3-сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Чч
дыбысы мен әрпі
Сабақтың
мақсатты:
1.
Оқушыларды Чч
дыбысы мен әрпін таныстыру. Чч
дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау
жасай білуге үйрету. Сөздерді дұрыс
оқуға және сауатты жазуға төселдіру.
2.Ой-өрісін,
тіл байлықтарын арттыру,тапқырлық
іздемпаздық қасиеттерін дамыту.
3.Оқушыларды
сауатты әрі көркем жазуға, кішіпейілдікке,
ұйымшыл болуға, достарына құрметпен
қарауға тәрбиеле.
Сабақтың
түрі:
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері:
Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап,
әңгімелесу, өздігінен жұмыс
Көрнекілігі:
кеспе
әріптер, суреттер, сөздер, электронды
әліппе, презентация.
Сабақтың
барысы:
I
Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы
күн достым,
Қайырлы
күн болсын!
Бүгінгі
күн бізге,
Сәттілікке
толсын.
Біздің
алар бағамыз,
Кілең
бестік болсын.
II
Өткенді қайталау:
Оқушылардың
өткен сабақта алған білімдерін
нығайту,пысықтау.
–Балалар,
өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
Берілген
сөздерді дауыстап хормен оқытқызу.
III
Жаңа сабақ:
Әріпті
жұмбақтың шешуін тауып,қай дыбыс екенін
анықтау.
-Чч
дыбысынан келетін сөздерді дауыстап
хормен айтып,олардың мағынасын сіндіру.
Чч
әрпін тақтаға іліп көрсету. Дауыстап
хормен бірнеше рет айтқызу.Чч
дыбысының дауыссыз екенін айту.
1.Электронды
әліппемен жұмыс
Ч
дыбысымен таныстыру,дауыссыз дыбыс
екендігін аңғарту,ч
дыбысы бар сөздермен таныстыру.
«Почташы»
өлеңін оқытқызу,жаттату.
Суреттермен
жұмыс,берілген суреттер арасынан
ч
дыбысы бар сөздерді табу.
2.Оқулықпен
жұмыс:
Оқулықта
берілген буындарды дауыстап оқу, «Болашақ
чемпиондар» өлеңді дауыстап оқып беру.
Мағынасын ашу.Дауыстап кезекпен оқытқызу.
3.
«Ой қозғау»
-Қазақстандағы
чемпиондарды білесің бе? (суреттерін
көрсете отыра,қысқаша тоқталу)
4.Текшелермен
жұмыс жүргізу
«Дыбыстық талдау жаса» тақтада көрсетілген
чемодан,чемпион сөздеріне дыбыстық
талдау жасау.
IV.
Сергіту сәті:
қимылды
жаттығу
5.Дәптермен
жұмыс:
Дәптерімізді
ашайық,
Қолға
қалам алайық,
Салақтықтан
арылып,
Әдемі
етіп жазайық!
Чч-әрпінің
элементтерімен таныстыру,ауада жазғызу.
Чч-
әрпін дәптерге жазғызу.
Өлеңнің
екінші шумағын көшіріп жазу.
Бақыты
боп бар елдің,
Алар
талай байрақ та.
Чемпионы
әлемнің
Болар
күні әлі алда.
6.Ойын
“Бинго”
(алдын
– ала әзірленген “чек” бойынша ойналады)
Егер
бала дайындалған сұрақтарға жауап берсе
тиісті чекті алып, чек арқылы кәмпит
алады.
Ойынның
мақсаты: балаларға еңбектің наны тәтті
екенін түсіндіру, шапшаңдыққа үйрету.
Сөйлеу
қабілетін, тілін дамыту.
Берілетін
сұрақтар:
1.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2.
Буын қандай дыбыс арқылы жасалады?
3.
Дауысты дыбыстарды ата.
4.
Сенің есімің қандай дыбыстан басталады?
5.
А
дыбысына сөз ойла.
6.
Сен қайауылда тұрасың?
7.
Б
дыбысына сөзойла.
8.
Сенің ұлтың кім?
9.
П
дыбысына сөз ойла.
10.
Мектеп неше қабатты?
11.
Чемпион сөзін буынға бөліп айт.
12.
Екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалатын
дыбыс.
13.
Р
дыбысына сөз ойла.
14.
Чемодан
сөзін буынға бөліп айт.
V
Сабақты қорыту:
-Балалар,
бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?
-Дауысты
ма, дауыссыз ба?
Чч-
дыбысы бар сөздерді айтқызу, айтқан
сөздерінің мағынасын сұрап сабақты
қорыту.
-Сабақ
соңындағы көңіл-күйлеріңіз қандай?
VI.Үйге
тапсырма:
132-беттегі
өлеңді жаттап келу.
VII.
Оқушыларды мақтау-мадақтау.