Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы:
Тобы: ортаңғы топ
Балалардың жасы: 3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 06 – 10 қаңтар 2025 жыл
Қаңтар айы: Құндылық‑заң және тәртіп
|
Күн тәртібінің үлгісі |
Дүйсенбі 06.01.2025 |
Сейсенбі 07.01. 2025ж |
Сәрсенбі 08.01. 2025ж |
Бейсенбі 09.01.2025ж |
Жұма 10.01.2025ж |
|||||
|
|
Апта дәйексөзі: «Талап бар жерде тәртіп бар» |
|||||||||
|
Балаларды қабылдау |
Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру |
|||||||||
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру |
Өнегелі 15 минут "Ұйқы жетіспеушілігінің зияны" тақырыбында ата-аналармен әңгімелесу; балалардың үйде күн тәртібін сақтауларын және уақтылы ұйықтау керектігін талап ету. Қауіпсіздік ережесі: Қыста сырғанақпен ойнау кезінде, үйде газға уланып қалудан сақтану туралы кеңес беру. |
|||||||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
"Зейінділік пен байқампаздық". Жүргізуші сайланады. Қалған ойыншылар сол жүргізуші есте сақтауы тиіс дене қалыбын ұстайды. Артынша жүргізуші бөлмеден шығады, ал ойыншылар (өзара келісіп) киімдерінде, дене қалыптарында бірқатар өзгеріс жасайды. Кірген жүргізуші барлығын бұрынғы күйіне келтіруі тиіс. Егер жүргізуші барлық өзгерістерді тапса, ол ең байқампаз атанады. (сөйлеуді дамыту) |
|
Зейінді дамытуға арналған жаттығу. "Қимылдарды қайталаймыз". Міндеті. Аталған ойынның тағы бір нұсқасы. Педагог қандай да бір қимылды көрсетеді, ал балалар біреуінен немесе екеуінен басқа барлық қимылдарды қайталайды. Мысалы, егер жүргізуші қолын жоғары көтерсе, балалар шапалақ ұруы керек; қолдары екі жаққа созылғанда, балалар аяқтарын тыпырлатады. Кім қателессе, сол жүргізуші атанады. (дене шынықтыру) |
Зейінді дамытуға арналған жаттығу. "Суреттерді салыстырамыз". Міндеті. Педагог балаларға бір-біріне ұқсас, бірақ біраз өзгешеліктері бар суреттерден айырмашылықтарын табуды ұсынады. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, математика негіздері)
|
Саусақ жаттығуын айтқызу. Ақшақарлар қалықтап (алақандарды ашу, саусақтарды көрсету), Ұшып барады, асықпай (саусақтармен кезек-кезек жыбырлату). Айналып, оңға ұшып (қолдармен бір жаққа бұраңдау), Айналып, солға ұшып (қолдармен екінші жаққа бұраңдау). Мамықтай жерге түсіп (алақандармен жоғары бұлғап, төмен қарай түсіру),Тыныш жатыр, бізді күтіп (алақандарды үстел басына, тізеге салу). (сөйлеуді дамыту) |
|||||
|
Таңертеңгі жаттығу |
Жалпы дамыту жаттығулары (сылдырмақтармен). 1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 1.1. Балалар сылдырмақтарын жоғары көтеріп, екі қолымен сылдырлатады. 1.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады). 2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 2.1. Қолдарын оң жаққа жіберіп, сылдырмақтарды сылдырлатады. 2.2. Бастапқы қалып. 2.3. Қолдарын сол жаққа жіберіп, сылдырмақтарды сылдырлатады. 2.4. Бастапқы қалып. (жаттығу 4 рет қайталанады). 3. Бастапқы қалып: жерде отырады, аяқ алшақ, сылдырмақ ұстаған қолдары екі жанында. 3.1. аяқтарын жинап, сылдырмақ ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, сылдырлатады. 3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады). 4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қол төменде. 4.1. Сылдырмақтарын артында ұстап, бір орында тұрып секіру. 4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады). (дене шынықтыру) |
|||||||||
|
Таңғы ас |
Гигиеналық дағдылар Міндеті: мәдени-гигиеналық дағдыларын жетілдіру. Көркем сөз Нан – ардақты адал ас, Кәрі, жас одан аттамас. Ақ дастархан үстінде, Қол жумай оны ұстамас. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) |
|||||||||
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық |
Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Қуанамын мен де Қуанасың сен де, Қуанайық достарым! Арайлап атқан күнге! (сөйлеуді дамыту) |
|||||||||
|
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет |
Қысқы демалыс. "Қыста дөңнен сырғанаймыз".Міндеті. Балаларда сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілеттерін дамыту; нық қадаммен алға, нық қадаммен артқа жүру, тізені биікке көтере отырып жүру іскерліктерін жетілдіру Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Арқан тарту» ойыны |
|
Қысқы демалыс. (сюжетті ойындар, үстел үсті ойындар, театр қойылымдары, басқатырғыш, логикалық ойындар, қыс қызығына байланысты суреттер бояу) Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Асық ату» ойыны |
Қысқы демалыс. (сюжетті ойындар, үстел үсті ойындар, театр қойылымдары, басқатырғыш, логикалық ойындар, қыс қызығына байланысты суреттер бояу) Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Аударыспақ» ойыны |
Қысқы демалыс. (сюжетті ойындар, үстел үсті ойындар, театр қойылымдары, басқатырғыш, логикалық ойындар, қыс қызығына байланысты суреттер бояу) Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Кел, жүзігім, кел!» ойыны |
|||||
|
Серуенге дайындық |
Еңбегі адал жас өрен. Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
|||||||||
|
Серуен |
Құстарды бақылау (сары шымшық, бозторғай, сауысқан, торғай, көгершін). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Көркем сөз. Шыр-шыр еткен торғайды. Қорғамасаң болмайды, Кіп-кішкентай торғайлар, Бақшамызды қорғайды. Жұмбақ. Қалқып тұрып аспанда, Үн шығарып сан қилы, Өнеріне басқанда, Тұла бойың балқиды. (Бозторғай) Бақылау: құстардың атауын есте сақтау, ұшып келетін құстарды белгілеріне сай ажырата білу (көлемі және түстеріне байланысты). Әр түрлі құстардың қозғалысы мен ерекшеліктерін ескере білуге үйрету (сауысқанның қадамы үлкен; торғай екі аяғымен секіреді; көгершін - жиі, ұсақ қадамдар жасайды т.б.) Құстар ұшып жүргенде немесе отырғанда жақсы көрінеді, егер олар ағаштың бұталарында отырса ажырату қиынға соғады. Құстарға қыста азық табу қиын болатындығын түсіндіру. Оларды қосымша тамақтандырып тұру керектігін түсіндіру. Қимылды ойын «Қарғалар». (дене шынықтыру) Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру Еңбек: қыстың күні құстарға далада тамақ беруге баулу. Берілген тапсырмаға жауапты болу: өз еңбегіне қанағаттана білу. Өз бетімен ойындар. Балаларға өз рөлдерін және құрбыларының рөлдерінің мазмұнын есте сақтай білуге үйрету; ойын барысында балаларды 2-3 рөлде ойнауға баулу; бағыну, басқару, теңдік қарым-қатынас ережелерін білу. |
|
Қардың тереңдігін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Жұмбақ. Көктен түсіп көбейді, Ұқсайды өзі шекерге, Бірақ ешкім жемейді, Жерде жатыр бекерге. Ол не? (Қар). Бақылау: балалардың көңілін ауланың қай жерлерінде қалың қар жатқанына аудару, қардың қаншалықты терең екенін білуді ұсыну. Балаларға өлшеуішті көрсету және әр жердегі қар қалыңдығын өлшеу; қалың қарды күрекпен қазып, қардың қалыңдығына назар аудару. Қимылды ойын: «Ақшақарды ізде». (дене шынықтыру) Ептілікті, шапшандықты дамытатын, кеңістікті бағдарлауды қажет ететін, қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру. Еңбегі адал жас өрен (еңбек дағдылары) Гүлзарды жинастыруды ұйымдастыру. Қар тоқтату жөніндегі пікірді қалыптастыру (қарды тоқтатады, жел соққанда), қардан кедергілер жасау, тәрбиешіге көмектесу. Тапсырманы орындау, бірлесіп атқаруда кішігірім тәсілдерін қалыптастыру. Өз бетімен ойындар. Өз құрдастарымен 2-3 рольден тұратын ойын ойнағанда, бірлесуге талаптандыру, рөлді бөлу, ойын тәртібін орындау, жалпы ойын шартына сәйкес әрекет ету. |
Ауа райына қарай қардың өзгеруін байқау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Болжау. Аязды күні қар жауса – күн жылынады. Суықтан қорықпа – суық сумен жуын. Мақал-мәтел. Қыс қандай болса, жаз да осындай. Байқау: жылы күндері жауған қар жабысқақ болады, қар жабысқақ, аққала жасауға ыңғайлы болатынын балаларға түсіндіру, ал аязды күндері қар үгітіліп, құрғап тұрғанда ештеңе жасауға болмайды. Ауа қысымының өзгеруіне байланысты қардың өзгеретінін бақылатып отыру, қардың өзгеру себептерін тереңдете түсіндіру. Қимылды ойын. «Бәйге». (дене шынықтыру) Балаларды әртүрлі жарысқа қатысуға үйрету (кім бұрын жылжиды, кім бұрын озады сол жеңіске жетеді). Балаларды достарының жеңісіне жеткеніне қуануға үйрету. Еңбегі адал жас өрен. Тәрбиешіге қардан жолды тазартуға көмектесуге тарту. (еңбек дағдылары) Экологиялық тәрбие Тәжірибе.Қардың қасиеттері. 1. Аязды күні қарды қолғаппен алса, ол жабыспайды, шашылады. 2. Қарға су құйсаң, ол мұз болып қатады. Қар дымқыл әрі жабысқақ, болады. Қортынды. Қардың дымқылдығынан қар әдемі тұтас түрде болатындығын байқадық. |
Қар басуын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Жұмбақ. Ұстай қалсаң еріп кетер, Әуре болма теріп бекер. (қар) Болжау. Қар түссе - күн жылынады Бақылау: балаларға қардың түсуі жөнінде түсінік беру. Қыста күн бұлттанса қар жауатына туралы айту. Аспаннан жапалақтап қар жауғанын бақылау (ұлпа, ақ, жеңіл). Қар, жүн көрпе секілді жерді қымтайды. Қимылды ойын. «Қармен ойнау». (дене шынықтыру) Балаларды қармен ойнауға үйрету. Нысанаға қарды ата білуге жаттықтыру. Ойын ережесін орындауға дағдыландыру. Еңбегі адал жас өрен. (еңбек дағдылары) Күректі қолдануды үйрету, ауланы қардан тазарту. Қоғамдық жұмыс уақытында бір-біріне кедергі келтірмеу. Қиыншылықтарды жеңе білу. Өз бетімен ойындар. Тыныш қуанышты жағдайды қолдауға және ұйымдастыруға талаптандыру; дербестілігін және бастамашылдығын көтермелеу. |
|||||
|
Серуеннен оралу |
Еңбегі адал жас өрен. Киімдерін ретімен шешіп, шкафтарына бүктеп қоюға қалыптастыру. |
|||||||||
|
Түскі ас |
Үнемді тұтыну. Ас алдында қолдарын жууға, суды шашып төкпеуге дағдыландыру. Ас мәзірімен таныстыру. Балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру. |
|||||||||
|
Күндізгі ұйқы |
«Бесік жырын» тыңдату. «Әжемнің ертегісі» Ертегіні, әнді тыңдай білуге, тыныштықты сезінуге үйрету. |
|||||||||
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары |
Ауыр тастар көтеру. Алақанды жұмып, қолды жартылай көтеріп-түсіру.Жалпақ табандықтың алдын алу Міндетінде денсаулық жолдарымен жүру. Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дене шынықтыру) |
|||||||||
|
Бесін ас |
Алдына қойған асқа назар аударту; дастархан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар) |
|||||||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Сурет салудан ойын-жаттығу "Аққала". Міндеті. Балаларды тіке жатқан қағаз бетінің ортасына көк қарындаш арқылы аққала бейнесін салуға үйрету; сурет салуда үлкен, кішкентай дөңгелектерді қатарымен іргелес салып, бейнені қосымша детальдармен толықтыруда жаттықтыру; үлкен және кішкентай дөңгелектерді аққаланың денесі мен басы деп тануға үйрету. Музыкадан ойын-жаттығу "Қыс әні". Міндеті. Балалардың шулы әннің сипаты мен төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін дамыту; музыкадағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту. |
|
"Аңдарға қысқы үйшік". Міндеті. Балалардың жабайы аңдардың қысқы тіршілігі жөнінде білімдерін кеңейту; аңдарға арналған қысқы үйшік бөлшектері туралы түсінік беру; ормандағы аңдардың тіршілік ерекшеліктерімен таныстыру. "Қоян түріп құлағын "саусақ жаттығуы. Смарт бала жобасы "Көрнекі үйшік" құрылыс ойыны. Текшелерден көрнекі ғимарат құрастыру. (құрастыру) |
"Қыс белгілерін ажыратамыз" дидактикалық ойын. Міндеті: балаларды тез ойлауға тәрбиелеу. Барысы: - Балалар, сендермен ойын ойнайтын боламыз. Мына жерде жыл мезгілдеріне тән белгілерін білдіретін суреттер тұр.Осы белгілердің ішінен қыс мезгілінің белгісін ажыратып алуымыз керек. Балалар суреттерді тез қойып шығады. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) |
"Аққаланы құрастыр" үстел ойыны. Міндеті. Балаларды аққаланың денесін үстел бетіне салып құрастыруға ынталандыру; көлемі әртүрлі дөңгелектерді ажыратуға жаттықтыру; жасалған жұмыстың нәтижесіне қуана білу қабілетін дамыту. Педагог әрбір балаға көлемі үш түрлі ақ түсті дөңгелектерді, көздер, сәбізден мұрын, шелек пішіндерін жинақтап табақшаға салып ұсынады. (сөйлеуді дамыту) |
|||||
|
Балалармен жеке жұмыс |
"Жаңа жыл" тақпағын қайталату. Міндеті. Бала тілін дамыту. Есте сақтауды қалыптастыру. "Жаңа жыл" (Хамит Ерғалиев) жалғастыру. Жаңадан көп түрлі Машина бергейсің, Жаңадан көк сырлы Үйлерге кіргейсің. Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңалық ізде сен! Жаңа ән, жаңа жыр Жазып бер бізге сен! (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
|
Суреттер қарастыру. Міндеті. "Қыс" мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген сюжетті суреттерді қарастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) |
"Қар" тақпағын айтқызу. Міндеті. Бала тілін дамыту. "Қар" (Тілеген Шопаев) Жауды міне, қар аппақ, Айналаның бәрі аппақ. Жасырыпты жолдарды: Тегістепті орларды. Үстін жауып көлдердің, Бетін бүркеп белдердің. Жастық етіп тауды асқақ Жантайыпты жамбастап. Жантайыпты жамбастап. (көркем әдебиет) |
Суреттер қарастыру. Міндеті. "Қыс қысығы" тақырыбында сюжетті суреттер қарастыру. Сұрақтар қою және толық жауапты талап ету. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) |

Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
|||||||||
|
Серуеннен оралу |
Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет) Музыкалық аспаптармен ойындар. қыс тақырыбына байланысты әндер тыңдау. (музыка) Өнер бұрышында қыс мезгілін бояу суреттерін бояту, аққала мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу) Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті) Еркін рөлдік, ұлттық ойындар. |
|||||||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут. Ата‑анаға баланың жеке дамуы, қызығушылығы туралы кеңес беріп, баламен көп сөйлесуге тарту. |

\Балалардың жасы: 3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 13-17- қаңтар 2025 жыл
Қаңтар айы: Құндылық‑заң және тәртіп
|
Күн тәртібінің үлгісі |
Дүйсенбі 13.01.2025ж |
Сейсенбі 14.01.2025ж |
Сәрсенбі 15.01.2025ж |
Бейсенбі 16.01.2025ж |
Жұма 17.01.2025ж |
|
|
Апта дәйексөзі: «Тәртіп‑ тәрбие бастау» |
||||

Қауіпсіздік ережесі. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз. Түрлі отшашумен ойнауына тосқауыл болыңыз. |

"Кім уақтылы шақырғанын тап" сөздік ойыны. Міндеті: есту анализаторын жаттықтыру, зейін және есту қабілеттерін дамыту, балалардың өз құрбы-құрдастарымен бірігіп ойнауға, достық қатынас орнатуға тәрбиелеу. Ойын ережесі: балаларға қарамай кім шақырғанын тек дауыс бойынша табу, оның атын дұрыс атау. Дауысын өзгертпей, атын қатты айту. Ойын әрекеті: кім шақырғанын іздеу. (сөйлеуді дамыту) |
Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Қол күрес» Міндеті: ептілікті, шымырлықты дамыту. |
"Жұп суреттер" үстел үсті ойыны. Міндеті. Балалардың байқағыштығын, суретте бейнеленген заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын таба білу іскерлігін тәрбиелеу; сөздік қорларын жетілдіру: ұқсас, әртүрлі, бірдей. Ойын ережесі: бірдей суреттерді жинау; кім қателеспесе, сол жеңеді. Ойын әрекеттері: бірдей суреттерді іздеу. (танымдық дағдылар) |
"Не артық?" үстел үсті ойыны. Міндеті. Дидактикалық міндеті: балаларды заттарды қолданудағы қателерді көре білуге үйрету; байқағыштығын, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдей білу іскерлігін дамыту; еңбек құралдары туралы білімдерін бекіту. Ойын ережесі: артық суреттің ғана бетін жабу; қажетсіз затты кім тапса, сол жеңеді. Ойын әрекеттері: қажетсіз затты табу және оны ақ қағазбен жабу. (сөйлеуді дамыту, танымдық дағды) |
Санамақтар айтқызу. "Кел, санайық санамақ" Бір, екі, үш, Бір, екі, үш, Ал, кәнеки, ұш. Төрт, бес, алты, жеті, Төрт, бес, алты, жеті, Мынау - ауыл шеті. Сегіз, тоғыз, он, Сегіз, тоғыз, он, Ал, кәнеки, қон. Асықпа да саспа, Бірден қайта баста. (сөйлеуді дамыту, математика негіздері) |

Үнемді тұтыну. Тамақ алдында қол жууға әдеттену. Міндеті: өзін-өзі күту, тамақтану, арақатынасу мәдениеті негіздерін дамыту. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу. Қол жуғанда суды төгіп шашпау. Гигиеналық дағдылар Асты-шашпай төкпей іш, Сораптамай баппен іш. Келген асты алдына Тауысып іш қалдырма. Тәрбиеші балалардың үстел үстінде дұрыс отыруларын қадағалайды. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) |
||||
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық |
Шаттық шеңбер Міндеті. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Бақыт толы шеңберге, Шаттық толы шеңберге Қол ұстасып келдік біз, Жан достармыз енді біз. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |

Дене шынықтыру "Ақшақарлар секілді билейміз". Міндеті. Балаларда сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; қойылған заттардың арасымен "жылан" тәрізді еңбектеу дағдысын жетілдіру; бір жағы 20-30 см биік қиғаш тақтайдың үстімен жүру іскерліктерін дамыту. |
Музыка "Ақшақарлар билейді". Міндеті. Балаларды әнді ықы-ласпен тыңдай білуге үйрету; әннің сөздік мазмұнын эмоционал-ды қабылдауға және сипатын ажырата білу қабілетін дамыту; төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетіл-діру; ырғақты сезіне білу қабілетін дамы-ту; музыка әуенімен жүгіруге және алға-артқа секіру дағды-сын қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би қимылдарын еркін орындауға үйрету; музыкалық аспапта ойнау қабілетін қа-лыптастыру; қардың пайдасы туралы ұғымдарын кеңейту. |
Дене шынықтыру "Әдемі билейміз". Міндеті. Балаларда еденге тігінен тұрған құрсаудан еңбектеуге үйрету; еңбектеу кезінде епті болуға тәрбиелеу; арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру; сап түзеп шеңберге, шеңберден сапқа ауысу дағдыларын жетілдіру. |
Қазақ тілі «Қыс бізбен қар атысып ойнайды». Қыс жыл мезгілі Міндеті. Қар туралы шағын өлең жолдарын қайталап оқу, сөздерді анықтап айтуды үйрету; жақсы көңіл күйлерін білдіруді үйрету. Қазақ тілін түсінуді, «қыс» сөзімен қарапайым сөз тіркестерін жасауды, сәйкесінше, сын есімдердің жалғауларын өзгертуді үйрету. |
Дене шынықтыру "Ақшақарлар билейді". Міндеті. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; қойылған заттардың арасымен "жылан" тәрізді еңбектеу дағдысын жетілдіру; бір жағы 20-30 см биік қиғаш тақтайдың үстімен жүруге үйрету. |
|
Серуенге дайындық |
Еңбегі адал жас өрен. Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау, бір‑біріне көмектесуге баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Серуен |
Қолғапқа түскен ақша қарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларға қолғапқа түскен, салмағы жеңіл, көлемі кішкентай, ақша қарды бақылауға үйрету; ақша қардың оюға, гүлге ұқсағандығын байқату; көрген құбылыстан жағымды әсер алуға ынталандыру. - Балалар, қолдарыңды созып, алақандарыңды ашыңдаршы. - Қолғаптарға не түсті? - Иә, ақша қарлар түсіп жатыр. - Ақша қарлар оюлы Күн көзіне жылтырайды. Ақша бұлттың гүлдері Баяу ұшып, асықпайды. - Ақша қарлар неге ұқсайды? - Жарайсыңдар, ақша қарлар кішкентай гүлдерге ұқсайды. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхана орындықтарын қардан тазалауға шақыру. Міндеті: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Қолғап" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту) Балаларды педагогтің соңынан көркем сөз жолдарының ырғағына, мазмұнына сай қимылдарды жасап, жағымды көңіл-күйге бөленуді үйрету; бүкіл дене бұлшық еттерін, түйсікті, есте сақтау қабілетін дамыту. - Балалар, ал қазір қолғаптарымызбен әдемі жаттығулар жасап, ойнап көрейік. - Қане, қолғапты киеміз, (алақандарды өзара уқалау) Бір қолды салып көреміз, (бір қолмен екінші қолды сипау) Екінші жұп қолғапты (екінші қолымен бірінші қолды сипау) Киіп алсақ – жарап тұр. (алақандарымен ары-бері бұраңдау) Біз татумыз, біз біргеміз, Шапалақтап, секіреміз. Оп-оп! Шапалақ! Секір, секір! Шапалақ! Жаттығу бірнеше рет қайталанады. "Тегіс жолмен жүреміз" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: алға қарай жылжи отырып, қос аяқпен секіруге жаттықтыру. |
Қарды бақылау (қардың жерге түсуі). (қоршаған ортамен танысу, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру) Міндеті. Балаларға қардың жоғарыдан төмен ақырындап түскеніне көңіл аудару, қардың көп болғанын байқату; зейінін, түйсігін, ой-қиялын дамыту.
- Міне, міне, қар жауды (екі алақанды екі жаққа жайып, жоғары көрсету), Міне, жинады тауды (шапалақтау). Міне, ақшақарым-ай (алақандарды ашып, айналдыру), Тоңды саусақтарым-ай (алақандарды бір-біріне қою).
Міне, міне, қар жауды (екі алақанды екі жаққа жайып, жоғары көрсету), Міне, жинады тауды (шапалақтау), Міне, басты балақай (қол белде, аяқпен сап түзегендей болып жүреді), Аяқпенен тәй-тәй (қол белде, аяқпен сап түзегендей болып жүреді). Д. Ахметова Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды қарды күректермен күреп, жүруге арналған жолдарды жасауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Кім тыныш?" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Балаларды бір бағытта тыныш жүру әдебіне үйрету, аяқтың табанын толық басып және аяқ ұшымен жүріп қимылдау дағдыларын қалыптастыру; сигналға сай қозғалуға ынталандыру. - Балалар, қазір аяқтарымызды нық басып, менің соңымнан сайға қарай жүрейік. Сайға қарай адымдаймыз, Түрлі дыбысты тыңдаймыз. Көрейік. Бұл қай бұрыш? Тыңдайық. Тыныш ... Тыныш ... - Қанекей, аяқтың ұшымен тыныш жүрейік ... - Бұл жақта не бар екен? - Тамаша ... Педагог белгілі объектіні тапқандарын айтады, балаларды мақтайды. Жаттығу бірнеше рет өткізіледі, жүру бағыттары ауысады. "Шеңберден шықпа" жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды шеңберге тұрып, шеңбердің бойымен қимылдауға баулу; кеңістікті бағдарлауға, мұқияттылыққа, достыққа тәрбиелеу. |
Қысқы шыршаны бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Міндеті. Балалардың шырша ағашы туралы ұғымдарын қалыптастыру, оның ақ қар астында жасыл болып тұрғанын байқату; шыршаның үшкір қылқандарын ұстатып, жапырақтарға ұқсамайтынына және түсіп қалмайтынына назар аудару; шыршаны қабылдаудан жағымды әсер алуға тәрбиелеу. Педагог балаларды жасыл шырша алдына алып келеді. Аулада шырша өспеген болса, педагог жасанды шыршаны аулаға уақытша шығарып қоя алады. - Балалар, мынау не? - Жарайсыңдар, бұл шырша. - Қараңдаршы, шырша ағашы бізге қуанып тұрған сияқты. "Шырша". Қызық-думан күн келді, Жасыл шырша түрленді. Аяз сүйіп, терленді, Үйге кірді төрледі. Ә. Табылдиев Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды шыршаның айналасын түсіп қалған қоқыстардан тазалауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Шыршаны айнала билейік" қимылды жаттығу. (дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту) Балаларды шыршаға қарап, қызықты қимылдарды жасап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленуге баулу. Педагог балаларға алдын-ала безендірілген шыршаны көрсетеді. Шыршаға қараңдар, Таңқалып қалмаңдар. Бұтақтағы ойыншықпыз, Шеңбердегі аюмыз. Енді, біз түлкіміз, Түлкі болып жүрміз. Қоянмен біргеміз, Бірге секіреміз. Балалар педагогтің көрсетуіне еліктеп, жабайы аңдарға тән қимылдарды орындайды. Балықтай жүземіз, Үндемей күлеміз. "Шашылған қарларды (доптарды) жинайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, қоршаған кеңістікті бағдарлауға баулу, топтастармен тату ойнауға, достыққа тәрбиелеу. |
Қысқы ауа райын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Міндеті. Балаларға қыс мезгілі жөнінде жалпы ұғымдар беру, қыстың ауа райы бұлтты және ашық, суық болуына көңіл аудару, адамдардың жылы киінгенін байқату; зейінді, ойлау қабілетін дамыту. - Балалар, айналаға қараңдаршы. - Иә, айналада қар жатыр. - Аспанымыз сұр (көгілдір). - Бірақ қыста күн суық. - Адамдарға қараңдаршы, жылы киінді. - Біз нені кидік? Балалар жауап бермей жатса да, үстіне көрсете де алады. - Қыс мезгілі. Суықта Қар жауады қалықтап. Қар жауады қалыптап, Аппақ қабықпен қаптап. Қыс мезгілі. Аппақ қала. Ақ көшелер. Ақ сала. Ақ көшелер. Ақ сала. Аулада тұр аққала. Д. Ахметова. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды учаскедегі орындықтарды қылшақтар арқылы қардан тазалауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Машиналар жүреді" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларды қызыл, жасыл не сары түсті таңбалауыштардың біріне сәйкес қимылдарды жасауға үйрету; топтасып, бір-біріне соғылмай жүре білу дағдыларын қалыптастыру; жағымды әсерлерге бөленуге тәрбиелеу. Педагог балаларға кезегімен қызыл, сары, және жасыл таңбалауыштарды көрсетіп жатып, белгілі таңбалауышқа сай белгілі қимылдарды жасауды ұсынады: - жасыл таңбалауыш - қолға рульді ұстағанға ұқсап, ары-бері, жан-жаққа бағыттап жүгіру; - сары таңбалауыш - орнында тоқтап, шапалақтау, - жасыл таңбалауыш - жерге шоқайып отыру. - Бағдаршамда жасыл шам - Жол ашық, машиналар. Бағдаршамда сары шам - Шапалақта, балалар. Бағдаршамда қызыл шам - Тоқтасын машиналар. Ойын екі рет өткізіледі. "Допты (қарды) қағып ал" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды допты екі қолмен ұстауға жаттықтыру; тепе-теңдікті сақтауға, ептілікке баулу. |
Қарды бақылау (қардың жауған алқабы). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балалардың табиғат құбылысы, қарды бақылауға деген қызығушылығын ояту; қардың қайда жатқанына көңіл аударып, айтуға ынталандыру. - Балалар, бәрекелді! - Қараңдаршы, айналада не жатыр? - Иә, бұл қар. - Қар қайда жатыр? - Айналаның бәрі аппақ.
- Жапалақ қар, Армысың? Дүниеде бармысың? Қысқы дала тәуелді, Жау, жау енді! Ұзақ уақыт қалықтар, Жау, жау енді, Мамық қар! Қ. Мырзалиев Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды қарды күректермен күреп, жүруге арналған жолдарды жасауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. Қимылды ойыны. "Пингвиндер сапта жүреді". (дене шынықтыру) Балаларға сигнал бойынша жан-жаққа жүгіру және сигнал бойынша сапқа, педагогтің соңынан жүру дағдыларын қалыптастыру, кеңістікті бағдарлауға үйрету; пингвин құсы туралы алғашқы ұғымдар қалыптастыру, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру. Педагог балаларға пингвиннің суретін көрсетеді, пингвинше жүру үлгісін көрсетеді, содан соң балаларды сөздеріне, қимылдарына еруге ынталандырады. - Пингвиндер ұқсап жүрейік, Оңға, солға теңселейік: Топ-топ-топ, топ-топ-топ, Оңға, солға теңселейік. Ал енді, пингвиндер, тоқта! Қане, жиналыңдар сапқа! Бір-бірімізден қалмаймыз, Сапта жүріп-ай, жараймыз! Д. Ахметова "Өз орныңды тап" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды сапға (түзу сызық, жіп бойына) сигнал бойынша тізілуге, сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге дағдыландыру; зейінді болуға, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу. |
|
Серуеннен оралу |
Еңбегі адал жас өрен. Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру. |
||||
|
Түскі ас |
Үнемді тұтыну. Ас мәзірімен таныстыру. Балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру. |
||||
|
Күндізгі ұйқы |
Ұйқыға арналған әуен аудио-ертегі тыңдату. |

Шаңғы жаттығуы; (екі аяқты тізеге бүгіп, кезекпен созып-жинау, табанды төсек үстіне үйкеу). Жалпақтабандықтың алдын алу Міндетінде денсаулық жолдарымен жүру. Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау. (дене шынықтыру) |
||||
|
Бесін ас |
Үнемді тұтыну. Қолды жуып тамаққа отырғызу. Ас мәзірімен таныстыру. Бір- біріне кедергі жасамай мәдениетті отыруға баулу, балалардың назарын тағамға аудару. |

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Қардың қасиеті". Міндеті. Қардың қасиеттерін атау арқылы балалардың есте сақтауы мен қабылдауын, зейіні мен тілін және дүниетанымы мен ойлауын дамыту. Сурет салудан ойын-жаттығу "Терезеде ақшақарлары". Міндеті. Балаларды мақта таяқшалары арқылы шаршы пішініне, "терезе" кескініне ақша қарларды салуға үйрету; терезе сұлбасын бояумен жүргізіп, төрт шақпақ орталарына дөңгелектерді салып, бойларын түрлі нүктелер және сызықтармен толтыруға машықтау. |
Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу "Қолғап". Міндеті. Балаларды "Қолғап" ертегісінің қызықты мазмұнымен таныстыра отырып, ертегіні әңгімелеу барысында кейіпкерлердің бейнесі мен сөзін мұқият есте сақтауға үйрету.
"Қажетті киімді алыңыз" дидактикалық ойыны. Міндеті: балаларды қысқы және жазғы киімдерді ажыратуға үйрету, зейін, есте сақтау және логикалық ойлауды тәрбиелеу, қуыршаққа қажетті киімді табу. Барысы: балалардың алдындағы үстелде қуыршақтар мен қысқы және жазғы киімдер бейнеленген. Педагог кезекпен жазғы және қысқы мезгілдердің суретін көрсетеді. Балалар қуыршақтарға жыл мезгілдеріне сәйкес киім кигізу керек. |
Мүсіндеуден ойын-жаттығу "Аққала". Міндеті. Балаларға аққала туралы түсініктерін тиянақтау, аққаланың дене құрылымы жөнінде білімді жетілдіру; аққаланың қардан жасалған мүсін екеніне көз жеткізу; қысқы ойын-сауықтар түрлерімен таныстыру.
"Үйшікте кім тұрады?" сөздік ойыны. Дидактикалық міндеті: балалардың жануарлар туралы білімін, дыбыстарды дұрыс айту іскерлігін бекіту. Ойын ережесі. "Үйшікте кім тұрады?" деген сұраққа кім үйшікте тұрса, сол балалар ғана жауап береді (балалар жануарлардың дыбысын салады). Ойын әрекеттері: дыбыспен еліктеу; әр түрлі жануарлар мен құстардың қозғалысын көрсету. |
Математика негіздерінен ойын-жаттығу "Аққалалармен ойнайық". Міндеті. Балалардың екі қарама-қарсы заттарды биіктігі мен жуандығы бойынша тұстастырып, беттестіріп, іс-тәжірибеде сәйкестігін тауып, салыстыра білу дағдыларын жетілдіру, салыстыру нәтижесін сөзбен жеткізуге үйрету; көзбен мөлшерлеу, қолдың ұсақ моторикасын, кеңістікті бағдарлау, есте сақтау, қабылдау және елестету қабілеттерін дамыту. "Дәріхана"сюжетті-рөлдік ойыны. Міндеті: дәріхана қызметкерлерінің мамандықтары туралы білімдерін кеңейту: фармацевт дәрі-дәрмек жасайды, кассир-сатушы оларды сатады, дәріхана меңгерушісі дәрі-дәрмек жасау үшін қажетті шөптер мен басқа да препараттарға тапсырыс береді, балалардың сөздік қорын кеңейтеді. |
Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу "Ақшақарлар жауып тұр. Дауыссыз [ш] және [ж] дыбыстары". Міндеті. Балаларды [ш] және [ж] дыбыстарының жеке, буын және сөз құрамында айтылу тәртібімен, сөздің жекеше және көпше түрлерімен таныстыру; қардың қасиеттері жөнінде білімдерді жетілдіру. Сюжетті-рөлдік ойыны: "Тазалықты сақтайық". Міндеті: ойынға деген қызығушылықты дамыту; балалар арасындағы жағымды қатынастарды қалыптастыру; тазалыққа ұқыпты қарауды тәрбиелеу. |
|
Балалармен жеке жұмыс |
"Сыпайы сөздер" дидактикалық ойыны. Міндеті: балаларда өзін-өзі ұстау мәдениетін, сыпайылықты, әрқайсысына деген құрмет сезімін, досқа, бір-біріне көмектесуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу. Барысы: педагог балаларға әртүрлі сюжеттер бейнеленген суреттерді көрсетеді және сұрақтар қояды. Балалар сұрақтарға толық жауап береді. |
Санамақтар айтқызу. "Кел, санайық санамақ". Бір, екі, үш, Бір, екі, үш, Ал, кәнеки, ұш. Төрт, бес, алты, жеті, Төрт, бес, алты, жеті, Мынау - ауыл шеті. Сегіз, тоғыз, он, Сегіз, тоғыз, он, Ал, кәнеки, қон. Асықпа да саспа, Бірден қайта баста. (сөйлеуді дамыту) |
"Ақ қоян" ойыны. Ойын Міндеті: балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, тілдерін дамыту, достыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу. Ойын құралдары: қоянның маскасы. Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада "қоян" болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып, қоянды айнала жүріп, тақпақ айтады: Ақ қоян-ау, ақ қоян, Орныңнан тұршы, Бетіңді жушы, Шашыңды тарашы, Әй-әй көйлек киші, Біреудің қолын үзші, - дегенде, қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп, өлең бітісімен, жүгіріп барып, шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген жердегі, оң жақтағы бала "қоян" болады. (сөйлеуді дамыту, көркем сөз, дене шынықтыру) |
"Қар" тақпағын айтқызу. Міндеті. Бала тілін дамыту. "Қар" (Тілеген Шопаев) Жауды міне, қар аппақ, Айналаның бәрі аппақ. Жасырыпты жолдарды: Тегістепті орларды.
Үстін жауып көлдердің, Бетін бүркеп белдердің. Жастық етіп тауды асқақ Жантайыпты жамбастап. Жантайыпты жамбастап. (көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту) |
Суреттер қарастыру. Міндеті: "Қыс қызығы" тақырыбында сюжетті суреттер қарастыру. Сұрақтар қою және толық жауапты талап ету. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу, қазақ тілі) |

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет) Смарт бала жобасы бойынша конструкторды дұрыс айқастырып біріктіру мақсатында ойындар ойнату. Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка) Өнер бұрышында қыс мезгілін бояу суреттерін бояту, ұлпақар мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу) Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті) Еркін рөлдік, ұлттық ойындар ойындар. |
||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут. Баланы үйде аяқ киімін оң, теріс деп үйрету. Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру |
||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Циклограмма ортаңғы топ қаңтар 2025

шағым қалдыра аласыз