Материалдар / Чемпионмен кездесу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Чемпионмен кездесу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің түлегі , самбодан әлем чемпионы Сейсенбеков Жанатпен кездесу . Оқушылар сұрақтарын қойып , толыққанды жауап алды. Сұрақтар келген қонақтың өміріне , қызметіне, спорттық карьерасына байланысты болды. Мектепте дәріс берген ұстаздар естеліктерімен бөлісіп , тілектерін айтты. Асық ойнап, бала кезін еске алған Жанат Сейсенбеков өте жақсы көңіл күйін смайлик арқылы білдірді. Таңдап алған смайликқа қолтаңбасын қойып , үнаған сұрақ қойған оқушыға сыйлады. Кеш соңында оқушылар, ұстаздар және келген қонақ Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындап, естелікке фотоға түсті. Оқушылардың кездесуден алған әсерлері мол болды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2024
84
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мақсаты: оқушылардың спортқа деген құлшынысын арттыру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру.

Құндылықтар :

Ұлттық мүдде : Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу;

Талап : Салауатты өмір салтын ұстану;

Көрнекілік : слайд ,

  Әдіс – тәсілдер: сұхбат , сұрақ – жауап .

Іс-шараның түрі : кездесу





    Жүргізуші :

Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Бүгін бізде қонақта самбодан  әлем чемпионы. «Жүз рет естігенше , бір рет көр»- дегендей талай жарыстарда жүлде алған, әлемді бағындырған ағамызды көріп, сұхбаттасайық деген ниет. Ертеңгі күні сендердің іштеріңнен де елімізді әлемге танытатын , ел намысын қорғайтын азаматтар  шығады деп сеніп ағамызды кездесуге шақырып , осы спорт түріне қалай келді , кандай жетістіктерге жетті , қандай қиыншылықтар мен қуанышты кездері болды - осының бәрін өз аузынан естісек .

Ендеше , Жанат ағамызды ортаға шақырайық .

ЖҮРГІЗУШІ:

  • Сұхбатымызды бастамас бұрын кішкентай бауырларыңызға сөз беріп ,сізге арнаған өлеңдерін тыңдап алсақ ....

  1. Ағалар бар алдымызда жол бастаған,

Інілер бар артыңызда ту ұстаған,

Көргенде жеңістерін ағалардың (Заңғар)

Жоқ шығар жерлесіңіз қуанбаған.





  1. Ауылымның мақтанышы Жанат аға,

Өспен елі есіміңді ұлықтайды,

Бойыма намыс , жігер , рух беретін (Ілияс)

Жас ұрпақ өнегеңді ұмытпайды.



  1. Күреске мен барамын

Жанат ағамдай боламын

Жеңіс туын желбіретіп, (Аян)

Биік шыңға қонамын



  1. Құтты болсын , Жанат аға, жеңісіңіз!

Орындалсын әрқашан тілегіңіз!

Келгеніңіз біз үшін үлкен құрмет, (Таймас)

Бас иеміз , өзіңізге тілекшіміз!

  1. Ел бақыты сіздердей ұлы барда,

Өспен аты қашанда тұғырда , алда,

Сіздей батыр , ержүрек ағасы бар,

Кейінгі жас ұрпақты арман бар ма?

Жанат аға, арта берсін кемеліңіз, ( Жанарыс)

Болашақта біздер ғой сенеріңіз

Ел үмітін ақтаған нағыз жігіт,

Әрқашан биік болсын беделіңіз!

ЖҮРГІЗУШІ:

- Жанат аға , шақыруымызды қабыл алғаныңызға көп рахмет.

Құрметті ұстаздар, оқушылар алдарыңыздағы экранда Жанат ағамыздың өмірбаяны берілген, таныса отырыңыздар.

( Слайд : ӨМІРБАЯН)

ЖҮРГІЗУШІ:

  • Ауылдан жырақ жүрген азаматтар әрдайым елін , ауылын сағынып жүреді.

Мектебіміздің 5- сынып оқушысы Тұрсын Елнамыстың «Елім ай » әнін тыңдап сағынышыңызды басайық деп ойладық.

Ендеше , сахнаға Елнамысты шақырамыз.



Жүргізуші :

  • Жанат аға, сіздің талай додаға түсіп, жеңіске жеткеніңізді білеміз. Ол жеңістердің жөні бір бөлек, әлемді бағындыру бір бөлек . Қарсыласыңызды жеңіп, мінберге шығып , туымыз желбіреп , гимніміз орындалып жатқанда қандай сезімде болдыңыз? Алдымен осы жайлы айтып кетсеңіз.

......................................................................................................................



- Жақсы , жауабыңызға рахмет. Енді оқушыларға кезек берейік. Сізге қояр сұрақтары көп болар. Соларға жауап берсеңіз...



  1. оқушы: Қош келдіңіз ! Сіз спортқа қалай келдіңіз? Жасыңыздан спортқа құмар болдыңыз ба?



  1. оқушы :Спортты жақсы көретін балалар сабаққа көп мән бермейді деген пікір бар. Осыған келісесіз бе? Сіз сабақты қалай оқыдыңыз?





  1. оқушы : Мектеп қабырғасында болған қызық жағдай туралы айтып беріңізші.



  1. оқушы : Өз жолын дұрыс таңдау үшін түлектерге қандай кеңес бересіз?



  1. оқушы : Сіз қандай бала болдыңыз?





  1. Оқушы (Асанәлі) : Аға, сіз бала кезіңізде асық ойнаған шығарсыз?

Мектепте асықтан жарыстар өтіп тұрады. Мен біраз баланы ұтамын.

Сізді асық атудан жарысқа шақырғым келіп тұр .

Қалай қарайсыз?





  1. оқушы : Адамның қандай қасиетін бағалайсыз?





  1. оқушы : Спортта жеткен жетістіктеріңіз көп шығар. Сіз үшін қиынға түскен жеңіс туралы айтып беріңізші.



  1. оқушы : Чемпион болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?



  1. оқушы : Жол сілтеген, жеңіске жетелеген ұстаздарыңыз жайлы айтсаңыз.





ЖҮРГІЗУШІ :

  • Осы кезде Жанат ағамызға дәріс берген ұстаздарға сөз бере кетсек...

Айтатын естеліктері бар шығар. Гүлбаршын Сабитқызы, Айнагүл Дәкенқызы сөз сіздерде ..

....................................................................................................................................





ЖҮРГІЗУШІ :

  • Оқушылардың сұрақтары бітпеген сияқты. Жалғастырайық..



  1. -оқушы: Cіздер оқыған кездегі мектеп оқушылары мен қазіргі оқушылардың қандай айырмашылығы бар?



11-оқушы: Сіз мектеп оқыған кезде смартфон, интернет болған жоқ. Бос уақыттарыңызды қалай өткіздіңіздер? Іштеріңіз пыспады ма?





12-оқушы : Егер балалық шағыңызға қайтып баратын мүмкіндік болса , нені өзгертер едіңіз?

Жүргізуші :

Тәуелсіз  елімізге, қазақ халқына өзіңіз сынды ел намысын қорғайтын, жастарға үлгі болатын ер азаматтар керек.   Кездесу кешінің біз үшін пайдасы мол болды.

  • Жанат аға, енді сіздің оқушыларға айтар тілегіңізді тыңдасақ.

Жүргізуші :

  • Сұрақ көп , бірақ  уақытқа байланысты кешімізді тәмамдауға тура келіп тұр . Аға , алдыңызда бірнеше смайликтар жатыр. Осы смайликтерді не үшін қолданатынымызды білетін шығарсыз. Бұл әрқайсысы көңіл-күйді білдіреді.Сіз бүгінгі кездесуімізден қандай көңіл-күй,әсер алдыңыз? Соған байланысты біреуін таңдап бізге көрсетсеңіз.

  • Кеш барысында оқушыларымыз көп сұрақ қойды. Солардың ішінен өзіңізге ұнаған сұрақ болған шығар. Таңдап алған смайликқа қол таңбаңызды қалдырып сол сұрақты қойған оқушыға  өз қолыңызбен тапсырсаңыз.

Жүргізуші:

- Сізді үлгі  етіп жүрген   оқушыларға алтын уақытыңызды бөліп келгеніңізге Сәкен мектебінің ұстаздары атынан, оқушылар атынан алғысымызды білдіреміз.

- Ал қазір барлығымыз бірге Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен » әнін шырқайық.

(Атамекен әні)

Жүргізуші:

  • Осымен бүгінгі кездесуіміз аяқталды . Қош сау болыңыздар!



 



Жанат ағаға арнау



Боз кілем буырқанған намыс мұнда

Балуан барын салар жарысқанда

Білегінде аюдың алыптығы

Жүрегінде ұран бар алысқанда

Өспеннен өр балуан өнген талай,

Боз кілем бір қараған, көргенге оңай.

Түсінбес өзі алысып ұғынбаған,

Өспеннің намысы бар жығылмаған.

Атаққа таласы бар әлемдегі

Өспендікті ұтуың дәмең бе еді?!

Елдегі біріншілік былай тұрсын,

Әлемде өз орнын дәлелдеді.

Қаратқан өнеріне атырапты

Чемпион болатын таң ақыры атты.

Өспеннің боз кілемін аренада

Сейсенбеков Жанат ағам жарқыратты!

Ұстаздан Қайролладай қанаттаған,

Балуан бар ма өзіне қаратпаған?!

Біздегі балуандық өнерді ұл жоқ

Өміріне пайда қылып жаратпаған.

Ұрпаққа бүгінгі де дарысын деп,

Ұтамыз чемпионат жарысын тек.

Өспеннің боз кілемі демалмасын!

Өспенді түгел өлке танысын деп!















Сәкен жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сынып оқушыларымен өткізілген

« Әлемді бағындырған жерлесіміз » тақырыбында

өткізілген кездесудің

АНЫҚТАМАСЫ

Мақсаты: оқушылардың спортқа деген құлшынысын арттыру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру.

Құндылықтар :

Ұлттық мүдде : Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу;

Талап : Салауатты өмір салтын ұстану;

Мектептің түлегі , самбодан әлем чемпионы Сейсенбеков Жанатпен кездесу барысында бастауыш сынып оқушылар келген қонаққа арналған тақпақтарын оқып, ән арнады. Соңынан , оқушылар сұрақтарын қойып , толыққанды жауап алды. Сұрақтар келген қонақтың өміріне , қызметіне, спорттық карьерасына байланысты болды. Мектепте дәріс берген ұстаздар естеліктерімен бөлісіп , тілектерін айтты. Асық ойнап, бала кезін еске алған Жанат Сейсенбеков өте жақсы көңіл күйін смайлик арқылы білдірді. Таңдап алған смайликқа қолтаңбасын қойып , үнаған сұрақ қойған оқушыға сыйлады. Кеш соңында оқушылар, ұстаздар және келген қонақ Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындап, естелікке фотоға түсті. Оқушылардың кездесуден алған әсерлері мол болды.



К.Б.Маукулова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!