400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Cабақ жоспары. Модель - нақты нысанның маңызды қасиеттерін көрсету.

Материал туралы қысқаша түсінік
Модель және модельдеу ұғымы мен олардың мәні туралы түсінік беру; • Оқушыларға модельдеуді топтаудың негізгі түсініктерін; • Модельдеу тәсілдерін сипаттау туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Модель - нақты нысанның маңызды қасиеттерін көрсету.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
• Модель және модельдеу ұғымы мен олардың мәні туралы түсінік беру;
• Оқушыларға модельдеуді топтаудың негізгі түсініктерін;

• Модельдеу тәсілдерін сипаттау туралы.

Дамытушылық:
• Ақыл - ой әрекетінің тәсілдерін дамыту;
• Танымдық қызығушылығын арттыру;
• Оқушылардың АКТ - қолдануын жетілдіру.

Тәрбиелік:
• Өз бетімен үйрену дағдысын қалыптастыру;
• Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Программалық - дидактикалық жабдықталуы: дербес компьютерлер, мультимедиалық проектор, ОЖ, материалды көрсету үшін презентациялар, модель түрлері, графикалық редактор, қазақ оюларының үлгілері.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Жаттығу жасату.
ІІ. Сабақтың өзектілігі (білу). Мұғалімнің сұрақтары:
• «Модель» сөзін естігенде сенің көз алдыңа не келеді?
• Модельді қандай мақсатпен пайдаланады?
• Өздеріңе таныс модельдерден мысал келтір. Бала кездеріңде қандай ойыншықтармен ойнадыңдар?

ІІІ. Жаңа түсініктер мен іс - әрекет тәсілдерін қалыптастыру.(түсіну)
Мұғалімнің сөзі.

«Модель» түсінігімен біз бала кезімізден таныспыз. Модель мен модельдеуді адамзат ертеден пайдаланған. Модельдің көмегімен сөйлеу тілі, жазу, графика тараған. Ата - бабаларымыздың жартасқа салған бейнелері, сурет пен кітап - мұның бәрі келешек ұрпаққа қоршаған әлем туралы білімді ақпараттық формада беру модельдері.

Модельдің не екенін түсіндіру үшін мысалдар келтіру.
Глобус - бұл Жер шарының моделі.
Дүкендегі манекен - адамның моделі.
Оқушыларға модельге мысал келтіруді ұсыну.
ІҮ. Білім мен дағдыны қалыптастыру кезеңі (қолдану)
Компьютермен практикалық жұмыс жасау. Графикалық редакторда қазақ оюының моделін құру. Бейнені құру, ерекшелеу, көшіру, бұру технологиясын қайталау.
Ү. Жаңа білімді қорытындылау және іс - әрекет тәсілдерін қолдану кезеңі (талдау).
1. Модель мен модельдеу деген не?
2. Өмірде модельдерді жіктеуге мысал келтіріңдер
3. Материалды модельге мысал келтіріңдер
4. Ақпараттық модельге мысал келтіріңдер.
5. Шынайы нысан «желдің» моделі қалай көрінер еді?

ҮІ. Сабақты қорытындылау кезеңі (синтез)
Сабақтан алған жаңа әрі жалпы ақпараттардың негізгілерін бекіту арқылы сабақты қорытындылау.
ҮІІ. Бақылау және өзін - өзі бақылау кезеңі (бағалау)
Сөзжұмбақты шешу.
ҮП. Үй тапсырмасын беру кезеңі.
Үй тапсырмасы: Оқулықтағы §3. 6. Шығармашылық тапсырма орындау.
ҮШ. Рефлексия кезеңі.
Ою - өрнек сәндігі,
Көздің жауын алады.
Болмаса зат өрнексіз,
Ешбір мәнсіз қалады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
387
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі