Материалдар / Cабақ жоспары "Табиғаттағы мезгіл өзгерістері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Cабақ жоспары "Табиғаттағы мезгіл өзгерістері"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Күз» тақырыбына байланысты сөздік қорларын, ұсақ қол моторикаларын дамыту. Күзгі табиғат ерекшеліктерін көре білу және күзгі құбылыстарды байқап, суреттей білуге үйрету. Ырыс, береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру. Әр тапсырманы өздігімен орындауға талпындыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2017
3344
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: Табиғаттағы мезгіл өзгерістері


Сабақтың мақсаты:


Түзете-білімділік: Табиғаттағы мезгіл өзгерістерін салыстыру, күз туралы білімдерін тиянақтау. Күзгі молшылық, береке, көкөністер туралы айту.

Түзете-дамытушылық: Балалардың ойлау, бақылау қабілеттерін дамыту. «Күз» тақырыбына байланысты сөздік қорларын дамыту. Күзгі табиғат ерекшеліктерін көре білуге үйрету. Күзгі құбылыстарды байқап, суреттей білуге үйрету. Ырыс, береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру.


Түзете-тәрбиелік: Балаларды зейінді болуға тәрбиелеу. Табиғаттың құбылысын көре білуге, еңбекшіл болуға баулу.


Дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдар: күз көрінісі суреттері, ағаштардың түрлі-түсті жапырақтары, Көркем әдебиет және зейін дәптерлері, «Кім тез жинайды?», «Сәйкестендір» ойындары.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдістері: көрсету, сұрақ-жауап, жалпы, топпен, жұппен, жеке жұмыс.

Сөздік жұмыс: күз, береке, алтын күз, астық.



Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен амандасу. Балаларды сабаққа дайындау.


Табиғат бұрышы:

Бүгінгі күн райы туралы әңгіме.


Өткен сабақты қайталау: «Күз белгілері» суреті бойынша жұмыс.

- Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)

- Есімізге түсірейікші, күзгі ауа райы қандай болады? (суық, жаңбырлы, бұлтты)


  • Күз екенін қайдан білдіңдер? (Жапырақтар сарғайған, құстар жылы жаққа ұшып кетіп барады).

  • Балалар, суреттен не көріп отырсыңдар? (Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді және көрсетеді).

  • Сонымен қандай күз келді? (берекелі, мерекелі, алтын күз келді)

  • Күзде адамдар не жинайды? (астық, жеміс-көкөніс.)


Жаңа сабақты түсіндіру: Жазғы уақыт пен күз мезгілін салыстыру.


 Жазда күн ыстық болады. Балалар суға шомылады, қаз-үйрек суда жүзіп жүр. Айзере мен Мақсат доппен ойнады. Уали алма теріп жатыр. Көбелектер аспанда қалықтап ұшып жүр. Жаз өте көңілді.
Күздікүні Арман мен Сара аулада күзгі жапырақтарды теріп жүр. Айнала сары түске боялған, талдарда жапырақ жоқ.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?


«Кім табады?» ойыны.

Шарты: Балалардың танымдығын арттыру, жапырақтарды түстеріне және пішіндеріне қарай ажырату және дұрыс тауып көрсетуге үйрету, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.


«Кім тез жинайды?» ойыны.

Шарты: Күзгі жапырақтарды тауып ыдысқа салу.


Тыныштандыру сәті: Бір,екі, үш, Біз жинаймыз күш!

Бір,екі, үш, Отырамыз тып-тыныш!


Жеке суреттер бойынша әңгіме жүргізу. Жас ерекшелігіне және шамаларына қарай жекелеген жұмыстар жұмыстар жүргізу.


Ұсақ моторикаға жаттығу:

Тырс-тырс (саусақтардың сүйектерімен тарсылдату)

Ақ жаңбыр жауады, (саусақтарды жоғарыдан төмен жүргізу)

Тамшылар тамады (үстел үстінде саусақтармен қозғау).

Тырс-тырс! Терезе қағады (оң және сол қолдың саусақтарымен соғу)

Жылғалар ағады (екі қолымен параллельді қозғалту)

Тырс-тырс!

Жаңартып ауаны (қолдармен бұлғау)

Ақ жаңбыр жауады.


Өтілген сабақты алған білімдерін пысықтау:

«Кім, не біледі?» ойыны.

Шарты: Балалар сурет бойынша жұмыс жасай білу, аталған жыл мезгілінің құбылыстарын көрсету.

  • Жел болып жатқанын қайдан білдіңдер?

  • Ағаштардың бұтақтары төмен қарай майысқан. Бәріміз хормен сөздерді айтайық: Күз, береке, алтын күз, астық (жеке айтқызу).


Сабақты қорытындылау: Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі болады. Жаз айларында күн ыстық болады, адамдар өзен-көлдерге шомылады. Күзде күн суытады, жауын жауады. Адамдар күзде жеміс-көкөніс, астықты жинайды.


Тапсырма сенсорлы дамыту: Үлгіге қарап ағаштарды сары түспен бояу қажет.

Сергіту-логоритмика

Балалар қолдарын сермеп, құстардың қайтқанын көрсетеді.

Күнде аспанға қараймын (қолдарын жоғары көтеру)

Қайтқан құсты санаймын («қанат қағу»)

Үш бұрыш боп тырналар, («үшбұрыш» қолдарын алға созу)

Көк жүзінде сырғанар (қолдарын жоғары көтеру).

Сабақты аяқтау: Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!




Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік

қызмет көрсету орталығы» КММ, жартылай стационар бөлімінің

дефектолог-мұғалімі Абеуова Риза Бляловна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!