400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ч" дыбысын қою

Материал туралы қысқаша түсінік
логопедтерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ч» дыбысы және әрпі

Кезең: дыбыс қою

Мақсаты: артикуляциялық жаттығуларды жасай отырып «Ч» дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгерту.Ойлау, есте сақтау, фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: «Ч» профилі, артикуляциялық қалпы, айна.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Логопед: сәлеметсің бе?

Оқушы: сәлеметсіз бе?

Логопед: қазір жылдың қай мезгілі?

Оқушы: қазір көктем мезгілі.

Логопед: бүгін аптаның қай күні?

Оқушы: бейсенбі, төртінші күн.

Логопед: бүгін сабақта не істейміз?

Оқушы: тыңдаймыз, оқимыз, сөйлейміз.

II.Мақсатын баяндау.

-Бүгін сабағымызда «Ч» дыбысын дұрыс айтып үйренеміз.

III.Артикуляциялық гимнастика.

«Гармон»– жымиып, ауызды сәл ашып, тілді таңдайға жапсырып, тілді төмен түсірмей ауызды ашып жабу. Ерін жымиған қалыпта. Жаттығуды қайталағанда ауызды кеңірек ашып, тілді жоғарыда ұзақ уақыт ұстауға тырысу керек.

«Саңырауқұлақ»– жымию, тістерді көрсету, ауызды сәл ашып, жалпақ тілді таңдайға жапсырып, ауызды ашу.

«Аттар шабысы» - жымиып, тістерді көрсету, ауыз сәл ашық, тілдің ұшымен таңдай қағу.

IV.Дыбысты қою

Бала логопедпен бірге айна алдына отырып дыбыстың артикуляциялық аппарат мүшелерінің қимылдарына және қалпына назар аударып, еліктеу арқылы «ч» дыбысын айтады. «Ч» дыбысын айтқанда:

- «Тіл дөңгеленіп, алға қарай сәл созылады, тістер түйіспейді, тілдің ұшы мен арқасы жоғарғы тістерге көтеріліп, күршек жасайды. Кейіннен ол білінбей қуысқа айналады. Тілдің ортасымен қысқа ауа ағыны өтеді; жұмсақ таңдай көтеріңкі, жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып мұрынға жол жабық, ауа ағыны ауыз арқылы шығады; дауыс пердесі ашық, дірілдемейді».

V.Фонетикалық фонематикалық естуін қалыптастыру.

«Естігенде шапалақта»
Берілген дыбыстар ішінен «ч» дыбысын естігенде алақаныңды шапалақта.

А,е,ч,с,ы,т,л,ч,ч,р,ф,а,ч,д,ж,ч,о,н,ш,щ.

VI.Дәптермен жұмыс

-Бүгін біз «Ч» әрпін өттік. Қанекей, енді «Ч» әрпінің таңбасымен таныс болайық:

Баспа түрі: Ч ч, жазбаша түрі: Ч ч.

VII.Үйге тапсырма.

Артикуляциялық жаттығуларды қайталау.

VIII.Қорытынды

-Сабағымызда қандай дыбыстың артикуляциясымен таныс болдық?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі