400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Циклограмма

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тюльпан» ортаңғы тобындағы балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Ақсай қ. №3« Гүлдер» бөбекжайының» д.у.м.а: Ельжанова Ү.Қ

«Тюльпан» ортаңғы тобындағы балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасы

II апта (08.11- 12.11. 2021оқу жылы )

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»


Күн тәртібі

Дүйсенбі

Қатынас

Әлеумет



Сейсенбі

Шығармашылық

Таным

Денсаулық

Сәрсенбі

Денсаулық

Таным

Әлеумет

Бейсенбі

Қатынас

Әлеумет

Шығармашылық

Жұма

Қатынас

Шығармашылық

Әлеумет

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу


Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )










Таңертеңгі гимнастика (6 мин)

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру

«Бұл қандай құс» дидактикалық ойыны

Мақсаты: белгілі бір ерекшеліктеріне қарай құстарды суреттеуге үйрету жəне оларды ажырата білу. Құстарға қамқорлық жасауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

«Тапсырманы

орында» дидактикалық ойыны Мақсаты: үлкен жəне аз заттарды ажыратуға жаттықтыру


«Жалпы атауын ата» дидактикалық ойыны Мақсаты :балаларға заттарды жеке жеке таныта келе ен соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен атауға тапқырлыққа шапшаңдыққа баулу

«Құрылысшы» сюжетті-рөлді ойыны

Мақсаты:

Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету. Құрылысшы маманының еңбегі зор екенін саналарына сіңіру. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.


«Не қайда өседі» дидактикалық ойыны

Мақсаты: балаларды табиғатта болып жатқан үрдістерді түсінуге үйрету жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің өсімдік жамылғысының күйіне тəуелділігін көрсету

Картотека№5

Таңғы ас

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды мақал мəтелін қайталап уақытылы əрі дұрыс тамақтанудың артықшылықтарын еске түсіру дастарқан басында арқаларын көтеріп тік отыру керектігін ескерту ас құралдарын дұрыс қолдануларын қадағалау тамақ ішер алдында балалар бір біріне астың дəмді болуын тілеп тамақтан соң алғыс айтулары

Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін,
Әумин!

Ойындар,

Ұйымдастыр-ылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар


«Ұннан не жасалады»

дидактикалық ойыны

Мақсаты: танымдық қызығушылықты ойлауды көрнекі зейінді дамыту ,

еңбектің қадірін түсінуге баулу

«Мамандықты ата» дидактикалық ойыны Мақсаты :балалардың нан өсірумен жəне өндірумен айналысатын кəсіптері туралы түсініктерін кеңейту сөздік қорын кеңейту Жұмысшылардың еңбегін бағалауға баулу.

«Құймақты жай» дидактикалық ойыны Мақсаты :пішінді көлемді қабылдауды дамыту балаларды өлшемді өсу кему ретімен көзбен анықтай білуге машықтандыру көзді визуалды қабылдауды дамыту .Үлкенге көмектесуге баулу

«Бұл не Бұл кім»дидактикалық ойыны Мақсаты зат есімнің көпше түрін қолдану арқылы балалардың сөздік қорын молайту ойлау қабылдау қабілеттерін арттыру өз өзіне сенімді болуға тəрбиелеу

«Астық өсірушіге жұмыс істеу үшін не қажет» дидактикалық ойыны Мақсаты балалардың ауылшаруашылық технологиясы астық өсірушінің құралдары туралы білімдерін бекіту визуалды қабылдауын зейінін есте сақтауын дамыту

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

Дене тәрбиесі

Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша

Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Бөлме гүлдері»

Мақсаты: Бөлме гүлдің түрлерімен танысып, олар туралы әңгімелейді. Бөлме гүлдерін баптауға қызығушылық танытады.

Қолданылатын әдебиеттер, көрнекі- дидактикалық құралдар,ойындар:

Жаратылыстану Әдістемелік құал Алматыкітап 2018 ж 40-41 бет

Қазтамақ, кактус, шегіргүлдің суреттері; 3-4 бөлікке бөлінген гүлдердің суреттері.

Сергіту сәті.

Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер. (Орнына ақырын көтеріліп, қосылып тұрған қолдарын жайлап ашады) Тұра берші ырғалып, Тұра берші нұрланып.(Қолдарын баяу бұлғайды) Сол тұрғаның ұнайды, (Қолдарын басының үстіне апарып қосады)

Құлпырғаның ұнайды. Ұқсап сәби балаға. (Тізесін бүгіп отырады, қолдарымен басын жабады).

Тәрбиеші жет. тренинг ойын: «Гүл». (Баяу музыкамен сүйемелдеу қажет) Педагог балаларға тұқымға «айналуды» ұсынады. Жерге шашыраған күн сәулесі тұқымды жылытты. Тұқымнан өркен өсіп шықты. Одан әдемі гүл шықты. Гүл күннен нәр алып, әрбір жапырағы мен күлтесін күн сәулесіне тосып тұр.

М/ы: Айтылған сөздерге сай қимыл жасайды.

Bilimkids бағдарламасы бойынша бейнеролигі.

«Хоки-поки» биі

https://www.youtube.com/watch?v=Aph-kvnnANw&list=PLjfGvIMJeMhAIDwJFjcmcEk-3NYFJ4dZc&index=30

Сурет салу.

Тақырыбы: «Құстың ұясы»

Мақсаты: Құстың ұясын пішіндер арқылы сала алады. Ұқыпты таза жұмыс жасауға тырысады.

Қолданылатын әдебиеттер, көрнекі- дидактикалық құралдар,ойындар: Сурет салу- әдістемелік құрал-Арман ПВ (3-4 жас), (52-53 бет)

Қағаздан жасалған құстар, қылқалам, су, сүлгі, гуашь, бояу, қарындаш,үш-бұрыш пішіні.

Сергіту сәті

Құстай қанат қағамыз,

Қарлығаш боп ұшамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табамыз.

Еркін д/ ойын: «Ұя»

М/ы: Құстың ұясын пішіндер арқылы құрастыра алады.

«Сәлем!»

https://bilimkids.kz/uploads/videos/video_file/9/privet.mp4

Орыс тілі

Орыс тілі мұғалімінің жоспары бойынша

Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Қонаққа дастарқан жаямыз»

Мақсаты: Қоршаған ортадағы заттардың қасиетімен танысады. Ыдыс-аяқтың атауларын айта алады.

Қолданылатын әдебиеттер, көрнекі- дидактикалық құралдар,ойындар:

Қоршаған ортамен танысу Әдістемелік құрал Алматы кітап 2018 ж 3+ 18-19 бет

Хатқалтадағы хат, әртүрлі материалдан жасалған ыдыстар заттары: қасықтар, кесе, тәрелке, кастрөл, нан салғыш

Жұмбақ

Қалпағы бар,

Басы жоқ.

Тұтқасы бар,

Топсасы жоқ,

Аузы бар,

Тiсi жоқ.

Қарыны бар – Кiшi тек, Түтiгi бар – Көшi көп. (Шәйнек)

Сабы бар,

Басы шатыр.

Табысын өлшеп әкеп, Құдыққа тасып жатыр. (Қасық)

Сергіту сәті

Өлең жолдарын балалармен бірге айтады. Қимылдарды жасап көрсетеді.

Сәлем, мен шәйнекпін, Өзім үлкен, жуанмын Міне, менің қолым

Міне, менің мұрным

Шай қайнайды-пф-пф-пф Енді оны құямын.

Bilimkids бағдарламасы бойынша бейнеролигі.

«Дастарқан»

https://www.youtube.com/watch?v=d40hT_mFjSA&list=PLjfGvIMJeMhAIDwJFjcmcEk-3NYFJ4dZc&index=13

Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Көмекшілер»

Мақсаты: Әңгіменің мазмұнын түсініп, тыңдай алады. Үлкенге ізеттілік көрсетіп, кішіге қамқор бола алады.

Қолданылатын әдебиеттер, көрнекі- дидактикалық құралдар,ойындар: Сөйлеуді дамыту- әдістемелік құрал-Алматы кітап 2018ж 3+, (32-34 бет).

№ 10 демонстрациялық материал, № 10 үлестірмелі материал (ыдыс-аяқ суреттері).

Жұмбақ

Өткір жүзді келеді,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі,

Ұсақтап та турар мол. (Пышақ)

Сабы бар, Басы шатыр. Табысын өлшеп әкеп, Құдыққа тасып жатыр. (Қасық)

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір.

Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Құрылымдалған д/о «Заттың атын ата?»

М/ы: Суреттегі ыдыс-аяқтардың атын атай алады.

Bilimkids бағдарламасы бойынша бейнеролигі.

«Көңіл күй»

https://bilimkids.kz/uploads/videos/video_file/23/k-il-k-y.mp4

Музыка.

Музыка жетекшісінің жоспары бойынша өткізіледі.(сәрсенбі)






Дене тәрбиесі

Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша

Математика негіздері

Тақырыбы: Заттарды салыстыру. Биік. Аласа. Жоғары. Төмен. Ұзын. Қысқа

Мақсаты: Биіктігі жағынан қарама-қарсы мәнді заттарды салыстырып, нәтижесін «биік, аласа, жоғары, төмен» сөздері арқылы, ұзындығы жағынан қарама-қарсы мәнді заттарды «ұзын, қысқа» сөздері арқылы айқындай алады. «Үлкен», «кішкентай» ұғымдарын қайталау.

Қолданылатын әдебиеттер, көрнекі- дидактикалық құралдар,ойындар:

Математика негіздері Әдістемелік нұқсаулық Алматы «Ататамұра» 2021 ж 24-26 бет

Биік және аласа қақпалар, түрлі ұзындықтағы жасыл және сары түсті жолақ жолдар, мәшинелер (әр балаға 2 данадан). Үлкен және кішкентай доптар салынған 2 себет.

Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды,

Тік ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға, оң қанат,

Шық алға, сол қанат,

Еркін ойын: «Доптарды жина»

М/ы: Көлеміне қарай дотарды себетке жинай алады.























Дене тәрбиесі

Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша

Құрастыру

Тақырыбы: «Орындық және кресло»

Мақсаты: Әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден орындық және кресло құрастыра алады. Құрылыс материалдарымен құрастыру дағдылары қалыптасады.

Қолданылатын әдебиеттер, көрнекі- дидактикалық құралдар,ойындар

Құрастыру Әдістемелік құрал Алматыкітап 2018 ж 22-23 бет

Құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер.

Сергіту сәті

Bilimkids бағдарламасы бойынша бейнеролигі.

«Тез отырамыз»

https://bilimkids.kz/uploads/videos/video_file/28/tez-otyramyz.mp4


Серуенге дайындық


Серуен


Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.Балаларға киімдерінің түймелерін тағуға,киімін ретімен киюге баулу

Картотека№


Картотека№


Картотека№


Картотека№



Картотека№


Серуеннен оралу

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті .


Түскі ас

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Басыңа Алла бақ берсін,
Не берсе де нақ берсін,
Білім нақыл айтуға
Жалықпайтын жақ берсін!
Айтып жүрер білімнің
Іс-амалмен шақ келсін!
Береке-құт пен ырысты
Үйлеріңе ап келсін!

Түскі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

https://bilimkids.kz/kk/media/audio/volfgang-amadey-mocart-21-orkestrmen-fortepianoga-arnalgan-koncertinen-alyngan-andante bilimkids бойынша әуен

«Тапқыр қойшы»ертегісі

«Бес балапан» ертегісі

«Үш қой» ертегісі

Релаксациялық әуендер

Бесік жыры

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі