|
Сабақ
кезеңдері
|
Психологтің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
(5 минут)
|
2. Сабақтың мақсатын түсіндіру: "Бүгін біз интернеттегі этикет
ережелерін және жауапты мінез-құлықты үйренеміз."
3. "Интернетте қалай дұрыс мінез-құлық таныту керек деп ойлайсыз?"
деген сұрақ қою. Оқушылардың жауаптарын
тыңдау.
|
«Кубик
әдісі»арқылы сәлемдеседі.
2.Сабақтың мақсатын тыңдайды.
3. Сұрақтарға жауап береді.
|
Интерактивті тақта,
флипчарт. 
|
|
Тренинг
(5 минут)
|
"Жауапкершілік
шеңбері" психологиялық тренингі:
Оқушыларды шеңберге тұрғызып, интернеттегі
мінез-құлықтары туралы өз ойларын бөлісуге шақыру. Әрбір оқушы
жауапкершілікті пайдаланудың мысалдарын келтіреді. Қатысушылар
бір-бірін қолдап, түсіністікпен
қарайды.
|
Оқушылар интернеттегі мінез-құлықтары
мен жауапкершілік туралы ойларымен бөліседі. Өзара түсіністікпен
қарайды.
|
Жұмсақ ойыншық немесе
доп.

|
|
Сабақтың ортасы
(15 минут)
|
1. Интернет
этикеті мен жауапкершіліктің маңызы:
- Презентация арқылы интернет этикетінің негізгі ережелері (әдепті
сөйлеу, біреудің жеке өмірін құрметтеу, жалған ақпарат таратпау)
түсіндіріледі.
- Оқушыларға интернеттегі жауапты мінез-құлық үлгілерін талқылауды
ұсыну.
|
Презентацияны тыңдайды, интернет
этикеті мен жауапкершілік туралы ақпарат алады. Пікірлерін
бөліседі.
|
Презентация (Google
Slides).
|
|
|
2.
Ұлттық ойын:
- "Асық ату" ойынын қолдана отырып, оқушыларға интернетте әдептілік
пен жауапкершілік тақырыбында сұрақтар қою. Әр дұрыс жауап үшін
асық беріліп, ең көп асық жинаған топ марапатталады.
- Ойын барысында, интернеттегі жауапты әрекеттер туралы сұрақтарға
жауап береді.
|
Оқушылар ұлттық ойын арқылы интернет
этикеті мен жауапкершілік туралы сұрақтарға жауап береді. Топтық
жұмыс жасайды.
|
Асықтар,
марапат қағаздары.

|
|
Видео талдау (15
минут)
|
3.Интернеттегі
қауіпті видеолар:
-Оқушыларға интернеттегі қауіпті видеолардың мысалдарын көрсетіп,
оларды талқылау (мысалы, жалған ақпарат, манипуляция,
зорлық-зомбылық мазмұны).
- Қауіпті видеоларды қалай тануға және оларға қарсы тұру әдістерін
талқылау.
|
Оқушылар видеоны көріп, қауіпті
видеоларды талқылайды. Қалай қауіптен сақтану керектігін
үйренеді.
|
Видеолар, интерактивті
тақта.
|
|
Сабақтың
соңы
(5 минут)
|
1.Сабақтың
қорытындысы:
- Оқушылармен бірге интернеттегі әдептілік пен жауапты
мінез-құлықтың маңызын қорытындылау.
2. Үй
тапсырмасы:
Оқушыларға интернет этикеті және жауапты мінез-құлық туралы шағын
эссе жазу тапсырмасы беріледі.
|
Оқушылар сабақтың нәтижесін
қорытындылайды, үй тапсырмасын жазып
алады.
|
Тақта.
|