Материалдар / "Цифрлар қашып кетті" типтес есептерді шешу /үйірме жұмысы/

"Цифрлар қашып кетті" типтес есептерді шешу /үйірме жұмысы/

Материал туралы қысқаша түсінік
"Цифрлар қашып кетті" типтес есептерді шешу /үйірме жұмысы/
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
411
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ.Билялов атындағы гимназия КММ

























Сабақтың тақырыбы:

"Цифрлар қашып кетті" типтес есептерді шешу/үйірме жұмысы/















5-сынып

Математика пәнінің мұғалімі: Бекбосынова А.Р.









Ақжар ауылы2016-2017 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: "Цифрлар қашып кетті" типтес есептерді шешу. Білімділік: оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, жасырын цифрлары жұлдызшамен берілетін есептерді шешу әдіс-тәсілдерін меңгеру, есептеуге үйрету. Дамытушылық: ойлау және тез есептеу қабілеттерін, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, математикаға қызығушылықтарын арттыру.Тәрбиелік: шапшаңдылыққа, тиянақтылыққа, өз жұмысын саралап нәтижесін шығаруға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа білім беруСабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап.Көрнекілігі: Слайд-презентация, стикерлер, А3 форматтағы плакаттар, ноутбук, түрлі-түсті маркерлер.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.Бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Себебі бізге қонақ келеді. Ол қонақты жақсы көңіл күймен қарсы алу үшін, көзімізді жұмып, сиқырлы әлемге аттанып, бір бірімізге жақсы тілектер тілеулеріңді сұраймын. (Есік қағылады. Фокусшы кіреді.)Фокусшы:Достар, мен сендерге көмек сұрай ертегілер елінен келдім. Ол жақта үлкен бір ел бар. Бұл елдің тұрғандары сандар. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріп жатқан болатын. Сандар өте көп, санасаң сан жетпейді. Ал цифрлар бар болғаны он: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.Сандар мен цифрлар тату-тәтті өмір сүріп жатқан. Не болғаны белгісіз бүгін сандар цифрларға келіп:- Біз көппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден мықтымыз, - деген.Цифрлар сандарға қатты ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға: - Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын. Көрейік, не істейтіндерін? - деп барлығы басқа жаққа қашып кетіпті. Енді сандар әркім өз үйілерінің есігіне нөмерін жазайын десе жаза алмай, қиналып, өз қателіктерін түсінді. Сандар қателіктерін түсініп, цифрларды іздеп, маған келіпті. Мен сендерге келдім. Бүгін берілетін тапсырмаларды орындап, цифрларды сандар еліне қайтаруға көмектесулеріңді сұраймын. ІІ. Ой қозғау. /Оқушылар дұрыс жауап берген сайын фокусшының сиқырлы шляпасында цифрлар пайда болып отырады. Соны таратып береді./
Жоғарыдағы есеп беріледі. Оқушылар шығарып көреді. Қалай шығару керектігін түсіндіреді. Бір оқушы шығару алгоритімін түсіндіреді. А3 формат қағазға. Түсіндіру: 6+7=13 болғандықтан, қосынды 8043-ке тең. Қалған цифрларды біртіндеп - алдымен ондықтар, сосын - жүздіктер, сонан соң мыңдықтар бағанында қалпына келтіреміз. Бірліктер бағанынан ондықтар бағанына бір бірлік ауыстырылады, сондықтан 1+8+*=14, ал ондықтар бағанындағы жұлдызшаны 5 цифрымен алмастырамыз. Жүздіктер бағанында 1+*+2=10, сондықтан жұлдызшаның орнына 7 цифрын қою керек. Ақырында мыңдықтар бағанында 1+3+*=8, *=4Жауабы: 3786+4257=8043ІІІ. Жаңа ақпарат. Оқушыларға слайд арқылы ақпарат беру.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Сергіту. Фокус көрсету. Тиындарды тауып беру. Бір оқушыға қөрсетпей бір қолына 1 теңгені екінші қолына 2 теңгені жасырсын. Фокусшы оның қай қолында 2 теңге, қай қолында 1 теңге жасырылғанын оп-оңай айтып бере алады. Ол үшін оң қолындағы теңгені үш еселе, ал сол қолындағы теңгені екі еселе де, олардың қосындысын фокусшыға айтады. Егер айтқан сан жұп болса 2 теңге оң, ал сол қолында 1 теңге. 3) 4)/Оқушылар 10 цифрды тапқаннан кейін фокусшы өз еліне кетеді. /VІ. Кері байланыс.Алма ағашына алмаларды іледі.



-сабақ ұнады, жақсы меңгердім.

-сабақ ұнады,бірақ, қиындықтар болды.





- сабақ қызықсыз болды.



VІІ. Қорытындылау. Математикалық ребустарды шешудің қажеттілігі бар ма? Қандай?VІІ. Бағалау. Қалыптастырушы бағалау: сабақ барысында мадақтау сөздері арқылы бағалау.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ