Буынға бөлейік

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Буынға бөлейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға сөз және буын туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

0

0

Сауат ашу негіздері: Буынға бөлейік

Shape1

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ

Балаларға сөз және буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуді үйрету.

МІНДЕТТЕР:

Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру. Балалардың ақыл-ойын дамыту. Өз ойларын еркін айтуды үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

СӨЗДІК ЖҰМЫС

Сөз, буын, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР:

Шаттық шеңбері, ғажайып сәт, көрсету, түсіндіру, дидактикалық ойындар.

Үлестірмелі материалдар.

Жазу парақтары, қарындаш, қалам.

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ:

Шаттық шеңбері

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Күн шуағын достарға сыйлайық.

Балалар шаттық шеңберіне шақырылады, тақпақты барлығы бірге қайталап айту ұсынылады.

Қонаққа Аружан қуыршақ келгені хабарланады. Оның қолында кішкене қорапшасы бар. (Ішінде не бар екен?)

Қорапша ашылады, тәрбиеші қорапшадан бірнеше суреттері бар карточкаларды алып, тақтаға бір-бірден іліп қояды. «Затты сипатта» дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттер: заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту. Бала әртүрлі жемістер немесе көкөністердің суреттері, нақпішіндері салынған ыдыстан бір затты алады. Сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап, оны буынға бөледі. Мысалы: «Бұл – алма. Алма – қызыл, тәтті, домалақ. «Ал-ма» сөзі 2 буынға бөлінеді.» Балалар ойынға қызығушылық танытады.

Ереже: сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: а-та.

Тәрбиеші қорапшадан бірнеше суреттері бар карточкаларды алып шығып, тақтаға бір-бірден іліп қояды. Тәрбиеші:

  • Мынау не? (көрсетеді)

(Мынау терезе. Мынау теледидиар. Мынау шана. Мынау айна.)

Педагог балаларға теледидар, терезе, шана, үйшік, айна, сөздерін шапалақ соғу арқылы буынға бөлуді және ол неше буыннан тұратынын анықтауды ұсынады. Шапалақ соғу арқылы сөздерді буынға бөледі: те-ре-зе – 3 буын, үй-шік – 2 буын, ша-на – 2 буын, ай-на – 2 буын.

Қорытындыға келу.

Педагог:

  • Қанша рет шапалақ соқсақ, сөзде сонша буын болады. Сөзде неше дауыстыдыбыс болса, онда сонша буын болады.

Сергіту сәті.

Басты иіп алға,

Керіліп-созылып.

Жиналамыз қайта артқа шегініп,

Тағы созыл алға, Бір қырыңа қара. Тағы созыл алға.

«Тез ата» дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттер: балалардың өздеріне сөздерді ойлатып, буынға бөлдіріп, неше буын барын айтуды ұсыну. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, оны сонша буынға бөлуге болатынын түсіндіру.

Ойын ережесі: балалар сөздерді ойлап, оны буынға бөледі. Мысалы: «тарақ» сөзінде, екі дауысты дыбыс бар, екі буын бар.

«Кел, жазайық

Дәптердегі үлгіге қарап жазуды ұсыну.

Оңнан солға қарай тікбұрышты үшбұрышты сызып шығу. Солдан оңға қарай тікбұрышты үшбұрышты сызып шығу.

Ромб тәрізді пішінді сызып шығу.

Үшбұрышты сызып шығу.

«Қай буынды жоғалттым?» дидактикалық ойыны.

Тәрбиеші бір буынды айтады, балаларға сөздің соңғы буынын табуды ұсынады.

Мысалы: са-...

мы-...

тыш-...

Балалар айтылған сөздің соңғы буынын табуға тырысады.

... -ғат

... -сық

... -қан



ҚОРЫТЫНДЫ:

Педагог:

  • Балалар, бүгін не үйрендік? (Сөз, сөздерді буынға бөлу, сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру.)

  • Сөзді неге бөлдік? (Буынға бөлдік.)

  • Буын нелерден тұрады? (Дыбыстардан тұрады.)

Педагог:

  • Бүгін көңіл күйлерің қалай? Балалар, бүгінгі көңіл күйлерің көтеріңкі болса,қызыл текшені көтеріңдер. Көңілсіз болсаңдар, көк текшені көтеріңдер.









Shape3

12


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2025
44
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі