70% арзан
30% арзан

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
циклограмма МАД наурыз 2-апта
ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ
Білім беру ұйымы:
Тобы: мектепалды даярлық тобы
Балалардың жасы: 5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл наурыз айы, (10-14 аралығы) 2-апта
Күн тәртібінің үлгісі |
Дүйсенбі 10.03. |
Сейсенбі 11.03. |
Сәрсенбі 12.03. |
Бейсенбі 13.03. |
Жұма 14.03. |
|
Наурыз: «Тәуелсіздік және отаншылдық» айы. Апта дәйексөзі: «Менің туған өлкем‑ Табиғаты қандай көркем» |
||||
Балаларды қабылдау |
Балаларды таңғы сүзгіден өткізіп, көтеріңкі көңіл күймен қабылдау. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту. Балаларға ыңғайлы жағдай жасай отырып, қызығушылығын арттыру үшін жеке ойын ұйымдастыру. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуге машықтандыру. Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге әдеттендіру (Сөйлеуді дамыту, танымдық әрекет) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру. |
||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру |
Өнегелі 15 минут. Әңгімелесу балалардың жеке ерекшеліктері туралы сұхбаттасу. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз. Қауіпсіздік ережелері. Еріген мұздардан, ағын сулардан сақ болу жолдарын көрсету. |
||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау тағы басқа әрекеттер) |
|
(Математика негізде рі, құрастыру) «Бір сөзбен ата» Мақсаты: заттардың ортақ белгісі бойынша топтастыруды және жалпылауыш сөзбен атауды үйрету. |
(Математика) Д/о: «Цифрды оның бөліктері арқылы таны» Мақсаты: цифрларды айыра білу және олар ды атау машығын дамыту. |
(Сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) Д/о: «Дұрыс айт» Мақсаты: көрсетілген заттарды дұрыс атап, берілген дыбысты қатесіз дыбыстай білу. |
(Жапсыру, құрастыру) «Әжемде қонақта» Мақсаты: балаларға ою өрнектерді үйлесімді қойып, сырмақты жасауды үйрету (Біртұтас тәрбие) |
Таңертенгі жаттығу |
№15 комплекс мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты ояту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу (Музыка, дене тәрбиесі, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті) |
||||
Таңғы ас |
Үнемді тұтыну. Балалар қолдарын тамақтың алдында сабынды дұрыс қолданып өз бетінше жууға, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге, орамалды орнына ілуді үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету (мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту) |
||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық |
|
Д/о: «Қанша болса сонша. Қандай сан болса, сонша қимыл көрсету.» |
Нақыл сөздер айту. «Ұлттық дәстүр-асыл мұра» (Біртұтас тәрбие) |
Ұлттық ойын ұлт қазынасы. «Үш асық» ойыны. Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту. |
Наурыз мерекесі туралы суреттер қарау. |
Кестеге сай ұйымдастырылған іс-әрекет |
Сауат ашу негіздері Д/о: «Жануарлар қалай дыбыстайды?» Мақсаты: өздеріне айтқызу арқылы кей дыбыстардың жіңішке, кей дыбыстардың жуан айтылатынын түсіндіру. Саусақ жаттығуы Саны болар оншақты Шашып алдым моншақты. Шымшып, теріп аламын, Қорабына саламын. Математика негіздері «Біз тапқыр балалар». Мақсаты:Балалардың зейіні мен байқампаз- дығын дамыту. Сан туралы түсінігін молайту. Тура,кері,жұп, тақ сандармен санау. Қоршаған әлеммен танысу Қазақстан халқының ұлттық ойындары. Мақсаты: ҚР аумағын да өмір сүретін ұлт өкілдері атауларын бекіту. Түрлі халық тың екі-үш ойынын үйрету.Қазақтың ұлт тық ойындары туралы түсінікті бекіту. Біздің Президентіміз дің Қазақстан аумағын да тұратын халықтар бірлігіне үлкен көңіл бөлетіні туралы әңгіме леу. Мемлекет күші біздің республикамыз да тұратын бүкіл ұлт тың бірлігінен, келісі мі мен өзара түсіністі гінен көрінеді. Бізбен қатар өмір сүретін адамдардың мәдение тін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін барлығы да сыйлауы қажет. Түрлі ұлттық костюм дерді қарастыру. Түрлі ұлттардың ұлттық ойындарымен танысу. Музыка (маман жоспарымен) |
Дене тәрбиесі 1.Гимнастикалық орындық бойымен ішпен еңбектеу. 2.Отыру қалпында допты бастан асыра лақтыру. 3.Кеудеден қос қолымен допты тордың үстінен лақтыру. 4.Қ/о: «Қарлығаш» Сауат ашу негіздері «Сыбызғы туралы ертегі»О.Еркеғұлова Мақсаты: Ертегінің идеясын түсіне білуге, естігендерінен алған әсерлерімен бөлісуге үйрету. Балалардың құстар туралы таным- дарын кеңейту. Қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көркем әдебиет О.Еркеғұлова «Күн құсы» туралы ертегі Мақсаты: зейін қоя тыңдауға, мазмұнын айтуға, алған әсерлері мен бөлісуге үйрету. Байқағыштықты, шығармашылық қабіле терді дамыту. Туған өлкенің табиғатына қамқор болуға тәрбиелеу. Ертегіні оқу. Мазмұны бойынша әңгімелесу. Д/о: «Кім үлкен?» Мақсаты: маусымдық белгілер туралы түсінікті бекіту. Қазақ тілі «Көктем» Мақсаты: Балалар- дың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байы-тумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлға-да жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, бе-рілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету. Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу. Көктем мезгілін бейнелеген бірнеше суреттерді іліп, балалардан жылдың қай мезгілі екенін анықтату. Д/о: «»Қазақтың ұлттық киімдері Мақсаты: балаларға қазақтың ұлттық киімі туралы түсінік беру, оларды қазақ тілінде дұрыс атауға үйрету; ұлттық киімдердің әдемілігіне назарла рын аудару арқылы эстетикалық тәрбие беру. Балаларды қуыршақ Айсұлудың үстіндегі ұлттық киімдермен таныстыру «көйлек, сәукеле, камзол». Фонетикалық жаттығу Қи,қи,қи-тақия Әу,әу,әу-сәукеле |
Сөйлеуді дамыту «Наурыз- көктем мерекесі» Мақсаты:наурыз мерекесі туралы білім беру.Наурыз мерекесін өткізу дәстүрлерімен таныстыру.Қазақтың ұлттық тағамдары туралы білімдерін кеңейту. Ойындар арқылы сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту. Халқымыздың салт- дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынай лыққа адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ата-бабамыздың сөзімен айтсақ ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күні барлық салт- дәстүрлер көрсетіледі. Салт-дәстүрлерге мыналар жатады: бесікке салу,тұсау кесу, ат қою, шілдеха на т.б. Қазақтың ұлттық ойындарына: қыз қуу, асық ату, көкпар, аударыспақ, күрес, арқан тарту т.б. Наурыз мерекесінде дастарханымыз ұлттық тағамдарға толады. Қоршаған әлеммен танысу «Наурыз жыл басы» Мақсаты: Неге «Наурыз жыл басы» екенін түсіндіру. Көктем шуағы мол, адам баласына мол ырыс-құт әкелетін мезгіл.Көктемде мал төлдеп, адамның аузы аққа тиетін, жерге егін егіліп, диқаншылар- дың жүздеріне шуақ кіретін, үлкен-кіші шаттанып қуанатын мезгіл. Бұл мезгілде аспандағы күннің шуағы молайып, жердегі қарды ерітіп, жер дүр сілкініп, көгере бастайды. Міне, осындай керемет көктемді мұсылман халықтары «жыл басы» Қазақ тілі Көктемгі мерекелер Мақсаты: көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні, 8 наурыз және 22-ші наурыз күндері туралы айту. Музыка (маман жоспарымен) |
Дене тәрбиесі 1.Жүру, жүгіру. 2.Жоғары секіріп, ілулі тұрған шарға қолын тигізу. 3.1-2 метр арақашық тыққа қойылған текшелерден аттап жүру. (2-3 рет) Қ/О: «Мені қуып жет» 4.Тыныс алу жаттығулары Сауат ашу негіздері «Дыбыстық талдау» Міндеті:Дыбысты талдау жасату арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы ал-ған білімдерін естері-не түсіру. Дауысты және дауыссыз ды-быстарды сәйкес қы-зыл, көк түстермен белгілей алу қабілет-терін дамыту. Тыңғы-лықты жұмыс істеуге, еңбекқорлыққа тәр-биелеу «Жалауша» дидактикалық ойын-жаттығуы Педагог дыбыстар айтады. Егер дыбыс дауысты болса, балалар қызыл жалаушаны, егер ды-быс дауыссыз болса, көк жалаушаны желбі-ретеді. Балаларға сөз-ге дыбыстық талдау жасауды жалғастыру. 1. Ең бірінші берілген сөзді білуіміз керек. 2. Сөзде неше буын, неше дыбыс бар екенін анықтауымыз керек. 3. Сөздегі ды-быстардың дауысты, дауыссыз екенін анықтау. Дәптермен жұмыс. Көркем әдебиет «Жаман» әңгімесі В.Осеева Мақсаты: жақсы мен жаманның мағынасын түсіндіру; әңгіменің мазмұнын айтуға үй-рету; жаман істерден аулақ болуға тәрбие-леу; балалардың сөз-дік қорын дамыту. Д/о: «Жақсы-жаман» Жақсы-жаман істерді бейнелейтін іс-әрекет тер бейнеленген сурет терді көрсетеді: *ағаштың бұтағын сындырып жатқан бала; *құстың ұясын бұзған бала; Математика «Тақ сандар мен жұп сандар» Мақсаты:Балаларды тақ сандармен және жұп сандармен санау-ға үйрету, сандардың орналасу реті туралы түсініктерін қалыптас-тыру, саусақ қимылы икемділігін, ойлау қа-білетін, зейінін дам-у. Д/о: «Қанша?» Мақсаты: заттарды санауға үйрету. Салыс тыру арқылы «артық», «кем» «сонша» деген математикалық тер мин сөздердің түсіні гін қалыптастыру. |
|
Серуенге дайындық |
Еңбегі адал жас өрен. Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру |
||||
Серуен |
|
Сүңгілерді бақылау Еңбегі адал жас өрен Аула сыпырушыға қар жинасуға көмектесу. Балаларды салыстыру ға үйрету; қай жердің қарын күреу қиындау-майлы қар немесе борпылдақ қар. Өз еңбегінің нәтижесіне қанағаттана білу сезі мін қалыптастыру. Еңбектенуге деген құш тарлықты тәрбиелеу. Тапсырма 1. «Шелекке қанша су жиналады?» Шелекті далаға бірне ше күнге қойып, төбе ден аққан судың мөл шерін анықтау. Қорытынды. Су біртін деп көбейеді, яғни, қар күннен-күнге тез ериді Тәжірибе. Мұздақтар дың астына шелек қойып, күн мол түсетін және күн түспейтін тұстарын бақылап, қай тұста шелек тез толды? Қорытынды. Жарық жақтарымен таныс-тыру. Мұздақтардың ұзару себебін түсіндіру. Тапсырма 2. Әртүрлі ауа райындағы тамшыны тыңдау. |
Өзендегі мұздың еруін бақылау Көктемде күн қызуын мол шашып, күн жылы на бастайтынын түсін діру. Өзен мен көлдер де сең жүре бастайды. Балалармен мұздағы жарықтардың пайда болуын қарау. Мұз ластанады, өйткені жағадағы сулар жылға лар арқылы құйыла бастайды. Мұз үстімен адамдар жүрмейді. Табиғат құбылыстары на деген байқампаздық пен қызығушылықты дамыту. Өз беттерінше қорытынды жасап, сөздік қорды байыту. Болжам. Егер көктемде су деңгейі көтерілмесе, жаз ыстық болады. Тақпақ «Көктемгі су» Қаусатып қар боранды Сарқырады бұлақтар Көктем қайтып оралды Құлпырады сай қырат Таулар тастап ақ тонын Сағым ойнап, көзді алып Көк торғынға оранды Жақын тартты жырақтар |
Өзендегі мұздың еруін бақылау Қимылды ойын: «Өзенге, жағаға» Белгі бойынша қате леспей әрекет жасау ды үйретуді жалғасты ру (бастаушы бұйрық береді, бірақ өзі бөтен қимылдар жасайды). Өзенге секіру, жағаға секіру (жерде бір-бірі не қарама-қарсы сызықтар). Еңбегі адал жас өрен Балықтарға күтім жасау. Аквариумдағы судың тазалығын қадағалау. Ондағы шөптер мен судың жағдайын қарап, күтім жасау. Балықтарды күтуге деген ықыласты дамыту Дидактикалық/о: «Алдымен не содан соң ше?» Көктемде болатын құбылыстардың логикалық тізбегін бекітуді үйрету (күн қызуын мол шашады, қар мен мұз ери бастайды т.с.с) |
Сүңгілерді бақылау Балалармен бірге сүңгілерді қарау. Сүң гілердің пішіні, көлемі әр түрлі болатынын атап өту. Олардың пайда болуын түсінді ру (қар ериді, су там шылайды, бірақ үнемі бірдей,жылы емес; күн суық болғанда су тамшылары қатады, мұздақ төмен қарай өседі). Балалардың көктемгі құбылысы жайында түсінігін кеңейту. Жұмбақ Отқа жанбайды, Суға батпайды. (мұз) Болжам Сүңгілер ұзын болса- көктем ұзақ болады. Қ/о: «Үйсіз қоян» Алаңда жалғыз аяқпен секіре білуді бекіту; белгі бойынша үйлер ге кіру.(шеңбер үйлер) Бірақ бір ойыншыға үй жетпейді, ол ойын бастаушы болып қала ды. Кеңістікті бағдар лай білуге үйрету |
Серуеннен оралу |
Үнемді тұтыну. балалар қолдарын тамақтың алдында өз бетінше жууға, энергия, су, сабынды үнемдеуге, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу: А.Меңжанова «Тазалықтың досы» ойыны, мақсаты: көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуге үйртеу, Б. Кірібаев «Сабын жыры» М.Әлімбева «Бұл не?» салауатты өмір салты» және оны ұстану туралы алғашқы түсініктер беру (Көркем әдебиет, Сөйлеуді дамыту) |
Түскі ас |
қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу үйрету, мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту. «Он саусақ» үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды (мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету) |
||||
Күндізгі ұйқы |
Ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қоюға үйрету, досының шешінбегенін байқауға және оған көмегін ұсынуға баулу.«Әжемнің ерегісі» ертегіні мұқият тыңдауға машықтандыру |
||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары |
Балалар төсекте жатып, бастарын оңға, солға бұрады. Төсекте жатып, қолды екі жаққа созу, жұдырықтап жұму. Төсекте жатып, велосипед тебу. Қолтырауын болып, бір қырынан төсек үстінде аяқ-қолды созу. Төсекте отырып, бір-біріне қарап сәлемдесу. |
||||
Бесін ас |
мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту, ұқыпты тамақтану дағдыларын жетілдіру (Қоршаған әлеммен танысу, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру) |
||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстелүсті ойындары, бей нелеу әрекеті, кітап тар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
|
«Смарт бала» жобасы «Балабақшадағы ойын алаңы» Мақсаты: Құрылыс материалдарынан (конструктордан) өз қалаулары бойынша ойын алаңын құрастыра білу, зерттеушілік қабілетін дамыту.
|
«Атқа мінгізу» ұлт тық салт-дәстүрі. Мақсаты: қазақтың салт-дәстүрі «Атқа мінгізу» туралы түсінік беру. Мақал-мәтелдер 1.Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. 2.Ата –балаға сыншы. 3.Атадан бала туар, атасының жолын қуар (Біртұтас тәрбие) |
Үстел үсті ойыны: «Сүт,ұн,ет тағамдары» Мақсаты: балаларды тағамдар түрін толықтай айыра алуға оны атай алуға баулу. «Біртұтас тәрбие» |
Дидактикалық ойын: «Қай ай екенін тап» Мақсаты: берілген белгілері бойынша көктем айын анықтау ды үйрету. |
Балалармен жеке жұмыс |
|
Кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру ді үйрету мақсатында баламен жеке жұмыс. (Көркем әдебиет) |
Дыбыстардың белгіле рін ажыратуды (дауыс ты/дауыссыз) меңгер-туді баламен жалғас- тыру. (Сауат ашу негіздері) |
Заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыру ды үйрену. (Математика) |
Біртекті заттардан сюжеттер құрастыру ды, бірнеше пішінді бір тұғырға орналас тыруды балаға меңгерту (Мүсіндеу) |
Серуенге дайындық, серуен |
Еңбегі адал жас өрен. «Кім жылдам» ойыны мақсаты: өзін ретке келтіруге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге баулу |
||||
Серуен |
|
«Бұлақ» ойыны Мақсаты: балалардың зейінін, белгіге жауап қайтару шапшаңдығын дамыту. |
Қ/о: «Алтын күн» Мақсаты: жүгіру дағдысын дамыту. |
Қ.ұ.о. «Кім күшті» Мақсаты: балалардың күш-қуаты мен ептілі гін дамыту. |
Қ/о: «Жіп» Мақсаты: зейінді, секі ре білу дағдысын дамыту. |
Үйге қайту |
Өнегелі15 минут. Ата аналармен балалардың көңіл күйі, даму деңгейі, баланың жеке қызығушылығы туралы әңгімелесу, балаларға дұрыс ойын таңдай білуге кеңес беру |

