Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназия
Лессон Стади зерттеу тәсілі
бойынша жауапты:
Р.С. Абдикаримова – мектеп
– гимназия директоры
Оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Жакыпбекова Н.А.
Зерттеу тобының мүшелері:
Жақыпбекова Назира
Альмахановна
Әділова Еркежан
Ермаханқызы
Іс әрекеттегі
зерттеу:
Авторы: Әділова Еркежан
Ермаханқызы
Заманауи ағымға
байланысты әр педагог баламен жұмыс жасауда әр түрлі
әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы өзінің кәсіби шеберлігін
арттырып, «smart»мақсаты арқылы оны шығармашылықпен дамыта отыра
жұмыс жасайды.
Сол мақсатпен 2023 жылдың 23
қараша күні «Lesson study» жұмысын ұйымдастыру бойынша
мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары, бірлестік жетекшісі,
ағылшын тілі пәні мұғалімі сабаққа қатысты. Зерттеуге 5«Е» сыныбы
таңдалды. Сыныпта барлығы 12 оқушы бар. Ұл бала –7,
қыз бала -5 .
«Lesson study»-ге арнайы
ҚМЖ құрастырылды және жоспарда сабаққа қандай тиімді
әдіс-тәсілдерді қолдануға болатыны, балалардың белсенділігі мен
қызығушылығын арттыру туралы қарастырылған. «Сабақ барысында
оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, оқылым, жазылым,
айтылым,тыңдалым дағдысын қалыптастыру» міндеттері маңызға
алынды.
Сабақты зерттеу мынадай
кезеңдерден тұрды:
І.Жоспарлау
-Сергіту
сәті,
- Топқа
бөлу;
-Үй тапсырмасын
тексеру;
-Жаңа сабақ
түсіндіру;
-Тапсырма
орындау
-Сабақтан кейінгі кері
байланыс
ІІ.Сыныпты
педагогикалық-психологиялық тұрғыда
бақылау
-Сыныпты бақылау
жоспары;
-Анализ
жасау;
ІІІ. Сабақты
зерттеу
-Сабақ кестесін
құру;
-ҚМЖ құрастыруда білім
сапасын арттыруға байланысты тиімді
әдіс-тәсілдерді іріктеу,тәжірибеде
қолдану;
-LS өткізу
,талдау;
-Келесі LS
-ды жоспарлау;
ІY.Нәтиже
-Зерттеу жұмысы бойынша
шешім шығару;
- БАҚ-қа
жариялау;
23.11.2023 жылы Lesson
study зерттеу сабағы ағылшын тілі пәнінен өтті. Сабақтың тақырыбы:
«Celebrations. Women’s
day». Сабақта «PPP»
әдісінің тиімділігін анықтау басты мақсат етіп қойылды. Бұл әдіс
бойынша Presentation кезеңінде Noticing тәсілі арқылы мәтіндегі
сөздерді көрсету , ол сөздің формасын, мағынасын қолданылды. Осы
кезеңнің
ішінде Contextualization, яғни сөздерді суреттермен сәйкестендіру
арқылы балаға сөздердің контексті көрсетілді. Балаларға
сөздерді сөйлемге қалай қолданылатыны көрсетілу үшін «Meaning
illustration» болу керек. Мәтіндегі лексиканы
бекіту Concept checking question
тәсілін ауадай қажеттігі көрсетіледі. Шет тілі болғандықтан
сөздердің дұрыс оқылуы маңызды, сондықтан Pronunciation
checking және Form checking міндетті түрде жүргізілді. Екінші
Practice әдісінде жаттығулар орындау барысында restricted and
freer practice тапсырмалары берілді. Үшінші Production
әдісінде Role play диалог арқылы мәтіннің негізгі түйінін диалог
немесе интервью ретінде ұсындым. Балалар мәтін ішіндегі жаңа
сөздерді қолдану арқылы диалог жасап, мәтінді қысқаша мазмұндау
арқылы бір-біріне
хабарлады.
Lesson Study тәжірибелі
мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби
жетілуге көмектеседі. Зерттеу сабағының тиімділігі туралы айтатын
болсам:
-кәсіби педагогикалық
білімі көтеріледі;
-сабақты бақылауда кері
байланыс беру дағдылары
дамиды;
-оқушылардың оқуы
жақсарады;
-оқушылардың функционалдық
сауаттылығы дамиды;
-білім сапасына оң әсерін
тигізеді;
Осылайша Lesson
Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытудың, білімін
жетілдірудің, тәжірибе алмасудың бірден бір тәсілі
екеніне, бірге жоспарлау, бірге қадағалау, бірге талдау арқылы
біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастыратынымызға, өз
біліктілігімізді көтере отырып, ортақ мақсатымызға оңай қол жеткізе
алатынымызға көз жеткіздім. Мен үшін Lesson Study
үлкен тәжірибе алаңы
болды.