ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ»
КОЛЛЕДЖІ»
«Келісілді»
«Жалпы білім
беру» пәндік циклдік комиссияның төрағасы
____________Игібаева Т.Ө.
«____» ______________2020
ж.
|
«Бекітемін»
Колледж
басшысының оқу-ісі жөніндегі орынбасары
_______________________ Бинеубаева Д.Ж.
«___»_________________________2020 ж.
|
Физика пәнінен онлайн
олимпиада
Дайындаған: Игібаева
Т.Ө.
АҚТАУ-2020ж
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ»
колледжі____
(білім беру ұйымының
атауы)
Cабақ жоспары
Физика пәнінен онлайн
олимпиада
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы
Физика
Дайындаған педагог
Игібаева Тазагүл
Өмірханқызы
2020 жылғы "20" қараша
1.Жалпы
мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ 1 курс
студенттері
Сабақ типі сайыс, олимпиада
2. Мақсаты,
міндеттер
2.1
Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің
тізбесі
Студенттердің оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік
білімдерін тереңдету, физика пәніне деген қызығушылығын дамыту,
дарынды, қабілетті студенттерді анықтау студенттерді қалалық,
облыстық, республикалық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және
дайындықтарын пысықтау. Студенттердің жеке дара
дайындығын анықтау және сынау арқылы жеке тұлғаға бағытталған
іс-шараларды нығайту.
3. Сабақты
жабдықтау
3.1
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық
әдебиеттер
Анарбаева А.Т «Физика есептерін шығару тәсілдері»
Алматы «Мектеп» 1987ж Әбдіғапаров Қ.Қ «10 сыныпта физикадан есеп
шығарудың тәсілдері» Алматы «Мектеп» 1975ж
«Физика пәнінен 10 сыныпқа мектепішілік олимпиада
сұрақтары жауаптары»
3.2
Техникалық құралдар, материалдар
Google Формы платформасы
4. Сабақтың
барысы
Google Формы
платформасында олимпиада тапсырмалары
ссылка арқылы студенттерге беріледі. Уақыт шектеледі сағат 15.00 де
басталып, 17.00 де аяқталады.
10 тапсырма
беріледі әр тапсырма 10 ұпаймен бағаланады. Барлық
жауаптар толық және негізділген болуы қажет. Олимпиада барлық
тапсырмалар бойынша 2 сағатта орындалады.
Олимпиада қорытындысы бойынша
1,2,3 орындар беріледі.
-
Электр пеші 10 мин уақыт
ішінде, 20
С
температурада алынған массасы 1 кг суды буландыруы қажет. Пештің
қыздырғышы ретінде, көлденең қимасы 0,5
мм2 нихром сым қолданылған. Егер пеш 120 В кернеуге
есептелген және оның ПӘК-і 80% болатын болса, онда нихром сымның ұзындығы
қандай болғаны? Нихромның меншікті кедергісі
1,1*10-6 Омм, судың меншікті жылу сыйымдылығы мен меншікті
булану жылуының мәндері сәйкесінше 4,2 кДж/(кгК)
және 2,26*
10 3 кДж/кг
-
Қорғасын оқ бөгетке
соқтығысып, толығымен балқып кетуі үшін қандай жылдамдықпен ұшып
келуі тиіс? Оқтың бастапқы температурасы 27 С. Оқ қозғалысының
барлық энергиясы соқтығыс кезінде жылуға айналады деп ұйғарылады.
Қорғасынның балқу температурасы 327С. Қорғасынның меншікті
жылусыйымдылығы 130 Дж/(кгК), қорғасынның меншікті балқу жылуы 25
кДж/кг.
-
Бір ғалым әлем кемесімен айға
аттанды. Жолдың жартысында тұрақты үдемелі қозғалып, келесі
жартысында шамасы сондай үдеумен тежелді. Егер жер мен айдың ара
қашықтығы 384 000 км, ал ұшу уақыты 1 тәулік болса, осы үдеуді
табыңыз.
-
Әрқайсысының қуаттары 2 Вт
болатын, R1= 1кОм және R2=5 кОм екі кедергі тізбектей жалғанған.
Осы жалғау арқылы қандай ең үлкен қуат өндіруге
болады?
-
Бір нүктеден ұқсас азимут
бойынша бір мезетте екі дене бастапқы v0= 10м/с жылдамдықтармен
α1=300 және α2=600 бұрыш жасай лақтырылған. Ауаның кедергі күшін
ескермей қозғалыс басталғаннан кейін 1 с өткен мезеттегі олардың
арақашықтығын табыңыз.
-
Массасы 20 г алюминий кесегі
суыған кезде оның ішкі энергиясы 1 кДж – ға азайды. Осы мәліметтер
негізінде алюминийдің температурасы қанша градусқа өзгергенін
табыңдар.
-
Адам эскалатормен жүгіріп
келеді.Ол алғашқыда баспалдақ санады, екінші рет сол бағытта үш есе
үлкен жылдамдықпен қозғала отырып баспалдақ санады. Қозғалмайтын
эскалаторда ол қанша баспалдақ санар
еді?
-
Егер ауа көпіршігінің судың бетіне қалқып
шығу процесінде
радиусы есе артып үлгерсе, онда оның қандай
тереңдікте болғаны? Атмосфералық
қысым , судың
тығыздығы . Судың температурасын тұрақты деп
есептеңдер.
-
Ауданы болатын,
қалыңдығы жазық мұз үстіне, мұзбен бірге суға батып
кететіндей тастың массасы қандай болуы керек? Мұздың
тығыздығы , тастың
тығыздығы . Суда тас мұзды қандай күшпен
басады?
-
Трактор бос
тіркемеге үдеу, ал жүгі
барына үдеу береді. Қосарластырылған екі тіркемеге
трактор қандай үдеу береді? Трактордың тарту күшін барлық жағдайда
бірдей деп есептеңдер
5. Сабақ бойынша
рефлексия
Google Формы платформасына
тест соңына «Жетістік баспалдағы» қолдананылды. «Не білгім келеді?
Неден қиналдым? Не білдім?»