Цифрлық математика әлемі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Цифрлық математика әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлық математика әлемі
Материалдың қысқаша нұсқасы

0 «Ә» сынып


Білім беру саласы:  «Таным»


Ұйымдастырылған оқу қызметі:  «Математика негіздері»


Тақырыбы:  «Цифрлық математика әлемі»


Мақсаты: 20 санын  қосу кестесін және сан құрамының сәйкес  жағдайын білу, салыстыру, тақ және жұп сандарды атау, есептеулер жүргізуде амалдарды қолдану біліктерін қалыптастыру.


Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту, сандарды тура және кері  санауға, сандар көршісін атау, кеңістіктікті бағдарлау, «оң-сол», «алдыңғы- кейінгі» ұғымдарын дамыту.


Дамытушылығы: Балалардың білімін дамытуға  ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау, дағдыларын ойын арқылы дамытып сөздік қорларын молайту, ой өрісін дамыту.


Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетін, сөйлеу тілін, өздігінен әрекеттенуін дамыту.


Қолданылатын көрнекі құралдар: ЖИ арқылы жасалған тапсырмалар, видео слайд, керекті суреттер.


Әдіс-тәсілдер:  көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.


Кіріспе:


Балалар шеңберге тұрады. «Сәлемдесіп алайық!» іс-қимыл әрекетімен амандасу.

/ЖИ –пен құралған амандасу амалдарын жасау/


Психологиялық ахуал:


Сыныпта біздің тыныштық

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккенді тоспаймыз.

Ерекше де, қызықты,

Сабақты біз бастаймыз!


Барысы:


Балалар төрт топқа бөлініп отырады.

Экранда «Математика әлемінің қонағы РОБОТ» -тың тапсырмалары:


  1. Сұрақ-жауап әдісі:

  • математика ұғымы туралы білесіңдер ме?

  • сандар туралы не айтасыңдар?

  • 3, 4, 7, 12 сандары туралы не айтуға болады?


Тапсырмалар:


1-ші бөлім: «МЕН ЕСЕП ШЫҒАРА БІЛЕМІН!»


  • 1 ден 20 ға дейін сандарды ретімен қою, санау;

  • Тақ-жұп сандарды ажырату;

  • сандарды құрамын салыстыру;

  • таңбаларды дұрыс қою « + - »;

  • 20 саны көлемінде есептер шығару.

2-ші бөлім: «САҒАТ – УАҚЫТ» ОЙЫНЫ


  • Бұл не? /сағат/

  • Сағат не үшін қажет? / уақытты білу үшін/

  • Сағаттың бетін не деп атайды? / циферблат/

  • бір тәулікте неше сағат бар? / 24/

  • Бір сағатта неше минут бар? /60минут/

  • Бір минутта несе секунда бар? / 60 секунд бар/

  • Ендеше осы сағат бтіндегі сандармен есеп шығарып көрейік:

  • Цифреблаттан 12 сан құрамын табу қажет / 12 санын табу үшін біз «+» таңбасын қолданамыз/

  • Енді цифреблаттан 6 санын шығару керек / 6 санын шығару үшін «-» таңбасын қолданамыз/



СЕРГІТУ СӘТІ:



Ал, балалар тұрайық,

Шапалақты ұрайық!

Қолды жоғары созайық;

Сосын төмен тастайық:

Бұрылайық оңға,

Бұрылайық солға

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай -ақ!



3-ші бөлім: «Ойлайық та, ойнайық!» Логикалық ойын:



Конвертте жасырылған пішіндер көрсетіледі.

  • пішіндерді атау;

  • пішіндерді сипаттау;



ЖИ құрастырылған «Кездейсоқ дөгелек» ойыны.



Миға шабуыл:

Логикалық ойын: «Пішіндерді кедергісіз қос!»



Қорытынды:

Балалардың жұмысын мадақтау.

/тапсырмалар тексеріліп, «Математика әлемінің қонағы РОБОТ» -тың

тосынсыйымен мадақтау./



Күтілетін нәтиже:

Біледі:



  • 20 сандар көлемін тура және кері сануды;

  • тақ және жұп сандарды ажыратуды;

  • геометриялық пішіндер туралы;

  • 20 сандар көлемінде қарапайым, мысал есептерді шығаруды.



Түсінеді:



  • Математика күнделікті өмірде, барлық салаларда, айналадағы болып жатқан іс-әрекеттерде кездесетінін түсінеді.



Орындай алады:



  • сандарды ретімен қоя алады, салыстырады;

  • ондық, жүзік, мыңдық сандарды атайды;

  • есептер құрастыра алады;

  • ойларын толық жеткізеді.




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі