Цифрлық технология - білім берудің көкжиегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Цифрлық технология - білім берудің көкжиегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи бағытында білім алушыларға математикалық білімді қалыптастырудағы технологиялық әдістерді қолдану. Цифрлық технология қызығушылықты туындатады және оның берер нәтижесі көп деп есептеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – БІЛІМ БЕРУДІҢ КӨКЖИЕГІ


Төлекенова Тойған Жақыпқызы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Қ.Бекжанов атындағы «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ

АННОТАЦИЯ

Математикалық білім беру тұжырымдамасында жылдан – жылға сапалы математикалық білім әркімге қоғамда лайықты орын алуға көмектеседі деп айтылады, мен бұған келісемін.Негізгі математикалық дайындықсыз қазіргі адамның білімін құру мүмкін емес. Математикалық ойлау стилін қалыптастыру белгілі бір ақыл – ой дағдыларында көрінеді. Сондай – ақ, математиканы оқу адамның эстетикалық тәрбиесіне ықпал етеді. Оқушы кез – келген білім саласында жетістікке жете алады мектепте үйрену қиын мәселелерді шешу, талдау, пайымдау, мәлімдемелерді дәлелдей білу. Математика ғылымы бұл қасиеттерді жас кезінен бастап қалыптастыруға арналған, бұл әр адамның табысты өмірлік ұстанымы үшін өте қажет. Бүгінгі таңда қазіргі әлемде жаңа технологиялар қарқынды дамуды. Заманауи мұғалім болу үшін білім беру процесінде инновациялық компьютерлік технологияларды қолдана отырып, жаңа тәсілдермен сабақ беру керек.

Түйінді сөздер: цифрлық платформалар, басқару, мамандарды даярлау сапасы, оңтайландыру, әдістемелік материалдар, цифрлық технологиялық шешімдер, мамандандырылған бағдарламалық өнімдер, онлайн курстар, web – сервистер. Мұғалімге оқу процесінде оқушылардың шығармашылық, ойлау және зерттеу әрекеттері үшін электронды білім беру ресурстарын пайдаланц үлкен перспективалар мен шексіз мүмкіндіктер береді. Сондықтан сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жеке қасиеттерін, танымдық қабілеттерін, олардың қабылдауы мен түйсігін, зейіні мен есте сақтауларын және ойлау қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Танымдық тапсырмалар өз дәрежесінде орындалып, тиісті нәтиже беруі үшін төмендегі шарттар орындалуы тиіс:

  • Баланың танымдық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу керек.

  • Тапсырмаларды дұрыс ұйымдастырудың ролі зор.

  • Жаттығулар баланың ойлау мүмкіндігіне сай болуы керек.

  • Бала бойындағы қабілетті шыңдайтын танымдық жаттығуларға түрлі сөзжұмбақтар мен ребустар, логикалық есептер мен психологиялық жаттығуларды ұйымдастырдым.

Бұл тапсырмалар сабақ үстінде олимпиада жұмыстарында қолданыла береді.

Л.Н.Лук өз бетінше жұмыс жасауды көрегендікке, қырағылыққа балайды, ақылдың алғырлығын, әрекетті сынай, бағалай білу қабілеттерін атайды.

Т.С.Назаров: Өз бетімен жұмысты оқушының оқытушымен өзі қалаған мәселелерді өзінің қабілеті мен еркі арқылы шешу деп санайды.

Өз бетінше жұмыс – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы дейді Ө. Төлегенов.

Бұл пікірге сүйенсек, ортақ пікір: өзіндік жұмыстың ең басты қажеттілігі оқушыны ойға жетілуінде, ойланта отырып, өзіндік қадам жасауында болмақ.

Оқыту теориясының негіздерін дамытуда дидактиканың негізін салушы Т.Сабыровтың еңбегін бағалап кетуге болады. Оқушылардың санасында жеткілікті деңгейде білім қоры болмаса, онда оның өздігінен жұмыс істеуіне, өз бетімен жұмыс жасау біліктілігінің қалыптасуы мүмкін емес.Қорытындылай келе оқушылардың өз бетімен ізденіп оқуы бағытына басым назар аудару қажет.

Ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Қазір білім беру саласында жаңа жүйе жасалып, әлемдік білім кеңістігіне ену бағытында елеулі істер атқарылуда. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,-деп Абылай хан айтқандай, әр мұғалім жаңа технологияның идеяларын іздене оқып, педагогика саласында өз жолын, тың еңбегін, өз сүрлеуін салуға үлес қосуға тиіс.

«Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің,кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуде, өзін – өзі іске асыруға, өзін – өзі дамытуға, өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – деп көрсетілген. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында казіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бүл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс – әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.[3]

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны,құрылымы,ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және пси-хологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығаршылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:

1 – кезең - оқып үйрену; 2 – кезең – меңгеру; 3 – кезең – өмірге ендіру;

4 – кезең – дамыту.

Өз еңбек жолымда математика пәнін оқытуда ұстанған педагоги-калық технологияларыммен бөліссем деген ойдамын.

Shape1

3 – кезең – өмірге қолдану кезеңінде «Луллия шеңберін» қолданып формулаларды сәйкестендіреді.

Shape2

4 кезең – дамыту кезеңінде «шағала» әдісін қолданып деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



Қорытындылай келгенде, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - алған білімге  сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның  тиімділігі- оқушының құзыреттілігін  арттырып ғана қой-майды, сонымен қатар: 

1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.

2. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті  қарым - қатынас орнайды.

3. Оқушының өздігінен жан – жақты білім алуына жағдай жасалады.

4. Алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алу.

5. Оқушыны  ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді.

6. Бірін – бірі сыйлауға баулуы.

7. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Математика пәнін оқыту әдістемесінің негіздері Алматы «Атамұра»

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. 61-бет.

  3. «Математика және физика» ғылыми - әдістемелік журнал 2021 жыл

  4. Ғаламтордан алынған ақпараттар.

  5. Кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын курсы (лекция)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2025
222
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі