жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Cауат ашу. 1 сынып, ҚМЖ. Ә дыбысы мен әрпі
|
Пән: сауат ашу № 107 Мектеп: Ж.Құдайбергенов атындағы ОМ Ортақ тақырып: 1.5.«Саяхат» Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тыңдалым және айтылым, жазылым, оқылым Күні: 22.01.2019 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Скабылова Г.Н. Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
|
Сабақ тақырыбы |
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі |
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру; 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану; 1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну; 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану; 1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну; 1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою |
|
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы: Ә дыбысы мен әрпін ажыратады және әріпті дыбыспен сәйкестендіреді және сөзге дыбыстық талдау жасайды. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады. Оқушының көпшілігі: Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады. Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсінеді. Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды. Оқушылардың кейбірі: Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсінеді. |
|
|
Ойлау деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану, бағалау |
|
|
Бағалау критерийлері |
|
|
|
Тілдік мақсат (тілдік емес пәнге) |
|
|
|
Пәндік лексика және терминдер |
Саяхат – путешествие (поход), travel |
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
Ә дыбысы қандай дыбыс? Ә дыбысына сипаттама бер. Ә дыбысы сөздің қай буынында кездеседі? |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылардың жауапкершілік, еңбек пен шығармашылық ,сын тұрғысынан ойлау рухани құндылықтарды дарыту. |
|
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, жаратылыстану |
|
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
|
|
Бастапқы білім |
5-бөлім оқушылардың алдыңғы екі тоқсанда алған білімдері мен дағдыларына сүйенеді. Оқушылар көркем және бейкөркем мәтін үлгілерімен таныс болуы керек, жанрын (ертегі, өлең) ажырата білуі және өлеңді мәнерлеп оқи білуі керек. |
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Дереккөздер/ Ресурстар |
|
Сабақтың басы
|
1.Психологиялық дайындық «Иық тірескен шеңбер» әдісі Оқушылар шеңбер бойына тұрып, қолдарын бiр-бiрiнiң иықтарына қойып, екі жаққа шайқалады. Әр оқушы қасында тұрған оқушының иығының қолдауын сезгенін айтады. – Әрқайсысымыз достарымыздың сенiмдi иығын сезiндiк. Ұжымда, топта әрбiр адамға достары осылай сүйеу, қуат болады, бiрiн-бiрi жақсы көредi. 2. Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсаты мен түсіндіру; бағалау критерийімен таныстыру |
|
|
Сабақтың ортасы Бағалау критерийлері Ә дыбысы мен әрпін ажырату және әріпті дыбыспен сәйкестендіру; сөзге дыбыстық талдау жасау Бағалау критерийлері Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану Бағалау критерийлері Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну Бағалау критерийлері Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану Бағалау критерийлері Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну Бағалау критерийлері Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою |
1-тапсырма. Миға шабуыл (ұжымдық жұмыс); «Alippe 2» бейнеролик. Ә дыбысы бар сөздерді айтып, сөздерге дыбыстық және буындық талдау жүргізу; ә дыбысының сөздегі орнын анықтау; ә дыбысы мен әрпін таныту; оның сөздегі орнын анықтау; баспа және жазба түрлерімен таныстыру; әтеш сөзіне дыбыстық, буындық талдау жүргізу; сөзді қатыстырып, сөйлем құрау; суреттегі берілген сөздерді оқытып, ә дыбысының сөздегі орнын анықтау; сөздерге дыбыстық, буындық талдау жүргізу Дескриптор: Сөзге дыбыстық, буындық талдау жасайды. Ә дыбысының сөздегі орнын анықтайды. Әріпті дыбыспен сәйкестендіреді. Суретте берілген сөздерді оқиды. Кері байланыс «Баспалдақ» әдісі 2-тапсырма. «Дауыстап ойлау» әдісі (жеке оқушымен жұмыс) Бағанда жазылған сөздерді өз беттерімен буындап, тұтас оқытып, сөздік жұмысын жүргізу; сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату Дескриптор: Сөздерді буындап, тұтас оқиды.
ҚБ
«Басбармақ» 3-тапсырма. «Көршіңмен талқыла» әдісі (жұптық жұмыс) Мәтінді тізбектей, жеке, хормен оқыту; сұрақтарға жауап алу; мәтіннің мазмұнын әңгімелету; қысқы ойын түрлері туралы әңгімелету Дескриптор: Мәтінді оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Мәтіннің мазмұнын әңгімелейді. Қысқы ойын түрлері туралы әңгімелейді. Кері байланыс «Отшашу» әдісі 4-тапсырма. «Дербес пікір» әдісі (жеке оқушымен жұмыс) Жаңылтпашты буындап, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқыту; хормен оқыту; жатқа айтқызу Дескриптор: Жаңылтпашты буындап, тұтас оқиды. Жаңылтпашты жатқа айтады. Кері байланыс «Отшашу» әдісі 5-тапсырма (жеке оқушымен жұмыс). «Ойлан, тап» Әріптерден сөз құрау; оларға сәйкес суретті таңдау; ә дыбысының сөздегі орнын анықтау Дескриптор: Әріптерден сөз құрайды. Оларға сәйкес суретті таңдайды. Ә дыбысының сөздегі орнын анықтайды. ҚБ «Бағдаршам» Дәптермен жұмыс Ә әрпі мен ол кездесетін сөздерді және сөйлемдерді көркем, қатесіз жазу Дескриптор: Бас әріптер мен кіші әріптерді гигиеналық талаптарға сай жазады. Құрамында ә әрпі бар сөздерді, сөйлемдерді қатесіз және көркем жазады. |
https://www.youtube.com/watch?v=KlYYcNE3htA&list=PLoFEAxxLvBLYmDjcyjjL7DYuyDa_yLMfY&index=35 Оқулық 89-бет Оқулық 89-бет Оқулық 89-бет Слайд «Қысқы ойындар» Оқулық 89-бет № 3 жазу дәптері 16-бет |
|
Сабақтың соңы
|
1.Кері байланыс (топтық жұмыс) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны Құрамында з дыбысы бар сөздерді ойлап, з дыбысының сөздегі орнын анықтау 2.Рефлексия «Көңіл күй бекеті» әдісі арқылы оқушылар өздерін бағалайды. |
|
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Қолдау көрсету; белгілі бір уақыт шеңберінде 5-тапсырманы орындату; |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? ҚБ «Бас бармақ», «От шашу», «Бағдаршам», «Баспалдақ» әдістері |
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы Оқушылардың бір-бірімен ынтымақастығы, достық көмек беруі |
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген