Сабақ
кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру
кезеңі:
1-7
мин.
|
1.
Сәлемдесу.
2. Оқушыларды
түгендеу.
|
Ширату
тапсырмасы. «Айна»
ойыны.
Оқушылар жұптасып, бір-біріне
қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың
біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі
қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды:
оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар
рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды
ахуал орнатады/
|
Мұғалім
оқушыларды «Мадақтау сөз»
әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың!
Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Сандықша, қағаз
қиындылары
|
4.
Топтастыру:
|
|
«Құпия сандық»
әдісі
Оқушыларға құпия
сандықтан бір қағаз қиындысынан алуға нұсқау беріледі. Қағаз
қиындысында берілген сөздер бойынша топқа жинақталып,
бірігеді.
1-топ:
«Информатика»
2-топ:
«Компьютер»
Оқушылар сөздерді таңдап,
топқа жиналған соң, ол туралы өз ойларын
айтады.
5. Сабақтың
тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен
таныстыру.
|
Мұғалім
оқушыларды «Мадақтау сөз»
әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың!
Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
|
(МК, Ұ) Ой
қозғау. «Миға шабуыл»
әдісі
|
Алдыңғы білім мен
жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға
мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап
іздейді.
Интерактивті тақтадан
төмендегі сурет көрсетіліп, суреттегі қалаға саяхат жасау
тапсырмасы беріледі.
|
Балалар суретке
саяхат жасап біткен соң, келесі сұрақтарға жауап
береді.
-
Қалаға саяхаттан қандай әсер
алдың?
-
Бұл қалаға қандай атау
бересің?
-
Суретте мектептің қай кабинет
бейнеленген?
|
Мұғалім сұраққа жауап беруде
белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз»
әдісі арқылы бағалайды:
«Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы!
Талпын!»
|
|
Жаңа сабаққа
дайындық.
|
Мұғалімнің
кіріспе сөзі
Оқушыларға жаңа
білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі
жүргізіледі.
Мұғалімнің
сөзі:
Балалар бұл суретте
информатика кабинеті бейнеленген. Ол жерде АКТ сабағы өтеді.
Кабинетте компьютерлер бар. Кабинетті пайдаланудың өз ережесі бар.
Мұғалім балалардың өздері оқып жатқан информатика кабинетімен
таныстырады.
|
Сабақтың
ортасы
(26
мин)
|
Қабырғаларға алдын ала
оқулықта берілген кабинеттің суреттері ілінеді. Сол суреттерді
оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен
бөліседі.
|
1-
тапсырма:
Суреттерге назар аудар!
Информатика кабинетінде не істеуге болмайды? Себебін түсіндіріп
көр.
|
ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде
белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз»
әдісі арқылы
бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте
жақсы! Талпын!».
|
Интерактивті
тақта
|
|
(МК,
Т). Интерактивті тақтадан
компьютер алдында отырған оқушыларды бейнелейтін 4 сурет
көрсетіледі.
|
1-тапсырма:
Компьютердің алдында отырудың
ережесі бар. Кім компьютер алдында дұрыс
отыр?
Дескриптор:
-
Компьютер алдында жатуға
болмайтынын айтады.
-
Компьютер алдында отырғанда
мониторға жақыннан қарауға болмайтынын
айтады.
-
Компьютер алдында отырғанда
құрылғыларды дұрыс пайдалануды
айтады.
-
Компьютер алдында орындыққа
тік, түзу отыру керектігін
айтады.
|
ҚБ: Мұғалім
оқушыларды «Мадақтау сөз»
әдісі арқылы бағалайды:
«Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы!
Талпын!»
|
Интерактивтітақта
|
|
(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс»
әдісі.
Оқушыларға қандай да болмасын
сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға
бағытталған интербелсенді тәсіл. Интерактивті тақтада 3 сурет
көрсетілгеннен кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін
берілген уақыт ішінде (1-2 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін
оқушы жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, пікірлеседі.
Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын
сұрауына болады.
|
2-
тапсырма:
Суретке назар аудар. Компьютер
алдында дұрыс отырмаудың қандай зияны бар? Ойыңмен
бөліс.
Дескриптор:
-
Жұптасып өз ойларымен
бөліседі.
-
Компьютер алдында дұрыс
отырмаудың зиянын атайды.
-
Зиян келтіретін теріс
әрекеттерді болдырмаудың алдын алу шараларын
айтады.
|
ҚБ: Мұғалім
оқушыларды «Мадақтау сөз»
әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың!
Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Интерактивті
тақта
|
|
(Д). Интерактивті тақтадан
компьютер алдындағы балақайдың әртүрлі іс-әрекеті бейнеленген 3
сурет көрсетіледі.
|
3-
тапсырма:
Информатика
кабинетінде бала қандай ережені бұзды? Балаға қандай кеңес
бересің?
Дескриптор:
-
Информатика кабинетіндегі
қауіпсіздік ережелерді есіне
түсіреді.
-
Бала қандай ережені бұзғанын
біледі.
-
Балаға ток көзінен шнурды
қалай ажырату керектігін, қалай дұрыс отыруға болатынын, тамақтану
ережесі бойынша өз кеңесін
береді.
|
ҚБ: Мұғалім
оқушыларды «Мадақтау сөз»
әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың!
Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Интерактивті
тақта
|
Сабақтың
соңы
7
мин.
Сабақты бекіту.
Рефлексия.
|
(Ж)
«Ұялы телефон»
әдісі
Оқушылар бір-біріне
СМС (хабарлама) жазу арқылы төмендегі сұрақтарға жауап
жазады.
|
- Бүгінгі тақырып не туралы
болды?
- Бүгінгі тақырыпта не ұнамады?
- Бүгінгі тақырып
несімен ұнады?
- Мені қызықтырғаны
...
- Сабақта қандай
сезімде болдың?
- Тақырыпқа не қосар
едің?
- Тақырыптан қандай үлгі
алдың?
Менің қолымнан ...
келеді.
|
ҚБ: Мұғалімнің қорытынды
бағалауы «Мадақтау сөз»
әдісі арқылы жүргізіледі: «Жарайсың!
Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».
|
Жұмыс
дәптерлері
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен
көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына
қандай тапсырмалар қоясыз?
|
Бағалау. Сіз оқушылардың
материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап
отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету»,
«Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды
іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке
қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке
қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді
қамтиды.
|
«Мадақтау сөзі»
әдісі
|
Денсаулық сақтау
технологиялары.
Сабақта сергіту
жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін
қолданамын.
Осы сабақта
қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы
ережелерінің тармақтары
орындалады.
|
Жалпы
бағалау
Сабақтың қандай екі
аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да
ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға
не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да
ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген
оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені
анықтадым?
Келесі сабақтарда неге назар аудару
керек?
1:
2:
|