ЦИКЛОГРАММА

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЦИКЛОГРАММА

Материал туралы қысқаша түсінік
ЦИКЛОГРАММА ҚАЗАН АЙЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тәрбие-білімберу үдерісінің циклограммасы


Білім беру ұйымы: «№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Мектепалды сынып 0 «Ә» сыныбы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 1-апта 30.09 - 04.10 қазан 2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі


Дүйсенбі

30.09.24


Сейсенбі

01.10.24

Сәрсенб

02.10.24

Бейсенбі

03.10.24

Жұма

04.10.24

Балаларды қабылдау.


«Күй күмбірі»

Ерке сылқым (Біртұтас тәрбие)

Балаларды көтеріңкі күймен қарсы алу.Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің толық аты-жөнін атап сәлемдесуді үйрету.Баланың бүгінгі көңіл күйі туралы сұрау.

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру


Балалардың көңіл-күйі,денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.Маусымдық өзгерістерге байланысты балалалардың киімдерін кигізу,денсаулығына көңіл бөлу туралы түсіндіру


Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар,

үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар

қарау және тағы басқа әрекеттер)

Кітаптардан балалардың сұранысы бойынша ертегі, тақпақтар, әңгімелер оқып беру. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, балалардың мазмұндауын үйрету.

(Қазақ тілі)


Балалардың өздеріне кітап оқуға мүмкіндік беру. Кітап суреттеріне қарап, өздері оқып жатқан кейіп танытып,эмоционалды-бейнелік мазмұнын бере білуді үйрету.

(Қарым-қатынас іс-әрекеті)





Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдеріне тән белгілерді атай алу және ажырату дағдыларын кітаптардан қарау арқылы үйрету.

(танымдық іс-әрекет)

«Менің сүйікті кітабым» Балалармен отбасында оқыған кітаптарын талқылау. Негізгі ойды дұрыс жеткізуге, монологтық ойларын байланыстырып құра білуге үйрету.

(Қарым-қатынас іс-әрекеті)

«Ақшаны жұмсауды үйренеміз»

қаржылық сауаттылық бойынша қарапайым білімдерді (заттарды тексеріп қарау, зерделеу, олардың көлемін көзбен өлшеу, көзбен көріп ойлауды, есте сақтауды, қиялды, ұсақ қол моторикасын дамыту

(Біртұтас тәрбие)


Таңертеңгі

жаттығу

Бір қатармен жүру.Жүру түрлері: ұшымен, қол жоғары; өкшемен қол басын артында;

Жүгіру түрлері: бір қатармен; екі аяқпен секіру, қол алдында.

Шеңберге тұру.

  • Б.қ. – н.т., қол иықта

1.Қол жоғары.2.Б.қ.3.Қол жоғары.4.Б.қ (5-6 рет)

  • Б.қ. аяқты кең ашып тұрысы, қол жан-жаққа

1.Оң тізені жоғары көтеру.2.Б.қ.3.Сол тізені жоғары көтеру.4.Б.қ. (5-6 рет)

  • Б.қ. – н.т., қол белде

1.Оң жаққа енкею.2.Б.қ.3.Сол жаққа еңкею.4.Б.қ. (5-6 рет)

  • Б.қ.аяқты кең ашып отыру, қол артында тірелеп

1.Оң аяқты көтеру.2.Б.қ.3.Сол аяқты көтеру.4.Б.қ. (5-6 рет)

  • Б.қ.- н.т., қол төмен

1-4 екі аяқпен секіру, қол шапалақта (4 рет)

Жүгіру. Бір қатармен жүру.Тыныс алу жаттығу«Сағаттар» - екі аяқты бос ұстап, қолын жіберу; түзу қолдарын ілгері кейін қозғап «тик-так,тик-так» - деп айту; мұрнымен демін ішке тартып, дыбыспен демін сыртқа шығарады (5-6 рет).

Ұйымдастырылған іс-әрекеке дайындық



Біртұтас тәрбие:

Қазан – тәуелсіздік және отаншылдық айы

Апта дәйексөзі:«Ел-жұртымның бақыты аталатын, Сөнбесін мәңгі сенің ,Отан,атың.

ҚР Әнұранын тыңдау

Жылулық сәті:

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

.

«Жүректен жүрекке»

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Айналаға, бар адамға

Тек мейірім сыйлаймыз.

(Танымдық, іс-әрекеті)

«Шын жүректен»

Ән салуға барамыз, (шеңбер бойлай жүреді)

Досымызды табамыз. (тоқтайды)

Сәлемет пе! Міне мен!

(қолдарын екі жаққа сермейді)

Доспын енді сенімен! (көршілерімен қол алысады)

(Қарым-қатынас д.д)

Артикуляциялық гимнастика «Күлімсіреу», «Тұмсық».

Мақсаты: дыбысты дұрыс айтуды дамыту, ерінді күлімсіреп, алға қарай созу.

(Қарым-қатынас д.д)

«Тоқта!Белгіні қара!» ойыны

Жол қозғалысының қарапайым ережелерін, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін сақтау. «Автобус аялдамасы» жол белгілерімен таныстыру

(қауіпсіздік ережелерін сақтау)

Білім беру ұйымының кестесі

Бойынша ұйымдастырылған

іс-әрекет

1.Математика негіздері

6 саны және цифры

Мақсаты: 1-ден6-ға дейінгі цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге және 1-ден 6-ға дейінгі цифрды тануға және бейнелеуге үйрету

Міндеті:6 цифрымен таныстыру


Дидактикалық ойын «Сәйкестендір»

Мақсаты:Суретте неше бала және қандай заттар бейнеленгенін санау арқылы тиісті цифрға сәйкестендіру

«Санай отырып,сурет саламыз» ойын-жаттығуы

Мақсаты:Вагондағы цифрларды тану арқылы,жетпеген вагон суретін салу

2.Дене шынықтыру

Мұғалім жоспары бойынша


3.Сауат ашу негіздері

Дауыссыз дыбыстар

Мақсаты: Суреттер бойынша заттардың атын ататып, сол сөздердегі дауыссыз дыбыстан басталатын дыбыстарды ажыратып айтуға дағдыландыру.

Міндеті: Сөздегі дыбыстардың ретін, дауыссыз дыбыстарды анықтау

-Салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту;

«Ойлан,тап» дидактикалық ойын

Мақсаты:Суреттегі заттардан дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді табу


«Дауысты ма,дауыссыз ба?» дид.ойын

Мақсаты:Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырату

«Тыңда,орында» ойын –жаттығуы

Мақсаты:өлеңді тыңдай отырып,жаттығуды орындау

Қолдарын жазуға бейімдеу тапсырмаларын орындау

4.Көркем әдебиет

Бір аптада

Мақсаты: Ойын өлеңді жаттауға дағдыландыру

Міндеті: Шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беру, диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру. Әдеби кейіпкердің белгілі бір әрекетін өзінің қалай қабылдағаны туралы айту, кейіпкерлердің жасырын әрекетін түсіну

Жұмбақты шеш.

Бір ұяда жеті жұмыртқа. (Апта күндері)

Дидактикалық ойын:«Апта күндері»

Мақсаты:балалардың ойлау қабілетін дамыту

Мнемокесте арқылы тақпақты жаттату


Бір аптада

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні кино көрдік клубта.

Жексенбіде үйде болып демалдық.(Әдібай Табылды)




1.Сөйлеуді дамыту

Күзгі жапырақтар

Мақсаты: Сұрақтарға жауап бергізу арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту.

Міндеті: Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу.

«Сұрақ-жауап»ойын жаттығуы
Мақсаты: сұрақтарға тиянақты жауап беру дағдыларын қалыптастыру
-Балалар,
қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білесіңдер?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

Жұмбақ

Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе сары

Күзгі жапырақтар Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырық.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күншуаққа маужырап, Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ. Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап.

Дидактикалық ойын:

«Қай ағаштың жапырағы

Мақсаты:Әр жапырақтарды өзі өсетін ағаштарына апарып ілу.

2.Музыка

Мұғалім жоспары бойынша

3.Қоршаған ортамен танысу

Оттың пайдасы мен зияны

Мақсаты.

Міндеті: Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екенін түсінуге және ажырата білуге үйрету

Жұмбақ

Шашты ашуын ысылдап, қызыл тілі жалаңдап. (Өрт)


Дабылға тез жететін, Тайсалмайтын батыл кім,

Жалынға сүңгіп кететін. Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші)

«Ереже құрастырамыз» ойын-жаттығуы

Мақсаты: Оттың пайдасы мен зияны туралы ереже құрастырту

«Мамандықтар» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Өрт сөндірушіге керекті заттардың атын атату,ажырату


4.Қазақ тілі

Киіз үй

Мақсаты:

Міндеті: Қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған киіз үйдің заттарын және тұрмыстық заттарды білдіретін кереге,уық,шаңырақпен танысу

Тақпақтар жаттау

Жұмбақ:

Төбедегі көзінен,
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен,
Самал еркін еседі.            
(Киіз үй)


«Сұрақ-жауап» ойын-жаттығуы

Мақсаты:Сұрақтарға жауап беру арқылы,киіз үй құрылысымен таныстыру

-Балалар мына суретте ненің суретін көріп тұрсыңдар?
— Киіз үй туралы не білесіңдер?
— Кім киіз үйдің ішіне кіріп көрді?
— Киіз үйді неден жасайды?
— Киіз үй жабдықтарын білесіңдер ме?

Тақпақты сергіту жаттығуы ретінде орындап,жаттау

 Кел балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып.
Қазақ үйді құрайық..

Тақпақты сергіту жаттығуы ретінде орындап,жаттау


Киіз үйдің суретін салдыру

1.Дене шынықтыру

Мұғалім жоспары бойынша

2.Математика негіздері

6 саны және цифры

Мақсаты: Логикалық байланыстар мен заңдылықтарды орнату біліктілігін бекіту.

Міндеті: Көрнекілік арқылы 6 санының пайда болуымен таныстыру.

«Пирамида» дидактикалық ойыны

Мақсаты:Көлік санына сәйкес пирамиданы бояу және 6 көлік болу үшін көлікті бастырып сызу

«Моншақтар» ойын-

жаттығуы

Мақсаты:Түстерді ажырату,түстер бойынша санау,тиісті санға нүктелерді салу

«Сәйкестендір»

Мақсаты: Заттарды санап,тиісті цифрмен сәйкестендіру

3.Қазақ тілі

Киіз үй

Мақсаты: Киіз үй мен оның жиһаздарының пайдасы жайлы түсіндіре отырып, балалардың зейіндерін дамыту.

Міндеті: Қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған киіз үйдің тұрмыстық заттары ағаш керуерт,кебеже,сандық,кілем,сырмақ,алаша,бау,

басқұр,арқан,жіппен танысу

Жұмбақ

Қабырғасы тор көз,

Төбесінде зор көз.

(Кереге, Шаңырақ)

Тұмсығын тесіп,

Қазыққа байлады. (Уық )

«Қазақ халқының оюлары»дидактикалық ойын

Мақсаты:қазақ халқының оюлары туралы түсінік беру

Киіз үй

Атам менің айбынды,

Атам менің сүйікті.

Бір қойнауға шалғынды

Киіз үйін тігіпті.


Әрі жарық, әрі кең

Ақ сарайдай бұл бөлме

Жасауымен, сәнімен

Қызықтырар кіргенде.

«Тақия тастамақ» ойыны

Мақсаты:Киіз үй жабдықтарын ажырат алуға баулу


4.Сауат ашу негіздері

Дауыссыз дыбыстар

Мақсаты:

Суреттер бойынша заттардың атын ататып, сол сөздердегі дауыссыз дыбыстан басталатын дыбыстарды ажыратып айтуға дағдыландыру.

Міндеті: Сөздегі буындардың санын анықтау

Сөйлем сөздерден тұратынын білу

«Өз таңдауыңды жаса» ойын-жаттығуы

Мақсаты:суреттерден дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді тауып,буынға бөлдіру

«Ғ»дыбысын тап»дид.ойын

Мақсаты: Ғ дыбысы кездесетін сөздерді табу,сол сөздерді қатыстырып,сөйлем құрату

«Тыңда,орында» ойын –жаттығуы

Мақсаты:өлеңді тыңдай отырып,жаттығуды орындау

Қолдарын жазуға бейімдеу тапсырмаларын орындау



1.Дене шынықтыру.

Мұғалім жоспары бойынша



2.Музыка

Мұғалім жоспары бойынша


3.Сөйлеуді дамыту

Шаштараз

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Міндеті: Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу.

Жұмбақтар шешу

Ертемен күнде сен, Қолыңды сүйкесең,

Кетіп кір, ласың,

Тап-таза боласың.

Бұл не? (Сабын)

Шомылған баланы, Аймалап алады.

Сүйеді қолын да,

Сүртеді жанын да.

Бұл не? (Сүлгі)

Балаларға Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Шаштараз» өлеңін оқып беремін.

Шаштараз

Ұжымшарға жаңадан, Келген еді шаштараз.

Өзі сондай таза адам,

Өсіп кеткен шашқа араз.

Кім бөлмесе көңілін,

Өсті екен деп баста шаш. Салақ болса кімде-кім,

Соны ұнатпас шаштараз.

Ал ұқыпты баланы

Өте жақсы көреді.

Шашын сәндеп алады, Жұпар сеуіп береді.

«Сәйкестендір» дид.ойыны

Мақсаты:Шаштаразға керекті құралдарды сәйкестендіру

4.Көркем әдебиет

Менің ойыншықтарым

Мақсаты: Өлең жаттауда логикалық екпінді қолдануға баулу.

Міндеті:Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындау

Дидактикалық ойын:«Бұл қандай ойыншық?»

Мақсаты:баланың ойлау қабілетін дамыту, Балалар қоржынға қолын салып, көрмей, сипап сезу арқылы қандай ойыншық екенін табады

Менің ойыншықтарым

Жүрмейсің бе абайлап,

Болмасаңшы ұрыншақ.

Асыр салып көп ойнап, Ақсап қапсың,құлыншақ.

Ашытпайды көзіңді, Шомыла ғой,балақай! Қарашы енді өзіңе:

Аппақ болдың, алақай!

Түймең қалды үзіліп,

Неге қадап алмайсың?

Тұр ғой әне ине-жіп,

Неге ұқыпты болмайсың?




1.Математика негіздері

7 саны және цифры

Мақсаты1-ден 7-ге дейінгі цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету

Міндеті:7 цифрымен таныстыру

«Пирамида» дидактикалық ойыны

Мақсаты:Тәтті нанның санын7-ге дейін жеткізіп бояу,сәйкес пирамида санын бояу


«Фигуралар тізбегі»

Мақсаты:Фигуралар тізбегін бояу арқылы фигураларды,түстерді ажырату

«Ойлан!» логикалық тапсырма

Мақсаты:өзі тізбек ойлап,суретін салып,түсін сәйкестендіру арқылы логикалық ойлау қабылетін дамыту

2.Сауат ашу негіздері

Дауыссыз дыбыстар

Мақсаты: Дауыссыздарды қайталату арқылы естерінде сақтату.

Міндеті: Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру

«Түстерге сәйкестендір» дид.ойыны

Мақсаты :сөз соңындағы дыбысты анықтату,қызыл,көк түстерге сәйкестендіру

«Тыңда,орында» ойын –жаттығуы

Мақсаты:өлеңді тыңдай отырып,жаттығуды орындау

Қолдарын жазуға бейімдеу тапсырмаларын орындау

3.Қоршаған ортамен танысу

Ең жақын адамдар

Мақаты:. Отбасы және отбасы мүшелері туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеті: Туыстық байланыстарды түсіну (өз жұрты, атасы мен әжесі, жақын туыстары, нағашы жұрты), өзінің жеті атасын білу

«Менің анам қандай?» дид.ойыны

Мақсаты:Өз аналарын сөзбен суреттеу арқылы ,отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру

«Менің отбасым» тақырыбында фотокөрме ұйымдастыру

Мақсаты:Фотодан өз отбасы туралы әңгімелету


4.Шығармашылық

Көкөністер

Мақсаты:Көкөністердің адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру

Сурет салу:

Міндеті: Бейнелеу әдістерін (штрихтар, бояуларды араластырып, кляксография, жіппен және т. б.) қолдану.

Балалардың қалауы бойынша көкөністердің суретін салу,мүсіндеу,жапсыру,

құрастыру


Серуенге дайындық

Киімдерін ретпен киюге үйрету

Серуен

Емдік шөптерді бақылау


Мақсаты:

- Мектеп ауласында өсетін емдік шөптер туралы білімдерін бекіту;

  • Табиғатты қорғау және сақтауға деген ынталары мен іскерліктерін қалыптастыру

  • (экологиялық тәрбие беру)

Бақылау барысы:

Тәрбиеші балаларға алаңдағы емдік шөпке назар аударуларын сұрайды және сұрақтар қояды:

-- Қандай емдік өсімдіктерді білесіңдер?

Қалақайды неге емдік шөп дейміз? Ол арамшөп емес пе? Қалақайдың жапырақтарының пайдасы қандай? (онда К,С витаминдері бар, қан кетуді тоқтатады, шашты қатайтады.)

Қалақай жапырақтарын қай уақытта дайындайды? (шикізатты гүлдеген мезгілінде-маусымнан тамызға дейін дайындайды)

Итмұрын жемісі несімен бай? (А, Р, В, С Витаминдерімен. Алма және лимон қышқылдары бар;итмұрын жемісін күзге қарай жапырақтары түсін өзгерте бастаған, әбден піскен кезінде жинау керек).

  • Итмұрынды басқаша қалай атайды? (Иван-шәй)

  • Шәйқурайдың қандай пайдасы бар? (салқын тиюге қарсы және асқазан ауырғанда).

Шәйқұрайдың жапырақтары мен гүлдерін, маусым айында гүлдеген кезде дайындайды. Олар С витаминдеріне өте бай, асқазан ауырғанда ем болады. Әсіресе өте тәтті шәй бір ғана гүлдерінен алынады..

-- Жолжелкен (иманжапырақ). Оны кезкелген дала жолынан табуға болады. Оның салқын жапырағын аяқтың қажалған жеріне қоюға немесе жараланған саусаққа жапсыруға болады.Жолжелкен жапырақтарында А,К,С витаминдері бар және де жәндіктер шаққанда ауруды басуға, жараларды жазуға, қан тоқтатуға қолданылады. Жапырақтарды өсімдік гүлдеген мезгілде жинайды.

Табиғат аясында өзін ұстау ережелері:

  • Емдік өсімдіктерді жинағанда тек қана өздерің білетін, Қызыл кітапқа

енбегендерін жинау керек;

  • Өсімдікті тамырымен жұлуға болмайды;

  • Емдік өсімдіктерді көрсетілген мерзімде ғана жинау керек;;

  • Бір түп өсімдікті солайымен жұлып немесе кесіп алуға болмайды.


Зерттеу жұмысы: Өздеріне таныс емдік өсімдікті табу.


Еңбек: Тәрбиешімен бірге құлаған, сынған, құраған бұталарды жинау

Мақсаты: ұжыммен еңбек етуге ынтасын ояту.

Қ/О: «Қасқыр қақпан»

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, аңғарымпаздыққа баулу

Күз көрністерін бақылау

Мақсаты:

Күз туралы білімдерін молайту, күз көрністерін бақылауды жалғастыру.

(экологиялық тәрбие беру)

Бақылау барысы

Көркем сөз «КҮЗ» Қ . Ыдырысов

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Жап-жасыл тал мынау,

Сары шапан киіпті-ау

Айнала тұнжырап,

Қабағын аспан түйіпті-ау.

Тәрбиеші сұрақтары:

Қазір жылдың қай мезгілі?

Неге күз деп ойлайсыңдар?

Күзде ауа-райы қандай болады?

Тағы қандай табиғат өзгерістерін білесіңдер?


Зерттеу жұмысы

Жапырақтарды, өсімдіктерді, тастарды ұстар көру. Олар қолға тигенде қандай әсер (суық немесе ылғал) береді Неге? (өйткені күн салқын немесе жаңбыр)


Еңбек

Ойын алаңын тазалау

Мақсаты:

Еңбек тапсырмаларын орындауды үйрету;

Ұжыммен жұмыс істеуге баулу.

Қ/О:«Ормандағы соқпақтар».

Мақсаты: жағдайға байланысты қозғалыстарды түрлендіру.

Жеке жұмыс:

Жалпы дамыту жаттығулары

Мақсаты:жалпы дамыту жаттығуларына деген қызығушылықтарын арттыру, қалыпты жағдайларды, қозғалыстарды, қимылдарды түрлендіру,


Тастарды бақылау

Мақсаты: Тастардың өлі табиғат мүшесі екендігі жайлы түсініктерін молайту, олардың әртүрлілігі мен пайдасы туралы білім беру.

(экологиялық тәрбие беру)

Бақылау барысы

Балаларға сұрақтар.

Табиғат нешеге бөлінеді? Қандай-қандай?

Өлі табиғатқа нелер жатады?

- Тастардың қандай түрлері болады (үгілмелі, қатты)

Үгілмелі тастарды атаңдар? (бор, көмір, графит)

Қатты тастарды атаңдар?

Қандай таспен асфальтқа сурет салуға болады? (бормен)\

Неге? (ол жұмсақ, жұғады)

Көмір қандай тасқа жатады? (үгілмелі)

Көмір не үшін керек? (отынға)

Асыл тастар деген не? (қымбат тастар)

Қалай ойлайсыңдар, адамдар тастарды қолдана ма? Қай жерлерде? (асыл тастарды әшекей бұйымдарға, жәй тастарды құрлысқа т.б.)

Зерттеу жұмысы

Бор таспен қатты тасты салыстырып көру, ұру, сындыру (бор үгітіледі, тас сынбайды )

Еңбек

Ауладағы тастарды жинау және олардан композиция құрау.

Мақсаты:

Бірігіп жұмыс істеуге үйрету;

Шығармашылық қиялын дамыту.

Қ/О «Ұшты-ұшты».

Мақсаты:

Тәрбиешіні мұқият тыңдауға үйрету;

Жаттығу ойындары

Қозғалысты дамыту.

Мақсаты:допты нысанаға лақтыруға жаттықтыру

Балалармен асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салу «Күзгі табиғат»

Мақал-мәтел Асыл тастан шығады,

Ақыл жастан шығады.


Жапырақтардың түсуін бақылау

Мақсаты:табиғаттың мезгілге байланысты құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту;

бақылағандарын сөйлеу тілінде қолдану қабылеттерін қалыптастыру.

(экологиялық тәрбие беру)

Бақылау барысы

Көркем сөз

Күзгі жапырақтар. Қ. Шаңғытбаев

Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күн шуақта маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Үшты кенет жапырақ.

Тәрбиеші сұрақтары.

Барлық ағаштардың жапырақтарының түсі өзгерді ме?

Ағаштар мен бұталардың түстері жазда қандай еді?

Күздің келуімен олар қалай өзгерді?

Қайың жапырақтарының түсі қандай? (алтын-сары) шетеннің ше? (қызыл)

Бәрінен бұрын қай ағаштың жапырағы түсін өзгертеді? (қайың)

Жапырақтардың түсуі кезінде қай ағаштың жапырағы ұзақ уақыт сақталады? (қайыңда )

Тәрбиеші балаларға ағаш жапырақтарының жерге түсуін бақылауды ұсынады, сұрақтар қояды, өлеңді қайталайды

Жапырақтардың түсуінің қандай маңызы бар? (қысқы суыққа бейімделеді, аязда ағаштардың ауыр салмақтан сынуынан сақтайды, жапырақтармен бірге ағаш бойындағы керексіз заттар сыртқа шығады)

Барлық жапырақтар бірдей түсе ме? (жоқ)

Түскен жапырақтармен бірге ағаштар да өле ме? (жоқ)

Зерттеу жұмысы Қайың мен шетен т.б. ағаш жапырақтарын табу, олардан асфальтқа өрнек құру.

Еңбек

Алаңдағы жапырақтарды жинауға аула сыпырушыға көмектесу

Мақсаты:бірлесе жұмыс істеуге, мақсатқа жетуге баулу.

Қ/О: «Түлкі мен қояндар».

Мақсаты: жануарлар мінез-құлқын ажырата білу

Жаттығу ойындары: Қозғалысты дамыту.

Мақсаты:аяқ қозғалыстарын түрлендіре жаттығу жасау.

Гүлзарды бақылау

Мақсаты:

Табиғаттың жыл мезгілдеріне қарай өзгеруі туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру;

Гүлдер аттары мен бөліктерін есте сақтау (бұтақ, жапырақ, гүл, тамыр).

(экологиялық тәрбие беру)

Бақылау барысы

Көркем сөз

- Кешкілік пе, күндіз бе,

Өсіп тұрған гүлді үзбе.

Туған жерді далаға,

Тастай алмай жүрміз бе?

Жайнап өсіп далада,

Көздің жауын ала ма?

Бірде бірін жұлғызба,

Қасыңдағы балаға.

Тәрбиеші сұрақтары:.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Күзде өсімдіктер қандай қзгерістерге ұшырайды?

Мына гүлзардан не көріп тұрсыңдар?

Гүлзарда өсетін гүлдер қалай аталады?

Гүлдер көктемде қайта өсуі үшін не істеу керек?

Гүлдің өсуіне нелер көмектеседі?

Гүлдерді жұлуға бола ма?

Зерттеу жұмысы:

Гүлдерді салыстыру (гүлдер дің бір-бірінен айырмашылығы және ұқсастығы қандай).

Еңбек Әр қалтаға гүлдер дәнін жинап салу

Мақсаты: піскен, піспеген дәндерді ажырата білуге үйрету.

Қ/О: «Құстар қалай ұшады?».

Мақсаты: белгілі бағытқа жүкіруге жаттықтыру

Жаттығу ойындары Доппен жаттығу

Мақсаты: допты лақтыруға, қағып алуға жаттықтыру

Тыйым сөздер: Гүлді үзбе, көк шөпті баспа.

Серуеннен

Оралу


Балалардың киімдерін ретімен шешу


Балалармен жеке жұмыс

Бақболға сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету.

Альнұрға қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді анық айтуды үйрету

Аялаға суреттер бойынша әңгіме құрастырту

Айшаға түстерді ажыратауды бекіту

Парасатқа қаламды дұрыс ұстауды үйрету


Балалардыңдербес әрекеті

(баяуқимылды ойындар,

үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар

қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»

«Орамал тастамақ». Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.


«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»

Күн мен түн

Бұл ойын алаңда ойналады. Алан ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарам-қарсы екі жағынан әрбір бір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне “күн”, екіншісіне “түн” деп ат қойылады. Ойын жүргізуші топтың бірінің атын атайды. Мәселен; ойын жүргізуші “күн” деп дауыстаса, “түн” тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады. Ойынның мақсаты қарсыластар тобынан көп адам ұстау.


«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»

Алшы

Ойын басталар алдында әрбір ойыншы сақасын иіреді. Кейде барлық ойыншылырдың сақасын бір бала уыстап алып, жерге шашады. Кімнің сақасы алшы түссе, сол ойынды бірінші бастайды Ойынға қатысушылар әр ойыншы үш-төрт асық тігіп, кезегімен ата бастайды. Сақа мен асық иірген кезде бірдей жағымен түскен болса, асықты алып әрі қарай ата береді. Сақа алшысынан түсіп, асық басқаша жатса да, асықты алады. Сақа мен асықтың жатысы сәйкес болмаса, асықты алуға болмайды. Кезегін келесі ойыншыға береді. Осылайша жердегі асықтар таусылғанға дейін ойын жалғаса береді


«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы

Асық ату

Аумағы 2-3 қадамнан тұратын шеңбер сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үш асықтан тігеді. Сақасын иіру арқылы кезек алған ойыншылар 5-7 қадамдай жерде тұрып, тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады. Егер ойыншы бірде-бір асықты шеңбердің сыртына шығара алмаса, ойыннан шығады. Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде ойын қайта жалғасады.


«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»

«Сиқырлы таяқ » - қазақтың ұлттық ойыны.
Ойыншылар қол ұстасып, шеңбер бойына дөңгелене тұрады. Қолына таяқ ұстаған ойын жүргізуші шеңбер ортасына шығып, ойыншыларды нөмірлеп шығады да, ойын шартын жариялайды. Содан кейін кез келген бір ойыншының нөмірін атайды да, жерге тіреп тұрған таяқты жібере салады. Нөмірі аталған ойыншы таяқты жерге құлатпай алса, өз орнына барады, ал таяқты құлатып алса, айыбын тартады, ойыншылардың ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша, әр ойыншы ең аз дегенде, бір реттен ортаға шығарылады.

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.:

Апта бойы жасалған жұмыстар жайлы балалармен әңгімелесуге кеңес беру

«Үнемді тұтыну» – энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу.

(Біртұтас тәрбие.Экологиялық тәрбие беру)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2025
52
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі