400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Cайыс сабақ "Ең ақылды оқушы" (Интеллектуалды сайыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалым барлығына ұнайды деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ең ақылды оқушы» (Интеллектуалды сайыс)


Мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.

Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

 

Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру.

Ал келіңдер,келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер,

Өздеріңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.


Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 9 оқушы  қатысады. Әр топта 3 оқушы. Ойын V айналымнан тұрады.

1.Ұшқыр ой

2.Құпия сандық

3. Айшықты сөздер

4.Кім жұйрік

5.Көрерменнен базарлық

 

Ойын ережесімен таныстыру.


Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

Ойынды бастамас  бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

 І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»

Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,

         Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

 

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»

Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,

        Оқу менен еңбекке сал барыңды.

 

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»

 Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз

          Көркейтеміз елді біз.

 Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.


І -айналым «Ұшқыр ой»

Әр оқушыға  ғылым салалары бойынша  сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр оқушы ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді және әр жауапқа  2 ұпайдан алады.

«Сұңкар» тобы

1.Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)

Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

«Тұлпар» тобы
1.Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

2.Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай 3.аталады? (етістік)

4.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша  қалай аталады? (жұрнақ)

5.Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)

6.Жалпы  есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

7.Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

 «Болашақ» тобы

1.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)

2.Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)

3.Кейде дауысты,  кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )

4.Зат есім  дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)

5.Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)

6.Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

 ІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топқа кезекпен жасырылады.Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады.Егер қазақшасын немесе орысшасын ғана айтатын болса 1 ұпай беріледі

 «Сұңкар» тобы


1: Қолы менен қаламы жоқ,

     Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз - frost)

 

2: Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег-snow)

 

3: Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква- letter)

 

4: Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка- line)

 

5: Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц- hare)

 

6: Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка- cat)


 «Тұлпар» тобы
1: Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук- bow)

 

2: Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса- Fox)

 

3: Әттең, даусым, тілім жоқ,

       Құшағымда білім көп. (кітап – книга- book)

 

4:Суға батпайды, отқа жанбайды,

      Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан.     (мұз-лед- ice)

 

5: Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.        (күн-солнце- the sun)

 

6: Тігіп алып көк шатыр,

      Қызыл күрең доп жатыр.                    (қызылша-свекла- beets)


 «Болашақ» тобы

1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз- frost)

2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег- snow)

3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква- letter)

Әрі қарай кезектесіп оқи береді.

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка- line)

5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц- hare)

6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка- cat)

 

III айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 4  сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.  Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан қойылады.


 «Сұңкар» тобы

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)

2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

 3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

4. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

  

«Тұлпар» тобы

1. Бетінен оты шықты (ұялу)

2. Ит өлген жер (алыс)

 3. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)

4. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

 

«Болашақ» тобы

1.Таяқ тастам  жер (жақын)

2.Жүрегі тас төбесіне шықты      (қорықты

 3.Қас пен көздің арасында        (тез, жылдам, лезде)

4.Ат құлағында ойнайды       (шабандоз)







 IV айналым «Кім жүйрік»

Сұңқар Тұлпар Болашақ


Х *5 = 60 9 ? 2 = 18 9 ? 8= 17

35 : Х = 5 45 ? 5 = 9 78 – 15= ?

56 ? 7 = 8 72 : х =8 77 : ? = 11

15 ? 5 = 75 20 ? 30 = 50 100 : ? =50

9 * 8 = Х 17 ? 7 = 10 72 : ? =9

60 ? 40 = 20 150 ? 30 = 5 9 : 9 = ?

6 * Х= 48 9 * 6 = Х 64 : 8 = ?

10 ? 0 = 10 17 ? 7 = 10 99 ? 11 = 9

120 ? 40 = 3 Х: 4 = 9 63 ? 9 = 7

8 ? 3 = 24 25 ? 5 = 30 9 * 8 = ?


Ойынымыздың соңғы айналымы V «Көрерменнен базарлық» деп аталады

Бұл айналымда көрермендер сұрақ қояды.

 

Қорытынды: Құрметті оқушылар осымен біздің «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды сайысымыз аяқталды.Қатысып, өз бақтарыңызды сыныағандарыңызға көп рахмет.Алдағы уақытты осындай сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңіздер.Еліміздің болашағы білімді ұрпақта демекші білімді азамат болып өсіңіздер.

Ал ендігі кезектегі сөзді әділқазылар алады.Жарыстың жеңімпазын анықтап,мақтау қағазын тапсырады.
Рахмет!




















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
4904
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі