Цифрлық бағалау құралдары және педагогикалық өлшем: заманауи талаптар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Цифрлық бағалау құралдары және педагогикалық өлшем: заманауи талаптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі цифрлық бағалау құралдарының орны мен маңызы қарастырылады. Авторлар цифрлық құралдардың педагогикалық өлшем жүйесімен байланысын, артықшылықтары мен қиындықтарын, сондай-ақ заманауи талаптарға сай бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді. Мақалада шетелдік және отандық тәжірибелерге сүйене отырып, педагогтердің кәсіби дайындығы мен цифрлық сауаттылығын арттыру жолдары ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Цифрлық бағалау құралдары және педагогикалық өлшем: заманауи талаптар»


Аннотация

Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі цифрлық бағалау құралдарының орны мен маңызы қарастырылады. Авторлар цифрлық құралдардың педагогикалық өлшем жүйесімен байланысын, артықшылықтары мен қиындықтарын, сондай-ақ заманауи талаптарға сай бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді. Мақалада шетелдік және отандық тәжірибелерге сүйене отырып, педагогтердің кәсіби дайындығы мен цифрлық сауаттылығын арттыру жолдары ұсынылады.


Анотация

В статье рассматривается роль цифровых средств оценки и основные направления педагогических измерений в контексте современных требований образовательной системы. Широкое внедрение цифровых технологий предъявляет новые требования к способам оценки достижений учащихся. Анализируются цифровые платформы, применяемые для формативного и суммативного оценивания, их преимущества и ограничения, а также значимость в оценке профессиональной компетентности педагога. Результаты исследования подчеркивают необходимость целевого и методического использования цифровых инструментов для повышения эффективности педагогических измерений.


Annotation

This article examines the role of digital assessment tools and the main directions of pedagogical measurement in the context of modern educational requirements. The widespread integration of digital technologies introduces new demands on student achievement evaluation methods. The article analyzes digital platforms used in formative and summative assessment, their advantages and limitations, and their significance in evaluating teachers' professional competencies. The findings highlight the need for purposeful and methodological use of digital tools to enhance the effectiveness of pedagogical measurement.

Кілт сөздер: цифрлық бағалау, педагогикалық өлшем, білім сапасын бағалау, цифрлық технологиялар, білім берудегі инновациялар, цифрлық платформалар

Автор: Әбілқасым Назым, Бегалы Алтынай, Дарханқызы Аружан


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім сапасы туралы былай үндеу жолдаған:

"Бізге мектептердегі білім сапасын арттыру қажет. Ол үшін оқушылардың білімін бағалау мен мониторинг жүргізудің тиімді жүйесін қалыптастыруымыз керек."

(ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, 2022 жыл)

Бүгінгі таңда, Қазақстанның халықаралық интеграциялық процестерге белсене араласуын біріңғай әлемдік білім беру кеңістігіне қосуына бағытталу білім беру ұжымдарына жаңа талаптар жүктейді. Қазақстан Республикасында әлемдік қауымдастыққа қабылданған жалпыға бірдей білім беруді енгізудегі басты міндет- мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үлгіге сәйкес деңгейге шығару, бәсекеге қабілетті оқушыларды дайындау қажет. [1]

Бұл жағдайда жалпы білім берудің мақсаты көп міндетті құзырлармен, шығармашылық әрекет тәжірбиесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларға бейім тұлғаны дамыту көзделіп отыр.

Білім берудігі елеулі өзгерістерді айқындайтын әлемдік дамудың жетекші бағыты – инновациялық даму жолы болып табылатын постиндустриалды, ақпаратты қоғамға көшу. Қазіргі ақпараттық қоғамда бір адамның өмір бойында әр түрлі технология және ақпараттық революциялардың бірнеше циклы жүзеге асырылады

Білім беру жүйесінде бағалау – оқыту процесінің ажырамас бөлігі. Цифрлық трансформация жағдайында бағалаудың жаңа әдістері мен құралдарын енгізу қажеттілігі туындап отыр. Бұл – оқушылардың оқу жетістігін нақты, жедел және объективті бағалауға мүмкіндік береді. Цифрлық бағалау құралдары оқыту сапасын арттырып қана қоймай, педагогикалық өлшемнің ғылыми-әдіснамалық негізін жаңғыртуға ықпал етеді.

Цифрлық бағалау құралдары – бұл білім алушының жетістіктерін автоматтандырылған, сандық форматта бағалайтын технологиялық шешімдер. Мұндай құралдарға LMS (Learning Management System) платформалары, онлайн тестілеу қосымшалары, электрондық портфолиолар және білім беру аналитикасы жүйелері жатады.[5]

Цифрлық бағалау құралдарының негізгі мақсаттарының бірі оқушыларға дереу кері байланыс ұсыну болып табылады. Дәстүрлі бағалауда көбінесе кері байланысты барлық оқушыға бірдей және уақытылы беру қиындық туғызады, бұл оқу процессін тежеуі мүмкін. Сандық құралдар, керісінше, лезде нәтижелер мен жекелендірілген кері байланысты қамтамасыз ете алады, бұл оқушыларға өздерінің күшті жақтары мен әлсіз тұстарына талдау жасауға мүмкіндік береді. Нақты уақыттағы кері байланыс оқу стратегияларына уақтылы түзетулер енгізу және жалпы оқыту нәтижелерін жақсарту үшін өте маңызды.

Бағалау нәтижелерін талдау арқылы мұғалімдер оқушылардың оқу сапасын бақылауға мүмкіндік алады, оқыту әдістерінің тиімділігін бағалай алады және оқушылардың қажеттіліктерін жақсырақ қанағаттандыру үшін оқыту тәсілдерін бейімдей алады.

Педагогикалық өлшем – бұл оқушылардың оқу жетістігін өлшеу мен бағалау үдерісінің ғылыми негізделген жүйесі. Ол білім мазмұны, оқыту әдістері мен бағалау құралдары арасындағы байланыстарды қамтиды. Педагогикалық өлшем цифрлық құралдармен біріктірілгенде, оқушылардың даму динамикасын тиімді бақылауға болады. [1]

Цифрлық бағалау құралдары оқытудағы дербестендіру мен инклюзивтілікті қамтамасыз етеді. Мысалы, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін икемді бағалау тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдер олардың даму деңгейін ескере отырып, әділ бағалауға септігін тигізеді.

Педагогикалық өлшемнің әдіснамалық негіздері Блум таксономиясына сүйене отырып жасалады. Яғни, бағалау тек білімді еске түсірумен шектелмей, сонымен қатар түсіну, қолдану, талдау, синтездеу және бағалау деңгейлерін де қамтуы тиіс. Цифрлық платформалар бұл деңгейлерге сәйкес тапсырмалар дайындауға мүмкіндік береді.

Цифрлық бағалау құралдары оқыту процесінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Олар келесі аспектілерде қолданылады:

1. Жеке оқыту траекториясын құру. Цифрлық платформалар арқылы оқушылар өздерінің оқу қарқынына сәйкес тапсырмаларды орындап, нәтижелерін бақылай алады. Бұл оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқыту траекториясын құруға мүмкіндік береді.

2. Оқу нәтижелерін объективті бағалау. Цифрлық бағалау құралдары арқылы оқушылардың білім деңгейі объективті түрде бағаланады. Бұл мұғалімдердің бағалау кезінде субъективті қателіктерін азайтуға көмектеседі.

3. Кері байланыс беру. Цифрлық платформалар арқылы оқушыларға кері байланыс беру оңай әрі жылдам жүзеге асады. Бұл оқушылардың өз қателіктерін түсініп, оларды түзетуге мүмкіндік береді.

4. Оқу процесін мониторингтеу. Цифрлық бағалау құралдары мұғалімдерге оқушылардың оқу процесін бақылауға, олардың күшті және әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мұғалімдерге оқу процесін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігі мен қызығушылығын арттыруда кері байланыстың жеделдігі үлкен рөл атқарады. Цифрлық бағалау құралдары жедел кері байланыс ұсыну арқылы оқушының өз біліміндегі олқылықтарды бірден байқауына және түзетуіне көмектеседі.

Мысалы, Google Classroom платформасы арқылы мұғалім оқушының тапсырмасына жедел пікір қалдырып, қосымша материалдарды қоса алады. Бұл бағалаудың сапасын арттырып, оқу үрдісін тиімді етеді.

Сонымен қатар, цифрлық бағалау құралдары мұғалім жұмысының тиімділігін арттырады. Дәстүрлі қағаз жүзіндегі бағалауға қарағанда, автоматты түрде тексерілетін тесттер уақытты үнемдейді және үлкен деректер ауқымын талдауға мүмкіндік береді.[5]

Қазіргі таңда Қазақстан мектептерінде BilimLand платформасы кеңінен қолданылуда. Бұл платформада оқу мазмұны мен бағалау жүйесі интеграцияланған. Мұғалімдер үшін оқушылардың білімін үнемі бақылауға және оқу мазмұнын саралауға қолайлы жағдай жасалған.

Цифрлық бағалау құралдарын тиімді пайдалану үшін мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі жоғары болуы тиіс. Ол үшін жүйелі түрде біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып, мұғалімдерді заманауи технологияларды игеруге ынталандыру қажет.

Әлемдік тәжірибеде Финляндия, Сингапур, Эстония сынды елдер цифрлық бағалаудың озық жүйелерін енгізу арқылы білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеріп отыр. Бұл елдерде бағалау тек нәтижеге емес, оқушының даму процесіне де бағытталған.

Қазақстанда да мұндай тәжірибелерді енгізу үшін әрбір білім беру ұйымының техникалық базасын жаңарту, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және бағалау жүйесін жетілдіру қажет.

Осы орайда, педагогикалық өлшем мен цифрлық құралдарды біріктіру – болашақтың сапалы білім беру жүйесінің негізі. Бұл тәсіл білім алушыны жан-жақты дамытуға, шығармашылық қабілетін ашуға және өмір бойы оқуға бейімдеуге мүмкіндік береді.
Цифрлық бағалау құралдарының түрлері:

1. Moodle, Google Classroom, BilimLand – оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауға арналған жүйелер.

2. Kahoot, Quizizz, Socrative – қызықты әрі интерактивті форматтағы тесттер мен викториналар.

3. Google Forms, Microsoft Forms – жедел сауалнама мен тест жасау құралдары.

4. Power BI, Learning Analytics – мәліметтерді талдауға арналған аналитикалық платформалар.

Қорытындылай келе, бүгінгі таңда білім беру жүйесіне қойылатын басты талаптардың бірі — цифрлық құралдарды оқу үдерісіне тиімді енгізу және оларды педагогикалық өлшемдермен үйлестіре пайдалану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқыту мазмұнын визуализациялауға, әрі оқу үдерісін белсенді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, цифрлық ресурстар арқылы оқушылардың танымдық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға қолайлы орта қалыптастырылады.

Зерттеу барысында электронды-дидактикалық құралдардың (ЭДҚ) бастауыш сыныптағы әдебиеттік оқу пәнінде тиімді қолданылуы қарастырылды. Аталған құралдар мультимедиялық мазмұнмен қамтылған, құрылымы модульдік жүйеге негізделген және пайдаланушы үшін ыңғайлы интерфейске ие. Мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп, биографиялық мәліметтер, сөздікпен жұмыс, көркемдік талдау, тест тапсырмалары және шығармашылық әрекеттерді қамтиды.

Цифрлық бағалау құралдары педагогикалық өлшемге сәйкес оқу нәтижелерін нақты өлшеуге мүмкіндік береді. Бұл құралдарда ұсынылған бағалау критерийлері мен модельдік жауаптар оқушының өзін-өзі бағалау, өз жұмысын түзету және оқу мақсатын түсіну қабілеттерін дамытады. Мұндай тәсіл білім алушының метатанымдық құзыреттілігін жетілдіруге ықпал етеді.

Сонымен қатар, зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының психофизиологиялық ерекшеліктері ескерілді. Компьютерлік технологияларды қолдану уақыты 10–15 минуттан аспауы тиіс. Бұл талап оқушылардың денсаулығын сақтау және сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында қойылған.

Жалпы, цифрлық бағалау құралдары мен педагогикалық өлшемдердің үйлесімі оқу үдерісін жандандырып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешім ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижелері АКТ негізінде құрастырылған оқу ресурстарының оқытудағы тиімділігін дәлелдейді. Болашақта педагогикалық тәжірибеде осындай құралдарды кеңінен қолдану білім беру мазмұнының жаңаруына және оқушы тұлғасын жан-жақты дамытуға септігін тигізеді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Құсайынов А. Педагогикалық өлшем негіздері. – Алматы: Білім, 2018.

2. Әбілова З. Заманауи білім беру технологиялары. – Астана: ҰБА, 2020.

3. OECD. Education in the Digital Age. https://www.oecd.org/education/education-in-the-digital-age.htm

4. Kearns, L. Student Assessment in Online Learning. Journal of Online Learning, 2014.

5. ҚР БҒМ. Білім беруді цифрландыру жол картасы, 2021.

6. Литвинова С.Г. Цифровые инструменты оценки. Современное образование, №4, 2022.

7. Дүйсенбаева А.Ж. Қашықтықтан оқытудағы бағалау. Педагогикалық ғылымдар, №3, 2021.

8. Isaeva M. Teachers’ Digital Competency in Kazakhstan. Central Asian Journal of Education, 2020.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2025
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі