. Ер Төстік айшылық алыс жолдардан, асу-асу белдерден өтіп, жер асты патшалығына тап болады. Сонда ол өмірдің бастауын бейнелейтін алып ағашты көреді.
- Түркі халықтарының аңызы бойынша, осы алып ағаштың ұшар басына аңыздағы Самұрық құс жыл сайын жалғыз ғана алтын жұмыртқа салады екен, сол жұмыртқа өмірдің символындай бүкіл тіршілікке жан беріп тұрады екен. Бірақ жылдың белгілі бір мезгілінде осынау Ұлы құстың жыл сайынғы жалғыз балапаны өліп қала береді.
- Жұмыртқадан балапан жарып шыққан бойда бір айдаһар-жылан алып ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз, күнәсіз балапанды жұтып қояды екен. Жерасты патшалығына түскен Ер Төстік балапанға ұмтылған айдаһарды садақпен атып өлтіреді. Бұған риза болған Самұрық балапанын ажалдан аман алып қалғаны үшін ер Төстікті жер астынан жер үстіне алып шығады.
№ 5 Тапсырма А) Төстік, Самұрық, жұмытқа, балапан, айдаһар сөздерін буынға бөліп, буын түрлерін анықтау.
1-қатар балапан, 2-қатар жұмыртқа 3-қатар Самұрық
Ә) Тақтаға Төстік, айдаһар сөздерін буынға бөліп, буын түрлерін анықтау.
Б
алапан Жұмыртқа Самұрық
1. Жуан буынды сөз 1. Жуан буынды сөз 1. Жуан буынды сөз
2
.
Ба + ла + пан 2. Жұ + мырт + қа 2. Са + мұ + рық
![]()
2 а.б. 1 б.б 1 б.б. 1 б.б 2 а.б. 1 б.б.
- Бәйтеректің биіктігі тура 97 метр. Бұл елдің ордасы алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына, 1997 жылға сәйкес келеді.
№ 6 Тапсырма Өзіндік жұмыс. Астана, Алматы сөздерін буынға бөліп, буын түрлерін анықтау.
Астана,
Алматы
1. Жуан буынды сөз
2. Ас + та + на Ал + ма + ты
2 т.б. 4 а.б.
- Құрметті жолаушылар, Атырау – Астана ұшағы Астана қаласына қонуға әзір. Қауіпсіздік ережелерін сақтауларының сұралады.
- Әсем қаламызды аралап, жақсы әсер мен көңіл күйге бөленулеріңізге тілектеспіз. «air astana-ның» «Самұрық» ұшағын таңдағандарыңызға алғысымызды білдіреміз.
- Қаланы тамашалау барысында өздеріңізге ұнаған көріністерді дәптерлеріңізге жазып алып, оны буын түрлерлеріне қарай талдауларыңызды ескертеміз.
- Тапсырманы орындау арқылы Астана – Атырау бағытына ұшатын ұшаққа тегін міне аласыз.
Әуен ойнап тұрады. Оқушылар бейнетаспадан Астана көрінісін көреді.
№ 7 Тапсырма: Өздеріңізге ұнаған көріністерді дәптерлеріңізге жазып алып, оны буын түрле-
ріне қарай талдайды.
№ 8 Тапсырма: Сабақты қорытындылау
Есіл өзені Бәйтерек Пирамида Ақ орда
«Думан» су асты әлемі АСТАНА
Назарбаев университеті
![]()
Нұр-Астана мешіті Хан шатыры Биші бұрқақ Парлатент үйі
- Сабаққа атсалысып қатысқандарыңызға рахмет. Астана - Атырау ТУ -51 ұшағымен ауылдарыңызға оралғанда тағы бір тапсырма беріледі. Ол тапсырма «Есіл жағасындағы еңселі қала» тақырыбына шағын шығарма жазу.
№ 9 Тапсырма Үйге тапсырма: «Есіл жағасындағы еңселі қала» тақырыбына шағын шығарма жазу және тақырыптығы сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне талдау.
10. Бағалау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген