Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Циклограмма

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылдық переспективалық жоспар. Ортаңғы топ. Балаларға кеңінен мағұлмат бере отырып сабақты түсіндіру. Жадиева Асия
Материалдың қысқаша нұсқасы
















МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ІСКЕ АСЫРУДА ӨТПЕЛІ
ТАҚЫРЫПТАР бойынша ортаңғы тобының

перспективалық жоспары (ҮЛГІ)


















2017-2018 оқу жылындағы Ортаңғы «Ботақан» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі

32 «Қызғалдақ» санаториялық балабақшасы, Қызылорда қаласы Досымова Г.А. 87054336283



Апта күндері

Білім саласы

Оқу іс - әрекеті

Дүйсенбі

Коммуникация

Шығармашылық

Шығармашылық

1.Сөйлеуді дамыту

2. Музыка

3. Сурет

Сейсенбі

Коммуникация


Таным


Денсаулық

1. Көркем әдебиет (1,3 апта);

Драма (2,4 апта).

2.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

3. Дене шынықтыру

Сәрсенбі

Таным

Әлеумет



Денсаулық

1. Құрастыру (1,2 апта); Қоршаған ортамен танысу (3 апта);

Экология негіздері (4 апта).

2. Дене шынықтыру

Бейсенбі

Таным

Коммуникация

Шығармашылық

1.Жаратылыстану

2. Музыка (1,3 апта);

Орыс тілі (2,4 апта).

Жұма

Шығармашылық


Денсаулық

1. Мүсіндеу (1,3 апта)

Аппликация (2,4 апта)

2.Дене шынықтыру




























2017 жыл, Қыркүйек айы

Өтпелі тақырып « Балабақшада»


Мақсаты: Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану негізінде балалардың ауызша қарым-қатынас жасау дағдыларын, танымдық ой-өрістерін, шығармашылық, эстетикалық талғамдарын және жеке тұлғаның әлеуметтік білім, біліктерін жетілдіру.

Міндеттері:

1. Қимыл әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі нысандарында қимылдарды дұрыс орындау, негізгі қимыл түрлерін және денсаулықты сақтау негіздерін жетілдіру;

2. Ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;

3. Сенсорлық қабілеттерін, танымдық қызғушылықтары мен шығармашылық қиялдарын жетілдіру;

4. Сезімдік қасиеттері, эстетикалық талғамдары және бейнелеу дағдылары мен музыкалық білімдерін кеңейту;

5. Отансүйгіштік сезімдерін күшейту және өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту.


Тақырыпша





Денсаулық-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-2,5

Сөйлеуді дамыту-1

Көркем әдебиет-0,5

Драма-0,5

Орыс тілі-0,5

Таным-2,5

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру-1

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану1

Шығармашылық-3,5

Музыка-1,5

Сурет-1

Мүсіндеу-0,5

Аппликация-0,5


Әлеумет-0,5

Қоршаған орта-0,25

Экология негіздері-0,25


І апта

«Менің балабақшам»


Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен кезектестіру.Еденге қолымен сүйеніп, шығыршық ішінен өту. Тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Қимылды ойын:

«Балабақшаға апарар жол».

2. Еденге қолымен сүйеніп, шығыршық ішінен өту.

Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру(2-3рет жүрумен кезектестіре отырып, 10 рет секіру).Заттар арасымен доптарды домалату.

Қимылды ойын:

«Жылдам барайық бақшаға».

3. Еденге қолымен сүйеніп, шығыршық ішінен өту. Тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру.

8м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төртағандап еңбектеу.

Қимылды ойын:

«Балабақшада кім бірінші?».












Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Балабақша үйіміз».

(сурет бойынша әңгімелеу)

Мақсаты:Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану. Балабақша туралы түсінік беру, достарына қамқор болуға тәрбиелеу

Дидакти-қ ойын:

«Менің балабақшам» (Воскобовичтің дамытушы ойындары)

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

Ф. Оңғарсынованың «Үй жақсы ма, бақша жақсы ма?» өлеңі.

Мақсаты:Өлеңді түсініп, есте сақтауға үйрету.Есте сақтау қабілеттерін, зейінін, тілін дамыту.

Дидакти-қ ойын:

«Менің балабақшам»


















Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Біздің бақшада»

Мақсаты: Әртүрлі түстен, өлшемнен тұратын заттардың жиыны туралы түсініктерді қалыптастыру.5 көлемінде санау, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдысын қалыптастыру.

Дид-қ ойын: «Балабақша» (Дьенеш блоктарымен)

Құрастыру

Тақырыбы: «Балабақша ғимараты» (құрылыс материалдарынан құрастыру)

Мақсаты: «іргетас» ұғымымен таныстырып, балабақша ғимаратын құрастыруға үйрету; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; үлкен құрылыс материалынан екі қабатты ғимарат құрастыруға дағдыландыру.

Дид-қ ойын: «Балабақша» (Дьенеш блоктарымен)

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Балабақша ауласына саяхат»

Мақсаты: Балабақша ауласындағы және маңайындағы өсімдіктерді, ағаштар мен бұталарды атауға үйрету.

Дид-қ ойын: «Ағашты тап»













Музыка

Тақырыбы: «Менің балабақшам»

Мақсаты: Балабақшаға сүйіспеншілігін арттыру. Ән арқылы қуана білуге үйрету. Әнді көңілді, ынталы жеткізе білуге дағдыландыру

Әуенді ырғақты қимыл:

«Қосарланып билеу»

литва халық әні.

Музыка тыңдау: «Балабақшам»

С.Шынымов

Ән айту: «Біздің балабақшамыз»

сөзі:Т.Молдағалиев

Ойын ойнау:

«Өз орныңды тап!» Қимылды ойын

Музыка

Тақырыбы: «Менің балабақшам»

Мақсаты: Балабақшаға сүйіспеншілігін арттыру. Ән арқылы қуана білуге үйрету. Әнді көңілді, ынталы жеткізе білуге дағдыландыру

Әуенді ырғақты қимыл:

«Қосарланып билеу»

литва халық әні.

Музыка тыңдау: «Балабақшам»

С.Шынымов

Ән айту: «Біздің балабақшамыз»

сөзі:Т.Молдағалиев

Ойын ойнау:

«Өз орныңды тап!» Қимылды ойын


Сурет

Тақырыбы: «Балабақшадағы түрлі түсті шарлар» (заттық сурет салу)

Мақсаты: Сурет салу барысында дөңгелек және сопақша пішіндерді ажырата білуге үйрету. Бояу тәсілін бекіту.Баланың ойлау, көру, есту қабілеттерін және ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Дидакти-қ ойын:

«Балабақшада»

Мүсіндеу

Тақырыбы: «Балабақшадағы әр түрлі доптар»

Мақсаты: Түрлі тәсілдерді қолдана отырып, таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мүсіндеуге үйрету.Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дидакти-қ ойын:

«Балабақшада»





ІІ апта

«Менің достарым»


Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.Сапта бір-бірлеп жүру,қол мен аяқ қимылын үйлестіру, бой түзулігін дұрыс сақтау. Заттардың арасымен құрсауларды

домалату. Сызықтар арасымен (15см ара қашықтықта),тепе-теңдікті сақтап жүру.

Қимылды ойын:

«Кімнің достары көп?»

2. Заттардың арасымен құрсауларды домалату. 2-3м қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру. Тақтай үстімен(8м) көлденең еңбектеу

Қимылды ойын:

«Досым, ұста!».

3. Заттардың арасымен құрсауларды домалату. Сызықтар арасымен (15см ара қашықтықта),тепе-теңдікті сақтап жүру.Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу(1,5м қашықтықтан).

Қимылды ойын:

«Досым, қағып ал!»

Сөйлеуді дамыту


Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі

Мақсаты: Ертегі желісін айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру. Бауырмалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дидакти-қ ойын: «Мен айтамын, досым жасайды»



Драма

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.00.2021
673
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12