Кейс әдісі нақты
жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік
береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге,
ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға
мүмкіндік береді.
|
Кейс-стади амал – тәсілі
немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі. ХХ ғасырдың басынды Америка
Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда
болған.
|
Кейс-стади амал-тәсілі термині
алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған.
Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаятар жинағын шығрып,
кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын
көрсеткен. Кейс әдісі нақты
жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік
береді.
|
CASE-терді құрудың келесі
негізгі сатылары
белгіленген:
-
мақсаттарды
анықтау;
-
әр түрлі жағдайларға
критерилерді тағайындау;
-
қажет ақпарат көздерін
белгілеу;
-
CASE – тегі алғашқы
материалдарды дайындау;
-
сараптама жасау, oны
қолдану бойынша әдістемелік материалдар
дайындау.
Оқу процесіндегі кейстермен
жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан
тұрады:


Кейстің
құрылымы:
Кейстердің көптүрлілігіне
қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады. Ережеге
сәйкес кейс келесілерден
тұрады:
-
Жағдайлар – кездейсоқ
жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден
оқиға.
-
Жағдайдың контексті
— хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе
жағдайға қатысушылардың
ерекшеліктері.
-
Автор ұсынған жағдайға
түсініктеме беру.
-
Кейспен жұмыс істеуге арналған
сұрақтар мен тапсырмалар.
-
Қосымшалар.
Кейсті құрастыру
сатысы:
-
Білім мақсаттары жүйесінде
кейстің орнын анықтау.
-
Кейс тақырыбына тікелей қатысы
бар институциалды жүйені
іздеу.
-
Жағдай моделін құру немесе
таңдау.
-
Сипаттауды
құру.
-
Қосымша ақпараттарды
жинау.
-
Ақырғы мәтінді
даярлау.
-
Кейстің тұсаукесері,
талқылауды
ұйымдастыру.
Кейс әдісінің маңызды
ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді
үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр
түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері
берілген.
|
Кейс-әдісімен үйлескен
әдіс
|
Оның кейс — әдістегі
ролінің сипаты
|
|
Үлгілеу
|
Жағдайдың үлгісін
құру
|
|
Жүйелі
талдау
|
Жүйелік ұсыныс және жағдайды
талдау
|
|
Ойша
тәжірибе
|
Жағдай туралы білімді ойша
түрлендіру арқылы алу
тәсілі.
|
|
Сипаттау
әдістері
|
Жағдайдың сипатын
құру
|
|
Проблемалық
әдіс
|
Жағдайдың негізінде жатқан
түйінді мәселені
ұсыну.
|
|
Жіктеу
әдісі
|
Жағдайды құрастыратын
қасиеттер, тараптардың реттелген тізімін
құру.
вас подходящую
рекламу
|
|
Ойын
әдістері
|
Жағдай кейіпкерлерінің
жүріс-тұрысының нұсқаларын
ұсыну.
|
|
«Миға
шабуыл»
|
Жағдайға қатысты ойларды
генерациялау.
|
|
Пікірталас
|
Түйінді мәселе және оны шешу
жолдары жайлы көзқарастармен
алмасу.
|
Кейспен жұмыс
істеуді
ұйымдастыру:
Нұсқалары өте көп, бұл
оқытушының шығармашылығы үшін мүмкіндік. Біз жұмыс ұйымдастыруға
болатын, максималды жалпыланған сабақ үлгісін ұсынуға
болады:

Химия пәні
бойынша проблемалық ситуациялар
қолданылған кейс «d-элементтері» тақырыбы бойынша соның
ішіндегі темір металына арналған
кейс. Сол кейстерде берілген
деректерге сүйене отырып, проблеманы шешу жолдарын
іздейді.
•Темірдің
сипаттамасы.
Жер – әлеміне ертеден таралған металмын
Өндірістің тұлғасы боп көріндім. Қара металл патшасы боп танылдым,
Иесімін үлкен елдің ...... Қарапайым үйдегі тұрмыстарда , Дамып
жатқан ең алып құрылыстарда. Мені білмек адамның баласы жоқ , Мен
қатыспас техника саласы жоқ. Тарихымның тамыры терең жатыр, Египет
пен Индиядан келе жатыр. Шойын, болат, прокат – құймаларым,
Заманның дамуын демеп жатыр.
Кейсті ұсыну
түрлері:
Кейстерің көлемі де әртүрлі
болуы мүмкін- бірнеше сөйлемнен тұратын кейс, бірнеше беттен
тұратын кейс.Өте көлемді кейстерді қолданудың тиімділігі жоқ:
біріншіден- сабақта уақыт шектеулі, екіншіден- студентті жалықтырып
жіберуі мүмкін. 40-45 минуттан артпағаны
жөн.
Кейс әдісін қолдану үшін
мұғалім кейстер жинақтамасын жасауы қажет. Ол кейс бойынша
талқыланатын сұрақтар, тапсырмалар ойластырылуы
керек.
Кейс қолданып өткізілетін
сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
I. Дайындық
кезеңі. Мұғалім жағдаятты ойластырады.
Оған тапсырмалар дайындайды. Осы уақытта мұғалім ғаламтор, көркем
әдібиет мүмкіндіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарындағы
материалдарды қарастырады.
II. Таныстыру
кезеңі.
Бұл кезеңде жағдаяттың
сипаттамасы беріледі, ақпараттық материал
таратылады.
III. Негізгі
кезең.
IV. Қорытынды
кезең.
Алдыңғы өтілген тақырып
бойынша әр топқа жеке-жеке сұрақтар беру. Әр топтан бір студент
жауап береді. Әр топқа тақырыпты тақырыпшаларға бөліп тапсырма
беру.
-
«d-элементтері» қандай элементтер
жатады?
-
Осы топ элементтерінің сыртқы
электрон қабатында қанша электрон болады?
-
Табиғатта қалай
таралған?
-
Ол элементтерді қайдан алуға
болады?
Дайындалған
сұрақтар:
-
ХЭПЖ бойынша
сипаттамасы
-
Адам денесінде неше грамм темір
болады?
-
Метеорит құрамындағы темір бұлтын жасауға
жарай ма?
-
Мына өзгерістерді қлай жүзеге
асыруға болады?
FeO → Fe(OH)2 → FeSO
4