Буындап оқыту техникасы

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Буындап оқыту техникасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Буындап оқыту техникасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Буындап оқыту техникасы»


 

Оқушы тұлғасының даму ерекшелігі оның оқудағы жетістігі,  оқу іс әрекетінің компоненттерін меңгеруі,  жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларының бір саласы — оқу техникасы. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес. Ал ол үшін буындап оқыту техникасының қыр-сырын білген жөн.   «Буындап  оқыту техникасы» атты авторлық бағдарламам бірінші сынып оқушылары үшін жасалған оқу бағдарламасы болғандықтан   шығармашылық жұмысымның мақсаты сабақта жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдану,  толық дағдысын қалыптастыру, оқу жылдамдығын арттыру және арнайы жаттығулар мен  тапсырмалар жүйесі арқылы оқу кезіндегі техникалық кемшіліктерді жою болып табылады.

Сонымен қатар, авторлық бағдарламамда оның міндеттері, күтілетін нәтижелері, оқушылардың сөйлеу тіліне қойылатын талаптар жан-жақты сараланып, талданған.

Жалпы,  бағдарлама атына заты сай нақты жазылған. Мәселен, бағдарлама міндеттеріне дыбыстардың дұрыс артикуляциясын үйрету, ашық және  бітеу буынды, үш және одан да көп буынды сөздері  бар мәтіндер беру арқылы  оқу техникасын қалыптастыру,  буындарды бірге оқуды үйрету және оған талдау жасау, зияткерлік дамуды ынталандыру және оқыту сапасының деңгейін арттыру, оқу процесіне қатысатын сөйлемейтін психикалық функцияларды жетілдіру, үйлесімді сөйлеуді дамыту және сөздік қорын байыту, оқу кезінде техникалық кемшіліктерді, қиындықтардың себебін анықтау және әр сабақтың мазмұнына арнайы таңдалған тапсырмалар мен  жаттығуларды  қосу арқылы түзету  жатады.

Міне, бұл міндеттер жүзеге асырылғанда күтілетін нәтижелер өз жемісін беріп, буындар бойынша бір қалыпты тұтас сөзбен оқып, оқығанды түсінеді, бейтаныс сөздердің мағынасын білуге ұмтылады, сұрақтар мен тапсырмаларды, мұғалімнің нұсқауларын түсініп, оларға лайықты жауап береді,  мұғалімнің басшылығымен қысқа мәтіндердің мазмұнын ауызша жеткізеді. Сонымен   бірге тілдің фонетикасы мен грамматикасын меңгеріп, дыбыстар мен әріптерді,  дауысты және дауыссыз, қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды ажыратады.

Жалпы, бағдарламада оқушылардың дайындық деңгейіне,  сөйлеу тіліне қойылатын талаптар жан-жақты  қарастырылған,  білім беру үрдісіне деген көзқарастар, оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық принциптеріне негізделген.   Бағдарламаны іске асыру барысында қолданылған жұмыс түрлері үйлесімді әрі 1 сынып оқушыларының ой-түйсігіне сай болғандықтан түрлі тапсырмаларды оңай түсінеді.  Бағдарлама бір оқу жылына есептеліп,  аптасына 1 сағаттан,  жалпы жылына 36 сағатқа жоспарланған.

Авторлық бағдарламам арқылы жаңадан мектеп табалдырығын аттаған балалар бір жылда буындап оқыту техникасының қыр-сырын түсініп, буынға бөліп оқуды меңгереді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі