400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Центрлік симметрия. Осьтік симметрия

Материал туралы қысқаша түсінік
Центрлік симметрия білу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.3 С Координаталық жазықтық


Мектеп: «И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бегейбаева Сымбат Жарықызы

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Центрлік симметрия. Осьтік симметрия

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.5 осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру;

6.3.1.6 осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату;

6.3.2.5 тік бұ рышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салу;

Сабақ мақсаттары

  • Симметрия туралы түсінік беру;

  • Осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру;

  • Тік бұ рышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салу;

  • Симметриялы фигуралардың өзара теңдігін үйрену.

Бағалау критерийлері

  • Осьтік және центрлік симметрияны ажырата алады;

  • Санақ басына қатысты симметриялы фигуралар салады;

  • Координаталар осіне қатысты симметриялы фигуралар салады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • симметрия ұғымының ережесін ауызша тұжырымдай алады;


Пәнге тән лексика мен терминология:

  • симметрия, осьтік симметрия, симметрия осі, центрлік симметрия, симметрия центрі;


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • абсцисса осіне карағанда симметриялы фигура салу үшін ....

  • ордината осіне карағанда симметриялы фигура салу үшін ....

  • нүктеге қатысты симметриялы фигура салу үшін ...

Құндылықтарды

дарыту


  • Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы;

  • Өмір бойы білім алуға бейімделеді;

  • Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін топтық жұмыстар арқылы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттері қалыптасады;

Пәнаралық байланыстар

Симметриялы фигураларды салу арқылы бейнелеу өнерімен, ою-өрнектердің симметриялығын көрсету үшін көркем еңбекпен, қоршаған ортадағы жәндіктердің симметриялығын түсіндіру үшін биологиямен байланыстырамын;

Бастапқы білім


Перпендикуляр түзулер және кесінділер.

Координаталық жазықтық.

Тікбұрышты координаталар жүйесі


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

3 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.

Сабақтың тақырыбын ашу үшін жұмбақ жасырылады

Көктемде көктеп шығады талға,
Күзде сарғайып түседі жерге.
                                                Бұл не? (Жапырақ).

Picture 1

Гүлден гүлге қонады, ара емес,
 Ақ, сары боп бау-бақшаға сән береді.
                                                 Ол не? (Көбелек).

Латынша «орнаменттің» аудармасы,

Ұлттық өнердің әрқашан қолданысы..

Ол не? (Ою өрнек)


Бұл үш суретте қандай ұқсастық бар?

Бұл үш суретке ортақ қасиет қандай? – деп сұрақ қою арқылы, сабақтың тақырыбын ашу.

Симметрия- дегеніміз қандай да бір заттың екі жағының тепе-теңдігі, сәйкестігі. 

ОМ мен таныстыру

Презентация 1





Суреттер





Сабақтың ортасы

3 мин






7 мин

ІІ. Топтарға бөлу.

Сынып тапсырмалар жазылған карточкалар көмегімен топтарға бөлінеді. Оқушылар тапсырмаларды орындап, жауаптарын салыстырады және жауаптары бірдей оқушылар топ құрайды.

ІІІ. «Галерияға саяхат» әдісі. Центрлік және осьтік симметрия ұғымдарымен таныстыру. (бейнеролик) Білімді өзектендіру. Координатық жазықтықа АВ кесіндісін А(5;2), В(1;3), салып, осы кесіндінің Ох, Оу осьтеріне (осьтік симметрия) және координалар бас нүктесіне (центрлік симметрия) қатысты кесінділерді салу арқылы түсіндіріледі.


Карточкалар

Қосымша 1






https://www.youtube.com/watch?v=u82ifhweqoQ








Топтық жұмыс

10 мин

IV. Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларда топта келесі тапсырмаларды орындау ұсынылды.


Тапсырма №1.

Тақтада берілген суреттерді осьтік және центрлік симметриялы екенін ажыратып кесте толтырады.



Осьтік симметрия

Центрлік симметрия




Дескриптор:

  • осьтік симметриялы фигураларды ажырата алады;

  • центрлік симметриялы фигураларды ажырата алады;


Тапсырма №2.

А(2; 3), В(3; 4) және С(5; 2). Осы нүктелер арқылы координаталар жазықтығында үшбұрыш салыңыз.


a) АВС үшбұрышына абсцисса осіне карағанда симметриялы үшбұрыш салыңыз;

b) шыққан үшбұрышқа координата басына карағанда симметриялы болатындай үшбұрыш салыңыз.

Дескриптор:

  • координаталар жүйесінде нүктені координаталары бойынша белгілейді;

  • есептің шарты бойынша кесінділерді салады;

  • үшбұрыш салады;

  • үшбұрышты абсцисса осіне қарағандағы симметриясын салады;

  • үшбұрышқа координата басына карағанда симметриялы үшбұрышты салады;


Тексеру: оқушылар топ ішінде бір-бірін тексереді, сұрақтар туындаған уақытта бір-біріне түсіндіреді;


Презентация 2




























Презентация 3


Деңгейлік тапсырмалар

10 мин

V. Дарындылықты дамыту мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру

Әр оқушы өз деңгейінің есебін таңдап шығарады. Тапсырмалар парақтарда беріледі. Сондықтан әр оқушы өз тапсырмасын орындайды.

І деңгей

1.Тік төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді не деп аталады?

2.Симметрияның қанша түрі бар және оларды жазыңдар.

3.Центрлік симметрияға қандай фигуралар жатады?

4.Ұзындығы 6см АВ кесіндісін сызып, оның симметрия центрін тап.

  ІІ деңгей

1.Түзу сызып, оныңбойынан О нүктесін және одан 3см қашықтықтағы А нүктесін белгілеңдер.О нүктесіне қатысты А нүктесіне симметриялы А1 нүктесін табыңдар.

2.А(2;3), В(3;-2), С(-2;-3), Д(4;2) нүктелеріне симметриялы нүктелерді координата жазықтығында көрсетіңдер

ІІІ деңгей

1.Тік бұрышты координаталар жүйесінің координаталар басы О нүктесіне қатысты С(х;-3) нүктесі Д(2;у) нүктесімен симметриялы. х-ті және у-ті табыңдар.


Дескриптор:

-Осьтік симметрия мен центрлік симметрияны ажырата алады;

-координаталық жазықтықта симметриялы нүктелерді таба алады;


Тексеру: интербелсенді тақтадағы дұрыс жауаптар бойынша тексеріледі,бағаланады.

Презентация 4

Таратпа қағаз

Жекелей жұмыс

тест

3 мин


VI. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға тест беріледі

1. Осьтік симметриялы фигураны тап:
а) шеңбер;

ә) сәуле;

б) төртбұрыш.

2. Ордината осьіне қарағанда А(- 3; 2) нүктесіне симметриялынүктенің координатасын тап:
а) А1 (- 3;- 2)

ә) А1 (3; 2)

б) А1 (3;- 2).

3. Квадраттың неше симметрия осі бар?
а) 2;

ә) 4;

б) 1.

4. Квадраттың барлық симметрия осьтері квадратты неше үшбұрышқа бөледі?
а) 5;

ә) 3;

б) 8.

«Kahoot» әдісі арқылы дұрыс жауап тексеріледі.


Дескриптор:

  • -Осьтік симметриялы фигураны таба алады;

  • -Координата осьтері бойынша симметриялы нүктені сала алады

  • -Симметрия центрлерін таба алады;



Презентация 5

Таратпа қағаз

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Үй тапсырмасы.

(қосымша 2, есептер)

Стикерлар

















Қосымша 2

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ мақсаттарына толық жету үшін топтағы оқушыларға бірдей тапсырма беріледі.

Әр түрлі деңгейдегі оқушыларды саралау мақсатында деңгейлік есептер беріледі: Қабілеті жоғары оқушыларға ІІІ деңгей есептері, қабілеті орташа оқушыларға ІІ деңгей есептері, қабілеті төмен оқушыларға І деңгей есептері.

Саралау арқылы оқушыларға көбірек қолдау көрсетіледі.

Оқушыларды өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Сызғышпен, циркульмен жұмыс барысында оқушылардың қауіпсіздігін қадағалаймын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Қосымша 1 Топқа бөлу

1-топ

Жауабы 1

2-топ

Жауабы 2

3-топ

Жауабы 3

4-топ

Жауабы 4


1,4 -



4 - 2



9,9:3-0,3


7,5-3,5


9,8-(7,6+1,2)


7,5:3

7,5:2


10:2,5


-3,3+8,8-4,5




-7,3-0,5+9,8


-15,3+18,3


4 -

• 4,5



9:4,5


=


15,8:2-3,9



3 •

16,4:4-2,1

3,5-1+0,5


9,7-5,9+0,2



5,5-4,5

10,1:5-


х-1 = 1


20,5:5-0,1















Қосымша 2 Үйге тапсырма

№1. Суреттегі АВС үшбұрышындағы АВ=ВС және ВС=9 см. Осы үшбұрышты k түзуіне қатысты симметриялы көшіргенде ADC үшбұрышы алынған. ABCD фигурасының периметрін табыңдар.


Shape1 k

№2. Ұзындығы 8 см АВ кесіндісін сызып, оның симметрия центрін табыңдар. Симметрия центрі АВ кесіндісін қандай кесінділерге бөледі? Оларды ұзындықтарымен жазыңдар.


№3. l және k түзулері ABCD тік төртбұрышының симметрия осьтері. ABCD тік төртбұрышының А төбесінің l симметрия осінен қашықтығы 5 см, ал k симметрия осінен қашықтығы 3 см. ABCD тік төртбұрышының периметрін және ауданын табыңдар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
3788
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі