ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСы
Білім беру ұйымы:
Тобы: ортаңғы топ
Балалардың жасы: 3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл ақпан айы, І- апта (03.02.-07.02.2025 ж аралығы)
|
Күнтәртібініңүлгісі |
Дүйсенбі 03.02.25 |
Сейсенбі 04.02.25 |
Сәрсенбі 05.02.25 |
Бейсенбі 06.02.25 |
Жұма 07.02.25 |
||||||
|
|
Ақпан‑ «Құндылық-Жасампаздық және жаңашылдық» айы. Апта дәйексөзі: «Шығармашыл бала‑ойлы бала» |
||||||||||
|
Балаларды қабылдау |
«Көңілді смайликтер» арқылы қарсы алып, көңіл күйлерін сұрау.Балаларды қабылдап, тазалықтарына мән беру. Баладан өз отбасында қандай шаруамен айналысқаны жайлы айтып беруге тарту.баланы жеке пікірін білдіруге тарту. (сөйлеуді дамыту, танымдық әрекет Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру |
||||||||||
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру |
Өнегелі 15 минут. Ата-аналармен әңгімелесу, баланың шығармашылыққа бейімділігін жетілдіру туралы әңгімелесу. Қауіпсіздік ережелері. Баланың үй жағдайында сіріңке немесе өткір заттармен ойнамауы туралы әңгімелесуге кеңес беру. |
||||||||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
"Пішіні бойынша таңда" (топпен жұмыс) Міндеті: балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, заттардың пішінін дұрыс атау. (математика негіздері) |
"Артығын тап" дидактикалық ойыны. Міндеті: тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту, тапқырлық қабілеттерін дамытып, ойынға деген қызығушылықтарын дамыту. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) |
"Қыс"тақырыбын-дағы сюжеттік суреттерді қарау. Міндеті: суреттер бойынша сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру; бала-лардың сөздік қорла-рын, байланыстырып сөйлеу қабілетін да-мыту. Кейбір дауыс-сыз (п-б) дыбыстар-ды анық айту, дыбыстардың арти-куляциясын нақты-лау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту. Құралдары: қыс мезгіліне байланыс-ты бейнеленген суреттер. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) |
"Кім шақырғанын тап" сөздік ойыны. Міндеті. Дидактика-лық міндеті: есту анализаторын жат-тықтыру, зейін және есту қабілеттерін дамыту, балаларды өз құрбы-құрдастарымен бірігіп ойнауға, достық қатынас орнатуға тәрбиелеу. Ойын ережесі: бала-ларға қарамай кім шақырғанын тек да-уыс бойынша табу, оның атын дұрыс атау. Дауысын өзгерт-пей, атын қатты айту. Ойын әрекеті: кім шақырғанын іздеу. (әлеуметтік эмоциональды) |
"Үйшікте кім тұрады?" сөздік ойыны. Міндеті. Дидактикалық міндеті: балалардың жануарлар туралы білімін, дыбыстарды дұрыс айту іскерлігін бекіту. Ойын ережесі. "Үйшікте кім тұрады?" деген сұраққа кім үйшікте тұрса, сол балалар ғана жауап береді (балалар жану-арлардың дыбысын салады). Ойын әрекеттері: дыбыспен еліктеу; әртүрлі жануарлар мен құстардың қозғалысын көрсету. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
||||||
|
Таңертенгі жаттығу |
1. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 1.1. Балалар сылдырмақтарын жоғары көтеріп, екі қолымен сылдырлатады. 1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады). 2. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 2.1. Қолдарын оң жаққа жіберіп, сылдырмақтарды сылдырлатады. 2.2. Бастапқы қалыпқа келу. 2.3. Қолдарын сол жаққа жіберіп, сылдырмақтарды сылдырлатады. 2.4. Бастапқы қалып (жаттығу 4 рет қайталанады). 3. Бастапқы қалып жерде отырады, аяқ алшақ, сылдырмақ ұстаған қолдары екі жанында. 3.1. аяқтарын жинап, сылдырмақ ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, сылдырлатады. 3.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады). 4. Бастапқы қалып аяқ бірге, дене бос, қол төменде. 4.1. Сылдырмақтарын артында ұстап, бір орында тұрып секіру. 4.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады). (дене шынықтыру) |
||||||||||
|
Таңғы ас |
Гигиеналық дағдылар Үнемді тұтыну. Міндеті. Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету. "Қолдарымызды тап-таза ғып жуайық" ойын жаттығуы. Міндеті: жуу алгоритмін бекіту. Көркем сөз. Нан мен қасықты ал да, Тамақ ішуді баста! Тусипжанова-Шагирова А. (мәдени-гигиеналық дағдылар) |
||||||||||
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық |
«Смарт бала» жобасы. «Танграм ойындары» мақсаты: үлгіге қарап талдау жасап үйрену. |
(Математика негіздері) Дидактикалық ойын: «Санап шық» Міндеті: балалардың санау машығын және есеп нәтижесін цифрлар арқылы белгі- лей білу қабілеттерін дамыту. |
(Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Дидактикалық ойын: «Шатасқан ертегілер» Міндеті: сурет бойынша ертегіні тануды үйрету. Ертегі мазмұнын әңгімелеу арқылы сөздік қорларын молайту.
|
(Қоршаған ортамен танысу, құрастыру) Дидактикалық ойын: « Ою-өрнекті ата» Міндеті: Ұлттық ою-өр нек түрлерін ажырату-дағы білімін арттыру және ою элементтерінің түрлерін атауға үйрету. |
(Сөйлеуді дамыту, жапсыру) Дидактикалық ойын: «Қуыршақты киіндір» Міндеті:Қуыршақтың киімдерін ретімен ки-індіруді үйрету.Ұқып-тылыққа, әсемпаздық-қа тәрбиелеу. |
||||||
|
Кестеге сай ұйымдастырылған іс-әрекет |
Дене шынықтыру "Допты қақпа арқылы домалатамыз". Міндеті. Балаларда тізені биікке көтере отырып жүруге; допты тәрбиешіден 1-1,5 метр арақашықтықта лақтыруға үйрету; қимыл белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларына қызығушылықтарын қалыптастыру |
Музыка "Тұлпарым" Міндеті. Балалардың әнді тыңдай отырып, сипатын ажырата білу қабілетін дамыту; әннің сөздік мағына-сын түсініп айта білу қабілетін қалыптасты-ру; музыка әуенімен музыкалық ырғақты қимылдарды бір мез-гілде бастап, бір мез-гілде аяқтау дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілеті мен зей-інін дамыту. Балалар-ды мәдени қарым-қатынас пен адамгер-шілік ережелеріне тәрбиелеу; эстетика-лық талғамын, оқу қызметіне қызығушы-лықтары мен белсен-діліктерін арттыру |
Дене шынықтыру "Кірпі қалай жүреді?" Міндеті. Балаларда нық қадаммен алға, нық қадаммен артқа жүру дағдыларын дамыту; бір аяқтан бір аяққа секіру, тура секіру; допты алысқа лақтыруға үйрету; баскетбол добына арналған торға белгіленген нысанадан аспай, допты көкірек тұсынан дәлдеп лақтыру дағдыларын дамыту. |
Қазақ тілі "Адамдар. Адам бетінің бөліктері. Тазалық - денсаулық кепілі." Адам, оның дене мүшелері, адам бетінің бөліктері туралы, адамның жердің барлық бөлігінде өмір сүретіндігі туралы балалардың білімдерін қалыптастыру; пантомимикаға үйрету. |
Дене шынықтыру "Домаланған кірпі". Міндеті. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; 1,5 м қашықтықта допты қақпа (ені 50 см) арқылы домалатуға үйрету; қойылған заттардың арасымен "жылан" тәрізді жүру дағдысын жетілдіру. |
||||||
|
Серуен |
Көліктерді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Міндеті. Балаларға көліктер жайлы ұғым-дар қалыптастыру, көліктердің ары-бері бағытта жүретінін байқату; көліктердің дөңгелектері айнала-тыны туралы айтуға ынталандыру; зейінін, ойлау қабілетін дамыту. Машиналар жүреді ары-бері, Алға және кері. Жүкті тасымалдайды, Жақын жерге, алысқа бағыттайды. Еңбегі адал жас өрен: балаларды сұхбатхана орындық-тарын қардан тазалау-ға шақыру. (еңбек дағдылары) Міндеті: балаларды қарапайым еңбек әре-кеттерін жасауға ма-шықтандыру; таза-лыққа, еңбексүйгіш-тікке тәрбиелеу. "Торғай мен автомобильдер" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті. Балалардың сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіре алу дағдыла-рын қалыптастыру; жылдамдыққа, шап-шаңдыққ тәрбиелеу; ойын сюжетіне ілесіп, торғайлардың қимыл-дарын сомдауға ынта-ландыру. Педагог балаларға торғайлар салынған қалташаларды үлестіреді. - Балалар торғайлар қалай қимылдайды? Көрсетіңдерші. Педагог балаларға торғайлар сияқты қанаттарын (қолдарын) жан-жаққа жайып, бұлғауды көрсетеді. - Жарайсыңдар! - Балалар торғайлар жолға отырып, жемді шоқиды. - Қалай шоқитынын көрсетейікші. Педагог балаларға торғайлардың шоқа-йып отырып жем шо-қығанын, саусақтары-мен тізесіне соққылап көрсетеді. - Жарайсыңдар! Педагог балалардың қимылдарын көркем сөзбен сүйемелдейді, жылжу бағытын реттеп, қадағалап жүреді. - Торғайлар, торғайлар, Ұшыңдар, ұшыңдар! Жолға отырып қоныңдар, Жемді шоқыңдар! Педагог рульді ұстап, автомобильді көрсе-теді, алаңда шоқайып отырған балаларға қарай жылжиды. - Автомобиль келе жатыр! Абайлаңдар! Ұшыңдар жан-жаққа: - Ұш, ұш! Ойын екі рет ойнаты-лады. "Аяқ ұшына түрып, ақырын жүрейік" жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балалардың бір сапта, бір бағытқа қарай аяқ ұшымен жүре білу қабілетін дамыту; аяқ бұлшық еттерін, дене тепе-теңдігін дамыту, тыныс алу мүшелерін жетілдіру. |
Қарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларды қардың аяқтың астында, жерде жатқанын айтқызып, оны аяқпен басқанда іздердің қалуын байқауға үйрету. - Із қалады, қарды басса - Іздер жатыр жолақ ұқсап. - Балалар, қардың түсі қандай? - Қарды үстінен жүрсе, не қалады? - Иә, іздер қалады. - Іздер жолаққа айналды. Жарайсыңдар! Еңбегі адал жас өрен: балаларды қарды күректермен күреп, жүруге арналған жолдарды жасауға шақыру. (еңбекке дағдылары) Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Қарлы жолдарды басайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті. Балалардың сапта түзу бағытпен жүріп, екі аяқпен секіріп, жүрігіп, алға жылжу қабілеттерін жетілдіру, тепе-теңдікті сақтау қабілеттерін дамыту, бұлшық еттерін шымыр ету. Педагог балаларды көркем сөз бен қимылдарды орындауға ынталандырады. - Алдымызда ұзынша Жайылып тұр жолақша. Топ-топ етіп басайық, Қадам басып барайық. Секіреміз оп-оп! Біз жүреміз топ боп.
Ал енді біз жүгірейк, Саптан қалмай, үлгерейік. Жүгір, жүгір, балақай! Саптан қалма, балақай!
Жүгіріп болдық, жүрейік, Тыныс алып, үлгерейік. Тыныс алып болайық, Қадам басып, тоқтайық ... Д. Ахметова "Шеңберге дәлде" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларда нысанаға (қарды) дәлдеп ата білу, ептілік, мергенділік қабілеттерін дамыту. |
Желді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларды ағаштың бұталарына қарап, желдің болғанын байқауға үйрету; байқағыштыққа, зеректікке тәрбиелеу. - Балалар, жел соғып тұр ма? - Ағаштардың бұтақтарына қарайықшы. - Жел соғып, бізбен ойнайды, Ағаш пен бұтақты шайқайды. Ары-бері шайқайды, - Ш-ш-ш - деп дыбыстайды. - Желдің дыбысын біз қалай көрсетеміз? - Иә, "ш-ш-ш" дейміз. - Жарайсыңдар! Еңбегі адал жас өрен: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу. (еңбек дағдылары) "Мысық пен тышқандар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларды сигналмен қозғалу әдебіне үйрету; жан-жаққа шашылып жүгіру қабілетін қалыптастыру; ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Педагог балалар үшін "тышқандардың інін" белгілеп қояды. - Балалар, сендер тышқандарсыңдар. Тышқандар інде тыныш отырады. Тышқандар аулаға шығып та ойнайды. - Тышқандай қалай жүгіріп ойнады? Көрсетейікші. Тамаша. - Балалар, тышқандар мысықтан қорқады. Мысық шықса - тышқандар інге жүгіріп, тығылады. - Қанекей, орындарымызға барып, отырайықшы. Педагог көркем сөзді қолданады. - Тышқандар інге сыймайды, Тесіктерден сығалайды. Ешкім жоқ болса олар Аулаға шығып ойнайды. Ай-ай-ай! Тышқандар-ай, Жақындайды мысықай! Шеңберден асыңдар, Қашыңдар! Д. Ахметова Соңғы сөздерді айтқанда, педагог ойыншық мысықты қолға ұстап шығарады. Балалардың бір-біріне соғылмауын ескеріп, дауыс күшін реттеу керек. Ойын екі рет ойнатылуы мүмкін. "Тегіс жолмен жүреміз" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: алға қарай жылжи отырып, қос аяқпен секіруге жаттықтыру. |
Күнді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларды күннің аспанда орналасуын және жарқырағанын байқап, жылу мен жарықты беруі туралы айтылып жатқанда, қолдарын жайып, жоғары созып, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру; күн туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру. Педагог балаларға қимылдарды көрсетіп жатады, балалар соңынан қайталайды. Алтын күнге ұқсайық, Қолдарды, кел, созайық. Қолдарымыз - шуақтар, Жайылады жан-жаққа. Еңбегі адал жас өрен: балаларды учаскедегі жемшашарларды жемге толтыруға шақыру. (еңбек дағдылары) Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, құстарға қамқорлық жасауға баулу; қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; жағымды эмоцияларды дамыту. "Жүрейік" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларды саппен, бір-біріне соғылмай, белгілі бағытта ырғақпен марш басып жүру дағдысын қалыптастыру, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. - Жүрейік, жүрейік, Қолды көкке сермейік, Күнге сәлем берейік, Шапалақтап, күлейік. Жаттығу бірнеше рет өткізіледі. Педагог балалардың жүрудегі қауіпсіздігін бақылай жүреді. "Әткеншек" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды шеңберге тұрып, тақпақ сөздеріне сай қимылдай білу қабілетін қалыптастыру. Бір жоғары, бір төмен, Күні бойы тербелем. Әткеншек-ау, әткеншек, Айнала бер бізбенен. |
Қоян ойыншығын бақылау (ақ қоян). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Міндеті. Балалардың көңілін қоянның тоны ақ, құлағы ұзын екеніне, қимылдарына назар аударту; қоянның қимылдарын, көркем сөздерге еліктеп, өздігінен жасауға ынталандыру, жаттығудан жағымды әсер ала білу қабілетін дамыту. Педагог ақ қоян ойыншығын көрсетіп, оның сыртқы сипатын байқатады. Балаларға оның ақ терісі мен ұзын құлағы туралы сұрақтарды қойып, жауапты қайтаруға ынталандырады. - Қоян құлақтарын қалай қимылдатады? - Барлығымыз көрсетейікші. Жарайсыңдар! - Қараңдаршы, ақ қоян жылы ақ тонын киіп алды. Қоян қуанып қалды. Сендерді бірге ойнауға шақырады. - Қоян қорқақ, Ұзын құлақ. Бұта түбінде, Қасқырға көрінбей, Ақ қарда жатыр, Тыныш қана, үндемей. Д. Ахметова Еңбегі адал жас өрен: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу. (еңбек дағдылары) "Бері шыға ғой, қоян!" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларға шеңбер бойымен жүріп, барлығы топтасып, "Бері шыға ғой, қоян!" сөздерін айтып, көрсетілген қимылдарға еліктеу қабілеттерін жетілдіру. Педагог балалардың бірін "Қоян" атап, барлығымен бірге оны шақырады. Шақырылған қоян ортаға шығып, қимылдарды жасайды (педагог үлгіні көрсете алады), балалар қайталайды. - Бері шыға ғой, қоян! Сұр құлақтармен ойна! Былай көрсет, Былай көрсет, Сұр құлақтармен ойна! "Допты (қарды) қағып ал" қимыл-ды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды допты екі қолмен ұстауға жаттықты-ру; тепе-теңдікті сақтауға, ептілікке баулу. |
||||||
|
Серуеннен оралу |
Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру. Балалардың саппен топқа оралуы, сапта екі-екіден жүру. Еңбегі адал жас өрен. Киімдерін ретімен шешіп, шкафтарына бүктеп қоюға қалыптастыру. |
||||||||||
|
Түскі ас |
Ас мәзірімен таныстыру. Балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру. Тағамды асықпай жеу керек. Ас ішер алдында қолыңды жуу керек. |
||||||||||
|
Күндізгі ұйқы |
Ұйқыға арналған әуен аудио-ертегі «Әлди –әлди ұйықтайғой» «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы |
||||||||||
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтырушаралары |
Керуеттегі жаттығулар Көзімізді ашайық Аунап, қунап алайық, Ұйқымызды ашайық "Самал жел" - іште жатып, қолдары дене бойында. Бастарын сәл көтеріп, жел соққанын келістіру: "Ф-ф-ф". "Желдің желпуі" - іште жатып, қолдары дене бойында, қолдарын екі жаққа созу. "Жел бұлттарды айдайды" - тізені құшақтап жату. Аяқты құшақтап денемен адына-артына тербелу. (дене шынықтыру) |
||||||||||
|
Бесін ас |
Кезекшілердің жұмысы (асхана құралдарын, майлықтарды үстел үстіне қою, соңынан жинау) Таза және ұқыпты ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету. Өзәне-өзі қызмет ету дағдыларын пысықтау. ( мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті) |
||||||||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстелүсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу "Не қалай дыбыстайды? [о], [ө] дыбыстары". Міндеті. Балаларды үй жануарларының дыбыстау ерекшеліктерімен, дауысты [о], [ө] дыбыстарының артиқуляциясымен таныстыру; үй жануарларының қыстағы тіршілігі жөнінде білімдерін пысықтау.
Драматизация. "Қызыл телпек" ертегісін ағаш ойыншықтар теат-рын қолдану арқылы сахналау. Таныс ертегі-лер мен шағын шығар-малардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді және маз-мұнын өз бетінше қайта-лап айтуды үйрету. Сюжетті эмоционалды қабылдауды, кейіпкер-лерге жанашырлық танытуды үйрету. (көркем әдебиет) Ұлттық ойын ұлт қазынасы Ұлттық ойын "Қазан" Асықтарды көлденең нысанаға 3 метр қашықтықтан лақтырады. Сөреден 3 метр жерде үлкен қазан тұрады (шеңбер). Белгі бойынша әр топтың ойыншылары асықтарды қазанға лақтырады. Қазанның ішіне көбірек асық түсірген топ жеңеді. |
Математика негіздерінен ойын-жаттығу "Марғаулар жіппен ойнайды". Міндеті. Балаларды екі тең не тең емес заттар тобын саны бойынша салыстыруға және теңдестіруге үйрету; заттар жұптарын тұстастыру және беттестіру тәсілдерін қолдану іскерлігін қалыптастыру; заттарды оң (сол) қолымен алып, жолақтың сол жағынан бастап, оң жағына қарай, бір-біреуден салу тәртібіне дағдыландыру; зейінді, қолдың ұсақ моторикасын, қабылдау және ойлау қабілеттерін дамыту.
Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Кішкентай марғау". Міндеті. Марғау туралы ұғым бере отырып, балалардың қабілеті мен зейінін, тілі мен есте сақтауын және байқампаздығын дамыту. Мысық пен марғау туралы көркем сөздерді пайдалана отырып, сөздік қорын молайту. |
Сурет салудан ойын-жаттығу "Өсімдіктер". Міндеті. Балаларды өзара ұжымдасып шығармашылықта сурет салу тәртібіне үйрету; алдын-ала боршамен салынған өсімдік өскен ыдыс бейнесінен шығып, созылып жатқан үй өсімдіктерінің бұталары бойына жапырақтарды саусақтармен жақпалап, салуға үйрету.
"Кім не жейді?" дидактикалық ойыны. Міндеті: балаларды құстардың қоректенуі туралы білімдерін бекіту; қыстайтын және жыл құстары айырмашылығы туралы білімдерін бекіту; есте сақтауды, зейінді, сөйлеуді дамыту; қыстайтын және жыл құстары туралы түсініктерін кеңейту. Барысы: екі шеңберде әртүрлі тамақ түрлері: тары, дәндер, нан үгіндісі, итмұрын, жидек, қоңыз, құрт, алма суреттері тұрады. Балалардың міндеті - қыстайтын және жыл құстарына азық-түлік бөлу. (қоршаған ортамен танысу) |
Музыкадан ойын-жаттығу "Тауықтар" биі. Міндеті. Балаларды үй жануарлары ту-ралы әндерді тың-дауға және айтуға үйрету; музыканың сипаты мен әннің сөздік мағынасын түсініп айта білу қабілетін қалыптас-тыру; музыка әуені-мен ырғақты қимыл-дарды топпен бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағ-дысына жаттықтыру; дыбысты есту қабі-леті мен музыкалық аспапты әуенге ілесе отырып, дыбысты дұрыс қайталай білу қабілетін жетілдіру; үй жануарлары жөнінде ұғымдарын кеңейту. "Суретті құрас-тыр" үстел-үсті ойыны. Міндеті: балаларды тұтас зат-ты жеке бөліктерден құрастыруға жаттық-тыру; ерік-жігерін, мақсатқа талпынуын тәрбиелеу. Барысы: қорапта әр түрлі заттар бейне-ленген тұтас сурет-тер болады: жануар-лар, өсімдіктер. Екінші қорапта дәл осы суреттер төрт бөлікке бөлініп са-лынған. Педагог ба-лаларды суреттермен таныстырады. Олар суретте не бейнелен-генін атап айтады. (қазақ тілі, сөйлеуді дамыту) |
Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Жүргіншілер жолы". Міндеті. Балаларды жүргіншілер жолының маңызымен таныстыра отырып, ақпаратты мұқият тыңдауға үйрету. "Күлкілі маймылдар" театрландырылған ойын. Міндеті: зейінді, бақылауды, реакция жылдамдығын дамыту. Барысы: балалар шашыраңқы тұрады. Олар маймылдар болып ойнайды. Олардың алдындағы бала - хайуанаттар бағына келуші, ол әртүрлі қимылдарды орындайды. "Маймылдар", баланың іс-әрекеттерін қайталайды. (қоршаған ортамен танысу) |
||||||
|
Балалармен жеке жұмыс Ертегі суретін қарау |
Саусақ жаттығуы. Міндеті: балалардың қол ұсақ моторикасын, сөй-леу қабілетін, жағымды эмоцияларды дамыту. Мынау орындық – Дем алуға отырдық. Мынау үстел, (сол қолды жұдырыққа түю, үстіңе оң қолдың жұдырығын қою) Асты іше біл. Анау тұрған төсек, (Қолдарды қарама-қарсы қою, бас бармақтардың ұшын бір-біріне тік бұрышта тигізу) Ұйықтар орын білсек. Міне диван – жұп-жұмсақ, Отырамыз шаршасақ, (Қолдарды ішкі жақтарымен бір-біріне қосу) Мынау шкаф – қарасақ, (Екі қолды бас жағында қосып ұстау; алақандар біресе қосылып, біресе жан-жаққа ""ашылады"") Киім-кешек жинасақ. (сөйлеуді дамыту) |
Жұмбақтар шешу Орақ болып туады, Табақ болып тынады. (Ай) Әлемнің бар екі күзетшісі; Бірі-күндіз тынығады, Бірі-түнде тынығады. (Күн мен ай) Бейнесі суда дірілдейді, Қармаққа бірақ ілінбейді (Ай) Күндіз білінбейді, Түнде күлімдейді. (Жұлдыз) Тек өзі көрінбейді, Адамды тоңдырады Ызғары дірілдетіп, Есіңнен тандырады. (Аяз) Суда қалқиды, Жылыда балқиды. (Мұз) (көркем әдебиет) |
«Смарт бала» жобасы Ойдан ойыншық құрау. Сюжетті-рөлдік ойын Міндеті. Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату. (құрастыру) |
Санамақ Міндеті. Саусақтарға арналған жаттығу. Бас бармақ -әкем, Балан үйрек – шешем, Ортан түйрек – ағам, Шылдыр шүмек – әпкем, Кішкентай бөбек – мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз /бесеуміз/ (қазақ тілі, көркем әдебиет) |
"Сөйлем құрастыру". Міндеті: суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер, шағын әңгіме құрастыруға балаларды машықтандыру; байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы қоршаған орта және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) |
||||||
|
Серуенге дайындық, серуен |
Еңбегі адал жас өрен. «Кім жылдам» ойыны міндеті: өзін ретке келтіруге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, достарына көмектесуге баулу |
||||||||||
|
Серуен |
Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
||||||||||
|
Серуеннен оралу |
Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет) Міндеті. Қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтуды үйрету. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді және мазмұнын өз бетінше қайталап айтуды үйрету. Сюжетті эмоционалды қабылдауды, кейіпкерлерге жанашырлық танытуды үйрету. Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу. Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу. Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка) Міндеті. Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдауға баулу. Музыкалық жанрлар: ән, би, маршпен таныстыру. Музыкалық ойыншықтар мен балалар музыка аспаптарының (музыкалық балға, сылдырмақ, барабан, металлофон, маракас, асатаяқ, тұяқ, сырнай) дыбысталуын ажырата білуді жетілдіру. Музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын мәнерлі және эмоционалды жеткізу дағдыларын дамыту: аю қорбаңдап жүреді, қоян секіреді, құстар ұшады. Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білуді қалыптастыру; әннің мазмұнын түсіну. Аспаптың сүйемелдеуіне, ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айту, әнді бірге бастап, бірге аяқтау. Өнер бұрышында бояу суреттерін бояту, ұлпақар мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу, құрастыру) Міндеті. Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану. (сурет салу) Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату. Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) қолдану. «Біз зерттеушіміз»Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекеті, қарым-қатынас іс-әрекеті) Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру. (математика негіздері) Ұлттық ойын -ұлт қазынасы. «Тақия тастамақ» «Ханталапай» Міндеті: Ептілікті, шапшаңдықты дамыту. |
||||||||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут. Балалардың музыкалық қабілеттері туралы әңгімелесу. Ата-аналарға кеңес. "Балаларды қалай қуантуға болады?" "Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда ойын технологияларын қолдану". Ата-аналармен "Баланың жүйке жүйесін қорғаңыз" тақырыбында әңгімелесу, кеңестер беру, балалардың жетістігі жайлы айту; апта тақырыбы бойынша сұрақ қою, әңгімелесу. |
||||||||||
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы:
Тобы: ортаңғы топ
Балалардың жасы: 3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі Ақпан айы II - апта (2025ж 10-14.02. аралығы)
|
Күнтәртібініңүлгісі |
Дүйсенбі 10.02.2025 ж |
Сейсенбі 11.02.2025 ж |
Сәрсенбі 12.02.2025 ж |
Бейсенбі 13.02.2025 ж |
Жұма 14.02.2025 ж |
|||||
|
|
Ақпан‑ «Құндылық-Жасампаздық және жаңашылдық» айы. Апта дәйексөзі: «Өнерлі бала өрге жүзер» |
|||||||||

Өнегелі 15 минут. Ата-аналармен "Балаңызбен қыста серуендеуді қалайша көңілді және пайдалы етуге болады" тақырыбында кеңестер беру; ата-аналарды мазалап жүрген сұрақтарға жауап беру. Қауіпсіздік ережелері. Баланың қыс уақытында далада серуендеу кезіндегі сақтық шараларын қамтамасыз етуге кеңес беру. |

"Пішіндер алқасы" дамытушы ойыны. Міндеті. Балаларды көрсетілген үлгіге қарап, геометриялық пішіндерден өздеріне де сондай тізбекті құрастыруға ынта-ландыру; геометрия-лық пішіндер туралы ұғымдарды тиянақтау, есте сақтау қабілетін, көзбен қабылдау қабі-леттерін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; өзі жасаған нәтижені көріп, қуануға үйрету. - Балалар, қазір сендер мына тізбекте пішіндер қалай орналасқанына қарап, өз кілемдеріңе солай саласыңдар. Педагог әрбір балаға бөлек пішіндер тізбегін ұсынады. қызыл үшбұрыш + көк үшбұрыш + сары үшбұрыш + жасыл үшбұрыш қызыл домалақ + көк домалақ + сары домалақ + жасыл домалақ қызыл шаршы + көк шаршы + сары шаршы + жасыл шаршы Педагог әр баланың орындау тәртібін бақылайды. (математика негіздері) "Пішіндер (екінші нұсқа)" атты мультфильмін көру. Міндеті. Балалардың пішіндер туралы ұғымдарының қалыптасуына мүмкіндік жасау, қоршаған заттардың қасиеттерін байқауға қызықтыру. (сөйлеуді дамыту, математика негіздері, музыка) |
"Жұп суреттер" үстел үсті ойыны. Міндеті. Дидактикалық міндеті: балалардың байқағыштығын, суретте бейнеленген заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын таба білу іскерлігін тәрбиелеу; сөздік қорларын жетілдіру: ұқсас, әртүрлі, бірдей. Ойын ережесі: бірдей суреттерді жинау; кім қателеспесе, сол жеңеді. Ойын әрекеттері: бірдей суреттерді іздеу. (математика негіздері)
"Кімнің қолынан не келеді?" сөздік жаттығуы. Міндеті. Балалардың мамандықтар иелері жөніндегі ұғымдарын қалыптастыру, тілін дамыту. - Тағам әзірлейтін кім? Аспаз. Би билейтін кім? Биші. Шеге қағар ... Шебер. Үй салатын... Құрылысшы. Адамды емдейтін... Дәрігер. Зат сататын... Саудагер. Шаш қиятын... Шаштараз. Іске сәт тап, жанталас. Мамандық иелерінің суреттерін көрсетіп отыруға болады. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) |
"Еңбек құралдарын ата" дидактикалық ойын. Міндеті. Кейбір дауыссыз (п-б) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту. Еңбек құралдарының суреттер бойынша атауын атау. (қазақ тілі, сөйлеуді дамыту)
Еңбек құралдарының суретін бояу. (сурет салу)
Балтаның мүсінің жасау. (мүсіндеу) |
«Смарт бала» жобасы "Мозаика" үстел ойыны. Міндеті. Балалардың көзбен қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Шарты: геометриялық пішіндерден салынған, педагог көрсеткен, қарапайым өрнек кілемшесін салу, педагог көрсеткен үлгігі қарап, мозаика өрнегін құрастыру. Құралдар: шаршы пішінді қатпа қағаздан жасалған кілемшелер, табақшаларда геометриялық пішіндердің жинақтамалары. Педагог баладан қандай пішіндерді қолданып жатқанын сұрастыра алады. (сөйлеуді дамыту, математика негіздері) "Дәрігерге не керек?" дамытушы ойыны. Міндеті: балалардың дәрігер мамандығы туралы түсініктерін тиянақтау, қолдана-тын құралдарды айт-қызып, сөздік қорды жетілдіру; есте сақтау, ойлау, сөйлеуді қабілеттерін дамыту. Құралдары: дәрігер және басқа мамандар қолданатын құрал-заттар немесе кесілген суреттер. Балалар дәрігерге қажет құралдарды іріктеп, атайды, не үшін қажет екендігін түсіндіруге тырысады. (қазақ тілі, сөйлеуді дамыту) |
"Дүкенші" дидактикалық ойыны. Міндеті: балаларға мамандықтар туралы түсінік беру. Рольге бөлініп ойнауға үйрету және оларды айыра білуге баулу. (сөйлеуді дамыту)
Дүкенші суретін бояу. (сурет салу)
"Не артық?" үстел үсті ойыны. Міндеті. Дидактикалық міндеті: балаларды заттарды қолдануда қателерді көре білуге үйрету; байқағыштығын, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдей білу іскерлігін дамыту; еңбек құралдары туралы білімдерін бекіту. Ойын ережесі: артық суреттің ғана бетін жабу; қажетсіз затты кім тапса, сол жеңеді. Ойын әрекеттері: қажетсіз затты табу және оны ақ қағазбен жабу. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) |

Шаттық шеңбері Міндеті. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Атамнан басталар, Әжеммен қосталар. Отбасым мыналар; Ең жақын адамдар Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар ... Бәрін жақсы көремін Еркелеймін, еремін! (сөйлеуді дамыту) |
|||||||||
|
Кестеге сай ұйымдастырылған іс-әрекет |
Дене шынықтыру "Аэродром". Міндеті. Балаларда әртүрлі бағыттарда, жылдам (10-20 метр) және баяу (50-60сек.) қарқында жүгіру дағдыларын жетілдіру; үлкен допты екі қолмен тордан өткізе лақтыру дағдыларын жетілдіру; сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілеттерін дамыту. |
Музыка "Жүргізуші". Міндеті. Балаларды жаңа әнді тыңдап, оның сипатын ажыра-та білуге үйрету; әннің сөздік мағына-сын түсіне білу қабі-летін қалыптастыру; әнді дұрыс айту дағ-дысына жаттықтыру; ырғақтық қимылдар-ды үйлесімді жасай білуге дағдыландыру; музыкалық аспаптың дыбысын ырғақты бе-ре білуге үйрету; әнді тыңдау кезінде зейіні мен есте сақтау қабі-летін және музыкалық сауаттылығын дамыту |
Дене шынықтыру "Солдат болам кезінде". Міндеті. Балаларда әртүрлі бағыттарда жүгіру дағдысын қалыптастыру; тура нысанға оң қолмен тік нысанаға көздеп лақтыруға үйрету; дене шынықтыру жабдықтары мен құралдарын пайдалану қызығушылықтарын арттыру. |
Қазақ тілі «Ас бөлмесінде қандай заттар болады?». Ыдыстар. Міндеті. «Ыдыс-аяқ» тақырыбындағы сөздерді қазақ тілінде айтуды, сөзде екпінді дұрыс қолдануды; есту зейіні арқылы сөздерді дұрыс атауды үйрету. |
Дене шынықтыру "Ұшқыш болам самғайтын". Міндеті. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; бір орында тұрып, арқаннан биікке секіріп, жерге табанмен түсуге үйрету. |
|||||
|
Серуен |
Қарды бақылау (қардың жауған алқабы). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Міндеті. Балалардың табиғат құбылысы, қарды бақылауға деген қызығушылығын ояту; қардың қайда жатқанына көңіл аударып, айтуға ынталандыру. - Жапалақ қар, Армысың? Дүниеде бармысың? Қысқы дала тәуелді, Жау, жау енді! Ұзақ уақыт қалықтар, Жау, жау енді, Мамық қар! Қ. Мырзалиев Еңбегі адал жас өрен: балаларды учаскедегі жемшашарларды жемге толтыруға шақыру. (еңбек дағдылары) Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, құстарға қамқорлық жасауға баулу; қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; жағымды эмоцияларды дамыту. "Кім тыныш?" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларды бір бағытта тыныш жүру әдебіне үйрету, аяқтың табанын толық басып және аяқтың ұшымен жүріп қимылдау дағдыларын қалыптастыру; сигналға сай қозғалуға ынталандыру. - Балалар, ал қазір, аяқтарымызды нық басып, менің соңымнан сайға қарай жүрейік. Сайға қарай адымдаймыз, Түрлі дыбысты тыңдаймыз. Көрейік. Бұл қай бұрыш? Тыңдайық. Тыныш ... Тыныш ... - Қанекей, аяқтың ұшымен тыныш жүрейік ... - Бұл жақта не бар екен? - Тамаша ... Педагог белгілі объектіні тапқандарын айтады, балаларды мақтайды. Жаттығу бірнеше рет өткізіледі, жүру бағыттары ауысады. "Шашылған қарларды (доптарды) жинайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, қоршаған кеңістікті бағдарлауға баулу, топтастармен тату ойнауға, достыққа тәрбиелеу. |
Қысқы ауа райын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Міндеті. Балаларға қыс мезгілі жөнінде жалпы ұғымдар беру, қыстың ауа райы бұлтты және ашық, суық болуына көңіл аудару, адамдардың жылы киінгенін байқату; зейінді, ойлау қабілетін дамыту. - Балалар, айналаға қараңдаршы. - Иә, айналада қар жатыр. - Аспанымыз сұр (көгілдір). - Бірақ қыста күн суық. - Адамдарға қараңдаршы, жылы киінді. - Біз нені кидік? Балалар жауап бермей жатса да, үстіне көрсете де алады. - Қыс мезгілі. Суықта Қар жауады қалықтап. Қар жауады қалыптап, Аппақ қабықпен қаптап. Қыс мезгілі. Аппақ қала. Ақ көшелер. Ақ сала. Ақ көшелер. Ақ сала. Аулада тұр аққала. Д. Ахметова. Еңбегі адал жас өрен: балаларды сұхбатхана орындықтарын қардан тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары) Міндеті: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Машиналар жүреді" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларды қызыл, жасыл немесе сары түсті таңбалауыштардың біріне сәйкес қимылдарды жасауға үйрету; топтасып, бір-бірімен соғылмай жүре білу дағдыларын қалыптастыру; жағымды әсерлерге бөленуге тәрбиелеу. Педагог балаларға кезегімен қызыл, сары, және жасыл таңбалауыштарды көрсетіп жатып, белгілі таңбалауышқа сай белгілі қимылдарды жасауды ұсынады: - жасыл таңбалауыш - қолға рульді ұстаған ұқсап, жан-жаққа бағыттап жүгіру; - сары таңбалауыш -орнында тоқтап, шапалақтау, - жасыл таңбалауыш - жерге шоқайып отыру. - Бағдаршамда жасыл шам -Жол ашық, машиналар. Бағдаршамда сары шам -Шапалақта, балалар! Бағдаршамда қызыл шам -Тоқтасын машиналар. Ойын екі рет өткізіледі. |
Қарды бақылау (қардың түсі). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Міндеті. Балалардың табиғат құбылысы қар жайындағы ұғымдарын қалыптастыру, қардың жеңіл мамықтай ұшқанын байқату; зейінін, түйсігін дамыту. - Балалар, бәрекелді! - Қараңдаршы, айналада не жатыр? - Иә, бұл - қар. Ақ мақтадай ұлпа қар Жамылыпты қырқалар. Қалың-қалың тоң киіп, Маужырайды шыршалар. Шәймерден Әлдибекұлы. Еңбегі адал жас өрен: балаларды қарды күректермен күреп, жүруге арналған жолдарды жасауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Қарлы жолдарды басайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті. Балалардың сапта түзу бағытпен жүріп, екі аяқпен секіріп, жүгіріп, алға жылжу қабілеттерін жетілдіру, тепе-теңдікті сақтау қабілеттерін дамыту, бұлшық еттерін шымыр ету. Педагог балаларды көркем сөзбен қимылдарға ынталандырады. - Алдымызда ұзынша, Жайылып тұр жолақша. Топ-топ етіп басайық, Қадам басып барайық. Секіреміз оп-оп! Біз жүреміз топ боп.
Ал енді біз жүгірейік, Саптан қалмай, үлгерейік. Жүгір, жүгір, балақай! Саптан қалма, балақай!
Жүгіріп болдық, жүрейік, Тыныс алып, үлгерейік. Тыныс алып болайық, Қадам басып, тоқтайық ... Д. Ахметова "Көпірден өт" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды бір орнынан ұзындыққа екі аяқпен алға секіре білу қабілетін қалыптастыру; тепе-теңдік, ептілік, көзбен мөлшерлеу сезімдерін дамыту. |
Желді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларды ағаштың бұталарына қарап, желдің соғуын байқауға үйрету; байқағыштыққа, зеректікке тәрбиелеу. - Балалар, жел соғып тұрған сияқты ма? - Ағаштардың бұтақтарына қарайықшы. - Жел соғып, бізбен ойнайды, Ағаш-бұтақты шайқайды. Ары-бері шайқайды, "Ш-ш-ш" - деп дыбыстайды. - Желдің дыбысын біз қалай көрсетеміз? - Иә, "ш-ш-ш" дейміз. - Жарайсыңдар! Еңбегі адал жас өрен: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. (еңбек дағдылары) Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу. "Пойыз" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларды бір сапқа тұрып, бір-бірінен қалмай, бір-біріне соғылмай, ересек бастаған бағытпен жүруді үйрету; өзге балалардың жанында ойын ойнап, жағымды әсерлерге бөлене білу қабілетін дамыту. Педагог балаларды сапқа жинайды. Смартфонға пойыздың сигналы жазылған аудионы тыңдатуға болады. - Балалар, естіп тұрсыңдар ма? - Иә, бізді пойыз жолға шығуға шақырады. - Қанекей, сапқа жиналайық, пойыз болайық. - Ту-ту жүрдік, Ту-ту-у ... Біз алысқа - Ту-ту-у .. Жүр соңымнан - Қалма! Кім өжет жан? Алға! Д. Ахметова "Доптар сияқты секірейік" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды бір орында екі аяқпен сигнал бойынша секіре білу қабілеттерін дамыту; шымырлыққа, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу. |
Күнді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Міндеті. Балаларды күннің аспанда орналасуын және жарқырағанын байқап, қолдарын жайып, жоғары созып, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру; күн туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру. Педагог балаларға күннің жерге жарықты шашқаны, жылу беретіні туралы айтып болғаннан кейін, балалармен бірге тақпақ айтып, қимылдарды қосылып жасауға шақырады. Алтын күнге ұқсайық, Қолдарды, кел, созайық. Қолдарымыз - шуақтар, Жайылады жан-жаққа. Еңбегі адал жас өрен: балаларды сұхбатхана орындықтарын қардан тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары) Міндеті: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Сағаттар" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларды сигналмен белгілі қимылдарды жасауға жаттықтыру; сигнал бойынша сапқа жиналып, педагогтің соңынан жүру дағдыларын жетілдіру, кеңістікті бағдарлауға үйрету; сағаттың жүрісі туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру. Педагог балаларға сағаттың қимылын еркін тұрып орындауға, сигнал бойынша сапқа жиналып, жүруге шақырады. Тақпақты оқи жүреді. "Тик-так". "Тик-так, тик-так," Жүрсін сағат. Біз сағатқа ұқсап, Жүреміз: "тоқ-тақ". Д. Ахметова Ойын бірнеше рет өткізіледі. "Өз орныңды тап" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды сапға (түзу сызық, жіп бойына) сигнал бойынша тізілуге, сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге дағдыландыру; зейінді болуға, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу. |

Керуеттегі жаттығулар Жалпақтабандықтың алдын алу Міндетінде денсаулық жолдарымен жүру. Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау. Нүктелі массаж. Суық тиюге және тұмауға қарсы жаттығулар жасау арқылы балалардың денсаулығын нығайту, дене сымбатын жетілдіру, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту. - Тамағымыз ауырмау үшін, қолымызбен тамағымызды жоғары-төмен уқалау. - Түшкіріп, тұмауратпау үшін, нұсқаушы саусағымызбен танауымыздың екі жағын кезектеп үйкелеу. - Қолымызды маңдайымызға қойып уқалау. - Құлағымыз ауырмау үшін, нұсқаушы және ортаңғы саусағымызбен құлағымызды алдынан және артынан уқалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дене шынықтыру) |

Сурет салудан ойын-жаттығу "Қуыршаққа тарақ". Міндеті. Балаларды көк қарындаш арқылы көлденең жатқан қағаздың екі жағында тіке сызықты жүргізіп, төмеңгі шеттерін түзу және доғалы сызықпен қосып, арасын қысқа, түзу, тіке сызықтар қатарымен толтырып, тарақ бейнесін салуға үйрету.
Сюжетті-рөлдік ойын: "Шаштараз". Міндеті: балаларды шаштараз кәсібімен таныстыру, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, балалардың сөздік қорын кеңейту. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) |
Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу "Етікші". Міндеті. Балаларды "Етікші" ертегісімен таныстыра отырып, оларды көркем шы-ғармашылыққа баулу; ертегі кейіпкерлерінің қимылдары мен сөзде-рін қайталап айтуға жаттықтыру. «Смарт бала» жобасы "Үй құрылысы" сюжетті-рөлдік ойыны. Міндеті: балалардың ұй құрылысы жайындағы түсініктерін тиянақтау; қол моторикасын, ой-қиялын дамыту; достық қарым-қатынастарға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Құралдар. Құрылыс материалдары, қағаз беттері, қара қарын-даштар, сызбалар, ойыншық жүк машина-лары, құрылысқа қажет ойыншық құралдар (балға, бұрағыш, тіс-теуік, тағы басқалар). Педагог балалармен құрылысқа қатысатын мамандар жөнінде алдын-ала әңгімеле-седі (кірпіш қалаушы, жүргізуші, жүк тасушы). Балалар құрылысқа қажет материалдарды таңдап, өзара кім қан-дай рөлді атқаратыны туралы келіседі. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) |
Математика негіздерінен ойын-жаттығу "Аспазға көмектесейік". Міндеті. Балаларды екі тең не тең емес заттар тобын саны бойынша салыстыруға және теңдестіруге үйрету; заттар жұптарын тұстастыру және беттестіру тәсілдерін қолдану іскерлігін қалыптастыру; заттарды оң (сол) қолымен алып, жолақтың сол жағынан бастап, оң жағына қарай, бір-біреуден салу тәртібіне дағдыландыру; зейінді, қолдың ұсақ моторикасын, қабылдау және ойлау қабілеттерін дамыту.
Сюжетті-рөлдік ойын: "Жүргізуші". Міндеті: жүргізушінің жұмысы туралы білімдер мен дағдыларды бекіту, ойынға деген қызығушылықты дамыту, жүргізушінің жұмысына деген құрметін арттыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) |
Мүсіндеуден ойын-жаттығулар "Түймелер". Міндеті. Балалардың киімдер туралы білімдерін жетілдіру, киімді түймемен түймелеудің маңызы туралы түсініктер беру; өзіне-өзі қызмет көрсету негіздерін қалыптастыру.
Сюжетті-рөлдік ойын: "Емхана". Міндеті: балалардың рөлдерді қабылдау қабілетін дамыту бойынша медицина қызметінің мәнін ашу, ойынға деген қызығушылықты дамыту, балалардың арасында жағымды қатынастарды қалыптастыру, дәрігердің жұмысын құрметтеуге тәрбиелеу. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, қоршаған ортамен танысу) |
Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Орманшының аңдары". Міндеті. Орман жануарлары туралы ұғымдарын кеңейте отырып, балалардың қабілеті мен зейінін, тілі мен есте сақтауын және байқампаздығын дамыту. Орман жануарлары туралы көркем сөздерді пайдалана отырып, сөздік қорын молайту.
Сюжетті-рөлдік ойын: "Жедел жәрдем". Міндеті: балалардың дәрігер, медбике мамандықтарына қызығушылығын ояту; науқасқа деген сезімталдықты, зейінділікті, мейірімділікке, жауап беру, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу, қазақ тілі) |

"Танкист" тақпағын айтқызу. Міндеті. Бала тілін дамыту. Қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтуды үйрету. "Танкист" (Тұрсын Жұртбаев) Танкі мініп, өскенде, Қорғаймын мен елімді. Таптамаймын еш жерде Гүлдер менен егінді. (көркем әдебиет) |
Санамақ айтқызу. (Ермек Өтетілеуов) Жиналған соң достары, Қазтай өзі басқарды, Қызықты ойын басталды: Бірі болды бақшашы, Екіншісі - егінші, Үшіншісі - бақташы, Төртіншісі - теңізші. Бесіншісі - балташы, Алтыншысы - аспазшы. Жетіншісі - жылқышы, Сегізінші - сырнайшы, Тоғызыншы - тігінші, Оныншысы - орманшы. (сөйлеуді дамыту) |
"Пошташы" тақпағын айтқызу. Міндеті. Бала тілін дамыту. Қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтуды үйрету. "Пошташы" (Ескермес Ескендіров) Күні бойы жол жүріп, Көрген емес болдырып Қайтады үйге, алғысты Қапшығына толтырып. (көркем әдебиет) |
"Сөйлем құрастыру". Міндеті: суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер, шағын әңгіме құрастыруға балаларды машықтандыру; байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы мамандық түрлері, мамандықтардың құралдары және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) |
"Құрылысшы" тақпағын айтқызу. Міндеті. Қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтуды үйрету. "Құрылысшы" (Шекербек Садыханов) Қолда темір қалағым, Саздан сарай қаладым. Алматыдан аумайтын Әсем қала саламын. (көркем әдебиет) «Смарт бала» жобасы "Көрнекті ғимарат" құрылыс ойыны. Міндеті. Текшелерден көр-некті ғимарат құрас-тыру. (құрастыру) |

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет) Міндеті. Қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтуды үйрету. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді және мазмұнын өз бетінше қайталап айтуды үйрету. Сюжетті эмоционалды қабылдауды, кейіпкерлерге жанашырлық танытуды үйрету. Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу. «Біз зерттеушіміз» Міндеті: заттарды қарап өзбетінше зерттеп, сипаттау.Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу. Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка) Міндеті. Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдауға баулу. Музыкалық жанрлар: ән, би, маршпен таныстыру. Музыкалық ойыншықтар мен балалар музыка аспаптарының (музыкалық балға, сылдырмақ, барабан, металлофон, маракас, асатаяқ, тұяқ, сырнай) дыбысталуын ажырата білуді жетілдіру. Музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын мәнерлі және эмоционалды жеткізу дағдыларын дамыту: аю қорбаңдап жүреді, қоян секіреді, құстар ұшады. Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білуді қалыптастыру; әннің мазмұнын түсіну. Аспаптың сүйемелдеуіне, ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айту, әнді бірге бастап, бірге аяқтау. Өнер бұрышында бояу суреттерін бояту, ұлпақар мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу, құрастыру) Ұлттық ойын ұлт қазынасы. «Қыз қуу», «Шертрек» ойындары міндеті: Ұлттық ойындарға қызығушылық таныту, көз жорамалын, ептілікті дамыту. |
|||||||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут. Балаларды жақсы көңіл-күймен шығарып салу. Психологтың кеңесі: Үйде баланың үй тапсырмасын қадағалау. Баланы үйде аяқ киімін оң, теріс деп үйрету. Ата-анаға кеңес: Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру Ата-аналарға тапсырма беру, жақсы демалуға тілек білдіру. |
|||||||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Циклограмма ортаңғы топ. Ақпан 1-2 апта. 2025ж

шағым қалдыра аласыз