жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Буынға бөліп оқуды үйрету әліппе бойынша

1-СЫНЫП
(әліппе оқулығы бойынша)
Буындап оқу үлгісі:
«Аа» дыбысы

«Тт» дыбысы
ТА ТА ТА
ТА А ТА АТА
АТ АТ АТ
«Пп» дыбысы
ПА ПА ПА
ПА А ПА АТ АТ ПА
ТА А ТА АТ ТА АП ТА
АПА АПТА АТПА АТТА
◼ Атта!
◼ Атпа!

«Нн» дыбысы
НА НА НА
А ТА А НА ПА НА А ТАН
А ПА НАН ТА НА А ПАН
ПАНА АПТА АТАН ТАНА
«Ғғ» дыбысы
ҒА ҒА ҒА
ҒА А ҒА ТА ҒА
НА А НА ТА НА
ПА А ПА ПА НА
АҒА ТАҒА АПТА
АНА ТАНА ПАНА

«Рр» дыбысы
РА РА РА
РА А РА ТА РА ТАР
ҒА А ҒА ТА ҒА НАР
АР ПА АР НА
АРА ТАР АРПА ТАРА
НАР АРНА
«Лл» дыбысы
ЛА ЛА ЛА
ЛА А ЛА АЛ ҒА ТАЛ ТА ЛАП
РА А РА А РАЛ ТАР ТАЛ ҒАТ
А ТА А НА А ТА ЛАР А НА ЛАР
А ПА А ҒА А ПА ЛАР А ҒА ЛАР
АРА АРАЛ АРАЛА АРАЛАР

«Уу» дыбысы
УА УА УА
УА А УА АУ НУ НА УА ТАУ ТУ
ата апа ана аға ара ала ауа
ТУ ТАУ А НАУ А ЛА ТАУ
ТУ ЛАР ТАУ ЛАР АЛ ТАУ А ЛАУ
«Шш» дыбысы
ША ША ША
АР ША ШАШ ШАР ША ҒА ЛА
АЛ ША ША ШУ ША РА А ЛА ША
ағаш шар шара Шара Шарапат
шана шаш шашу Раушан Шапағат
◼ Шара, шар ал.
◼ Шарапат, шашу шаш.
◼ шала – алаш; шаш

«Йй» дыбысы
А ПА А ТА А ҒА АЙ АЙ НА
А ПАЙ А ТАЙ А ҒАЙ ТАЙ АЙ РАН
ай айна Айна Айнаш шай айран Айша
Ғайша апай атай ағай
◼ - Айша, айна ал.
◼ - Аға, айран ал.
«Оо» дыбысы
ОР ОЙ НА ОЛ ТОЙ О РУ ОЙ ЛА
ОН ТОН ТО ҒАЙ ШОР ТАН
ШО ПАН ТОР ҒАЙ ШОЛ ПАН
ТО ҒАН
◼ ОТ О ШАҚ ОЙ МАҚ О РАҚ
шопан Шора тор той Орал шапан
Шара тар тай Арал

«Ққ» дыбысы
ҚА ЛА ҚА РА ҚА ЛАҚ ҚАЛ ТА АҚ
ҚО ЛА ҚО РА ҚО НАҚ ТАҚ ТА ЛАҚ
о рақ а ла қан Қа нат о шақ қо ша қан
Қай рат ақ пан қа ра қат Қуат
қарға қалпақ қурай қолғап қайла
қайрақ қуат қолғанат қой қол қар
қап қошқар арқар қалақай алақай
«Дд» дыбысы
ДА ЛА ДО ҒА ДО ДА ДУ ЛАТ
ДА УА ДО ҒАЛ ДОП ДАРҚАН
қайда долана Дана Ардақ қандай
дуадақ Дулат Айдар

«Мм» дыбысы
ма та мал ма қал та мақ ой мақ мақ
та мол қа лам қай мақ қар мақ
май мал марал мақпал маман тағам Арман Айман
монша моншақ май шам адам қадам маман орамал
Тамақ
Нан – тамақ. Тоқаш – тамақ. Қант – тамақ. Май –
тамақ. Қаймақ – тамақ. Айран – тамақ. Тамақ мол.
«Бб» дыбысы
ба ла ба та бор Бо та ба ба бо та
бал Бо лат
бала балақан балапан ботақан бақ бақ ша
бақа бақбақ бағбан балуан балға балта қабақ
табақ табан шабақ арба дорба Айбол Айбар
Орман
Орманда ағаштар бар. Онда қарағай да, тал да бар.
Қарға, торғайлар да орманда. Бота, Абай да орманда.

«Сс» дыбысы
сан са на са нат сал са ла са ға
са ба са бақ са ғат ма са ма сақ
са мал бас қос дос
сай сайман су суат аспан аспап саусақ саумал
Асқар Асқат
Саймандар
Балға – сайман. Балта – сайман. Ара – сайман. Балға,
балта, ара – саймандар. Атамда балға да, балта да, ара да
бар.
«Ыы» дыбысы
ы дыс ы рыс шы ны шы рын
қа сық тор сық су сын су ық сыр най
дом бы ра
оқушы ойыншы балықшы орманшы домбырашы
қақпашы орын отын қуырдақ қуыршақ шырша
шырмауық борсық мысық
◼ Қасық, шыны, торсық – ыдыстар.
◼ Домбыра, сырнай – аспаптар.
◼ Шырын – сусын.

«Жж» дыбысы
жа ға жа са жа лау жа сау жо та
жу а жан тақ жу сан жу ан жу ас
жауын жауап жарыс жарық жылқы жорға жарғанат
жапалақ жақсы жаман жасыл жайлау Жамал
Жамбыл Айжан Олжас
Жусан
Далада жусан бар. Жусанға мал жақсы жайылады.
Жарас малды жусанға жайды. Мал тойынды.
«Ұұ» дыбысы
ұл ұ лан ұ лу ұ лар бұ тақ бұл бұл
бұ лақ құ рақ
Құстар
Құр, бұлбұл, тырна, қарлығаш, қарға – құстар.
Құстар – адамға дос. Құс жұмыртқасын алма. Оларға
қамқорлық жаса.
Қарлығаш, қараторғай, тырна – жыл құстары. Жыл
құстары қыста жылы жақта болады. Құстар пайдалы.
Жұмбақ
Құстай ұшар қанатты тұлпар.
(ұшақ)

«Ңң» дыбысы
аң оң аң шы қам шы таң тоң
жа ңа жа ңа лық жаң ғақ жаң быр
Аңдар
Аңдар орманда, тауда, далада болады. Арыстан – аң
патшасы. Жолбарыс та сондай аң. Қасқыр – жыртқыш.
Аңдардың пайдасы бар. Оларды қорғаған дұрыс.
- Маң, маң, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Бұл қай жануар?
(түйе)
«Ее» дыбысы
е мен е ден не ме ре не ме не ел ер
жел жер бел бес мен сен
бесеу шешен шебер ерте ертең Ержан Ерлан
Емен
Емен – ағаш. Шеберлер ағаштан бұйымдар жасайды.
Еменнен жасалған парталар мықты болады. Емен
ағашына қамқорлық жаса.

«Кк» дыбысы
ке ме ке се те рек ше лек ме ре ке
бе ре ке ке бе же те ке мет
кесте кеспе кептер керуен кеше кешен еңбек
кетпен
Спорт алаңы
Мектеп жанында спорт алаңы бар. Спорт алаңы аса
кең. Онда балалар доп ойнайды, жарыстар болады. Мен
де жарысқа қатысамын. Жақында спорт жарысы болды.
Мен сыйлық алдым. Оған достарым қуанды.
«Іі» дыбысы
ін і ні іс і сі тіс тісі кі ші кі сі
тіл кілт бі лім бір лік
Ін
Кейбір аңдар ағаш діңін мекендейді. Қоректерін інде
сақтайды. Ал борсық пен суыр қыста інде ұйықтайды.
Кейін індерін жаңартады. Ондағы қоқысты сыртқа
шығарып тастайды.
Індерді кейбір құстар да пайдаланады. Олар інде
жұмыртқалайды. Сонда балапан шығарады.

«Әә» дыбысы
ә же ә ке ә сем ә де мі сән ді
дәм ді ән сән ән ші ә теш
әріп Әліппе ән дән дәптер тәулік әскер тәртіп
Әлібек Әділет Әсет Сәуле
Әже
Әжем – әкемнің анасы. Нағашы әжем – шешемнің
анасы. Ақылды әже – елдің анасы. Ұлы әже – ақылды, ел
құр-мет-тей-тін әже.
«Ии» дыбысы
ит кит и не и не лік и ек ши е
ки ік ки ім ти ын ти ін ти ек жи ек
би ши ирек сирек киік биік кимешек имек
Итмұрын
Итмұрын орманда, тауда болады. Итмұрынның
дәрілік қасиеті бар. Ол адамға шипалы. Оны жинап,
кептіреді. Қайнатып, тұнбасын пайдаланады. Одан емдік
майлар да жасалады.

«Зз» дыбысы
та за та зы қо зы зы ғыр қы зыл
қы мыз жал быз қар быз жұл дыз
қо быз то ғыз сыз ғыш
Зығыр
Қа-зақ-стан-да зығыр бар. Оның сабағы жіңішке,
жапырағы жасыл болады. Зығы рдың дәнінен май
алынады. Оның талшығынан жіп иіріледі. Зығыр
жібінен мықты маталар тоқылады.
«Өө» дыбысы
ө зен ө лең ө нер ө ріс ө рік ө мір
бө рік кө рік кө мір өр нек өр мек
өр кеш көр ме көр пе көр ші
көже шөже көрік көлік көкек көмек сөз көз
төл көл
Сөз атасы – мақал.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Өтірік айтпа, ұрлық жасама.
Бөпешім
Әлди, әлди, бөпешім,
Әлпештейін, көкешім.
Тербетейін, жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.

«Үү» дыбысы
ү кі үй рек үй шік кү ріш кү міс
кү шік түл кі күл кі түй ме жү рек
кү рек жү зік
Жұмбақ
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.
(қарлығаш)
«Гг» дыбысы
е гін е геу е гіз се гіз ке ре ге
бе те ге ше ге не ге шең гел мез гіл
бәйге мәре мер ген дәрігер ертегі әңгіме жүгері
жүген Шеген Төлеген
Ақан сері
Атам Ақан сері туралы әңгіме айтты:
-- Ақан әрі ақын, әрі әнші болған. Оның Құлагер
деген тұлпары болған. Ол бәйгеден ұдайы озып келеді
екен. Ақанның Қараторғай деген бүркіті болған. Ол
Қараторғай туралы ән шығарған.
терек – терегі ілгек – ілгегі
білек – ... етек – ...
шелек – ... жәшік – ...

«Яя» дыбысы
а яқ та яқ қо ян ша ян қи яр ша ян
пи яз а яз са яз та қи я да ри я
ұя ұят оят баян қоян шаян ояу бояу баяу сия
қия мия мая жая сая
«Юю» дыбысы
а ю о ю қо ю қи ю құ ю тү ю сү ю
кү ю е се ю үл ке ю а за ю кө бе ю
Ою
Менің әжем сырмақ сырды. Сырмаққа ою ойып
салды. Оюы әдемі болды.
Жақсы көрем
Шай ішетін қоюлап
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап
Жақсы көрем апамды.

«Хх» дыбысы
хат хор хан ха бар ха лат ха дис
шах мат са я хат хат та ма Халел
Хамит Та ха уи
Кітапхана
Біздің мектепте үлкен кітапхана бар. Онда қызықты
кітаптар көп. Кітапханаға оқушылар көп барады. Мен де
кітапханаға бардым. Райхан апай – кітапханашы. Ол маған
кітап берді.
«Һһ» дыбысы
гау һар жи һаз қа һар қа һар
«Вв» дыбысы
ва гон вок зал ав то бус трам вай
ве ло си пед ак ва ри ум во лей бол
ви та мин
«Фф» дыбысы
фер ма фир ма фо то факс те ле фон
те ле граф фут бол әл-Фараби

«Ёё» дыбысы
мон тёр шах тёр
«Ээ» дыбысы
э лектр э ки паж э ле ва тор э ко ло гия
экс ка ва тор эс ка ла тор
«Щщ» дыбысы
щёт ка а щы тұ щы
«Цц» дыбысы
цирк цех це мент а ви а ци я о фи цер
«Чч» дыбысы
чем пи он чем пи о нат чек

«ь» белгісі
ла герь ро яль аль бом цир куль
фильм рельс коньки ком пью тер
«ъ» белгісі
разъ езд подъ езд
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген