400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Cабақ жоспары. Меншіктеу операторы

Материал туралы қысқаша түсінік
а) білімділік: Оқушыларды Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функциялармен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есеп шығаруда қолдана білуге үйрету. ә) дамытушылық: Оқушылардың меншіктеу операторы мен сандық функцияларды қолдану дағдысын қалыптастыру. б) тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан – жақты тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларды Паскаль тілінің меншіктеу

операторы және сандық функциялармен таныстыру,

меншіктеу операторы мен сандық функцияларды

есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.

ә) дамытушылық: Оқушылардың меншіктеу операторы

мен сандық функцияларды қолдану

дағдысын қалыптастыру.

б) тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген

қызығушылығын жан – жақты тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Баяндау, түсіндіру

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейіпі мен заттарының орнында болуын қадағалау;

  2. Оқушыларды түгендеп, журналға белгі қою;

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Паскаль тілінің неше типі бар?(скалярлық және құрылымдық)

  2. Скалярлық тип нешеге бөлінеді? (стандартты және жасанды)

  3. Стандартты типтерді атаңыз (integer, real, boolean, string, text)

  4. Құрылымдық типтерді атаңыз (array, record, set, file)

ІІІ. Жаңа сабақ

Меншіктеу операторы. Сандық функциялар

Меншіктеу операторы – берілген өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Ол кез – келген бағдарламаның негізгі операторының бірі болып табылады.

Меншіктеу операторының жазылу ережесі:

<айнымалы атауы> := <өрнек>;

Мұндағы <айнымалы атауы> - айнымалы иденфикаторы, := - меншіктеу белгісі,яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәнін қабылдайды, <өрнек > - арифметикалық өрнек немесе сан.

айнымалы

өрнек

:=


Бұл оператор екі міндет атқарады:

  1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандық мәнін есептейді.

  2. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән сол айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығына орналасады.

Мысалы: х:=3;

Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.

  1. Арифметикалық функциялар – бүтін және нақты шамалар үшін пайдаланылады.

Мысалы: abs(x) – аргументтің абсалюттік шамасы,

ln (x)- х санының натурал логарифмі ,

sqr (x)- х – тің квадраты т.б.

  1. Типтерді өзгерту функциялары – шамалардың типтерін өзгерту үшін пайдаланылады.

Chr(x) – х санын символға ауыстырады. Мұнда аргументтің типі (0..255) аралығында бүтін сан болуы қажет.

High(x)- шаманың максимум мәнін береді.

Low(x)- шаманың минимум мәнін береді.

Ord(x) – саналатын типті бүтін типке көшіреді.М: аргумент реттелген типте (логикалық, символдық, саналатын) болса, онда нәтиже типі longint болады.

Round(x)- нақты санды бүтін санға дөңгелектейді.

Trunc(x) – нақты санның бүтін бөлігін береді.

  1. Реттелген типтегі шамаларға пайдаланылатын функциялар- бұл осы типті шамалардың элементінің алдындағы немесе соңындағы элементті анықтау т.б. Олар:

Odd(x) – х сандық шамасының тақ екендігін тексеру.

Pred(x) – реттелген мәндер тізбегіндегі х – тің алдындағы элементін табу.

Succ(x)- реттелген х – тен кейінгі элементін табу. Егер бұл функция соңғы элементке пайдаланылса, онда қате кеткендігі туралы хабарлама шығады.

IV. Сабақты бекіту

  1. Шаманың максимум мәнін қандай шамамен өрнектейміз

  2. Типтерді өзгерту функцияларының атқаратын қызметі қандай?

  3. Меншіктеу операторы дегеніміз не?

V. Қорытынды

Үйге тапсырма. Меншіктеу операторы. Сандық функциялар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі