ЦИФРЛАНДЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ
Соңғы бірнеше жылда білім беру жүйесі жақсару кезеңін бастан кешуде. Пәнаралық байланыс мәселесі өте өткір орын алуда. Бұл оқу мен өмір арасындағы байланысты дамытуға, сонымен қатар оқушыларды практикалық іс-әрекетке дайындауға бағытталған мектептің тәрбиелік міндеттеріне байланысты. Пәнаралық байланыстарды пайдалану білім алушылардың қоршаған орта мен қоғамдағы құбылыстарды тұтас түсінуіне көмектеседі және практикалық дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды.
Мектеп түлектерін қазіргі ақпараттық қоғамда өмірге және кәсіби қызметке, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қосымша білім алу мүмкіндігіне дайындау қажет. Бұл жерде математика мен информатика курстарының бір-біріне айтарлықтай әсер ететінін айта кеткен жөн. Математиканы оқытуда осы оқу пәндері арасындағы пәнаралық байланыстарды пайдалану жалпы оқу процесінің тиімділігін арттыруға көмектеседі, сонымен қатар білім алушылардың дайындығын жетілдіреді, олардың білімін пайдалануға және жетілдіруге көмектеседі. Информатика мен математиканың тығыз байланысы абстракциялар мен символдық бейнелерді қолдануға жалпы тенденцияның болуына байланысы бар.
Виртуалды практикалық тапсырмаларды қолданып, зертханалық жұмыстардың сапасын арттыру, талдау дағдыларын және ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту.
Жоғарғы сыныптарда информатика пәнінен тақырыптар күрделеніп, бөлім, тоқсан бойынша бағалау жұмыстарын орындауда бірнеше кедергілерге тап боламыз. Көптеген оқушылар зертханалық жұмыстарды орындауда тәжірибелік деректерді түсіндіру, бағалау, зерттеуді жоспарлау және тәжірибені жүргізудің жақсарту жолдарын ұсынуда қиналады. Осы аталған олқылықтарды жою үшін, әрі нәтижелерді жақсарту үшін сандық білім беру технологиялары, соның ішінде виртуалды зертханалық жұмыстар сабақта қолдану маңызы зор. Информатика пәнін оқытуда тек пәнді білу, теориялық білімді тереңдетуді емес, сонымен қатар әртүрлі практикалық жұмыстарды орындау, нәтижені бағалап қорытынды шығару және өмірмен байланыстыра отырып, дүниетанымын кеңейте түсу көзделеді. Оқушы дайын білімді алушы емес, сол білімді игеру жолдарын өздері анықтап, тұжырымдама жасап үйренгенде ғана оның зерттеушілік дағдысы қалыптасады.
Мектептегі оқытудың күрделі мәселесі – көптеген жоғары сынып оқушыларының бастапқы математикалық дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі және математиканы қабылдаудың қиындығы. Сондықтан оқу-тәрбие процесін уақыт нормаларынан асырмай, дайындық деңгейін қолайлы деңгейге көтеретіндей етіп ұйымдастыру қажет. Мұны, біздің ойымызша, оқу іс-әрекетінің ынтасын арттыру, математика мен информатиканың пәнаралық байланысын пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады. XXI ғасыр-ақпараттық технология заманы және ол оқушыларды оқыту үрдісінде маңызды роль атқарады. Әлемдегі технологиялар мен ғылымның жаңаруы оқытушы ретінде біздің де жұмысымызға оқыту әдістерін жаңартуды, үнемі ізденуді, жаңа талаптарды жүктейді. Практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында оқушылардың зерттеушілік дағдылары қалыптасады. Зерттеушлік дағдыға-проблеманы анықтау, болжам ұсыну, мәліметтерді өңдеу және нәтижені бағалау кіреді. Оқушының зерттеушілік іс-әрекетінде мұғалімнің ролі – әрекетті ұйымдастырушы, ақпарат көздерінен қажетті білім алуда және проблеманы шешуде кеңесші.
Мұғалімнің басыты міндеті - оқушыны оқуға үйрете отырып, олардың заман ағымына сай бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалім тек білім көзі ғана емес, оқыту үрдісінің белсенді мүшесі болу керек екеніне көзіміз жетті. Әр оқушыны оқу үрдісіне қатыстыра отырып, оны тыңдай білу керек, оны көмекшісіне айналдыра отырып, оларды толғандыратын мәселелерге оқушы көзімен қарай білу керек. Заман ағымы ұстаздарды жаңа ақпараттық технологияларды өз сабақтарында белсенді қолдануды талап етеді.
Сабағымызда жиі қолданып, оқушыларымыздың қызығушылығын тудырған бірқатар сандық технологияларға тоқталып өткіміз келеді:
1. Web-квест технологиясы - бұл проблемалық тапсырмаларды рөлдік ойын элементтері арқылы орындау үшін интернеттің ақпараттық ресурстарын қолданылады.
2. Сандық сторителлинг- мультимедиялық технологиясы - бұл технологияны қолдана отырып, жеке тәжірибе алмасу, виртуалды турларды өткізу, презентациялар мен пікірталастар өткізу үшін пайдаланылады.
3. Google Forms - деректерді жинау, онлайн тест өткізу және дауыс беру формаларын
құруға мүмкіндік беретін онлайн құралы болып табылады.
4. Piktochart – Бұл технология арқылы онлайн-редактор пайдаланушыға инфографика форматында ақпаратты әзірлеу және ұсыну үшін мүмкіндіктер береді.
5. http://wordwall.net. – дерек көзі қарапайым әдіс арқылы өзінің жеке оқу ресурсын құруға, мысалы викториналық сұрақтар, формулалар мен физикалық шаманың сәйкесін табуға, заңдар мен формуланы құруға, сөздер құрастыруға мүмкіндік береді.
6. http://onlinetestpad.com – тестік тапсырмалар мен оқыту тапсырмаларын құруға арналған көп функциялы, тегін сервис болып табылады.
7. http://flippity.net - оқу үрдісінде интерактивті жаттығуларды құруға мүмкіндік беретін веб-сервис. Бұл сервис тегін, интерфейс -ағылшын тілінде, тіркелуді қажет етпейді, кейбір тапсырмаларды көшіріп те алуға болады.
8. http://get.plickers.com - бұл сервис егер оқушылардың смартфоны болмаса, не мектепте WiFi жұмыс істемей қалса, Plickers-ті қолдануды ұсынамыз. Оның көмегімен оқушылармен білімдері бойынша кері байланысты тиімді ұйымдастыруға болады.Бұл жағдайда тек мұғалімнің интернет көзіндегі смартфоны болса жеткілікті.Оқушылар мұғалім әзірлеп қойған арнайы карточканы қолданады, карточка арқылы мұғалім смартфоны бойынша жүйенің өзі автоматты түрде дұрыс және бұрыс жауапты ажыратады.
9. http://www.sli.do/ - бұл платформа арқылы сұрақ-жауап сессиясын ұйымдастыра аламыз. Сөйлеуші спикерлер өз сұрақтарын немесе пікірлерін смартфон арқылы қалдырып отыруға болады.
10.http://app.popplet.com/ - ментальды карта құруға арналған оқу құралының бірі.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, математиканы оқыту процесінде компьютер оқушының да, мұғалімнің де жұмыс құралына айналса, оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың үлкен мүмкіндіктері бар. Заманауи компьютерлік модельдер дәстүрлі сабаққа сәйкес келеді және мұғалімге оқу іс-әрекетінің жаңа түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, мысалы: білімді бекіту сабағы – жауаптарды кейін компьютер арқылы тексеру арқылы есептерді шешу; білімді жалпылау және жүйелеу сабағы – зерттеу.
Бүгінде компьютердің әрбір мұғалім үшін нағыз көмекші екенін барлығы түсінді: компьютер материалдың орасан зор көлемін және дайын сабақ жоспарларын ретке келтіруге мүмкіндік береді; мұғалім оқудың мақсаттары мен міндеттерін және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір сабаққа арналған баспа материалдарын шығаруда шексіз мүмкіндіктер алады; компьютер электронды журнал мен электронды күнделік жүргізуге мүмкіндік береді. Мектептерде компьютердің пайда болуымен математика мұғалімдерін сабақта жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері қызықтырды. Математикадан тақырыптық жоспарлау, үлестірмелі карточкалар, диаграммалар, тестілеу нұсқалары оқу бағдарламалары мен оқулықтардағы өзгерістермен оңай жаңартылып, басып шығарылады. Келесі кезеңде жұмыс тәжірибесіне тест жазу бағдарламалары, презентациялар, оқу компьютерлік бағдарламалары және интернет ресурстары енгізілуі мүмкін, математика сабақтарында тиімді пайдалануға болатын материалдар жинақталды.
Мұғалімдер сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқу іс-әрекетінде компьютерді жиі пайдаланады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, математика сабағында оны жаңа материалды оқуда, алған білімдерін бекітуде және оқушылардың білімін бақылау үшін сабақтарда қолданған жөн. Біздің ойымызша, математика сабағында ақпараттық технологияларды келесі жолдармен тиімді пайдалануға болады:
Компьютер өзінің әмбебаптығымен ерекшеленеді, бұл саладағы мүмкіндіктерінің ауқымын асыра бағалау қиын: оларды жылдам өңдеу мүмкіндігімен бір-бірін оңай алмастыратын жарқын слайдтар сериясын жасау; әртүрлі анимациялық эффектілерді қолдану; бейне және аудио материалдарды ойнату мүмкіндігі; интерактивті көрнекіліктерді, гипермәтіндерді құру. Ақпараттандыру жағдайындағы заманауи математика сабағының артықшылығы – мұғалімнің әдістеме мен технологияларды, оқулықтар мен бағдарламаларды таңдау еркіндігі. Бірақ оқыту іс-әрекетінің тиімділігі әрқашан математика мұғалімінің оқу ақпаратымен жұмысты қаншалықты шебер ұйымдастыра алатындығына байланысты.
Әдебиеттер тізімі
1. Мазяркина, В., Первак, С.В. (2011). Исследовательская деятельность школьников.
2. Абдуллаев А. Н., Инатов А. И., Останов К. Некоторые методические особенности применения информационных технологий в процессе обучения математике. // Молодой ученый. Международный научный журнал, № 11(115), 2016, Ч. 13, с. 1405–1408.
3. Ахметжанова Г. В. Білім берудегі цифрлық технологиялар/ Ахметжанова Г. В., А. В. Юрьев.- “Білім туралы ғылымдар”, 2019.-334-336 бет.
4. Элейн Уилсон. (2015). Использование цифровых технологий на уроках для повышение качества преподования и обучения. Педагогический диалог №2 (12)
5.
Аккуланова Б.Б.
“Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім
беру деңгейін көтеру”, 2013.-20-21
бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Цифрландыру технологиясын қолдану арқылы математика және информатика сабақтарында оқушылардың дағдысын дамыту

шағым қалдыра аласыз