400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Циклограмма аралас топ

Материал туралы қысқаша түсінік
3-4 жас топ циклограмма
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші:

Мерзімі: 04.09.-08.09.2023ж

Балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасы.

12 «Балеркем» бөбекжайы « » аралас тобы


Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

04.09.2023ж

Сейсенбі

05.09.2023ж

Сәрсенбі

06.09.2023ж

Бейсенбі

07.09.2023ж

Жұма

08.09.2023ж

Балаларды қабылдау

Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу.

Балалармен әңгіме:

Ортаңғы топ

«Менің көңіл-күйім» ойыны
Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек.
Не істер едің?
Тәрбиеші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? (Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)

Ересек топ

«Түсті таңда» ойыны

Мақсаты: балалардың назарын аудару арқылы, көңіл күйлерін көтеру

Балалардың өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру.

Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)

Ортаңғы топ

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Құлақ-мұрын» ойыны.
Балалар шеңбер  бойымен тұрады. Тәрбиеші: құлақ деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Тәрбиеші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.

Дене шынықтыру

Сөйлеуді дамыту


Ересек топ

Қимылды ойын «Ұшты-ұшты» Мақсаты: Балаларға әуеде ұшатын заттарды ажырата алуға үйрету. Қоршаған ортамен таныстыру


 Ортаңғы топ

«Өз орныңды тап» ойыны
Балалр қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

Дене шынықтыру

Көркем әдебиет



Ересек топ

Сюжеттік ойын «Мен дәрігер боламын»

Мақсаты: Балалар бір -бірімен ойнау арқылы өздерін дәрігер сезіне алады. Сөйлеуді дамыту

Ортаңғы топ

«Неге ұқсас» ойыны
Мақсаты: сенсорлық операцияларын , көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ойын мазмұны: үстел үстінде бірнеше жемістер мен көкөністердің бейнесі қойылады. Бала олардың қасиетін атап, неге ұқсас екенін айтады.

Математика негіздері

Дене шынықтыру


Ересек топ

Үстел-үсті ойын «Әдемі үйшік» Мақсаты:Балалар өз еріктерімен үйшікті құрастыра алады Құрастыру




Ортаңғы топ

«Доп» ойыны

Ойын барысы:ойынға 4-5 бала қатысады.Балалар жарты дөңгелекке тұрады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып : «Ит қалай үреді көрсетші?»

Дене шынықтыру

Көркем әдебиет


Ересек топ

Сюжеттік ойын «Шаштараз» Мақсаты:Балалар ойын арқылы шаш қиюшының еңбегін түсінеді. Көркем әдебиет

Ортаңғы топ

«Саусақ» жаттығуы

Бала, бала, балақай,

Қолсоғайық, алақай!

Бiр,екi,үшдепайтайық,

Саусақтардатартайық.

Жалқау бала болмайық,

Қолдықысып, ойнайық.

Сөйлеуді дамыту



Ересек топ

Дидактикалық ойын

«Сандар тізбегі» Мақсаты: Сандарды тура және кері санай білуге үйрету Математика негіздері

Таңертенгі жаттығу

Ертеңгілік жаттығу кешені №

Таңғы ас

 

Кезекшілердің еңбек әрекеті (ас ішу құралдарын, майлықтарды үстелге қою)

Нан туралы тақпақ

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып, қастерлеп

Торғайларға тастаңдар!

Мақсаты: Балаларға таңғы астың , нанның маңыздылығы жайлы айту, тамақты тауысып жеуге үйрету.

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, ас ішу құралдарын дұрыс ұстау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру,тамақ ішкенде сөйлемеу, тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Дидактикалық ойын: «Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта» 
Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар. 
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді. 
(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Дидактикалық ойын: «Үйдің есігін жабайық» 
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері. 
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну. 
(Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)

Дидактикалық ойын: «Үй құрылысының ретін көрсет» 
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі. 
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну. 

(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)

Дидактикалық ойын: «Дұрыс орналастыр» «Үйдің есігін жабайық» 

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері. 
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну. 
(сенсорика, қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Дидактикалық ойын: «Үстелге дейін астық жолы»

Мақсаты: балалардың нанды қалай өсіру және өндіру туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету.

Міндеттері:

Балалардың нан өсіру кезеңдерінің реттілігі туралы түсініктерін бекіту және жүйелеу.

Ересектердің еңбегіне құрмет көрсетуге тәрбиелеу;

(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру

Ортаңғы топ

Дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын ояту.


Ересек топ

Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру, тұрған қалыпта қолдарын арқасына апару; саусақтарын бүгіп, қолдарын айналдыра қимылдауды орындау.



Музыка

Ортаңғы топ

түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай алу дағдысын қалыптастыру


Ересек топ

Музыка тыңдау.

Әртүрлі сипаттағы, қарқындағы музыканы қабылдау, музыкаға деген өзіндік қатынасын, ол туралы пікірін айту;


Дене шынықтыру

Ортаңғы топ

Негізгі қимыл түрлері:жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу еңбектеу мен өрмелеуді орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.



Ересек топ

Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру, тұрған қалыпта қолдарын арқасына апару; саусақтарын бүгіп, қолдарын айналдыра қимылдауды орындау.


Музыка

Ортаңғы топ

түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай алу дағдысын қалыптастыру


Ересек топ

Музыка тыңдау.

Әртүрлі сипаттағы, қарқындағы музыканы қабылдау, музыкаға деген өзіндік қатынасын, ол туралы пікірін айту;


Дене шынықтыру

Ортаңғы топ

Мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.


Ересек топ

Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру, тұрған қалыпта қолдарын арқасына апару; саусақтарын бүгіп, қолдарын айналдыра қимылдауды орындау.




Ұйымдастырылған іс-әрекеттер

Ортаңғы топ

«Күз»

Мақсаты: балаларды сурет бойынша әңгіме құрастыра білуге үйретуді жалғастыру. Тақпақты мәнерін келтіріп айтуға үйрету.Желімсіз жапсыруды дұрыс орналастыруға дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

«Күз»

Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.

Тіл ұстарту:

Ұз-ұз-ұз, жылтыраған мұз,

Ла-ла-ла, мен жасаймын аққала

(Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, жапсыру)

Күтілетін нәтиже:

сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) қайталап айтады;

жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) біледі.


Ересек топ

«Күз мезгілі»

Мақсаты:

Өлі табиғат заттарының қасиеттерін (су, құм, тас және т.б.) ойын арқылы түсіну (суды құю, төгу, шашу, құмды салу, шашу, жинау, мүсіндеу, тасты жинау, қалау және т.б.).

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Күтілетін нәтижелер:

табиғиматериалдардыңқасиеттері туралы түсініктері бар;

Үлгі бойынша дайын суреттегі шананы бояту

Сурет салу

Ермексазды қолдана отырып, төртбұрыш пішінінде шананы мүсіндеу.

Мүсіндеу

Ортаңғы топ

Сөздік ойыны
1-нұсқа.
Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды.
Күзде жаңбыр жауады, ал қыста...(қар жауады).
Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде...(жапырақтар түседі).
2-нұсқа. (көлем туралы).
Бұта аласа, ал ағаш...(биік).
Бұлақ тар, өзен...(кең).
Тәулік бөліктері туралы.
- Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал... түскі ас ішеміз.
- Біз кешке тамақ ішеміз, ал... жаттығу жасаймыз.
- Түнде біз ұйықтаймыз, ал... серуендейміз.
- Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз.
- Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды...көреміз.
(Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Ересек топ

«Көңілді ойындар» 
Мақсаты:Балаларға сезім дамыту оқу іс - әрекеті бойынша өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту. Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажыратып білуге үйрету.

(Математика)

Күтілетін нәтиже:

заттардыңкөлемін,түсін жәнепішінінбілдіретінсөздерді түсінеді.

«Аққала соққан балалар»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
43 ұстаз жүктеп алған
20.09.2023
2194
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі