Циклограмма орта топ наурыз 2-апта. 2025

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Циклограмма орта топ наурыз 2-апта. 2025

Материал туралы қысқаша түсінік
Циклограмма ортаңғы топқа наурыз айына 2-аптаға арналған. Біртұтас тәрбие мен үлгілік оқу бағдарламасы кіріктіріліп жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы:

Тобы: ортаңғы топ

Балалардың жасы: 3 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 10-14 наурыз 2025 жыл 2-апта


Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

10.03.2025 ж

Сейсенбі

11.03.2025 ж

Сәрсенбі

12.03.2025 ж

Бейсенбі

13.03.2025 ж

Жұма

14.03.2025 ж


Наурыз: «Тәуелсіздік және отаншылдық» айы. Апта дәйексөзі: «Менің туған өлкем‑табиғаты қандай көркем »

Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен әңгімелесу,кеңес беру

Өнегелі 15 минут Балалардың балабақшадағы тәртібі жайлы, үйде ата‑анасымен уақытты тиімді өткізу туралы әңгімелесу. Қауіпсіздік ережелері: Баланың үйдегі ток көздерінен аулақ ойнауына ықпал етуге кеңес беру.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)



"Еңбекке баулу"

Міндеті. Үстел үстіне ыдыс-аяқтарды, нан салатын ыдысты, шыны аяқтарды, шұңғыл табақты, майлық салатын ыдыстарды, тамақ ішу жабдықтарын: қасық, шанышқы, пышақты қойып шығу іскерліктерін дамыту..



"Әдемі кілемшелер" дидактикалық ойыны.

Міндеті: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін үрдістерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

(математика негіздері)


«Ою өрнектер»

Міндеті: Балаларға ою-өрнек туралы түсінік беру.

Құрастыруға үйрету.

Құрастыру

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

"Киіз үйді құрастыр" дидактикалық ойыны.

Міндеті: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, қағаз қиындыларынан киіз үйді құрастыру.

Педагог:

- Балалар, қазір біз "Киіз үйді құрастыр" дидактикалық ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: алдарыңда киіз үйді құрастыратын қиындылар бар. Мен ретімен киіз бөліктерін атап отырамын, сендер ойланбастан сол бөлікті тез алып, қағаз бетіне қойып, құрастырып шығасыңдар. Кідіріп қалған жұмыстар есепке алынбайды. Педагог балалармен бірге ойынды қадағалап отырады, соңында жақсы ойнаған балаларға киіз үй бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.

(жапсыру)

Ұлттық ойын. Хан алшы

«Хан алшы» ─ қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі асық ойынының бір түрі. Ойынға 5 немесе 10 бала қатысады. Көп асықтың ең ірісі қызыл түске боялады. Бұл асық «Хан асығы» болып саналады. Асықтар тізіп қойған соң, ойын бастаушы «Хан асығымен» оларды көздеп, құлатады. Құлаған асықтарды жинап алады. Егер «Хан асығы» бүк, шік, тайқы қалыптарымен түссе, ойын бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді.

Егер ойын бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса, онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең соңында,

«Хан асығы» кімнің қасында қалса, сол бала жеңіске жетеді. Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.

(дене тәрбиесі)

Саусақ жаттығуы. "Бір-бір кесе алайық".

Міндеті. Балаларды көркем сөзді айтып, білгілі қимылдарды жасауға үйрету; дыбыстық тіл мәдениетін дамыту; қуанышқа бөленуге баулу.

- Дастархан дайын болса, (алақандарды өзара уқалау)

Қонақтарға жайылса. (шапалақтау)

Бір-бір кесе алайық, (екі алақанды қырынан қосып, кесе ұқсас пішінді құру)

Суыды ма, қарайық. (жасанды кесе ішіне, алақандардың ішкі жағына үрлеу)

(сөйлеуді дамыту, дене тәрбиесі)

Таңертенгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары.

1. Бастапқы қалып: негізгі тұрыс.

1.1. Екі жаққа созылған қолдарды жоғары көтеру-қолдарды түсіру.

2. Бастапқы қалып: қолды кеуде тұсында бүгіп ұстап, етпетімен жату.

2.1. Қолдарын алға созып, қарағай бүршіктерін нұсқаушыға көрсету; алға тік қарап, қарағай бүршіктерін иыққа қою.

Дененің жоғарғы бөлігін қатты имеуге тырысу керек.

3. Бастапқы қалып: қолды екі жанға қойып, шалқадан жату. Қол мен аяқты бір уақытта көтеру, қолды тобыққа тигізу.

3.1 Бастапқы қалыпқа оралу.

4. Бастапқы қалып: негізгі тұрыс.

4.1. Қарағай бүршіктерін ұстап, бір орында тұрып секіру. Баяу жүру.

(дене тәрбиесі)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар Үнемді тұтыну

Міндеті. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Құралдар: сабын.

Көркем сөз

Сиқырлы ғой қасығым,

Жылдам жеймін асымды.

Міне тамақ, міне шай,

Тым асықпай, жеші жәй.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Шаттық шеңбері

Міндетіі. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетені мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып көрінер.

(сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер


Музыка

"Көктем келді, алақай!"

Міндеті. Балалардың әнді орындау кезінде оның сипатын ажырата білу қабілетін қалыптастыру; әнді топпен орындау дағдыларына жаттықтыру; музыка әуенімен бірге би қимылдарын және адым жаттығуларын үйлесімді орындауға үйрету; музыкалық аспапта (қасықпен) ойнау қабілеті мен дыбысты есту қабілетін дамыту.

Дене тәрбиесі

"Наурыз құтты болсын!"

Міндеті. Балаларда тізені биікке көтере отырып жүру дағдыларын дамыту; арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру; гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларын жетілдіру


Қазақ тілі «Үйдің көркі не?». Жиһаздар. Міндеті. Қазақстан, оның астанасы - Астана қаласы жайында қазақ тіліндегі мәтінді тыңдауды үйрету, жиһаздардың атауларын атап, не үшін қажет екенін түсінуді үйрету, сұрақтарға дұрыс жауап беру немесе сөйлеудің дұрыс үлгілерін қайталау арқылы диалогқа түсу қабілеттерін дамыту.

Дене тәрбиесі

"Наурыз келді, алақай!"

Міндеті. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін жетілдіру; шеңбер бойымен бір-бірінің қолынан ұстап жүгіруге үйрету; 4-6 м қашықтыққа тура бағытта еңбектеуге үйрету.

Серуенге дайындық

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Серуен


Теректің бүршігін бақылау. (қоршаған әлеммен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: учаскедегі ағаштармен танысуды жалғастыру; бүршік жапырақтың үйі деген түсінік қалыптастыру.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (бұтақтар мен ескі жапырақтарды жинау). (еңбек іс-әрекеті)

Міндеті: бірлесіп жұмыс істеуге деген ұмтылысты насихаттау, бір-бірімен сөйлесу қуанышын сезіну.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Жүгіріп секір", "Кім жол бойымен жылдам жүгіреді?" (дене тәрбиесі)

Міндеті: ұшу кезінде жақсы секіру техникасына қол жеткізу.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: бөренемен жүру техникасын жетілдіру. (дене тәрбиесі)

Міндеті: бөренемен жүру кезінде тепе-теңдік дағдыларын бекіту.

Көктемде қайың ағаштарын бақылау. (қоршаған әлеммен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: ағаштардың көктемде тіршілік ету ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру; өсімдіктерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: "Табиғаттың жас көмекшілері" операциясы. (еңбекке баулу)

Міндеті: байқау қабілетін дамыту, тіршілік иелеріне қолайлы жағдай жасауға ұмтылу, табиғаттағы мінез-құлық ережелерін сақтау.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Айна", "Күн мен түн". (дене тәрбиесі)

Міндеті: қимылдардың көркемдігі мен мәнерлілігін дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту: "Дорба". (дене тәрбиесі)

Міндеті: екі аяқпен секіру іскерліктерін жетілдіру.

Көктем кезіндегі аспанды бақылау. (қоршаған әлеммен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: балаларды аспанның түсіне, бұлттардың өзгеруіне, күннің көкжиектен жоғары орналасуына байланысты көктем белгілерін байқауға үйрету.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (балаларға аймақты қардан тазартуға көмектесу). (еңбек дағдылары)

Міндеті: қамқор болуға, достыққа тәрбиелеу.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Біз көңілді балалармыз". (дене тәрбиесі)

Міндеті: ойын ережелерін бекіту, ептілік жылдамдығын дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту: "Ең жылдам". (дене тәрбиесі)

Міндеті: жылдам жүгіру кезінде жаттығу; ептілікті, физикалық қасиеттерді дамыту.

Құрылыс жабдықтарын бақылау. (қоршаған әлеммен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: құрылыстың әртүрлі кезеңдеріндегі технологияның рөлі туралы, құрылысшы мамандығы туралы білімдерін бекіту және кеңейту; ересектердің еңбегіне құрмет сезімін дамыту.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (ересектерге ағаш отырғызуға көмектесу (ағашты ұстау, отырғызғаннан кейін суару). (еңбек дағдылары)

Міндеті: еңбекке және табиғатқа құрметпен қараудың үлгісін көрсету.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Ормандағы аю", "Лақтырып, ұстап ал". (дене тәрбиесі)

Міндеті: белгі бойынша жылдам қозғалу қабілетін бекіту; қозғалысты жақсарту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: бөренемен жүру.

Міндеті: тепе-теңдікті сақтау қабілетін бекіту.

(дене тәрбиесі)

Серуеннен оралу

Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Түскі ас

Гигиеналық дағдылар

Міндеті. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды, суды, энергияны үнемдеуді үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Құралдар: сабын.

Көркем сөз

Сиқырлы ғой қасығым,

Жылдам жеймін асымды.

Міне тамақ, міне шай,

Тым асықпай, жеші жәй.

Салт-дәстүр. Наурыз көже

Ұлыстың ұлы күні әр үйде пісірілетін жеті дәмнен тұратын қасиетті әрі дәстүрлі көже. Бұл көжеден барлық адам ауыз тиюге тиіс және оны әр үй дайындайды.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Күндізгі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай туғызу. Аудио ертегі, «әлди‑әлди» әнін тыңдату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Қайық жаттығуы (ішпен жату, қолдар иектің астында, жоғары тартылып, еңкею, тербелу).

Жалпақтабандықтың алдын алу Міндетінда денсаулық жолдарымен жүру.

Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, дене тәрбиесі)

Бесін ас

Алдына қойған асқа назар аударту; дастарқан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)


«Смарт бала» жобасы


Құрастырудан ойын-жаттығу

"Үй салайық".

Міндеті. Балаларға кірпіштерді еден қалпында жатқан екі қос білеудің үш жағы бойына тігінен қойып, қабырғаларды қалап, үстінен екі призмамен, шатырмен жауып, үй құрастыруға үйрету; құрастыру барысын, құрылыс материалдарының қалпын үнемі түзеп отыруға бейімдеу.


"Дастарқанды жаямыз" дидактикалық ойыны.

Міндеті: балаларға үстелге қойылатын ыдыстар мен азық-түліктерді атап айтқызу, қонақ күту дәстүрімен таныстыру.

Барысы: балалардың алдында дастарқанды жаю тәртібі көрсетіледі. Бір бала шақырылып педагогтің тапсырмасын орындайды. Кезекпен дастарқанға қойылған ыдыстар аталып, қажеті анықталады.

(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)



"Қонақ күтеміз" сөздік жаттығуы.

- Мінекей, қонақтар келіп қалыпты. Олар сендерге шашу сыйлайды.

Кәмпиттен шашу жасау.

Балалар кәмпиттерді теріп алғаннан кейін, орындарына отырады.

- Ал, қонақтар, мерекелі дастарханнан дәм татып, шай ішіңдер! (шай құюды көрсету)

- Балалар, мен Данаға: "Дана, бауырсақ же" - деп ұсынамын.

- Салтанат, сен қонжыққа не дейсің? "Қонжық, шелпек же! Ас болсын!"

- Іңкәр (Батыр, Жомарт), Данаға (қонаққа) сен не дейсің? Дұрыс, шай іш (бауырсақ же).

(сөйлеуді дамыту)

Қоршаған әлеммен таныстырудан ойын-жаттығу

"Наурыз гүлдері".

Міндеті. Балалардың наурыз гүлдерін бақылай отырып, олардың қар астынан пайда болатын ерекше белгілерін қабылдау барысында қарапайым тәжірибе және зерттеу дағдылары мен қызығушылықтарын, ойлауы мен тілін дамыту. Наурыз гүлдері туралы білімдерін қалыптастыру.


(Экологиялық тәрбие «Біз зерттеушіміз»)

Балалармен жеке жұмыс


"Әдептілік" тақпағын айтқызу.

Міндеті. Бала тілін дамыту.

"Әдептілік" (Өмірбай Өмірзақов).

Рұқсатсыз бақшаға,

Бақыт тіпті бармайды.

Көрнеу қойған ақшаға,

Суық қолын салмайды.


Айтқан ақыл өзінің

Есінен бір кетпейді.

Жолда үлкен кісінің

Алдын орап өтпейді.

(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

"Биші" тақпағын айтқызу.

Міндеті. Бала тілін дамыту.

"Биші" (Тоқбай Исабеков).

Биле, Алмашжан, билеші,

Әжең көріп, жасарсын.

Билей берсең күнде осы,

Шара апаңнан асарсың.

(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

"Судың қасиеттерін ата" дидактикалық ойыны.

Міндеті: судың қасиеттері жайлы білімдерін толықтыру.

- Балалар, қазір біз "Судың қасиеттерін ата" дидактикалық ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты мынадай: мен "Су" дегенде судың қасиеттерінің біреуін орындарыңнан тұрып айтасыңдар. Екі топқа бөлініп, жауап беруге дайындалыңдар. Қай топ жылдам, әрі дұрыс жауап берсе, сол топтың балалары жеңіске жетеді. Педагог ойынды өзі басқарып отырады. Жақсы орындаған топтың балаларына сарқырама бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.

(қоршаған әлеммен таныстыру)

"Наурыз" тақпағын жаттау

Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді – жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасалған

Наурыз дәмін татамыз.

Б. Жақыпов

(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен. Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.

Серуен

Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған әлеммен таныстыру, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуеннен оралу

Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Балалардың дербес іс-әрекеті

 

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет)

Міндеті. Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (көктем мезгілі, ауа райы, көктем мерекелері, наурыз мерекесі, салт-дәстүр) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы. Балаларға тұсау кесу дәстүрімен таныстыру арқылы олардың алғашқы қадамы ересектерді қуанышқа бөлейтінін жеткізу және оларды ересектердің жақсы көретінін білдіру, дәстүрге байланысты балалармен ән айту, би билету, жұмбақ шешкізу, жаңылтпаш, санамақ айтқызу, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту. Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.

Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу.

Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу. Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру.

Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді («бөпе», «аға», «апа», «іні», «қарындас»), тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттауға баулу.

Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка)

Міндеті. Қазақ халқының би өнерімен таныстыру. Музыкалық сүйемелдеумен қазақ би қимылдарының қарапайым элементтерін орындау, ойындарда таныс би қимылдарын қайталау. Аспаптың сүйемелдеуіне, ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айту, әнді бірге бастап, бірге аяқтау. Музыкалық шығарманы иллюстрациялармен салыстыра білуді қалыптастыру. Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдауға баулу. Музыкалық жанрлар: ән, би, маршпен таныстыру.

Өнер бұрышында аңдардың бояу суреттерін бояту, мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу, құрастыру)

Міндеті. Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу. Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар) таныстыру. Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру. Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру. Ұнаған дайын заттардың пішіндерін қазақ оюларының қарапайым элементтерімен безендіру. Заттардың пішіні мен олардың түсі туралы білімді бекіту. Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнату.

Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті)

Танымдық дағдыларды қалыптастыруға арналған ойындар ұйымдастыру. (танымдық дағдылар, математика негіздері)

Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.

Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы. «асық ату», «шертпек», «аударыспақ» Міндеті: ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру.

Балалардың үйіне қайтуы


Өнегелі 15 минут

Балалардың балабақшадағы тәртібі жайлы әңгімелесу.

Өнегелі 15 минут

Балалардың кітапқа қызығушылығын арттыруға кеңес беру

Өнегелі 15 минут

Балаларды ұлттық өнерге баулуға кеңес беру

Өнегелі 15 минут

Балалардың жеке дамуы жайлы әңгімелесу.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.03.2025
593
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі