400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ч.Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары: жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер, Ч.Дарвиннің экспедициялық материалдары

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып қоғамдық бағыт бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Биология

Мектеп: №86 ЖОМ

Күні: 15.10.2018

Мұғалімнің есімі: Құрбанова Гүлдана Жүсіпбекқызы.

Сынып: 11 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ч.Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары: жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер, Ч.Дарвиннің экспедициялық материалдары.

Көрсетілім.

Ч.Дарвиннің «Бигль» кемесімен саяхаты кезіндегі жүрген жолдары және жинаған материалдары.

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Оқушыларды Чарлз Дарвин еңбектері мен жаратылыстану ғылымының жетістіктерімен таныстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Оқушылар эволюция ғылымы туралы танып біледі.


Оқушылардың басым бөлігі: Өткен тақырыппен бйланыстыра отырып анализ жасап, есте сақтау қабілеттерін дамытады .


Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс істеп , өз білімін өзі тексеріп, бағалай білуге үйрету.Өздігінен талпынып , жауапкершілікті сезінетін саналы,өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.

Тілдік мақсат

терминология

-бигль кемесі

-тіршілік үшін күрес

-табиғи сұрыпталу.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында мектеп құндылықтары жүйелі түрде енгізіледі. Ол сабақтың ажырамас бөлігі болып саналады. Рухани жаңғыру.ХХІ- ғасырдағы ұлттық сана туралы. Білімнің салтанат құруы.Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.Білімді,көзі ашық,көкірегі ояу болуға ұмтылу.

Ашықтық: Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады.Олар өздерінің білгендерін өзге құрбылармен де бөлісіп отырады.

Ынтымақтастық: Сабақ барысында топтық жұмысты орындағанда, берілген тапсырмаларды орындағанда олардың ынтымақтаса жұмыс істеуі маңызды.

Өмір бойы білім алу: Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін өмірде де қолдану мүмкіндігі айтылып өтіледі.

Пән аралық байланыстар

-физикамен

-биологиямен

-химиямен

Байланыстыра отырып, нақты мәліметтер беру,қосымша ресурстармен жұмыс жасау үшін арнайы сілтемелер беру

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бағалау кестесі көрсетіледі

Бастапқы білім

Өсімдіктер мен жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К.Линнейдің жұмыстары. Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Қызығушылық

ты ояту.

3-мин


Миға шабуыл

2 мин










Сабақтың ортасы

Мағананы ажырату

20 мин


1.Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

2.Психологиялық ақуал орнату (шаттық шеңбері Әр оқушы қасындағы досына жақсы тілектер айтады.

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап алу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Жұптық тапсырма беру арқылы үй тапсырмасын сұрау.
І-жұп. Графикалық диктант
1........ латынша.....- тарихи даму,өрлеу деген мағынаны береді.
2.Бұл терминді ........ алғаш рет................. ............ енгізді.
3.Шверциялық зерттеуші.......... оны ғылымғы ....................
4.Қазіргі кезде ........... 800 дей,............100 мыңдай,.................350мыңнан астам........
...........1,5миллиондай түрі бар.
5.Бұл бағытта грек ойшылы ...............еңбегі зор.
6.Аристотель алғаш рет ........ ........... және........ деп топқа бөлді.
7.Аристотель табиғаттың.............. ................. қарай.............. дәлелдеген.
ІІ-жұп. ия -жок тесті.
Ең алғаш эволюциялық теорияның негізін қалаған ғалым Ж.Б.Ламарк ия
К.Линней алғашқы систематика ғылымының негін салды ия
Ж.Б Ламарк 1735 жылы “Табиғат жүйесі” деген еңбегі шықты жоқ
К.Линней 8000- нан астам өсімдікке және 4500-нан астам жоқ
жануарға сипаттама жазды. 
Ж.Б.Ламарк 6 сатыға,24 класқа топтастырды. Жоқ
Омыртқасыздар класының ішінде мұртаяқтылар бар ия
К.Линней жүйесі жасанды жүйе болды ия
ІІІ-жұп. Белгісіз анықтамалық 
Эволюция-
Цитология- 
Анаболизм- 
Биопоэз- 
Ламаркизм- 
Коацерват- 
ІҮ-жұп.Жылдар сөйлейді 
1677 жылы -
1775 жылы -
1860 жылы -
1865 жылы -
1924жылы -
1957 жылы -
Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру

Кинометафра әдісі.

Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары:
1) XVIII ғ. Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етуі;
2) өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы;
3) XVIII ғасырдың соңында өнеркәсіптің машина өндірісіне ауыстырылуы;
4) қолтұқымдар мен іріктемелер шығару үшін шаруашылықта селекциялық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі;
5) Англияда ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерінің шығарылуы. 
Жаратылыстану ғылым саласының жетістіктері.
XIX ғасырда жаратылыстану саласында — геология, физика, химия ғылымдары
көптеген жетістіктерге жетті: 
1) A.M. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылысы туралы 
2) теориясының шығуы (1861 ж.); 
2) Д.И. Менделеевтің элементтердің периодтың жүйесін жариялауы; 
3) энергияның сақталу заңы, химиялық элементтердің атомдық құрылысының 
ашылуы; 
4) ағылшын геологі Ч. Лайельдің ғаламшардағы геологиялық өзгерістер ерекше
бір апаттың әсерінен емес, температура, жел, жаңбыр, өсімдіктер мен жануар
лардың әсерінен үздіксіз өзгеріп отыратынын дәлелдеуі; 
5) неміс ғалымдары М.Шлейден мен Т.Шванның барлық тірі организмдердің 
құрылым бірлігі — жасуша (клетка) екендігін дәлелдеп, жасуша теориясын ашуы; 
6) омыртқалы жануарлар ұрығының дамуын зерттеу нәтижесінде балықтар, 
құстар мен сүтқоректілердің ұрығында желбезек саңылаулары болатыны, 
олардың туыстық жақын екендігінің дәлелденуі және т.б. 
І-жұп тапсырмасы
Проблемалық сұрақ
Ч.Дарвин ілімдерінің шығу себептері неде?
ІІ-жұп тапсырмасы
"Т кестесі"
Жаратылыстану Жаратылыстану 
ғылымының жаңалығы ғылымының 
қазіргі жаңалығы
Ч.Дарвин іліміне "Бигль" кемесімен саяхатта жинаған экспедициялық мәліметтері де зор 
себепші болды . Ч.Дарвин эволюциялық теорияны бірінші болып ашпағанымен 
эволюция — "өзгергіштіктің әсерінен болатын құбылыс және ол тек табиғи 
заңдылықтардың әсерінен дамитынын" түсіндіріп, эволюциялық процесті 
бірінші болып нақтылап берді. Ч.Дарвин түрлер арасындағы ұқсастық пен 
айырмашылықтарды тірі организмдердің әртүрлілігінің себептерін ашуды 
алдына мақсат етіп қойды. Саяхат кезінде оны, әсіресе Галапагосс аралының 
өсімдіктері мен жануарларының түр құрамы қатты қызықтырды. Бұл аралдан 
ол — күрделі гүлді өсімдіктер тұқымдасының 20 түрін жинап, құстардың 25 түрі
мекен ететіндігін анықтады. Ол қунақтардың 13 түрін байқап, олардың қоректену
ерекшеліктері туралы қорытынды жасады. Саяхаттан кайтып оралған соң Дарвин 
өзінің алдына түрлердің шығу тегін зерттеп шешу керек деген басты мақсат қойды.
ІІІ-жұп тапсырмасы.
Суретпен жұмыс

Термин сөздерге түсінік алу.

VI . Қорытындылау .
І –жұп тапсырмасы Р-А-Ф-Т.

ІІ-жұп « Ғылыми симпозиум»Алғышарттары Себебі: Эволюция ғылымының ашылуы. Эволюция ғылымының дамуы Жаратылыс ғылымының дамуы

ІІІ-жұп тапсырмасы. Саяхаттан оралған Ч.Дарвин алдына қандай мақсат қойды? Эволюциялық теорияны бірінші болып ашқан ғалым?

ІҮ-жұп тапсырмасы.Флипчарт-сұрақтар

Чарлз Дарвин ілімінің шығу себептері?

Ғылымдағы жетістіктері?

Эволюциялық теорияны бірінші болып ашқан ғалым?

3. Дәптермен жұмыс:Оқушыларға оқулықтан термин сөздерді дәптерге жазу, сұрақтарға жауап жазу тапсырмасы беріледі

Табыс критерийі

Р/сКритерийлер Балл

1.Үй тапсырмасын орындау 1

2.Жаңа сабақтың мәнін ашу 3

3.Тақырыпты өмірмен байланыстыра білу.4

4.Ақпаратты жаңа сабаөқпен байланыстыру.3

5.Бекіту тапсырмаларын орындау.4

0-3 балл “2”, 4-7 балл “3” , 8-11балл “4”, 12-15 балл “5”



Үлестірме қағаздар





АКТ



Віlim land-сайты.



































АКТ


Віlim land-сайты


Віlim land,Twig сайттары,

электронды оқулық



Сабақтың соңы

  1. мин


Сабақтың сонында оқущыларға бүгінгі белсенді қатысқаны үшін рахмет айтылып, олардан кері байланыс ретінде басбармақ әдісі бойынша қорытынды жасауы сұралады.

1.Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгердің.

2.Жұптық жұмыс кезінде өз белсенділігіңді көрсете алдым деп ойлайсын ба?

3.Бағалау процесі қаншалықты әділ деп ойлайсын ба?

Үй тапсырмасына Ч.Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары: жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер, Ч.Дарвиннің экспедициялық материалдары.оқу,сұрақтарға жауап беру,кесте толтыру.

Нәтижесі ауызша марапатталып,бағаланады.

Оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендерін, не білгендерін жазады.






Күнделікке түртіп алады



Қосымша ақпарат:

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Барлық оқушылар сыныппен бірлесе сұхбатқа қатысады және топтық практикалық жұмыс орындайды.Көпшілік оқушылар-сұрақтарға дұрыс жауап береді ,берілген тапсырмаларға мақсат қоя біледі және нұсқауға сәйкес сәтті орындайды,қорытынды жасай біледі.кейбір оқушылар –сұрақтарға нақты жауап береді,болжай біледі.

- формативті (критерийалды, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау);

- суммативті бағалау түрлерін қолданамын.

- Интерактивті тақта пайдаланамын;

- Тәрбиелік мәні жоғары.

Рефлексия

- Сабақ мақсаттары\оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

- Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

- Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

- Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

- Сабақ жоспарына қандай ауытқулар болды,неліктен?


.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Қорытынды бағамдау

Сабақтан жақсы өткен екі аспектісі?

1.................................................................................................................................................................. 2..................................................................................................................................................................


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да)

1.................................................................................................................................................................2.................................................................................................................................................................



ДОЖЖО: Л.П.Утебаева. Күні:15.10.2018ж


































Күні:

Сынып:10

Сабақтың тақырыбы: Жасушаның химиялық құрамы. Су және басқа бейорганикалық заттар, олардың жасушаның тіршілік әрекетіндегі рөлі.
Мақсаты: 
• “Цитология негіздері” тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау және бір-бірімен білім алмастыру арқылы толықтыру, теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc- жүзінде қолдануға үйрету. 
• ақпараттану технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз-қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту. 
• оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу. 
Құралдар: 
• Тірек сызбанұсқалар 
• Кестелер; 
• Жұмыс парағы; 
• Қосымша материал; 
• Компьютер; 
• Флипчарт 
• Бейнефрагменттер 
I. Ұйымдастыру.Қызығушылықты ояту 
(сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару) 
II.Негізгі бөлім.Мағынаны ашу 
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Жұмыс түрі Уақытты 
1.Тарихына шолу 
Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады. 
Цитология -жасуша туралы ғылым Жасы -100жыл, ал термин «жасуша»- 300 жыл. Цитологияның дамуы ұлғайтқыш құралдарының пайда болуымен, дамуымен байланысты. 
1838 ж-Шлейден және Шванн -жасуша теориясының негізін қалады 
1858 ж - Вирхов –жаңа жасуша жасуша бөлінуінен пайда болады 
Бэр –барлық тірі ағзалардың дамуы жасушадан басталады
Биологиядағы маңызды теорияның бірі-жасуша теориясы Жасуша теороияның негізгі қағидалары 
I. Барлық тірі ағзалар жасушадан тұрады 
II. барлық ағзалардың жасушалары құрылысы және химиялық құрамы бойынша ұқсас 
III. Жасушалардың көбеюі бөліну арқылы өтеді 
IV. Ядросына қарай жасушалар прокариоттар және эукариоттар болып екіге бөлінеді 
V. Жасуша-тіршіліктің негізі 
Ауызша 
мин 
2.Жасуша тіршіліктің негізі 
бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушалары болады. 
Олардың құрылысы-? 
I:Жасушаның негізгі... 
А)бөліктері 
В)цитоплазмадағы органоидтары 
С)қасиеттері 
II.нұсқа: Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысын салыстыру. 
III нұсқа: Бактерия және саңырауқұлақ жасушаларының құрылысын салыстыру. Тақтамен жұмыс 

Қосымша №1 

Қосымша №1 
мин 
3. Жасушаның химиялық құрамы. 
Жасушаларынң құрылысында айырмашылығы болғанымен, барлық жасушалардың химиялық құрамы ұқсас 
Жасуша құрамында 80-ге жуык химиялық элементтер болады. элементов. Мөлшеріне қарай: макроэлементтер(C,H,O,N) және микроэлементтер (йод, бром, селен...). 
Кейбір элементтер бейорганикалық және органикалық қосылыстарының құрамына кіреді 
Бейорганикалық заттар:су, минералды тұздар .Органикалық – нәруыз, майлар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары, АТФ. Су маңызды зат.Су –заттар гидрофобты және гидрофилді. Су химиялық реакцияларға қатысады. Керек емес заттардың жасушадан бөлуіне , жасушаның ішіндегі заттардың қозғалуына қатысады. 
Минералды тұздар катион түрінде болады (K+,Na+,Ca2+,Mg2+) және анион түрінде (HPO42-, H2PO4-, Cl-) олардың мөлшері қышқылдық ортаны қамтамасыз етеді 
Органикалық заттардың маңызы: 
1. Барлық қосылыстар энергия береді (көмірсулар, майлар, нәруыздар); 
2.Барлығы құрылымдық қызмет атқарады; 
3. Барлығы тұқымқуалау ақпаратты сақтауға, тасымалдауға қатысады 
4. Жасушадағы зат алмасуды қамтамасыз етеді Тірек конспект 

тәжирібе мин 

мин 

4. Жасуша -тіршілік негізі 
Жасушадағы маңызды процесс-зат және энергия алмасу. 
1.Пластикалық алмасу 
А)Нәруыз биосинтезі 
В)Фотосинтез 

Фотосинтез-тіршілік үшін аса маңызды процесс. Неге? 

Қорытынды: 
Пластикалық және энергетикалық алмасу процестері тығыз байланысты. Жер бетіндегі тіршіліктің негізі-автотрофтар. Органикалық заттардың түзілуіне қажетті энергия. Пластикалық алмасу – энергия жұмсалумен өтетін реакциялар жиынтығы 
1.Нәруыз биосинтезі 
Рибосомаларда өтеді. 
Нәруыз құрамы туралы ақпарат ДНҚ-да болады. Осы ақпаратты ДНҚ-дан рибосомаларға РНҚ жеткізеді. 
АТФ – биосинтезді энергиямен қамтамасыз етеді. 
Ферменттер – нәруыз молекуласының түзілуімен тездетеді 
2.Фотосинтез – бұл да пластикалық алмасу 
Автотрофтар-өсімдіктер және көк-жасыл балдырлар. Өсімдіктер өздері бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзеді. 
Жер бетіндегі барлық өсімдіктер 1жылда -170млрд тонна органикалық заттар түзеді 
Сонымен қатар ауаға оттегі бөлінеді Сызбанұсқа 
лармен жұмыс 

Бейнефраг 
мент 
«Нәруыз» 

Бейнефраг 
мент «Фотосинтез» мин 

III.Бекіту 
Тест жұмысы 12мин 

IV.Бағалау 2 мин 

V.Үй тапсырмасы: §20,21 тапсырма 5 

1 нұсқа 
I:Жасушаның негізгі... 
А)бөліктері(мембрана, цитоплазма, ядро) 
В)цитоплазмадағы органоидтары(вакуоль, пластидтер, лизосома, ЭПТ, рибосома, митохондрия, Гольджи жиынтығы..) 
С)қасиеттері(зат және энергия алмасу, тітіркенгіштік, көбею...) 
2 нұсқа 
Өсімдік жасушасы Жануар жасушасы 
Жасуша мембранасы 
Жасуша мембранасы целлюлозадан тұрады, берік болады Мембрана нәруыз, майдан тұрады, 
иілгіш, серпімді 
Ядро 
1 1, немесе бірнеше 
Жасуша орталығы болмайды Жасуша орталығы болады 
Цитоплазмадағы органоидтары 
Пластидтер, вакуолдер болады Митохондриялар бар, кейбір түрлерінде ғана вакуолдер болады 
Қорға жиналған қорек заттар 
Крахмал, майлар Гликоген, майлар 
Энергия түзілуі 
Фотосинтез Органикалық заттардың тотығу барысында 
Өсуі 
Өмір бойы Көпшілігінде, жас кезінде ғана 
Ұлпа 
Жабын, тірек, өткізгіш,негізгі, бөліп шығарушы Эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке 
3-нұсқа 
Бактерия жасушасы Саңырауқұлақ жасушасы 
Қабықшасы сілеймелі Қабықша құрамында -хитин 
Ядросы жоқ 1-30 ядро болуы мүмкін 
Фото-хемоинтез болуы мүмкін - 
Қорға жинайды: крахмал, гликоген, майлар, күкірт, полифосфат Гликоген,нәруыз 
Зат алмасу 
Ашу, фотосинтез, тыныс алу арқылы өтеді Қорек заттардың ыдырауы арқылы 
Өседі өмір бойы 
Ұлпалары жоқ 
Тапсырма:Тақтада берілген органоидтардан жасушаны құрастыру. 
Тақтамен жұмыс:1.Жасуша органоидтарынан өсімдік жасушасын жинау. 
2.Жануар жасушасына өзгерту 
3.Бактерия жасушасына өзгерту. 
4.Саңырауқұлақ жасушасына өзгерту.. 
Қорытынды: Әр топқа жататын ағзалардың жасушаларының құрылысында ұқсастығы да 
айырмашылығы да бар. 




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
1264
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі