400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Цифрлы сабақ-табысты сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика-математика апталығында мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстың жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Цифрлы сабақ – табысты сабақ


Оқу сағатының тақырыбы:

«ЦИФРЛЫ САБАҚ – ТАБЫСТЫ САБАҚ»

Оқу сағатының мақсаты

 

Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы сабақты жоспарлау дағдыларын дамыту,  цифрлық сауаттылықтарын сабақ кезеңдерінде тиімді қолдану қажеттілігін түсіндіру

Міндеттері:

-топ құра отырып қатысушылардың жеке басқару мәдениетін жетілдіру және коммуникативтік қабілеттерін дамыту;

-педагогтардың кәсіби біліктілік дағдыларын шыңдай түсуге себепші болу

Оқу нәтижелері

 

Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы сабақты  тиімді жоспарлау барысында цифрлы құзыреттілікті қолдану арқылы оқушыларды табысқа жеткізу көзі екендігін түсінеді

Ресурстар

 А- 4 парақтары,стикерде жазу, интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, қалам, бағалау парақтары, түрлі-түсті қағаздар, бейнематериалдар және т.б.

Кезеңдері

БАРЫСЫ

Ресурстар

 

1-қадам

педагогикалық тәжірибенің презентациясы

1-тапсырма:

Ұжымдық  жұмыс:  «Жұбыңды тап»

Сәтті сабақты қамтамасыз ететін қағидаттарды анықтау.

  Еркіндік қағидаты:

әрбір оқушының өзін таныта білуі мүмкіндігін шектемеу;

Серіктестік қағидаты:

оқу үдерісінде мұғалім мен оқушының бір—бірімен түсініп,

бірігіп әрекет жасауы, бірін—бірі қолдауы;

Сенімділік қағидаты:

оқушының табысқа жетуіне деген өзіне сенімділігі, мұғалімнің

сабақта оқушылардың жоғары жетістікке қол жеткізе алатынына сенім артуы;

Толеранттық қағидаты:

оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оның өзіндік дамуына

қолайлы орта жасау;

Шыдамдылық қағидаты:

 қолайсыз жағдайларды шиеленістірмей, ашуға бой бермей    эмоциялық сабырлық жасау

 

 Интертақта

Үлестірме материалдар

Әдістемелік нұсқаулық хат

2024-2025 оқу жылы


«Цифрлы ұстаз» жобасы бойынша жұмыс барысымен таныстыру

ӘНХ

2 –қадам: Топтық жұмыс





















3 –қадам: Цифрлы сабақ-тиімді сабақ

2-тапсырма

Бір командалық “Идеялар шеберханасын” жасаңыздар

1-қадам Ұсынылған фотосуреттерді көріп, ой елегінен өткізіңіз.

2-қадам Жұмыс үстіндегі фотосуреттерді топ ішінде талқылаңыз

3-қадам  Ұсынылған сұрақтарды негізге ала отырып, өз пікірлеріңізді жазыңыздар:

Сипаттау кезеңі:- Фотосуреттер қандай ақпаратты білдіреді?

Жеке зерттеу кезеңі: — Фотосуреттерді көргеніңізде қандай ойда және сезімде болдыңыз?

Сыни түсіністік кезеңі: -Өз тәжірибеңізден осындай сюжеттерді есіңізге түсіре аласыз ба? Қандай ұқсастық бар деп ойлайсыз?

Рефлексия кезеңі: — Мұғалімдердің  тәжірибесін қалай жақсартуға болады?

Цифрлы сабақтардың бейне фотолары



3-тапсырма

Мұғалімдердің тәжірибесінде цифрлы сабақты ұйымдастыруда кездесетін қиындықтарды мен оны шешу жолдарын талдау

— сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің бірсарындылығы;

— сабақта уақытты тиімді қолданбау;

— цифрлық оқыту элементтерін сирек қолдану;

— сабақта АКТ тиімді қолданбау;

— барлық оқушылардың танымдық әрекетке тартылуын қамтымау;

— сабақтың және тапсырмалардың логикалық құрылымына мін бермеу;

— сабақта көрнекі құралдардың жеткіліксіздігі;

—  жаттығулар мен тапсырмаларды немқұрайлы таңдау;

— оқушыларды жеке орындауға арналған тапсырмалармен толық қамтымау;

— оқушыларды шектен тыс көп тапсырмалармен жалықтыру.

Аталған қиындықтарды шешу жолдарының бірі – сындарлы оқыту теориясын   басшылыққа алып сабақты белсенді әдістер, оның ішінде цифрлы платформаларды қолдану арқылы тиімді жоспарлау болып

табылады.

4-тапсырма

Топтық жұмыс: «Қызық, әрі құнды» әдісі бойынша «Тиімді цифрлы сабақ» арналған платформалар тізімін дайындау

Нәтижеге бағытталған сабақтыңтабысты екенін қалай білуге болады? Ричард Дарант

Презентация

дайындау


 

Түйіндеме: Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді.   Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пай-

ымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді.

Цифрлық платформалардың тізімі ұсынылады.


4-қадам 

Рефлексия

Топтық талқылау:

Жасалған жұмыстары бойынша КӘМТ (Күш, Әлсіздік, Мүмкіндік, Тәуекел) талдау жасау Қатысушылар КӘМТ  талдау жасау арқылы туралы пікір алмасады.

Табысты  жұмыс ережесі

 

Кері байланыс


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
191
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі