Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам. Тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам. Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіп-қатерлер мен қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, жауапты және әдепті интернет қолданушы болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып сағаты


№7

Күні

17.10.2025

Сынып жетекші

Қарсабаева Альмира

Сынып: 5 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіп-қатерлер мен қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, жауапты және әдепті интернет қолданушы болуға тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағының тақырыбы

«КӨШЕДЕГІ ҚАУІПТІ НЫСАНДАРДАН ҚАЛАЙ АУЛАҚ БОЛУҒА БОЛАДЫ? (ЭЛЕКТРОЩИТ)»

Қауіпсіздік сабағының мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларды көшедегі қауіпсіздік қағидаларымен таныстыру

Құндылықтарды дарыту

Тәуелсіздік және Отаншылдық

Апта дәйексөзі

«Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады»


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту. «Қауіпсіз әлем» жаттығуы – оқушылар шеңберде тұрып, өздерін интернет әлемінде қауіпсіз сезіну үшін не қажет екенін айтады.

Топқа бөлу

Жүргізілген сауалнамаға назар аудару.

— ғаламтор пайдаланып көрдіңіз бе?

—  ғаламтор балалар үшін қауіпсіз дегенге келісесіз  бе?

 Балалар, бүгінгі сабағымыз тақырыбы қандай болмақ?

 ІІІ. Мағынаны тану.

Мұғалім:   ғаламтор туралы кіріспе

Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.

Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.

Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.


Оқушылар өз ойларын ортаға салады.








Оқушылар мысалдарды талдап, пікір білдіреді, жауап нұсқасын таңдайды, өз кеңестерін ұсынады.


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo


Сабақтың ортасы






































І –ші топ ғаламтордың  пайдасы туралы айтады.

«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық – коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.

Интернет  мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 – 25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60 – 70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор





Ақпараттық мәтін










Үлестірмелі қағаздар










Суреттер




Тірек-сызбалар






Кесте



ҚБ парағы



СабақтыңОртасы




ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ:
Тақырыбы: «Көшедегі қауіпті нысандардан қалай аулақ болуға болады? (электрощит)»

  • Мұғалім көшеде кездесетін қауіпті нысандардың (электр қалқандары) суреттерін көрсетіп, олардың не үшін қажет екенін түсіндіреді.

  • Қауіпсіздік ережелерін талқылайды:

    • Электрощитке жақындауға, ашуға болмайды;

    • Қасында ойнау — өте қауіпті;

    • Күдікті жағдай болса, ересек адамға немесе тиісті қызметке хабарлау;

    • 112 нөмірін білу.

  • Қысқа видеоролик (немесе сурет презентациясы) арқылы бекіту.

  • «Не дұрыс / не дұрыс емес?» атты шағын сұрақ-жауап (қауіпсіздік жағдаяттарын талдау).




көрнекілікті қарап, сұрақтарға жауап береді, өз мысалдарын келтіреді.





қауіпсіздік ережелері жазылған слайдтар, суреттер.





Сабақтың соңы

Интернеттің жеке – дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады

1. Алысты жақындату

2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.

3. Сана – сезімді жоғарылату.

4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.

5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.

6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.

7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.

8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.

9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды

қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;

10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;

Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;

Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;

Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;

Қаржылық операциялар жасауға;

«Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп – біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес.              





А4, конспект


Соңы (5 мин)

Қорытынды: «Саған интернет не үйретті?» сұрағына жауап парағына қысқаша эссе жазады.Рефлексия: «Бүгін не білдім?» әдісі арқылы пікір бөлісу.

Оқушылар өз ойын жазып, айтады.

Парақ, қалам


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2025
22
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі