400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Cабақ жоспарыКестелерді, суретті, бейнені және дыбысты кірістіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Microsoft Power Point бағдарламасында кесте, сурет, бейне мен дыбыс кірістіруге түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру; Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Олардың шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту; Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Кестелерді, суретті, бейнені және дыбысты кірістіру.

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Microsoft Power Point бағдарламасында кесте, сурет, бейне мен дыбыс кірістіруге түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру; 
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Олардың шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту; 
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу. 
Сабақ әдісі: Блум жүйесі
Сабақ түрі: аралас
Сабақ көрнекілігі: компьютерлер, үлестірме қағаздар, ұпай парақшалары, электронды тақта
Сабақтың өту барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
2. “Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап...” “Келесі” ойыны.
3. “Білгенге маржан...” Жаңа тақырыпты түсіндіру. Негізгі ұғымдарды үйрету. 
4. “Талпынған бала талапты құстай...” Жаңа білімді қолдану. Практикалық тапсырмаларды орындау 
5. “Ізденген жетер мұратқа...” Тест жұмысы 
6. Сабақтың қорытындысын әр оқушымен жекеше ойластыру.
7. Үйге тапсырма беру. 
8. Бағалау.

Жүрісі:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушыларды 2 топқа бөлу.
2. “Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап...” “Келесі” ойыны. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орыннан тұрып жауап береді. 
1. Microsoft Power Point бағдарламасын қалай ашамыз? 
2. Microsoft Power Point бағдарламасында жаңа слайдты қалай қосамыз?
3. Файлды- алғаш рет сақтау үшін қолданылатын команда.
4. Microsoft Power Point бағдарламасында слайдтарды үлкен экранға шығару командасы қандай? 
5. Microsoft Power Point бағдарламасында демонстрация файлдарының кеңеймелері қандай болады?
6. Презентация шаблонын қандай меню арқылы түрлендіре аламыз?
7. Microsoft Power Point бағдарламасының терезе элементтері неден тұрады?
8. Ойды, адамдармен өнімдерді , шикізат қызмет түрлерін ұсыну – бұл әрдайым …
9. Презентация латын тілінен немесе ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?
10. Слайд дегеніміз- 
“Білгенге маржан...” Жаңа тақырыпты түсіндіру. Негізгі ұғымдарды үйрету.
СamStudio бағдарламасында түсірілген бейне бойынша сабақ түсіндіру.
Кестені слайдқа енгізу:
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) – Таблица (Кесте) – Вставить таблицу (Кесте кірістіру) командасын орындау.
Суретті слайдтқа енгізу :

Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Рисунок (Сурет) командасын шерту. Компьютерде бар суреттерді кірістіру үшін.
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Клип командасын шерту. Power Point бағдарламасының суреттерін кірістур үшін. 
Слайдтқа бейнені енгізу:
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) – Фильм – Фильм из файла (Файлдағы фильм)
Слайдтқа дыбысты енгізу:
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) – Звук (Дыбыс) – Звук из файла (Файлдағы дыбыс)
Компьютермен тапсырма орындар алдында ЕТК-гі ережелерді еске түсіру.
Екі топқа «Табиғат – тал бесігің» және «Мәдени мұра – халық игілігі » тақырыпта презентация жасап қорғау тапсырылады.
Әр топ өздері дайындаған шығармаларын қалай көркемдеп, безендіргендерін айтып береді. 
Сергіту сәті: көз жаттығуларын жасау.
5. “Ізденген жетер мұратқа...” Тест жұмысы арқылы сабақты бекіту.
1. Слайдты үлкен экран етіп қарауға мүмкіндік беретін перне:
А) F7 
Ә) F5 + 
Б) F1 
В)F4 
2. Слайдқа бейне қою командасы:
А) Вставка - Рисунок 
Ә) Вставка – Звук 
Б) Вставка – Фильм +
В) Вставка – Клип 
3. Слайд бетіне суреттер, кестелер қою менюі (мәзірі):
А) Файл 
Ә) Вставка + 
Б) Показ слайдов 
В) Дизайн
4. Үлкен экраннан шығу пернесі: 
А) Tab 
Ә) Alt 
Б) Delete 
В) Esc +
6.Инсерт әдісі бойынша Не білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді? Сұрақтарына жауап іздеу. Сабақтың қорытындысын әр оқушымен жекеше ойластыру.
7. Үйге тапсырма беру:
1) «Менің жанұям» тақырыбына презентация құру.
2) «Презентация» тақырыбына сөзжұмбақ.
8. Бағалау. 
Бағалау критерийі 
10 ұпай және одан жоғары - «5»
7 - 9 ұпай - «4»
5 - 6 ұпай - «3»

Үйге тапсырма беру

Өтілген тақырыпты қайталау

Қорытындылау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
314
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі