400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Циклограмма

Материал туралы қысқаша түсінік
Апталық циклограмма. Тақырыбы: Қыстайтын құстар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін _______________

Әдіскер: Р.Садихова


Ц И К Л О Г Р А М М А


4 апта (24 – 28.01.2022ж)

«Балдәурен» бөбекжай – бақшасы

Кіші «Гүлдер» тобы

Апта тақырыбы: «Қыстайтын құстар».

Мақсаты. Балаларға қыстайтын құстардың тіршілігі жайында жалпы түсініктер беру; қыстайтын құстардың қимылдарына еліктеуге ынталандыру; ауала құстарының тіршілігін бақылауға деген қызығушылықтарды туғызу.

Тәрбиеші: Н.Жумуханбетова

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

24.01.2022ж

Сейсенбі

25.01.2022ж

Сәрсенбі

26.01.2022ж

Бейсенбі

27.01.2022ж

Жұма

28.01.2022ж

Балаларды қабылдау.


08.00 - 08.30

Тәрбиешінің балалармен қарым–қатынасы

Ата – аналармен жеке әңгімелесу.

Дене қызуы мен тазалығына көңіл бөлу.

Қарым – қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру.

Жағымды жағдай орнатуға арналған ойындар.

Ата-аналармен әңгімелесу.

Балалардың демалыс күндерін қалай, қайда өткізгендері жайлы әңгімелесу.


Баланың денсаулығы туралы

әңгімелесу.

Балалардың балабақшадан себепсіз қалмауын, ауырған жағдайда ескертуі туралы айту.

Балаларды жылы киіндіріп, салқын су ішкізбеулерін ескерту.

Балалардың үйде немен шұғылданатыны туралы сұрап отыру.

Ойындар

(үстел үсті, саусақ және т.б )

Қ/О:№29

«Трамвай»

Қ/О:№40

«Допты домалат»

Қ/О: №46

«Жеті лақ»

Қ/О: №4

«Ормандағы аю»

Қ/О: №19

«Доп кімде?»

Таңертеңгілік гимнастика

(5 мин)

Жаттығулар

кешені

Картатека № 6

Жаттығулар

Кешені

Картатека № 7


Жаттығулар

кешені

Картатека № 5

Жаттығулар

кешені

Картатека № 8

Жаттығулар

Кешені

Картатека № 7

Таңғы ас

08.30 – 09.00

Тамаққа отырғанда дұрыс отыруларын қадағалау. Тамақты тауысып ішуге үйрету.

Қасықты оң қолға ұстауды үйрету. Асты тауысып, асықпай ішу. Тамақтан соң ас қайыру.

Тамаққа отырғанда дұрыс отыру, тамақ ішіп болғасын ас қайыруды үйрету.

Тамаққа отырғанда дұрыс отыру, қасықты оң қолға ұстап ішу. Асты тауысып, асықпай ішу. Тамақтан соң

ас қайыру.

Балаларға ас ішуге көмектесу, қасықты дұрыс ұстауға дағдыландыру.

Ұқыпты ішуге тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

09.00 - 09.15

Балалармен ұйымдастырыл-ған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын – жаттығулар.

Суреттерді көру

«Төлдерді ата».

Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті дамытушы орталықтармен таныстыру.

«Бой сергіту» өлеңі.

Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын – жаттығулар.

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырыл-

ған оқу кестесі

9.15 – 9.30


9.35 – 9.50

1.Сурет салу

Тақырыбы:

«Құстар жем шоқиды».

Мақсаты:

балаларды қыстайтын құстарға қамқорлық жасау туралы ұғымдар беру; оқу қызметінде ұқыптылық пен сабырлылыққа тəрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құралдар:

Қыстайтын бір-екі құстың жемшашарда отырғаны бейнеленген мазмұнды сурет; жем салынған дорба; қағаз бетіндегі жемшашар кескіні; ұшы мақтаға оралған таяқша; таяқша салатын ыдыс, төсеніш, сүлгі, сурет салу үшін панно үлгі; ырғақты, темпі орташа көңілді әуені жазбасы.



Кіріспе бөлімі.

Сурет көрсету.



Қыстайтын бір-екі құстың жемшашарда отырғаны туралы мазмұнды сурет.

- Балалар, бұлар не? Құстар. Қайтала. Жарайсыңдар!

- Балалар, қыста құстар тонады, қарны ашады.

- Құстарға жем шашу керек.

Ғажайып сәт.

Жем салынған дорбаны көрсету. - Балалар, менде дорба бар. Ал дорбаның ішінде... Жемді табақшаға төгу.

- Дорбада жем бар. Қайталайық. Жем аз екен. Құстарға жем салып берейік.



Негізгі бөлімі:

Үлгі көрсету.

- Балалар, мына жемшашарда не бар? Жем бар. Қайтала. Дұрыс.  - Жемнің түсі қандай? Жем сары. Қайтала. Жақсы.

- Жем ұсақ. Шашылып жатыр (саусақпен не көрсеткішпен көрсету).

Ұсақ. Қайтала.

- Балалар, қыстайтын құстарға жем керек екен. Көп жем керек екен.


Сурет салу амалдарын көрсету.

- Балалар, мына жемшашар бетіне қараңдар...

Жем жоқ.

- Менің қолымда таяқша, ұшында мақта бар (саусақтармен басып, көрсету).

- Мен таяқшаны үш саусақпен аламын, ұшын сары бояуға маламын.

- Ұшын жемшашар ішіне, таяқша ұшын соққылап, басамын.  

Тоқ-тоқ-тоқ...

- Қата маламын бояуға.

Тоқ-тоқ-тоқ...

Тағы да бояу, жемшашар ішіне тоқ-тоқтоқ...

- Таяқшаны ыдысқа саламын, сүлгімен қолымды сүртемін.

- Міне жемшашар сап-сары жемге толып тұр.


Сергіту сәті:

- Біз - қамқоршы баламыз,

Құсқа жемді шашамыз.

Құстар, ұшып келіндер,

Жемді шоқып, теріңдер!


Қорытындылау

- Балалар, бүгін біз ненің суретін салдық? Жемшашардың.

- Жемшашарда не бар? Жем бар.

- Қанша жем бар?

- Көп екен, балалар, солай ма?

- Кім қалай салды екен, мен қазір бәрін қарап шығамын.

- Балалар, қандай көп ұсақ жем салып шықтыңдар! Қыстайтын құстар жемге тояды.

- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу қызметінде бәрің бірдей қатыстыңдар, рақмет! Оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!



2.Дене шынықтыру.

Тақырыбы: «Құстарға жем шашайық».

Мақсаты:

балаларды допты бастан жоғары асырып, алысқа лақтыра білуге үйрету; қол, дене бұлшық еттерін, допты алысқа лақтыра білу ептілігін дамыту.


Қолданылатын көрнекіліктер мен құралдар:

Интербелсенді тақта, дене шынықтыруға арналған киімдер, кубиктер, шеңберлер (белде айналдыратын), осы топ балаларының бойына шақталған үлкен шар.


Кіріспе бөлімі.

- Балалар, бүгін бәрің көңілдісіңдер ғой!

- Олай болса, көңіл-күйімізді одан әрі көтеру үшін, тақтаға қарап жаттығу жасап алайықшы!

Интербелсенді тақтадан қыс мезгіліндегі құстар немесе ормандағы құстар тіршілігін бақылату; қыста қыстайтын құстар туралы айту.

– Балалар, тақтаға қараңдаршы, қыста құстар да тіршілік жасайды. – Жерде торғай жүр, ағаштың басында тоқылдақ отыр, аспанда көгершін ұшып жүр.

– Құстар да қысты жақсы көреді екен.


– Балалар, мына суреттегі балалар қол ұстасып, жұптасып билеп жатыр.

– Біз де жұбымызбен қол ұстасып, музыка әуенімен билейікші!

Аудиожазба бойынша педагог балалармен бірге жаттығуларды орындайды. Балаларды бір қатарға тұрғызып, бірінің артынан бірін жүргізу және жүгірту; тізбекпен жұп болып және

2-3 баладан сап түзеп, алға жүру, бір орында тұрып аяқтың ұшымен жүру; әуенге сәйкес би қимылдарын жасау; еденді тарсылдату; педагогтың белгісі бойынша қолдарындағы кубиктарымен жалпы дамыту жаттығуларына дайындалу.


Негізгі бөлімі.

– Балалар, бәріміз әдемі шеңбер жасайық, жарайсыңдар, енді кубикпен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын жасаймыз.


Жалпы дамыту жаттығулары:

1. Бастапқы қалып тік тұру, қолды төменде ұстау;

1–1 қолды жоғары созып, аяқтың ұшына тұру "Биік үй саламыз"; 

1–2 бастапқы қалыпқа келу

(4-5 рет);

2. Бастапқы қалып отырып, аяқты бірге ұстау, қол тізеде;

2–1 оң жаққа бұрылып, еденді кубикпен ұру;

2–2 бастапқы қалыпқа келу (сол жаққа дәл осы жаттығу қайталанады)

3. Бастапқы қалып тік тұру, қолды төменде ұстау;

3–1 жерге отырып, кубиктермен еденді ақырын тарсылдату "Шеге қағамыз"; 3–2 бастапқы қалыпқа келу

(4-6 рет);

4. Бастапқы қалып тік тұру, қолды төменде ұстау;

4–1 кубиктерді қолға  ұстап, бір орында секіру;  4–2 бастапқы қалыпқа келу

(3-4 рет).

"Тоқылдақ" қимылды ойыны.

– Балалар, тақтаға қараңдаршы, қандай құс? Тоқылдақ екен.

– Тоқылдақ қандай дыбыс шығарады?

Тоқ-тоқ-тоқ дейді.

– Ендеше "Тоқылдақ" ойынын ойнайықшы! Педагог балаларды екі топқа бөліп, екі үлкен шеңбердің ішіне балаларды отырғызады. Педагог "тоқ-тоқ" дегенде екі топтан балалар шығып, допты алысқа лақтырады,

"шоқ-шоқ" дегенде балалар шеңбердің ішінде орындарында отырып, бастарын изеп, шоқыған кейіп жасайды. Екі топтан тапсырманы ұқыпты тыңдап, орындаған балалар немесе топ жеңімпаз болады. Ойын

2-3 рет қайталанады.


Қорытындылау

– Балалар, бәріміз күндей жарқырап, көңілді жүріп, дем алу жаттығуларын жасайықшы!

Аудиожазба ырғағымен балалар дем алуы үшін "Күн" жаттығуы орындалады. Содан кейін тыныс алу жаттығулары "Көгершін" ойыны арқылы өткізіледі. Педагог балаларға көгершін сияқты екі қолды екі жаққа жіберіп, қанат сияқты әдемі, жеңіл қимылмен жаттығу жасауды көрсете жүріп, өзі бірге жасайды. Көгершін сияқты асықпай, ақырын жүріп, екі қолды екі жаққа жіберіп, саусақ бастарын қимылдатып, көгершін сияқты жерде жүргенде де аяқты асықпай, екі жаққа сәл теңселе жүру керегін айтады. Педагог өзі балалармен бірге ақырын жүріп, шеңбер бойымен тыныс алу жаттығуларын жасап, балалармен залдан шығып кетеді.


1.Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шұбар тауық ертегісі».

Мақсаты:

балаларды Шұбар тауық ертегісінің мазмұнымен мұқият таныстыра отырып, сұрақтарға жауап барысында білімдерін пысықтау; мазмұнға сай баяндауға деген талпынысты дамыту; үй құсының адам өміріндегі рөлі туралы ұғымдарын қалыптастыру; адам еңбегін қадірлеу сезімдеріне тəрбиелеу.


Қолданылатын көрнекіліктер мен құралдар:

"Шұбар тауық" ертегісі желісі бойынша слайдтар немесе мазмұнды суреттер, ойыншық тауық, себет, екі "алтын" және жай жұмыртқа.


Кіріспе бөлімі.

Ғажайып сәт.

- Балалар, қараңдаршы, біреу себет қалдырып кетті. Қыстайтын құстар тастап кетті ме екен? Олар жылы жаққа ұшады ғой. Бұнда не бар екен?

- Ой, мынау не?.. Бұл тауық екен. Тауық. Қайталайық.

- Сәлеметсің бе, тауық.

- Балалар, тауық

– құс. Оның тұмсығы, көздері, қауырсындары, қанаттары, құйрығы бар. Тауық шұбар екен. Балалар қатарын аралап, тауықты сипатуға болады.

- Балалар, мен сендерге шұбар тауық туралы ертегі айтып берейін.


Негізгі бөлімі.

Ертегіні мәнерлеп оқу.

- Балалар, мен сендерге шұбар тауық туралы қызықты ертегі оқып берейін. "Шұбар тауық".

- Ертеде бір ата мен әже болыпты, олардың шұбар тауығы болыпты.

- Бір күні шұбар тауық жай емес, алтын жұмыртқа басыпты.

- Ата жұмыртқаны алып, ұрып-соғады: тоқ-тоқ-тоқ...

Жұмыртқа сынбайды

- Әже жұмыртқаны алып, ұрып-соғады:

тоқ-тоқ-тоқ... Жұмыртқа сынбайды.

- Тышқан үстелде жүгіріп-жүгіріп, жұмыртқаны құйрығымен қағып жібереді.

- Жұмыртқа домалап еденге түсіп, сынып қалады...

- Ата жылап отыр. Әже жылап отыр. - Шұбар тауық жұбатып былай дейді: "Жылама, ата! Жылама, әже! Мен сендерге жай емес, алтын жұмыртқа әкеп беремін". 


Сергіту сәті.

"Біз ойнайық тығылмақ".

- Біз ойнайық тығылмақ,

- Мен жұмыртқа жасырам.

- Қайда екенін айтыңдар!

- Тауып үйге қайтыңдар!


Ертегі мазмұны бойынша әңгімелесу.

- Балалар, ертегі қалай аталады?

- Иә. Ертегі "Шұбар тауық" деп аталады. Қайталаймыз. Жарайсыңдар

-Балалар ертегі қалай аталады? Ертегі «Шұбар тауық» деп аталады. Қайталаймыз, балалар.....

- Ертегіде кім болады? Иә, кемпір мен шал болыпты. Қайтала. - Оларда не болды? Иә, шұбар тауық. Жарайсыңдар.

- Шұбар тауық не әкелді? Алтын жұмыртқа. Қайтала. Жарайсың.

- Кемпір мен шал не істеді? Ұрды, соқты. Қайтала.

- Қайтіп соқты? Дұрыс: тоқ- тоқ-тоқ... Қайтала. (көрсету)

- Жұмыртқаны кім сындарды? Ия, тышқан.

- Тышқан қайтіп сындырды? Тышқан үстелде жүгірді. Жұмыртқа құлап қалды. Қайтала.

- Кемпір мен шал не істеді? Иә, жылады. (көрсету) - Шұбар тауық не деп жұбатты? Балаларға жауапқа қажетті сөздерді жекеше немесе хормен қайталату керек. Әсіресе, "шұбар тауық, тоқ-тоқ-тоқ, сынып қалды, жылап отыр, жылама, алтын жұмыртқа" сияқты сөздерді айтқызу маңызды.

"Жұмыртқаға не жасырдың?" жаттығуы.

Балаларға Киндер сюрприз жұмыртқасы және жұмыртқа ішіне сыятын түрлі ойыншықтар беріледі. Әрбір бала жұмыртқа ішіне ойыншықты жасырып, педагогқа не жасырғанын айтады. "Сен не жасырдың?"

Кейіпкермен қоштасу.

- Балалар, шұбар тауық сендерге риза. Жарайсыңдар. Сендерге "сау болыңдар",

- дейді.


Қорытындылау.

- Балалар, естеріңе түсіріп көріңдерші.

Ертегі қалай аталады?

- Әрине, "Шұбар тауық" деп аталады. Жарайсыңдар.

- Балалар, біз бүгін қандай ертегі оқыдық? "Шұбар тауық" туралы.

- Балалар, ертегі қалай аталады? "Шұбар тауық".

- Ертегіде кім болады? Кемпір мен шал болыпты. - Оларда не болды? Шұбар тауық. Жарайсыңдар!

- Шұбар тауық не әкелді? Алтын жұмыртқа.

- Кемпір мен шал не істеді? Ұрды, соқты. Қайтала.

- Қайтіп соқты? Дұрыс: тоқ- тоқ-тоқ...

- Жұмыртқаны кім сындарды? Тышқан.

- Тышқан қайтіп сындырды? Тышқан үстелде жүгірді. Жұмыртқа құлап қалды.

- Кемпір мен шал не істеді? Иә, жылады. (көрсету) - Шұбар тауық не деп жұбатты? "Тоқ-тоқ-тоқ, сынып қалды, жылап отыр, жылама, алтын жұмыртқа".

- Балалар, бүгін оқу қызметінде керемет белсенді болдыңдар, рақмет, бәріңе!

- Жарайсыңдар, балалар! Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!



2.Музыка

Тақырыбы:

«Суық торғай».

Мақсаты:

балаларды əнді тыңдай отырып, сипаты мен сөздік мағынасын түсіне білуге жəне музыкалық фрагментті басынан аяғына дейін мұқият тыңдай білуге үйрету; əннің дыбыстық ерекшелігін қабылдау қабілетін қалыптастыру; музыкалық - ырғақтық қимылдарды топтық шығармашылық-пен еркін жасауға дағдыландыру.


Қолданылатын көрнекіліктер мен құралдар:

Интербелсенді тақта, музыкалық аппаратура.


Кіріспе бөлімі.

 Балалардың психологиялық көңіл күйін көтеру үшін педагог: "Суық торғай секіресің суықта", "Торғай, торғай, торғайсың, жемді неге ұрлайсың?", "Секіресің суықта, ұстап алам қуалап", "Кіп-кішкентай торғай, секіресің зорға-ай", "Балапаны торғайдың" сөздерін пайдалана отырып:

– Балалар, сендер қыста қандай торғайды көрдіңдер? Жарайсыңдар, балалар, суық торғайды біледі екенсіңдер!

– Балалар, қыста торғайлар жемді қайдан табатынын білесіңдер ме? Қар қалың болса торғайлар тамақ таба алмай қалады, күн қатты суық болып, жем таба алмаса, өліп қалулары мүмкін. Сондықтан қыста торғай көрсеңдер, оларға жем шашыңдар.

– Балалар, торғайдың қанатын қалай қағатынын білесіңдер ме? Бәріміз көрсетейікші! Педагог балаларға қолдарын жандарына жіберіп, торғай секілді қанаттарын қағатындай қимыл жасатады.

– Балалар, қыс айы болғандықтан қыс туралы ән тыңдайықшы! Кәне, ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. "Қыс" туралы әнді тыңдаймыз.

Педагог балалармен бірге әнді тыңдай отырып, ән мазмұнын балаларға түсіндіреді.


Негізгі бөлімі.

Педагог интербелсенді тақтаны қосып, қыста жерден жерге секіріп дән теріп жүрген торғайдың әрекетін көрсетеді:

– Балалар, қараңдаршы, қыстайтын құстар, соның ішінде торғайлар қыста жерден тамағын қалай тауып жейді?!

– Торғай, торғай, торғайсың,

– Жемді неге ұрлайсың?

– Тереземнің алдында

– Тұрған жемді қоймайсың!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
701
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі