"Cалтым - санам, дәстүрім - дәулетім"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Cалтым - санам, дәстүрім - дәулетім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаның қазақ тілі мұғалімдеріне арналған сайыс. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

















«Салтым – санам, дәстүрім - дәулетім»

сайысы































Өткізілген күні:

Өтетін орны: :

Қатысушылар:

Мақсаты: Қазақ халқының ауыз әдебиетін, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, ұлттық сананы қалыптастыру, қазақ халқының ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін ашып көрсету, ұлттық мәдениетті насихаттау.



Жүргізуші: Тағы да гүл болып, жайраң қағып, төл болып ойнап, өмір көктемінің, көңіл көктемінің мерейлі мейрамы – Наурыз келді. Бүгінгі сайысымызды осы ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арнап өткізіп отырмыз. Наурыз мейрамы өте ерте заманнан бері әлемнің көптеген халықтары тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.

Осы Наурыз мейрамы халық ауыз әдебиетімен тығыз байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Халқымыздың ауыз әдебиеті оның рухани дүниесінің аса бір мол жетілген саласы. Халықтың ой- санасының дамуын оның ауыз әдебиетінен байқауға болады. Аңыз- әңгімелер,батырлық және ғашықтық жырлар, мақал- мәтелдер мен жұмбақтар т.б. халықтың жан дүниесін білдіретін бірден-бір рухани байлығы болған.Қазақ халқы ауыз әдебиетінде келешекке деген ой-арманын , дүниеге көзқарасын білдірген, отбасына жақсылық сезімін тілеген.Халқымыз өзінің өмірдегі қуанышында, ренішін де өлең- жырларында білдірген. Мәселен , дүниеге сәби келгенде, қыз ұзатып, не келін түсіріп, той жасағагда , жар- жар, беташар, сынсу, ал адам қайтыс болса жоқтау айтылған. Халық арасындағы таңғажайып ертегілер, аңыздар, мақал- мәтелдер , қара өлең , жарапазан,шариғат өлең т.б.түрі кең тараған.Мұндай өлеңдерде халық қуаныштарын да, реніштерін де, жан дүниесіндегі сезімдерінде сыртқа шығаратын. Ауыз әдебиеті көшпелі өмір тұрмысын, олардың көзқарастарын,ұғымдарын, өмір тәжірбиелерін бейнелейді.Діни нанымдар мен әдет-ғұрыптарға байланысты да көптеген өлең-жырлар туады.

Халқымыздың бай ауыз әдебиеті арқылы ата-бабаларымыз қалдырған мұраларға сүйеніп, балдырғандардың еңбекке, өнер-білімге деген құлшынысын арттырып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын біліп өсуіне, рухани адамгершілік қасиеттерге баули аламыз. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін бала  тәрбиесіне арқау етіп, өнеге көрсетудің маңызы зор.





Сонымен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысымыз «Салтым – санам, дәстүрім - дәулетім» сайысы деп аталады. Сайысқа балабақшалардың қазақ тілі мұғалімдері қатысып отыр.

Сайысымыздың барысына әділ бағасын беретін әділқазылармен таныстырып өтейін. Олар:

1.

2.

3.

Жүргізуші: Сонымен командаларымызбен таныстық, ендеше, сайыс барысымен таныстырып өтейін. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

1 тур –«Шешендік өнер» (мақал-мәтел сайысы)

2 тур – «Бөшкедегі басқатырғылар» (жұмбақ шешу)

3 тур –«Тыйым сөздерді қаншалықты білеміз»

4 тур – «Ұлттық қолөнер»

5 тур – «Бәйге»

6 тур – «Киелі сандар»

1 тур – «Шешендік өнер» - мақал-мәтел сайысы. Сіздерге сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға мақал мәтел арқылы жауап бересіздер. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады.

  «Мақал – сөз атасы» кезеңінде әзіл сұраққа мақалмен жауап беру.
1. Жыланды інінен қалай шығарады? (Жылы – жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2. Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанады)
3. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу – инемен құдық қазғандай)
4. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)
5. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)
6 Елу құлағы бар кім? ( Ел құлағы елу)
7. Тауық түс көре ме? ( Тауықтың түсіне тары кіреді)
8. Білетінің бір тоғыз,... (білмейтінің тоқсан тоғыз)
9. Оттан да ыстық болып тұрған не? (Отан – оттан да ыстық)
10. Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелері. (Көз – қорқақ, қол – батыр)
11. Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз бола алады? (Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)
12. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын)
13. Жаман атты, жаман жолдасты немен алмастыруға болады? (Жаман аттан аяғың артық, жаман жолдастан таяғың артық).
14. Бір рет өлуге болады немесе мың рет өлуге де болады. (Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі)

15. ел ші қандай бесік? (Ел іші алтын бесік)


2 тур – «Бөшкедегі басқатырғылар». Команда мүшелері кезекпенен бөшкелерді таңдайды, онда жұмбақ жасырылған. Оны шешу арқылы командаларыңызға 5 ұпай иемденесіздер.

1.Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәуір сүрмес.

(Сөз)

2.Келгенше шамасы
Аямайды көмегін.
Бар адамзат баласы
Содан алар көмегін

(Кітап)

3. Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар.

(Ұршық)

Shape1

4.Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.

(Сандық)



5. Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.

(Ұстаз)

 

6.Екі басты айдаһар
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп.
Қағазды жеп қояды.

(қайшы)

7.Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(домбыра)

8.Күрке ғой көрсең алыстан,
Астында адам қорғалар.
Ұстасаң бір тал қамыстан,
Төбеден суы сорғалар.
Қолшатыр/.



9.Ізі бар, қадамы жоқ аяғының,

Тимейді ұшы жерге таяғының.

Қос қолды хайуанға арта салып,

Салады әуезіне баяғының.

(Арба)

10. Көтеріліп теңізден, 

Аспанға биік барамын.

Өрінен мен түскенде, 

Өңі кірер даланың.

(Жаңбыр)


11. Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы ол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
(Киіз үй)


12. Сәбиге сәнді үй,
Әжеге ән – күй.
(Бесік)

3 тур –«Тыйым сөздерді қаншалықты білеміз». Экранда берілген среттерге қарап, сол суреттерді қатыстырып жалпы 3 тиым сөзден айтасыздар. Жауаптарыңыз 5 ұпайға дейін бағаланады.

4 тур – «Ұлттық қолөнер». Қазір сіздерге 1 парақ ақ қағаз және түсті қағаз беріледі. 5 минут уақыт ішінде сіздер түсті қағаздан ою ойып, ақ параққа жабыстыру арқылы ұлттық төсеніш – сырмақты жасап шағаруларыңыз керек. Бұл турда сіздер қиялдарыңызға ерік беріп, креативтілік, шынайылық, жылдамдық, ептілік, ұшқыр ой, шеберлік танытуларыңыз қажет. Өнер туындыларыңыз 10 ұпайға бағаланады.

5 тур – «Бәйге». Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауаптарыңыз 1 ұпайға бағаланады.

5 тур – «Бәйге».

1-ші командаға сұрақтар:

  1. Табалдырық аттау? (Ұл жақтың адамдары қыз жаққа құда түсе келгенде, қыздың жеңгелері құдаларды үйге кіргізбей табалдырық аттатпай тосып алады да, «табалдырық аттар бер» деп кәде сұрайды. Дайындалып келген құдалар көйлек-көншек, не ақша беріп, табалдырық кәдесін өтеп барып үйге кіреді, төрге шығады.)

  2. Келінді күйеу жігіттің үйінде қарсы алу рәсімі (беташар)

  3. Ер балаларға қатысты жүргізілетін ұлттық салт-жоралғылар (сүндетке отырғызу, атқа отырғызу, үйлену тойы, енші беру, отауға шығару)

  4. Ер адамның ұлттық бас киім түрлері (тымақ, тақия, бөрік)

  5. Күбі деген не? (сүт тағамдарын сақтауға арналған ыдыс)

6. Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша іске асырылады?(физикалық дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту; -танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту; әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады.)

7 . Ортаңғы топ неше жастан жасақталады? (3 жастағы балалар);

2-ші командаға сұрақтар:

  1. Есік көрсету қандай дәстүр? ( Есік ашар — жаңа түскен келінді күйеу жігіттің туған-туысқандары мен дос-жарандарының өз үйлерімен таныстыру мақсатымен қонаққа шақыру рәсімі.)

  2. Қызға төленетін ақы (қалың мал)

  3. Қазақтың бес тойын атаңыз (шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той, үйлену тойы)

  4. Ұлттық музыкалық аспаптар ішіндегі ішекті аспаптар (домбыра, жетіген, қобыз, т.б.)

  5. Киім-кешек салатын, арнайы сәнді жасалған, беті ою өрнек-термен әшекейленген зат (Абдыра)

  6. Мемлекеттік тілді меңгерту қай топтан басталады? (Ортаңғы топта

  7. Ересек топқа неше жастан өтеді? (4 жастағы балалар);

3-ші командаға сұрақтар:

1. Жарысқазан деген қандай ырым? (Жарыс қазан– екіқабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым.Ол үшін әдейі сақтап жүрген сүр етті асады. Осы ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан.)[

2. Қалыңдық пен күйеу жігіттің алғашқы кездесуі (ұрын бару)

3. Бие сүтіне арналған ыдыс түрі (торсық).

4. Қазақ әйелдерінің ұлттық бас киімдері (тақия, сәукеле, орамал, кимешек, шәлі, кимешек шылауыш)

5. Ұлттық спорттық ойын түрлері (тенге алу, қыз қуу, көкпар, бәйге, аударыспақ, арқан тартыс, т.б.)

6. Тәрбиелеу-білім беру процесінде толтырылатын негізгі құжаттар? (перспективалық жоспарға); циклограммаға ; бала дамуының мониторингі.

7. кіші топ қай жастағы балаларды қамтиды? (кіші топ – 2 жастағы балалар)

6 тур – «Киелі сандар»: «3», «4», «5», «6», «7». Сіздер таңдаған санға байланысты қазақ халқында қалыптасқан қасиетті сандарға байланысты ұғымдарды айтып бересіздер. Дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады.

Жеті қазына: Жеті күн:

1. Ер жігіт 1. Бүгін, Дүйсенбі

2. Сұлу әйел 2. Ертең, Сейсенбі

3. Ақыл, білім 3. Бүрсігүні, Сәрсенбі

4. Жүйрік ат 4. Арғы күн, Бейсенбі

5. Қыран бүркіт 5. Қасиетті күн, Жұма

6. Берен мылтық 6. Соңғы күн, Сенбі

7. Жүйрік тазы 7. Азына, Жексенбі

Жеті жоқ: Жеті ата:

1. Жерде өлшеуіш жоқ 1. Бала

2. Аспанда тіреуіш жоқ 2. Әке

3. Таста тамыр жоқ 3. Ата

4. Тасбақада талақ жоқ 4. Арғы ата

5. Аллада бауыр жоқ 5. Баба

6. Аққуда сүт жоқ 6. Түп ата

7. Жылқыда өт жоқ 7. Тек ата



Үш жұрт: Үш қадірлі: Үш байлық: Үш артық:

1. Ағайын жұрт 1. Ырыс 1. Денсаулық 1. Адалдық

2. Нағашы жұрт 2. Бақ 2. Ақ жаулы 2. Еңбексүйгіштік

3. Қайын жұрт 3. Дәулет 3. Он саулық 3. Өнерпаздық

Үш арсыз:

1. Ұйқы арсыз

2. Тамақ арсыз 3. Күлкі арсыз



Төрт мұрат: Төрт мүлік:

1. Дау мұраты-біту 1. Бас-сандық

2. Саудагер мұраты-ұту 2. Тіл-кілт

3. Қыз мұраты-кету 3. Қол мүлік

4. Жол мұраты-жету. 4. Аяқ-азамат

Төрт қорлық: Төрт түлік:

1. Шақырылмаған жерге бару 1. Түйе пірі – Ойсыл қара

2. Бейбастақ сөйлеу 2. Жылқы пірі – Қамбар ата

3. Дұшпаннан жәрдем күту 3. Сиыр пірі – Зеңгі баба

4. Сараңнан қажет сұрау 4. Қой, ешкі пірі – Шопан ата



Бес қару: Бес қатер: Бес асыл, бес дұшпан

1. Садақ 1. От Бес нәрседен қашық бол,

2. Мылтық 2. Жау Бес нәрсеге асық бол,

3. Найза 3. Борыш Адам болам десеңіз...

4. Қылыш 4. Ауру Өсек, өтірік, мақтаншақ,

5. Айбалта 5. Сөз Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой -

Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай).



Алты алаш: Алты игілік: Алты асқар:

1. Ұлы жүз 1. Денсаулық 1. Ақыл

2. Орта жүз 2. Қазына 2. Білім

3. Кіші жүз 3. Дос 3. Жомарттық

4. Қарақалпақ 4. Әйел (жар) 4. Әділдік

5. Қырғыз 5. Білім 5. Шыншылдық

6. Қазақтың 6. Бала (Ұрпақ) 6. Кең пейіл

құрама рулары



Жүргіуші:

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың

Жарасымды, үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан сақтайық – деп, осымен біздің сайысымыздың барлық кезеңдері аяқталды. Енді сөз кезегін әділқазыларға берейік.

Әділқазылар сөзі.

Оқытушы:

Туылған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата – бабам ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
191
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі