400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Cабақ жоспары. Циклдің ілесу шарты.

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды ілесу операторының жазылу тәртібімен таныстыру. Циклдік алгоритмдерді программалау кезінде қолданысқа ие болған қайталау операторының қолданылуын айқындап ашып беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың  тақырыбы: Циклдің ілесу шарты.

Сабақтың  мақсаты:      

1.  Білімдік: оқушыларды ілесу операторының  жазылу  тәртібімен таныстыру.  Циклдік  алгоритмдерді программалау кезінде қолданысқа  ие болған  қайталау  операторының қолданылуын айқындап ашып беру.

2.  Дамытушылық:  әртүрлі циклдік есептерді  беру арқылы оқушылардың  қайталау операторына деген түсініктерін арттыру  арқылы білімдерін  арттыру.

3.  Тәрбиелік:  оқушыларды есеп шығару кезінде есептің  шартына байланысты оператор  мен  қызметші  сөздерді  жазуға  тәрбиелеу.  

Сабақтың типі:  интегралды сабақ

Пән аралық байланыс: циклдік қосынды есептер ( математика пәні)

Көрнекіліктер:  тақта, компьютер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, есеп шығару

Сабақтың тәсілі: жаппай жұмыс, жекелей жұмыс, ауызша сұрақтарға жауап.

Сабақтың  барысы:

1.     Ұйымдастыру

2.     Өткенді  қайталау

3.     Жаңа сабақты  түсіндіру

4.     Пысықтау

5. Бағалау

6.     Үй  тапсырмасы

Өткенді  қайталау

1. Циклдік алгоритм дегеніміз не?     

2. Циклдің оператордың неше түрі бпр?

3. FOR  операторы  қай кезде қолданылады? 

5. While  операторының жазылуы.

6.WHILE   циклдік операторындағы  DO  түйінді  сөзінен кейін  қандай тыныс белгі  қойылмайды?

Жаңа сабақты  түсіндіру

Turbo  Pascal  тілінде қайталау  процесін  жүзеге асыратын  циклдік  операторлардың үш түрі  бар:  арифметикалық цикл –FOR, шартты  алдын ала  тексеретін  цикл –While  және шартты  соңынан  тексеретін  цикл –Repeat.

Егер шарт алдын ала  циклдегі  операторды  (немесе құрама операторды) неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану (аяқталу) шарты берілсе,  онда  While, Repeat    операторлары пайдаланылады. Ал  FOR  операторы  қайталану саны  алдын ала белгілі  болған кезде қолданылады. 

REPEAT (қайталау) операторы

Шарт цикл соңында тексерiлетiндiктен REPEAT (қайталау) операторы ең болмағанда бiр рет орындалады. Циклдiң орындалу шарты ақиқат болғанда оның жұмысы тоқтатылды. Жазылу түрi:

REPEAT <оператор> UNTIL <шарт>

{бiр оператор қайталанады}

мұндағы UNTIL-қызметшi сөз, “дейiн” болып аударылады. Ал бiрнеше оператор

қайталанатын жағдайдағы жазылуы:

REPEAT <1-оператор>;

<2-оператор>;

...

;

UNTIL <шарт>;

Бұл жерде құрмалас оператор REPEAT және UNTIL сөздерiнiң арасында

орналасып, басқа қызметшi сөздер жазылмайтыны көрiнiп тұр. Бұл операторды да

WHILE операторын пайдаланған есептерде қолдануға болады.

1-мысал. S=10+9+8+7+6 қосындысын есептеу.

Program қосын-2 ;

Var i, s : integer;

Begin

i:=10; s:=0;

REPEAT

s:=s+i;

i:=i-1;

UNTIL i<5;

Writeln(‘i=’, i, ‘s=’, s);

end.

Тапсырма. Қосындыны есептеу. 

Const n=10;

Var i, p: integer; s: real;

Begin s:=0; p:=1; i:=1;

REPEAT p:=p*i;

S:=s+ sqr(i)/p;

I:=i+1;

UNTIL i>n;

Writeln(‘s=’, s:4:2);

End.

Тапсырма. N=1, 2, 3 және k=2, 4, 6, 8 барлық мәндерiнде y=2k+n айнымалысының

мәнiн табу.

Program Есеп;

Var k, n, y: integer;

Begin For i:=1 to 3 do

Begin k:=2;

While k<=8 do

Begin y:=2*k+n;

k:=k+2;

Writeln(‘y=’, y);

End;

End;

End.

    Жаңа  сабақты пысықтау

Оқушыларға  жеке  нұсқалы,  екі   есепті  компьютерде  шешуге таратылу қағаздары беріледі.  Оқушылар орындағаннан кейін компьютер арқылы  тексеріп, жауабын анықтап, бағалаймыз.

Сабақты бекіту сұрақтары: 

1. Қайталану алгоритмдерін программалауды ұйымдастыру қалай жүргізіледі?

2. «Цикл әзір»және «цикл кейін» құрылымдарының айырмашылығын блок-

схема арқылы түсіндіріңіз?

3. Алдын ала шартты тексеру операторы.

4. параметірлі қайталану операторының жазылуы және орындалуы.

5. Циклдің денесі дегеніміз не?

6. Күрделі циклдер туралы айтыңыз.

Бағалау.

Үйге  тапсырма: Циклдің ілесу шарты.

Тапсырма: N=1, 2, 3 және k=2, 4, 6, 8 барлық мәндерiнде y=2k+n айнымалысының мәнiн

табу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі