жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Циклограмма ортаңғы топ қаңтар 3-4- апта 2025ж
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы:
Тобы: ортаңғы топ
Балалардың жасы: 3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 20-24- қаңтар 2025 жыл 3-апта
Қаңтар айы: Құндылық‑заң және тәртіп
|
Күн тәртібінің үлгісі |
Дүйсенбі 20.01.2025ж |
Сейсенбі 21.01.2025ж |
Сәрсенбі 22.01.2025ж |
Бейсенбі 23.01.2025ж |
Жұма 24.01.2025ж |
|
|
Апта дәйексөзі: « Әділ заң‑ аспан тірегі» |
||||
|
Балаларды қабылдау |
Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру |
||||
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру |
Өнегелі15 минут. Ата-аналарды мазалап жүрген сұрақтарына жауап беру; балалардың балабақшада өздерін ұстауы жайлы ақпарат беру. Қауіпсіздік ережелері:Баланың отпен, сіріңкемен ойнауына тыйым салып, оның зардабын түсіндіріп отыруға кеңес беру. |
||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
"Үй жануарлары" дидактикалық ойыны. Міндеті: үй жануарла-рының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы. «Бәйге» мақсаты: ұлттық ойындарға қызығушылықты тәрбиелеу |
"Ұқсайды –ұқсамай-ды" заттармен ойналатын ойын. Дидактикалық міндеті: балаларды заттарды салыстыруға түрі, түсі, формасы, көлемі, материалы бойынша ұқсастық-тарын байқауға үйре-ту; байқағыштығын, ойлауын, тілін дамыту. Ойын ережесі: екі затты алып, оның ұқсастықтарын көрсету іскерлігі. Кімді көрсетсе, сол жауап береді. Ойын әрекеттері: ұқсас заттарды іздеу. (сөйлеуді дамыту, танымдық дағдылар) |
Біртұтас тәрбие бағд "Қонақ қай елден?" заттармен ойналатын ойын. Міндеті. Дидактикалық міндеті: балалардың басқа ел тұрғындары туралы білімдерін бекіту; басқа ұлт өкілдеріне қызығушы-лықты, оларды құрмет-тей білуді, олардың өмірі туралы білуге деген тілекті тәрбиелеу. Ойын ережесі: суретке сәйкес басқа ұлт өкілінің ұлттық киімін таңдау; қуыршаққа ұлттық киімді киіндіру; кім ұлттық киімді дұ-рыс және тез киіндірсе, сол жеңеді. Ойын әрекеттері: қуыршақты киіндіру; ұлттық би немесе ән орындау. |
"Қалаға саяхат" үстел үсті ойыны. Міндеті. Дидактикалық міндеті: балалардың туған қаласы туралы білімдерін бекіту: онда кімдер тұрады, еңбек етеді, қандай транспорт түрлері бар, қала қалай безендірілген. Ойын ережесі: өз тобына тапсырмаларға сәйкес суреттерді таңдау: адамдар, көлік, еңбек, қаланы безендіру. Ойын әрекеттері: суреттерді іздеу. Белгі бойынша әрекет ету. |
"Зоологиялық домино" үстел үсті ойыны. Міндеті. Дидактикалық міндеті: балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; зейіндерін тәрбиелеу. Ойын ережесі: кім өз суреттерін бірінші қойса, сол жеңімпаз болады. Ойын әрекеттері: зейінді болу, өз суретін уақытында қою, жүрісін өткізіп алмау. |
|
Таңертеңгі жаттығу |
Жалпы дамыту жаттығулары (орамалдармен). 1. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 1.1. Балалар орамалмен беттерін жауып, ""тауып ал"" деген сөзді айтады. 1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады). 2. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 2.1. Оңға бұрылып, қолдарын созып, орамалды умаждап ""жуамыз"" деген сөзді айтады. 2.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 4 рет қайталанады). 3. Бастапқы қалып жерде отырады, аяқ алшақ, орамал тізе үстінде. 3.1. Жерге шалқасынан жатып, орамалмен беттерін жауып ""ұйықтайық"" деген сөзді айтады. 3.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады). 4. Бастапқы қалып аяқ бірге, дене бос, қол төменде. 4.1. Орамалды көкірек тұсында ұстап, бір орында тұрып секіру. 4.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады). (дене шынықтыру) |
||||
|
Таңғы ас |
Гигиеналық дағдылар Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу. Міндеті: өзін-өзі күту, тамақтану, арақатынасу мәдениеті негіздерін дамыту. Ас ішкенде күнде біз, Сөйлемейміз, күлмейміз Астан басқа өзгені, Елемейміз, білмейміз. Балалар алғыс айтып тамақтануға кіріседі. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) |
||||
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық |
Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Әнұранды орындау, Шаттық , жылулық шеңберлерін өткізу. |
||||
|
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет |
Дене шынықтыру "Жануарлар қалай қыстайды?" Міндеті. Балаларда допты алысқа лақтыруда бастапқы тұрған қалыпты қабылдау және бөрененің үстімен тез адымдап жүру техникаларын бекіту; оқу қызметін пысықтау. |
Музыка "Аю мен түлкі". Міндеті. Балаларды жабайы аңдар туралы әнді қызығушылық-пен тыңдай отырып, әннің сипатын ажыра-та білу қабілетін дамыту; әндегі төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру; әнді айтуда ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; музыка әуенімен бірге би қимылдары мен аңдар қимылдарын дербес орындауға үйрету; музыкалық аспап қасықпен жатық ойнау қабілетін дамыту. |
Дене шынықтыру "Аю ұйықтағанды жақсы көреді". Міндеті. Балаларда сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілеттерін жетілдіру; әртүрлі бағыттарда жүгіру дағдыларын дамыту; доғаның астымен өрмелеуге үйрету; өрмелеу кезінде епті, жылдам болуға тәрбиелеу. |
Қазақ тілі "Орман тұрғындарының бастан кешкендері" Міндеті. Қазақ тілін түсінуді, аңдарды дұ-рыс атау және қысқы тіршілігін білуді, сұрақ-тарға жауап беру кезінде ең қарапайым сөз тіркес-терін дұрыс құрастыру-ды, салыстыру кезінде заттардың көлемін атау-ды, сөз тіркестерін дұ-рыс құрауды, дыбыстар-ға еліктеу кезінде арти-куляциялық аппаратын, көру арқылы қабылда-уын, қазақ тілін түсінуді, қыстап қалатын құстар-ды ажырату және атау-ды, сұрақтарға жауап беру кезінде ең қарапа-йым сөз тіркестерін дұ-рыс құрастыруды, са-лыстыру кезінде заттар-дың көлемін атауды, сөз-дерді сөз тіркестеріне дұрыс құрауды, көлем-дерді сәйкестендіре білу қабілетін дамыту. Есту, сақтау және көру зейі-нін, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту. Аң-дарға және қыстап қала-тын құстарға жанашыр-лық, қамқорлық сезімде-ріне баулу. |
Дене шынықтыру "Маубас аю". Міндеті. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; допты алысқа лақтыруда бастапқы тұру қалпын қабылдауға үйрету. |
|
Серуенге дайындық |
Еңбегі адал жас өрен. Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Серуен |
Қарды бақылау (қардың жауған алқабы). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларға қыс мезгіліне тән табиғи құбылыс қарды бақылауға деген қызығушылығын ояту; қардың қайда жатқанына көңіл аударып, айтуға ынталандыру. - Балалар, бәрекелді! - Қараңдаршы, айналада не жатыр? - Иә, бұл қар. - Қар қайда жатыр? - Айналаның бәрі аппақ. ‑Аулаға қыс келді, Қыс келді, Қыс келді. Қар шатырға түседі, Қар ағашқа түседі, Қар жерге таман, төмен, Бұлттан баяу түседі. Қарлар - жеңіл нүктелер, Көрінбейді бұлт пен жер. Түсіп жатыр, Түсіп жатыр, Аппақ көрпе жауып жатыр. Д. Ахметова Еңбегі адал жас өрен: балаларды қарды күректермен күреп, жүруге арналған жолдарды жасауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Қолғап" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларды педагогтің соңынан көркем сөз жолдарының ырғағына, мазмұнына сай қимылдарды жасап, жағымды көңіл-күйге бөленуге үйрету; бүкіл дене бұлшық еттерін, түйсікті, есте сақтау қабілетін дамыту. - Балалар, ал қазір қолғаптарымызбен әдемі жаттығулар жасап, ойнап көрейік. - Қане, қолғапты киеміз, (алақандарды өзара уқалау) Бір қолды салып көреміз, (бір қолмен екіншісін сипау) Екінші жұп қолғапты, (екінші қолымен бірінші қолды сипау) Киіп алсақ – жарап тұр. (алақандарымен ары-бері бұраңдау) Біз татумыз, біз біргеміз, Шапалақтап, секіреміз. Оп-оп! Шапалақ! Секір, секір! Шапалақ! Жаттығу бірнеше рет қайталанады. |
Қоян ойыншығын бақылау (ақ қоян). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балалардың көңілін қоян ойыншығына аудару; қоянның тоны ақ, ұзын құлағы, қимылдары туралы ұғымдарды қабылдауға ынтылындыру, жасалған жаттығудан жағымды әсер ала білу қабілетін қалыптастыру. Педагог ақ қоян ойыншығын көрсетіп, оның сыртқы сипатын байқатады. - Балалар, біздің қонығымызды таныдыңдар ма? Бұл не? - Жарайсыңдар, бұл қоян. - Қоянның терісі сұр ма? - Қоянның терісі ақ. Жарайсыңдар. - Қоянның қандай дене бөлшектері бар? - Иә, ұзын құлақтары бар. - Қоян құлықтарымен қалай қимылдайды? - Барлығымыз көрсетейікші. Жарайсыңдар! - Қараңдаршы, ақ қоян жылы ақ тонын киіп алды. - Қоян қайда мекендейді? - Иә, қоян орманда мекендейді. Сендерді бірге ойнауға шақырады. - Қоян қорқақ, Ұзын құлақ. Бұта түбінде, Қасқырға көрінбей, Ақ қарда жатыр, Тыныш қана, үндемей. Д. Ахметова Еңбегі адал жас өрен: балаларды сұхбатхана орындықтарын қардан тазалауға шақыру. Міндеті: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Бері шыға ғой, қоян!" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларға шеңбер бойымен жүріп, барлығы бірге топтасып "Бері шыға ғой, қоян!" сөздерін айтып, көрсетілген қимылдарға еліктеу қабілеттерін жетілдіру. Педагог балалардың бірін "Қоян" атап, барлығымен бірге оны шақырады. Шақырылған қоян ортаға шығып, қимылдарды жасайды (педагог үлгіні көрсете алады), балалар қайталайды. - Бері шыға ғой, қоян! Ақ құлақтармен ойна! Былай көрсет, Былай көрсет, Ақ құлақтармен ойна! |
Күнді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларды күннің аспанда орналасуын және жарқырағанын байқап, қолдарды жоғары созып, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру; күн туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастастыру. Педагог балаларға қимылдарды көрсетіп жатады, балалар соңынан қайталайды. Алтын күнге ұқсайық, Қолдарды, кел, созайық. Қолдарымыз - шуақтар, Жайылады жан-жаққа. Еңбегі адал жас өрен: балаларды қарды күректермен күреп, жүруге арналған жолдарды жасауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Қарлы жолдарды басайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті. Балалардың сапта түзу бағытпен жүріп, екі аяқпен секіріп, жүгіріп, алға жылжу қабілеттерін жетілдіру, тепе-теңдікті сақтау қабілеттерін дамыту, бұлшық еттерін шымыр ету. Педагог балаларды көркем сөзбен қимылдарға ынталандырады. Алдымызда ұзынша Жайылып тұр жолақша. Топ-топ етіп басайық, Қадам басып барайық. Секіреміз оп-оп! Біз жүреміз топ боп. Ал енді біз жүгірейк, Саптан қалмай, үлгерейік. Жүгір, жүгір, балақай! Саптан қалма, балақай! Жүгіріп болдық, жүрейік, Тыныс алып, үлгерейік. Тыныс алып болайық, Қадам басып, тоқтайық ... Д. Ахметова "Әткеншек" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды шеңберге тұрып, тақпақ сөздеріне сай қимылдай білу қабілетін қалыптастыру. Бір жоғары, бір төмен, Күні бойы тербелем. Әткеншек-ау, әткеншек, Айнала бер бізбенен. |
Ауладағы құстарды бақылау (шығаратын дыбыстары). Міндеті. Балаларды құстардың шиқылдаған дыбыстарын тыңдауға ынталандыру; құстардың дыбыстарына еліктеуге үйрету. - Балалар, тыныш тұрайықшы. Естіп тұрсыңдар ма? Бұл шығып жатқан қандай дыбыстар? Біреу "шиық-шиық" деген дыбыстарды шығарады. - Иә, бұл құстардың шиқылдаған дыбыстары. - Құстар ұқсап дыбыстайықшы. Жарайсыңдар! Еңбегі адал жас өрен: балаларды учаскедегі жемшашарларды жемге толтыруға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, құстарға қамқорлық жасауға баулу; қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; жағымды эмоцияларды дамыту. "Құстар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балалардың жан-жақтағы бағытқа, бір-бірін итермей, жан-жаққа жүгіруді үйрету, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Педагог балалар ("құстар") үшін белгілі орындарды,"ұя" деп белгілейді. "Құстар, ұша қойыңдар!" сөздерінен кейін балаларға еркін жүгіріп, қолдарымен бұлғап,, құстардың ұшқанына еліктеу қимылдарын көрсетеді, жағымды сөздерді айтып, балаларды қолдайды, біраздан соң балаларға алаңға шоқайып отыруды ұсынады: - Құстар, құстар, келіңдер, Жемді шоқып, теріңдер. Жемді шоқып, тойсаңдар, Ән салып беріңдер. Д. Ахметова Балалар бірақ отырып, демалып болғаннан кейін, педагог қайта "ұшып" қимылдауды ұсынады. "Шеңберге дәлде" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларда нысанаға (қарды) дәлдеп ата білу, ептілік, мергенділік қабілеттерін дамыту. |
Апандағы аюдың суретін қарау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларға аюдың қысқы тіршілігі жөнінде жалпы ұғымдар беру; аюдың орманда көрінбейтінін, апанда ұйқыда жатқанын түсінуді үйрету; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Аю апанына жатты, Аюдың ұйқысы қатты (ұйықтаған аю). - Аю, аю, қайдасың? - Неге ақырмайсың? Д. Ахметова - Балалар, аю неге ақырмайды? - Иә, аю апанда ұйықтап жатыр. - Аю қалай ұйықтайтынын көрсетейікші. - Жарайсыңдар. - Аюдың ұйқысы қатты, біз ойынды ойнап көрейік. Еңбегі адал жас өрен: балаларды учаскедегі орындықтарды қылшақтар арқылы қардан тазалауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Қоңырауым қайда?" қимылды ойыны. (дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларды белгілі бағытта сигнал бойынша жүгіруге жаттықтыру. Педагог балаларға ойынның бастамасын көрсетеді. - Қоңырауым қайда? Сыңғырлайды сайда. Кім адапсай тауып алады, Қоңырырауды қолға алады. Балалар жасырынған қоңырауды тауып алып, қолға алып сыңғырлайды. Педагог келесі ретте қоңыраудың орнын ауыстырып жасырады. "Көпірден өт" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды бір орнынан ұзындыққа екі аяқпен алға секіре білу қабілетін қалыптастыру; тепе-теңдік, ептілік, көзбен мөлшерлеу сезімдерін дамыту. |
|
Серуеннен оралу |
Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Түскі ас |
Үнемді тқтыну. Гигиеналық дағдылар Тамақтанар алдында қол жуу, суды үнемді пайдалануға үйрету.Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) |
||||
|
Күндізгі ұйқы |
Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай жасау. (мәдени-гигиеналық дағдылар) |
||||
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары |
Мысықтың ашулануы (тіземен тұрып, белді бүкірейтіп, басты төмен түсіру). Жалпақтабандықтың алдын алу Міндетінде денсаулық жолдарымен жүру. Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау. (дене шынықтыру) |
||||
|
Бесін ас |
Алдына қойған асқа назар аударту; дастархан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар) |
||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Сурет салудан ойын-жаттығу "Ақ қоянды жасырайық". Міндеті. Балаларды сюжеттік сурет салудың ережелеріне үйрету; қағаздың сол жағында алдын-ала салынып тұрған тіке сызықты жасыл борша арқылы шырша бейнесіне айналдыруға, жанына қылқалам арқылы ақ қоян бейнесін салуға үйрету. |
Саусақ жаттығуы. "Қоян". Қоян өмір сүріпті (алақандарын соғады). Ұзын құлақ (құлақтар - жұдырықтан балаң үйрек (сұқ саусақ) және ортан терек саусақтарын жоғары көтереді және төмен түсіреді; шылдыр шүмек пен кішкене бөбекті бас бармақпен басып тұрады). Қоян тонып қалды (алақандарын бір-біріне үйкелейді). Мұрны тонып қалды (екі қолдың саусақтарын қысады және босатады). Құйрығы тонып қалды (құйымшақты сипайды). Жылынуға кетті (алақандарын бір-біріне үйкелейді). Балалардың үйіне (екі қолдың саусақтарын қысады және босатады). Сол жақта жылы (алақандарын соғады). (сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру)
|
Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу "Қонжық неге ақырады?" ертегісін әңгімелеу. Міндеті. Балаларды "Қонжық неге ақырады?" ертегісімен таныстыру, ертегі желісінде кездесетін аюдың, қонжықтың қыстағы тіршілігі, дыбыстау ерекшелігі жөнінде мағлұмат беру.
Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі". Міндеті. Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігіндегі өзгерістер арқылы балалардың жабайы табиғат өкілдеріне қызығушылық бастамаларын арттыру; көзбен қабылдау, фонематикалық есту қабілеті мен зейінін және дүниетанымы мен ойлауын дамыту. |
Математика негіздерінен ойын-жаттығу "Орман тұрғындарының іздері". Міндеті. Балалардың екі қарама-қарсы заттардың ені бойынша тұстастырып, салыстыру дағдыларын жетілдіру, нәтижесін сөзбен жеткізуге үйрету; оң жақ пен сол жақты ажырату қабілетін дамыту, саны айрықша геометриялық пішіндерден биіктігі екі түрлі қарапайым бейнелерді құрастыруда жаттықтыру; есте сақтау, ақыл-ой мен қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Ұйқыдағы аю". Міндеті. Балалардың жабайы жануар аюдың тіршілігі туралы білімдерін қалыптастыру; жабайы жануардың қыс мезгіліндегі тіршілігі жайлы түсініктерін (сыртқы түрі, тіршілік ету ортасы, мекені, азығы, қысқа дайындығы) кеңейту. |
«Смарт бала» жобасы Құрастырудан ойын-жаттығу "Қоян мен Түлкі көрші". Міндеті. Балаларды білеу, текше, призма, арка сияқты құрылыс материалдары арқылы екі көлемде қақпалар жасауға үйрету; білеулерді тік қойып, арасын аркамен жауып, үстінен призманы қойып, шатырды жасауда жаттықтыру; құрылыстың тұрақтылығы жөнінде ұғымдарды жетілдіру.
Музыкадан ойын-жаттығу "Қасқыр туралы". Міндеті. Балаларды музыкадағы төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру; музыка сипатына қарай аңдардың қимылдарын дұрыс қайталау; музыкалық аспап қасықпен ойнау қабілетін қалыптастыру. |
|
Балалармен жеке жұмыс |
Жаңылтпаштар айтқызу. Аппақ, аппақ, бәрі аппақ, Ақ қар аппақ, бәрі аппақ. Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ Ақ сүт, айран, қант та аппақ. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
"Кім қалай сөйлейді?" дидак‑қ ойыны. Міндеті: сөздік қорын кеңейту, реакция жылдамдығын дамыту. Барысы: педагог кезекпен балаларға допты лақтырады, жануарларды атайды. Допты қайтарған балалар жануардың қандай да бір дауыс беретініне жауап беруі керек: (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) |
Сергіту сәтін айтқызу. 1 дегенде тұрайық, 2, 3, 4 – алақанды соғайық, Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Біз жүгіріп алайық. 5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық. |
Саусақ жаттығуы. Апам үшін күнде мен (әндете), Отынға ағаш жарамын (ағаш жарғандай). Су құямын гүлге де (гүлге су құйғандай), Дүкенге де барамын (қолдарына сөмке ұстап жүру), Сыпырамын үй үшін (сыпырғандай), Жуам ыдыс-табақты (ыдыс жуғандай). Жылай қалса бөпемді (бөпені ұстағандай), Жұбатамын ойнатып (қолдарын шапалақтайды). |
"Сыпайы сөздер" дидак‑қ ойыны. Міндеті: балаларда өзін-өзі ұстау мәдениетін, сыпайылықты, бір-біріне деген құрмет сезімін, досқа, бір-біріне көмектесуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу. Барысы: педагог балаларға әртүрлі сюжеттер бейнеленген суреттерді көрсетеді және сұрақтар қояды. Балалар сұрақтарға толық жауап береді. |
|
Серуенге дайындық |
Еңбегі адал жас өрен Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Серуен |
Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
||||
|
Серуеннен оралу |
Еңбегі адал жас өрен. Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет) Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка) Өнер бұрышында аңдардың бояу суреттерін бояту, ұлпақар мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу) Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті) «Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы» Ұлттық ойындар: «Аударыспақ», «ханталапай» Еркін рөлдік ойындар. |
||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут. "Баланың қозғалыс белсенділігін қалыптастырудағы отбасының рөлі" әңгімелесу. Ата-аналарға тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы туралы ақпарат беру. "Үлкендерге құрмет" тақырыбында әңгімелесу. Жаднама: "Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері". Тәрбие шарттарын анықтау туралы ата-аналармен жеке әңгімелер. |
||||
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы:
Тобы: ортаңғы топ
Балалардың жасы: 3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 27-31- қаңтар 2025 жыл 4- апта
Қаңтар айы: Құндылық‑заң және тәртіп
|
Күн тәртібінің үлгісі |
Дүйсенбі 27.01.2025ж |
Сейсенбі 28.01.2025ж |
Сәрсенбі 29.01.2025ж |
Бейсенбі 30.01.2025ж |
Жұма 31.01.2025ж |
|
|
Апта дәйексөзі: «Тәртіпсіз ел болмайды» |
||||
|
Балаларды қабылдау |
Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру |
||||
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру |
Өнегелі 15 минут. Ата-аналарға "Тұмаудың алдын алу және емдеу жолдары" тақырыбында кеңестер беру, ата-аналармен пікір алмасу. Қауіпсіздік ережелері:Балалардың мұзды жерде, тайғақ жерлерде қалай жүру керектігі туралы сақтық ережелерімен таныстыру. |
||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
"Сөйлемді аяқта" сөздік ойыны. Міндеті. Дидактикалық міндеті: балаларға әртүрлі құбылыстарды себеп-салдарына байланысты түсінуге үйрету; сөзді дұрыс таңдауға жаттықтыру. Ойын әрекеттері: көрсеткішті бұру. Ойынның барысы: педагог сөйлемді бастайды, мысалы, "Мен жылы тонды кигенімнің себебі …" - балаларға оны аяқтауды ұсынады. Балалар: "… жылы болу үшін, … тоңбау үшін" және т.б. жауап береді. Кімге көрсеткіш бұрылса, сол жауап береді. Педагог алдын-ала сөйлемдерді әзірлеп қоюы керек. Мысалы: "Біздің шамды жаққан себебіміз …", "Қолшатыр алған себебіміз …" және т.б.. Келесі жолы аяқталма-ған сөйлемдерді бала-лардың өздеріне құрас-тыруды ұсынуға бо-ды.(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) |
"Кім көп біледі?" сөздік ойыны. Міндеті. Дидактикалық міндеті: балалардың есте сақтауын; заттар туралы білімдерін молайту; тапқырлыққа, жылдам ойлануға тәрбиелеу. Ойын ережесі: заттың қалай пайдаланылатынын айту. Ойын әрекеттері: жарыс, затты пайдаланудың түрлерін көп айту керек. (сөйлеуді дамыту) |
"Лото: "Үй жануарлары"" үстел үсті ойыны. Міндеті: балалардың зейіндерін тұрақтандыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту; заттарды, үй жануарларын, топтастыруға дағдыландыру; байқампаздыққа тәрбиелеу. Түстер бойынша карточкаларды таңдау. (танымдық дағды) |
"Жұп суреттер" үстел-үсті ойыны. Міндеті. Дидактикалық міндеті: балалардың байқағыштығын, суретте бейнеленген заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын таба білу іскерлігін тәрбиелеу; сөздік қорларын жетілдіру: ұқсас, әртүрлі, бірдей. Ойын ережесі: бірдей суреттерді жинау; кім қателеспесе, сол жеңеді. Ойын әрекеттері: бірдей суреттерді іздеу. (сөйлеуді дамыту) |
"Кім шақырғанын тап" сөздік ойыны. Міндеті. Дидактикалық міндеті: есту анализаторын жаттықтыру, зейін және есту қабілеттерін дамыту, балалардың өз құрбы-құрдастарымен бірігіп ойнауға, достық қатынас орнатуға тәрбиелеу. Ойын ережесі: балаларға қарамай кім шақырғанын тек дауыс бойынша табу, оның атын дұрыс атау. Дауысын өзгертпей, атын қатты айту. Ойын әрекеті: кім шақырғанын іздеу. (сөйлеуді дамыту) |
|
Таңертеңгі жаттығу |
Жалпы дамыту жаттығулары (орамалдармен). 1. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 1.1. Балалар орамалмен беттерін жауып, ""тауып ал"" деген сөзді айтады. 1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады). 2. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 2.1. Оңға бұрылып, қолдарын созып, орамалды умаждап ""жуамыз"" деген сөзді айтады. 2.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 4 рет қайталанады). 3. Бастапқы қалып жерде отырады, аяқ алшақ, орамал тізе үстінде. 3.1. Жерге шалқасынан жатып, орамалмен беттерін жауып ""ұйықтайық"" деген сөзді айтады. 3.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады). 4. Бастапқы қалып аяқ бірге, дене бос, қол төменде. 4.1. Орамалды көкірек тұсында ұстап, бір орында тұрып секіру. 4.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады). (дене шынықтыру) |
||||
|
Таңғы ас |
Гигиеналық дағдылар Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу. Міндеті: өзін-өзі күту, тамақтану, арақатынасу мәдениеті негіздерін дамыту Үнемді тұтыну. Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып, қастерлеп Торғайларға тастаңдар. Сөйлеуді дамыту |
||||
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық |
Шаттық шеңбері Міндеті. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Кел достарым, келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер. Шақырамын сендерді, Жолдастарым кел бері Толтырайық шаттыққа Дөңгеленген шеңберді. (сөйлеуді дамыту) |
||||
|
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет |
Дене шынықтыру "Құстарға жем шашайық". Міндеті. Балаларда гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларын дамыту; арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру; сап түзеп шеңберге, шеңберден сапқа ауысу дағдыларын дамыту. |
Музыка "Қысқы әнші құстар". Міндеті. Балалардың торғай туралы әнге қызығушылықтарын арттыру; торғайдың табиғи дауыс ерекшелігін есту және қабылдай білу сезімін қалыптастыру; торғайдың үніндегі жоғары дыбыстың ерекшелігін ажырата білу қабілеті мен музыкалық аспаптағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; би элементтерін музыка әуенімен үйлесімді жасауға дағдыландыру . |
. Дене шынықтыру "Біз құстарды аялаймыз!" Міндеті. Балаларда тұрған заттың басына допты тигізу арқылы жоғары секіру және қойылған заттардың арасымен "жылан" тәрізді еңбектеу техникаларын жетілдіру; гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларына үйрету. |
Қазақ тілі «Құстар біздің досымыз». Қыстап қалатын құстар. Міндеті. Қазақ тіліндегі сөздерді түсінуді, қыстап қалатын құстар-дың атауын білу және басқа құстардан ажыра-туды, сұрақтарға жауап беру кезінде ең қарапа-йым сөз тіркестерін дұ-рыс құрастыруды, са-лыстыру кезінде заттар-дың көлемін атауды, сөз тіркестеріндегі сөздер-дің аяқталуын дұрыс өзгертуді үйрету. Дыбыстарға еліктеу ке-зінде артикуляциялық аппаратын, көру арқылы қабыл кезінді көлемдер-ді сәйкестендіре білу қабілетін, есту, еске сақ-тау, көру зейінін, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін да-мыту. Қыстап қалатын құстарға қамқорлық се-зіміне, табиғаттағы ды-быстар әлеміне қызығу-шылыққа тәрбиелеу. |
Дене шынықтыру "Суықторғай". Міндеті. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; тұрған заттың басына допты тигізу арқылы жоғары секіру; қойылған заттардың арасымен "жылан" тәрізді еңбектеу дағдысын жетілдіру. |
|
Серуенге дайындық |
Еңбегі адал жас өрен. Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу. Серуенге ойын құралдарын дайындау. Серуенде балаларды жақсы әрекеттер етуге ынталандыру. |
||||
|
Серуен |
Ауладағы құстарды бақылау (қимылдары). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларды аулада, учаскідегі ағаштарда ұшып-қонған құстарды байқауға, олардың қимылдарын анықтауға үйрету. "Құстар, құстар, келіңдер". Құстар, құстар, келіңдер, Жемді шоқып, теріңдер. Жемді шоқып, тойсаңдар, Әнді салып беріңдер. Д. Ахметова Еңбегі адал жас өрен: балаларды учаскедегі жемшашарларды жемге толтыруға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, құстарға қамқорлық жасауға баулу; қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; жағымды эмоцияларды дамыту. "Ұядағы торғайлар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларды жан-жақтағы бағытқа бір-бірін итермей және "Торғайлар, ұяға!" сигналы бойынша белгілі жерге жүгіруге баулу, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Педагог балалар ("құстар") үшін белгілі орындарды "ұя" деп белгілейді. "Торғайлар, ұшыңдар!" сөздерінен кейін балаларға еркін жүгіріп, қолдарымен бұлғап, құстардың ұшқанына еліктеу қимылдарын көрсетеді, жағымды сөздерді айтып, балаларды қолдайды, біраздан соң балаларды алаңға шоқайып отыруды ұсынады: – Торғай, торғай , Шиық-шиық, Лық-лық. Дорбаны ашамыз, Тәтті жем шашамыз. Ұшып келші, Шоқып терші. Д. Ахметова - Ой-ой, торғайлар, мысық келе жатыр! Ұяларыңа тезірек ұшып, қоныңдар! Ойын екі рет қайталанады. Дауысты қатты шығармай, балаларға пәрмен (команда беруге) беруге болады, бір-біріне соғылып қалумауларын қадағалау керек. "Тегіс жолмен жүреміз" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: алға қарай жылжи отырып, қос аяқпен секіруге жаттықтыру. |
Ауладағы құстарды бақылау (шығаратын дыбыстары). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларды құстардың шиқылдаған дыбыстарын тыңдауға ынталандыру; құстардың дыбыстарына еліктеуге үйрету. - Балалар, тыныш тұрайықшы. Естіп тұрсыңдар ма? Бұл нелердің дыбыстары шығады? Біреу "шиық-шиық" деген дыбыстарды шығарады. - Иә, бұл құстар шиқылдайды. - Құстар ұқсап дыбыстайықшы. Жарайсыңдар! Еңбегі адал жас өрен: балаларды сұхбатхана орындықтарын қардан тазалауға шақыру. Міндеті: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Қораз" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларды қораздың (әтеш) қимылдарына еліктеуге ынталандыру, тізелерін жоғары көтеріп, қолдарымен екі саны сыртынан соққылауға үйрету, бұлшық еттерін дамыту; жасалған жаттығудан жағымды әсер алуға талпындыру. Педагог балаларға қораздың қимылдарын көрсетеді. - Балалар мен қандай құсты көрсетемін? - Иә, бұл қораз құсы. Жарайсыңдар! - Қанекей, менің соңымнан қайталайықшы, қоразға ұқсап қимылдайық. - Қораз! Қораз! Тыңдашы біраз. Алтын сенің айдарың, Көрініп тұр айбарың. Терезеден бір қара, Бұршақ берем мың дана. Д. Ахметова - Жарайсыңдар! - Балалар, ал қораз қалай дыбыстайды? - Иә, қораз "ку-ка-ре-ку" дейді. "Шашылған қарларды (доптарды) жинайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, қоршаған кеңістікті бағдарлауға баулу, топтастармен тату ойнауға, достыққа тәрбиелеу. |
Сары шымшықты бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балалардың көңілдерін сары шымшыққа, оның ағаштарға ұшып-қону қимылдарына аудару, құстың кеудесінің түсі сары болуын байқату; зейінді дамыту. "Сары шымшық." Сары шымшық шиқылдайды: - Шиық-шиық, шиық-шиық. Жылы жаққа ұшпайды, Суықтан тығылмайды. Д. Ахметова Еңбегі адал жас өрен: балаларды учаскедегі жемшашарларды жемге толтыруға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, құстарға қамқорлық жасауға баулу; қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; жағымды эмоцияларды дамыту. "Құстар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларға жан-жақтағы бағытқа бір-бірін итермей жүгіруге үйрету, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Педагог балалар ("құстар") үшін белгілі орындарды "ұя" деп белгілейді. "Құстар, ұшыңдар!" сөздерінен кейін балаларға еркін жүгіріп, қолдарымен бұлғап, құстардың ұшқанына еліктеу қимылдарын көрсетеді, жағымды сөздерді айтып, балаларды қолдайды, біраздан соң балаларға алаңға шоқайып отыруды ұсынады: - Құстар, құстар, келіңдер, Жемді шоқып, теріңдер. Жемді шоқып, тойсаңдар, Әнді салып беріңдер. Д. Ахметова Педагог балалар отырып, демалып болғаннан кейін, қайта "ұшып" қимылдауды ұсынады. "Ирелеңдеген жолдармен" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: ирелеңдеген жолдардың бойымен жүруге жаттықтыру; арақашықты сақтауға баулу. |
Қарды бақылау (қардың жауған алқабы). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балалардың қарды бақылауға деген қызығушылықтарын ояту; қардың қайда жатқанына көңіл аударып, айтуға ынталандыру. - Балалар, бәрекелді! - Қараңдаршы, айналада не жатыр? - Иә, бұл қар. - Қар қайда жатыр? - Айналаның бәрі аппақ. Жасырыпты жолдарды: Тегістепті орларды. Далаға суық қыс жетті, Аппақ қарды жерге төкті. Қараңдар, ағаш пен шатыр, Барлық жерде қар жатыр. Д. Ахметова Еңбегі адал жас өрен: балаларды қарды күректермен күреп, жүруге арналған жолдарды жасауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. Қимылды ойыны. "Пингвиндер сапта жүреді". (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларға сигнал бойынша жан-жаққа жүгіру және сигнал бойынша сапқа, педагогтің соңынан жүру дағдыларын қалыптастыру, кеңістікті бағдарлауға үйрету; пингвин құсы туралы алғашқы ұғымдар қалыптастыру, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру. Педагог балаларға пингвиннің суретін және пингвинше жүру үлгісін көрсетеді, содан соң балаларды сөздеріне, қимылдарына еруге ынталандырады. - Пингвиндер ұқсап жүрейік, Оңға-солға теңселейік: Топ-топ-топ, топ-топ-топ, Оңға-солға теңселейік. Ал енді, пингвиндер, тоқта! Қане, жиналыңдар сапқа! Бір-бірімізден қалмаймыз, Сапта жүріп-ай, жараймыз! Д. Ахметова "Өз орныңды тап" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды сапға (түзу сызық, жіп бойына) сигнал бойынша тізілуге, сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге дағдыландыру; зейінді болуға, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу. |
Жемшашарға қонған құстарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларға құстарды суықта қорекке тойғызу қажеттілігін түсіндіру; құстарға аяушылық сезімін ояту. - Балалар, қараңдаршы, бұл шемшашар. - Жемшашарда не бар? - Иә, жемшашарға құстар қонды. - Құстар не істейді? - Дұрыс, құстар жемді шоқиды. Педагог көркем сөзді оқып береді. - Батыл екен біздің құстар, Аулада қалады олар қыстап. Жемшашарға жем шашайық, Құстарды аялайық. Дыбыстайды құстар "шиық-шиық", Жем берейік - "жиіп-жиіп". Д. Ахметова Еңбегі адал жас өрен: балаларды учаскедегі жемшашарларды жемге толтыруға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, құстарға қамқорлық жасауға баулу; қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; жағымды эмоцияларды дамыту. "Құмалақтар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларды бір топтасқан жерден сигнал бойынша жан-жаққа шашырап бағыттай білу дағдыларын жетілдіру. - Табақшада жатты құмалақтар, Барлығы бірдей, доп-домалақтар. Марғау құмалақтарды шашты, Құмалақтар жан-жаққа домалаңдап қашты. "Шеңберден шықпа" жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды шеңберге тұрып, шеңбердің бойымен қимылдауға баулу; кеңістікті бағдарлауға, мұқияттылыққа, достыққа тәрбиелеу. |
|
Серуеннен оралу |
Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру. Балалардың саппен топқа оралуы, сапта екі-екіден жүру. Киімдерін ретімен шешіп, шкафтарына бүктеп қоюға қалыптастыру. |
||||
|
Түскі ас |
Ас мәзірімен таныстыру. Балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру. Тағамды асықпай жеу керек. Ас ішер алдында қолыңды жуу керек. |
||||
|
Күндізгі ұйқы |
Ұйқыға арналған әуен аудио-ертегі «Әлди –әлди ұйықтай ғой» (Көркем әдебиет, музыка) |
||||
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары |
"Мейірімді мысық"; (белді бүгіп, басты жоғары көтеру). Жалпақтабандықтың алдын алу Міндетінде денсаулық жолдарымен жүру. Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау. (дене шынықтыру) |
||||
|
Бесін ас |
Ас мәзірімен таныстыру. Бір- біріне кедергі жасамай мәдениетті отыруға баулу, балалардың назарын тағамға аудару.Балалардың назарын тағамға аудару. |
||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу "Торғайлар жемшашарға қонды" суретімен танысу. Міндеті. Балаларды қыста жемшашарға қонған торғайлар туралы суретпен таныстыру, құстардың қимыл-қозғалысының ерекшеліктеріне көңіл аударып, қысқы тіршілігі жөнінде мәліметтер беру. "Құстарды сұлбасы бойынша таны" дидактикалық ойыны. Міндеті: қыстайтын және жыл құстары туралы балалардың білімдерін бекітуге үлес қосу, сұлбасы бойынша құстарды тани білуге машықтандыру. Барысы: балаларға құстардың сұлбасы ұсынылады. Балалар құстарды анықтап, оларды жыл құстары немесе қыстайтын құс деп атайды. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) |
Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу "Сауысқан мен көкек". Міндеті. Балаларды "Сауысқан мен көкек" ертегісі мазмұнымен таныстыру; қысқа мәтінді ертегіні бар ықыластарымен мұқият тыңдауға үйрету. Сюжетті-рөлдік ойын: "Үй құрастырамыз". Міндеті: балаларды құрылыс мамандықтарымен таныстыру, құрылысшылардың жұмысын жеңілдететін технологияның рөліне назар аудару, балаларды қарапайым құрылымды ғимарат салуға үйрету, ұжымда достық қарым-қатынасты дамыту, құрылысшылардың ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын кеңейту. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) |
Сурет салудан ойын-жаттығу "Үкі". Міндеті. Балаларды қағаз бетінде үлкен сопақша пішінін алдын-ала салынған екі дөңгелек көз бен құс тұмсығы айналасына салып, құлақтар мен қанаттарды салып, үкі бейнесін салуға үйрету.
"Ұшады ұшпайды, өседі өспейді" театрландырылған ойын. Міндеті: балалардың танымдық қабілетін дамыту. Барысы: педагог затты атайды, егер ол ұшса, балалар қолдарымен қанат қағуды көрсетеді; егер ол ұшпаса, олар қолдарын тізеге қояды. Егер ол өссе, олар қолдарын жоғары көтереді, егер өспесе, олар қолмен жабады. (дене шынықтыру) |
Жапсырудан ойын-жаттығу "Шұбар тауықты безендірейік". Міндеті. Балаларды педагог алдын-ала дайындап қойған ала тауық кескінінінің төс аймағына ұсақ ою эле-менттерін (қауырсын-дарды) орналастыруға және жапсыруға үйрету; аталмыш ертегі кейіп-кері Шұбар тауықтың бейнесі туралы түсінік-терін жетілдіру; қыстай-тын құстар тіршілігі жөнінде ұғымдарды толықтыру. Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Қыстайтын құстарға қамқорлық". Міндеті. Балалардың қыстайтын құстардың тіршілік қалпы туралы түсініктерін кеңейту; құстардың қысқы тіршілігімен таныстыра отырып, қыстайтын құстардың қыс кезіндегі ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру; қыста өлкеде тіршілік ететін құстарды жатқа білуге үйрету; қыстайтын құстардың қысқы тіршілігі туралы ұғым беру. |
Математика негізде-рінен ойын-жаттығу "Сауысқанның сыйлықтары". Міндеті. Балаларды екі қарама-қарсы заттар-дың ұзындығы, ені бо-йынша тұстастырып, салыстыру іскерлігіне машықтау, салыстыру нәтижесін сөзбен жет-кізуге үйрету; тұстас-тыру және беттестіру тәсілдерін жетілдіру; көзбен мөлшерлеуді, қолдың ұсақ мотори-касын, таным қабілет-терін жетілдіру. "Торғайлар мен қарғалар" театрланд-ырылған ойын. Міндеті: зейінді, төзімділікті, ептілікті дамыту. Барысы: балалар екі топқа бөлінеді: "Торғайлар" және "Қарғалар"; содан кейін бір-біріне арқаларымен екі қатарда тұрады. Пе-дагог атаған топ ұстап алады; аты аталмаған топ - "үйлерге" қашады (орындықтарда немесе белгілі бір сызыққа дейін). Педагог баяу сөйлейді: «Қар... - ға... - лар..». Осы сәтте екі топ қашып кетуге да-йын болады. Қарапа-йым нұсқа: педагог атаған топ алақанда-рымен шапалақтайды, ал екінші топ орындарында қалады. (дене шынықтыру) |
|
Балалармен жеке жұмыс |
Драматизация. "Шұбар тауық" ертегі желісін саусақ театрын пайдалана отырып сахналау. (көркем әдебиет) |
"Қыста қандай құстар қыстайды?" дидак-қ ойыны. Міндеті: құстар арасынан қыстайтын құстарды табу; ойлау қабілеттерін дамыту. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) |
"Торғай" тақпағын айтқызу. Міндеті. Бала тілін дамыту. "Торғай" (ел аузынан) Торғай-торғай тоқылдақ, Жерден тары шоқып ап, Бөтегесі томпайып, Түймедей боп монтайып, "Шіп-шіп" десіп отырар, Торғай-торғай топтаған. Тоғайды торғай мақтаған, Бір торғай ұшса боранда, Іздеп бәрі жоқтаған. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
"Стоп-кадр" пантомима жаттығуы. Міндеті: балаларға жан-жануар, құстың қимы-лын көрсетуді және "стоп-кадр" белгісі бо-йынша қимылдап жат-қан сол кейпінде қозғал-май, "қатып қалу" қал-пын көрсете білуге дағ-дыландыру; вестибуляр аппаратын, зейінін, ой-қиялын дамыту. - Балалар, қазір сендер әуенді тыңдап, жан-жа-нуарды, құсты немесе жәндіктің қимылдарына еліктейсіңдер. Мен бол-сам, фотоаппаратты қол-да ұстап тұрамын. "Стоп-кадр!" - деген белгіні естісеңдер, сол қалыптарыңды сақтап қалуларың керек. Алдын-ала жұмыста балаларға түрлі жан-жануарды, құсты, жәндіктерді көрсетуге болады. Құралдары: әуенді қосу құралы, әуендер жинағы, фотоаппарат немесе смартфон. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, дене шынықтыру) |
"Торғайдың әні" артикуляциялық жаттығуы. Міндеті: балаларды мәтінді есте сақтап, мәнерлеп айтуға машықтандыру; артикуляцияны жетілдіру; көркем сөзге деген қызығушылықты арттыру. Торғай-торғай, тоқылдақ, Жерден тары тары шоқып ап, Бөтегесі томпайып Тойған қозыдай монтайып, "Шіп-шіп" десіп отырар. Халық ауыз әдебиеті. (сөйлеуді дамыту) |
|
Серуенге дайындық |
Еңбегі адал жас өрен. Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Серуен |
Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
||||
|
Серуеннен оралу |
Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет) Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка) «Смарт бала» жобасы Конструкторды үйлестіріп құрастыру дағдысы (Біртұтас тәрбие) Өнер бұрышында аңдардың бояу суреттерін бояту, ұлпақар мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу) «Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы» «Арқан тартыс», «Үш асық» ойындары Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті) Еркін рөлдік ойындар. |
||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут. Ата-аналарға кеңес: Балалармен бірге ойнаңыз, «Музыка және балалардың психикалық денсаулығы» тақырыбында әңгімелесу, кеңестер беру. |
||||
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: №49 «Жасұлан» бөбекжай бақшасы
Тобы: ортаңғы топ
Балалардың жасы: 3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 06 – 10 қаңтар 2025 жыл
Қаңтар айы: Құндылық‑заң және тәртіп
|
Күн тәртібінің үлгісі |
Дүйсенбі 06.01.2025 |
Сейсенбі 07.01. 2025ж |
Сәрсенбі 08.01. 2025ж |
Бейсенбі 09.01.2025ж |
Жұма 10.01.2025ж |
|||||
|
|
Апта дәйексөзі: «Талап бар жерде тәртіп бар» |
|||||||||
|
Балаларды қабылдау |
Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру |
|||||||||
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру |
Өнегелі 15 минут "Ұйқы жетіспеушілігінің зияны" тақырыбында ата-аналармен әңгімелесу; балалардың үйде күн тәртібін сақтауларын және уақтылы ұйықтау керектігін талап ету. Қауіпсіздік ережесі: Қыста сырғанақпен ойнау кезінде, үйде газға уланып қалудан сақтану туралы кеңес беру. |
|||||||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
"Зейінділік пен байқампаздық". Жүргізуші сайланады. Қалған ойыншылар сол жүргізуші есте сақтауы тиіс дене қалыбын ұстайды. Артынша жүргізуші бөлмеден шығады, ал ойыншылар (өзара келісіп) киімдерінде, дене қалыптарында бірқатар өзгеріс жасайды. Кірген жүргізуші барлығын бұрынғы күйіне келтіруі тиіс. Егер жүргізуші барлық өзгерістерді тапса, ол ең байқампаз атанады. (сөйлеуді дамыту) |
|
Зейінді дамытуға арналған жаттығу. "Қимылдарды қайталаймыз". Міндеті. Аталған ойынның тағы бір нұсқасы. Педагог қандай да бір қимылды көрсетеді, ал балалар біреуінен немесе екеуінен басқа барлық қимылдарды қайталайды. Мысалы, егер жүргізуші қолын жоғары көтерсе, балалар шапалақ ұруы керек; қолдары екі жаққа созылғанда, балалар аяқтарын тыпырлатады. Кім қателессе, сол жүргізуші атанады. (дене шынықтыру) |
Зейінді дамытуға арналған жаттығу. "Суреттерді салыстырамыз". Міндеті. Педагог балаларға бір-біріне ұқсас, бірақ біраз өзгешеліктері бар суреттерден айырмашылықтарын табуды ұсынады. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, математика негіздері)
|
Саусақ жаттығуын айтқызу. Ақшақарлар қалықтап (алақандарды ашу, саусақтарды көрсету), Ұшып барады, асықпай (саусақтармен кезек-кезек жыбырлату). Айналып, оңға ұшып (қолдармен бір жаққа бұраңдау), Айналып, солға ұшып (қолдармен екінші жаққа бұраңдау). Мамықтай жерге түсіп (алақандармен жоғары бұлғап, төмен қарай түсіру),Тыныш жатыр, бізді күтіп (алақандарды үстел басына, тізеге салу). (сөйлеуді дамыту) |
|||||
|
Таңертеңгі жаттығу |
Жалпы дамыту жаттығулары (сылдырмақтармен). 1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 1.1. Балалар сылдырмақтарын жоғары көтеріп, екі қолымен сылдырлатады. 1.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады). 2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 2.1. Қолдарын оң жаққа жіберіп, сылдырмақтарды сылдырлатады. 2.2. Бастапқы қалып. 2.3. Қолдарын сол жаққа жіберіп, сылдырмақтарды сылдырлатады. 2.4. Бастапқы қалып. (жаттығу 4 рет қайталанады). 3. Бастапқы қалып: жерде отырады, аяқ алшақ, сылдырмақ ұстаған қолдары екі жанында. 3.1. аяқтарын жинап, сылдырмақ ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, сылдырлатады. 3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады). 4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қол төменде. 4.1. Сылдырмақтарын артында ұстап, бір орында тұрып секіру. 4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады). (дене шынықтыру) |
|||||||||
|
Таңғы ас |
Гигиеналық дағдылар Міндеті: мәдени-гигиеналық дағдыларын жетілдіру. Көркем сөз Нан – ардақты адал ас, Кәрі, жас одан аттамас. Ақ дастархан үстінде, Қол жумай оны ұстамас. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) |
|||||||||
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық |
Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Қуанамын мен де Қуанасың сен де, Қуанайық достарым! Арайлап атқан күнге! (сөйлеуді дамыту) |
|||||||||
|
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет |
Қысқы демалыс. "Қыста дөңнен сырғанаймыз".Міндеті. Балаларда сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілеттерін дамыту; нық қадаммен алға, нық қадаммен артқа жүру, тізені биікке көтере отырып жүру іскерліктерін жетілдіру Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Арқан тарту» ойыны |
|
Қысқы демалыс. (сюжетті ойындар, үстел үсті ойындар, театр қойылымдары, басқатырғыш, логикалық ойындар, қыс қызығына байланысты суреттер бояу) Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Асық ату» ойыны |
Қысқы демалыс. (сюжетті ойындар, үстел үсті ойындар, театр қойылымдары, басқатырғыш, логикалық ойындар, қыс қызығына байланысты суреттер бояу) Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Аударыспақ» ойыны |
Қысқы демалыс. (сюжетті ойындар, үстел үсті ойындар, театр қойылымдары, басқатырғыш, логикалық ойындар, қыс қызығына байланысты суреттер бояу) Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Кел, жүзігім, кел!» ойыны |
|||||
|
Серуенге дайындық |
Еңбегі адал жас өрен. Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
|||||||||
|
Серуен |
Құстарды бақылау (сары шымшық, бозторғай, сауысқан, торғай, көгершін). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Көркем сөз. Шыр-шыр еткен торғайды. Қорғамасаң болмайды, Кіп-кішкентай торғайлар, Бақшамызды қорғайды. Жұмбақ. Қалқып тұрып аспанда, Үн шығарып сан қилы, Өнеріне басқанда, Тұла бойың балқиды. (Бозторғай) Бақылау: құстардың атауын есте сақтау, ұшып келетін құстарды белгілеріне сай ажырата білу (көлемі және түстеріне байланысты). Әр түрлі құстардың қозғалысы мен ерекшеліктерін ескере білуге үйрету (сауысқанның қадамы үлкен; торғай екі аяғымен секіреді; көгершін - жиі, ұсақ қадамдар жасайды т.б.) Құстар ұшып жүргенде немесе отырғанда жақсы көрінеді, егер олар ағаштың бұталарында отырса ажырату қиынға соғады. Құстарға қыста азық табу қиын болатындығын түсіндіру. Оларды қосымша тамақтандырып тұру керектігін түсіндіру. Қимылды ойын «Қарғалар». (дене шынықтыру) Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру Еңбек: қыстың күні құстарға далада тамақ беруге баулу. Берілген тапсырмаға жауапты болу: өз еңбегіне қанағаттана білу. Өз бетімен ойындар. Балаларға өз рөлдерін және құрбыларының рөлдерінің мазмұнын есте сақтай білуге үйрету; ойын барысында балаларды 2-3 рөлде ойнауға баулу; бағыну, басқару, теңдік қарым-қатынас ережелерін білу. |
|
Қардың тереңдігін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Жұмбақ. Көктен түсіп көбейді, Ұқсайды өзі шекерге, Бірақ ешкім жемейді, Жерде жатыр бекерге. Ол не? (Қар). Бақылау: балалардың көңілін ауланың қай жерлерінде қалың қар жатқанына аудару, қардың қаншалықты терең екенін білуді ұсыну. Балаларға өлшеуішті көрсету және әр жердегі қар қалыңдығын өлшеу; қалың қарды күрекпен қазып, қардың қалыңдығына назар аудару. Қимылды ойын: «Ақшақарды ізде». (дене шынықтыру) Ептілікті, шапшандықты дамытатын, кеңістікті бағдарлауды қажет ететін, қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру. Еңбегі адал жас өрен (еңбек дағдылары) Гүлзарды жинастыруды ұйымдастыру. Қар тоқтату жөніндегі пікірді қалыптастыру (қарды тоқтатады, жел соққанда), қардан кедергілер жасау, тәрбиешіге көмектесу. Тапсырманы орындау, бірлесіп атқаруда кішігірім тәсілдерін қалыптастыру. Өз бетімен ойындар. Өз құрдастарымен 2-3 рольден тұратын ойын ойнағанда, бірлесуге талаптандыру, рөлді бөлу, ойын тәртібін орындау, жалпы ойын шартына сәйкес әрекет ету. |
Ауа райына қарай қардың өзгеруін байқау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Болжау. Аязды күні қар жауса – күн жылынады. Суықтан қорықпа – суық сумен жуын. Мақал-мәтел. Қыс қандай болса, жаз да осындай. Байқау: жылы күндері жауған қар жабысқақ болады, қар жабысқақ, аққала жасауға ыңғайлы болатынын балаларға түсіндіру, ал аязды күндері қар үгітіліп, құрғап тұрғанда ештеңе жасауға болмайды. Ауа қысымының өзгеруіне байланысты қардың өзгеретінін бақылатып отыру, қардың өзгеру себептерін тереңдете түсіндіру. Қимылды ойын. «Бәйге». (дене шынықтыру) Балаларды әртүрлі жарысқа қатысуға үйрету (кім бұрын жылжиды, кім бұрын озады сол жеңіске жетеді). Балаларды достарының жеңісіне жеткеніне қуануға үйрету. Еңбегі адал жас өрен. Тәрбиешіге қардан жолды тазартуға көмектесуге тарту. (еңбек дағдылары) Экологиялық тәрбие Тәжірибе.Қардың қасиеттері. 1. Аязды күні қарды қолғаппен алса, ол жабыспайды, шашылады. 2. Қарға су құйсаң, ол мұз болып қатады. Қар дымқыл әрі жабысқақ, болады. Қортынды. Қардың дымқылдығынан қар әдемі тұтас түрде болатындығын байқадық. |
Қар басуын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Жұмбақ. Ұстай қалсаң еріп кетер, Әуре болма теріп бекер. (қар) Болжау. Қар түссе - күн жылынады Бақылау: балаларға қардың түсуі жөнінде түсінік беру. Қыста күн бұлттанса қар жауатына туралы айту. Аспаннан жапалақтап қар жауғанын бақылау (ұлпа, ақ, жеңіл). Қар, жүн көрпе секілді жерді қымтайды. Қимылды ойын. «Қармен ойнау». (дене шынықтыру) Балаларды қармен ойнауға үйрету. Нысанаға қарды ата білуге жаттықтыру. Ойын ережесін орындауға дағдыландыру. Еңбегі адал жас өрен. (еңбек дағдылары) Күректі қолдануды үйрету, ауланы қардан тазарту. Қоғамдық жұмыс уақытында бір-біріне кедергі келтірмеу. Қиыншылықтарды жеңе білу. Өз бетімен ойындар. Тыныш қуанышты жағдайды қолдауға және ұйымдастыруға талаптандыру; дербестілігін және бастамашылдығын көтермелеу. |
|||||
|
Серуеннен оралу |
Еңбегі адал жас өрен. Киімдерін ретімен шешіп, шкафтарына бүктеп қоюға қалыптастыру. |
|||||||||
|
Түскі ас |
Үнемді тұтыну. Ас алдында қолдарын жууға, суды шашып төкпеуге дағдыландыру. Ас мәзірімен таныстыру. Балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру. |
|||||||||
|
Күндізгі ұйқы |
«Бесік жырын» тыңдату. «Әжемнің ертегісі» Ертегіні, әнді тыңдай білуге, тыныштықты сезінуге үйрету. |
|||||||||
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары |
Ауыр тастар көтеру. Алақанды жұмып, қолды жартылай көтеріп-түсіру.Жалпақ табандықтың алдын алу Міндетінде денсаулық жолдарымен жүру. Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дене шынықтыру) |
|||||||||
|
Бесін ас |
Алдына қойған асқа назар аударту; дастархан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар) |
|||||||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Сурет салудан ойын-жаттығу "Аққала". Міндеті. Балаларды тіке жатқан қағаз бетінің ортасына көк қарындаш арқылы аққала бейнесін салуға үйрету; сурет салуда үлкен, кішкентай дөңгелектерді қатарымен іргелес салып, бейнені қосымша детальдармен толықтыруда жаттықтыру; үлкен және кішкентай дөңгелектерді аққаланың денесі мен басы деп тануға үйрету. Музыкадан ойын-жаттығу "Қыс әні". Міндеті. Балалардың шулы әннің сипаты мен төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін дамыту; музыкадағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту. |
|
"Аңдарға қысқы үйшік". Міндеті. Балалардың жабайы аңдардың қысқы тіршілігі жөнінде білімдерін кеңейту; аңдарға арналған қысқы үйшік бөлшектері туралы түсінік беру; ормандағы аңдардың тіршілік ерекшеліктерімен таныстыру. "Қоян түріп құлағын "саусақ жаттығуы. Смарт бала жобасы "Көрнекі үйшік" құрылыс ойыны. Текшелерден көрнекі ғимарат құрастыру. (құрастыру) |
"Қыс белгілерін ажыратамыз" дидактикалық ойын. Міндеті: балаларды тез ойлауға тәрбиелеу. Барысы: - Балалар, сендермен ойын ойнайтын боламыз. Мына жерде жыл мезгілдеріне тән белгілерін білдіретін суреттер тұр.Осы белгілердің ішінен қыс мезгілінің белгісін ажыратып алуымыз керек. Балалар суреттерді тез қойып шығады. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) |
"Аққаланы құрастыр" үстел ойыны. Міндеті. Балаларды аққаланың денесін үстел бетіне салып құрастыруға ынталандыру; көлемі әртүрлі дөңгелектерді ажыратуға жаттықтыру; жасалған жұмыстың нәтижесіне қуана білу қабілетін дамыту. Педагог әрбір балаға көлемі үш түрлі ақ түсті дөңгелектерді, көздер, сәбізден мұрын, шелек пішіндерін жинақтап табақшаға салып ұсынады. (сөйлеуді дамыту) |
|||||
|
Балалармен жеке жұмыс |
"Жаңа жыл" тақпағын қайталату. Міндеті. Бала тілін дамыту. Есте сақтауды қалыптастыру. "Жаңа жыл" (Хамит Ерғалиев) жалғастыру. Жаңадан көп түрлі Машина бергейсің, Жаңадан көк сырлы Үйлерге кіргейсің. Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңалық ізде сен! Жаңа ән, жаңа жыр Жазып бер бізге сен! (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
|
Суреттер қарастыру. Міндеті. "Қыс" мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген сюжетті суреттерді қарастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) |
"Қар" тақпағын айтқызу. Міндеті. Бала тілін дамыту. "Қар" (Тілеген Шопаев) Жауды міне, қар аппақ, Айналаның бәрі аппақ. Жасырыпты жолдарды: Тегістепті орларды. Үстін жауып көлдердің, Бетін бүркеп белдердің. Жастық етіп тауды асқақ Жантайыпты жамбастап. Жантайыпты жамбастап. (көркем әдебиет) |
Суреттер қарастыру. Міндеті. "Қыс қысығы" тақырыбында сюжетті суреттер қарастыру. Сұрақтар қою және толық жауапты талап ету. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) |
|||||
|
Серуенге дайындық |
Еңбегі адал жас өрен. Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
|||||||||
|
Серуен |
Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
|||||||||
|
Серуеннен оралу |
Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
|||||||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет) Музыкалық аспаптармен ойындар. қыс тақырыбына байланысты әндер тыңдау. (музыка) Өнер бұрышында қыс мезгілін бояу суреттерін бояту, аққала мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу) Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті) Еркін рөлдік, ұлттық ойындар. |
|||||||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут. Ата‑анаға баланың жеке дамуы, қызығушылығы туралы кеңес беріп, баламен көп сөйлесуге тарту. |
|||||||||
Тексерді әдіскер «06» 01. 2025 ж Г. А. Албаева
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: №49 «Жасұлан» бөбекжай бақшасы
Тобы: ортаңғы топ
\Балалардың жасы: 3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 13-17- қаңтар 2025 жыл
Қаңтар айы: Құндылық‑заң және тәртіп
|
Күн тәртібінің үлгісі |
Дүйсенбі 13.01.2025ж |
Сейсенбі 14.01.2025ж |
Сәрсенбі 15.01.2025ж |
Бейсенбі 16.01.2025ж |
Жұма 17.01.2025ж |
|
|
Апта дәйексөзі: «Тәртіп‑ тәрбие бастауы» |
||||
|
Балаларды қабылдау |
Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру |
||||
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру |
Қауіпсіздік ережесі. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз. Түрлі отшашумен ойнауына тосқауыл болыңыз. |
||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
"Кім уақтылы шақырғанын тап" сөздік ойыны. Міндеті: есту анализаторын жаттықтыру, зейін және есту қабілеттерін дамыту, балалардың өз құрбы-құрдастарымен бірігіп ойнауға, достық қатынас орнатуға тәрбиелеу. Ойын ережесі: балаларға қарамай кім шақырғанын тек дауыс бойынша табу, оның атын дұрыс атау. Дауысын өзгертпей, атын қатты айту. Ойын әрекеті: кім шақырғанын іздеу. (сөйлеуді дамыту) |
Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Қол күрес» Міндеті: ептілікті, шымырлықты дамыту. |
"Жұп суреттер" үстел үсті ойыны. Міндеті. Балалардың байқағыштығын, суретте бейнеленген заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын таба білу іскерлігін тәрбиелеу; сөздік қорларын жетілдіру: ұқсас, әртүрлі, бірдей. Ойын ережесі: бірдей суреттерді жинау; кім қателеспесе, сол жеңеді. Ойын әрекеттері: бірдей суреттерді іздеу. (танымдық дағдылар) |
"Не артық?" үстел үсті ойыны. Міндеті. Дидактикалық міндеті: балаларды заттарды қолданудағы қателерді көре білуге үйрету; байқағыштығын, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдей білу іскерлігін дамыту; еңбек құралдары туралы білімдерін бекіту. Ойын ережесі: артық суреттің ғана бетін жабу; қажетсіз затты кім тапса, сол жеңеді. Ойын әрекеттері: қажетсіз затты табу және оны ақ қағазбен жабу. (сөйлеуді дамыту, танымдық дағды) |
Санамақтар айтқызу. "Кел, санайық санамақ" Бір, екі, үш, Бір, екі, үш, Ал, кәнеки, ұш. Төрт, бес, алты, жеті, Төрт, бес, алты, жеті, Мынау - ауыл шеті. Сегіз, тоғыз, он, Сегіз, тоғыз, он, Ал, кәнеки, қон. Асықпа да саспа, Бірден қайта баста. (сөйлеуді дамыту, математика негіздері) |
|
Таңертеңгі жаттығу |
Жалпы дамыту жаттығулары (сылдырмақтармен). 1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 1.1. Балалар сылдырмақтарын жоғары көтеріп, екі қолымен сылдырлатады. 1.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады). 2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 2.1. Қолдарын оң жаққа жіберіп, сылдырмақтарды сылдырлатады. 2.2. Бастапқы қалып. 2.3. Қолдарын сол жаққа жіберіп, сылдырмақтарды сылдырлатады. 2.4. Бастапқы қалып. (жаттығу 4 рет қайталанады). 3. Бастапқы қалып: жерде отырады, аяқ алшақ, сылдырмақ ұстаған қолдары екі жанында. 3.1. аяқтарын жинап, сылдырмақ ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, сылдырлатады. 3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады). 4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қол төменде. 4.1. Сылдырмақтарын артында ұстап, бір орында тұрып секіру. 4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады). (дене шынықтыру) |
||||
|
Таңғы ас |
Үнемді тұтыну. Тамақ алдында қол жууға әдеттену. Міндеті: өзін-өзі күту, тамақтану, арақатынасу мәдениеті негіздерін дамыту. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу. Қол жуғанда суды төгіп шашпау. Гигиеналық дағдылар Асты-шашпай төкпей іш, Сораптамай баппен іш. Келген асты алдына Тауысып іш қалдырма. Тәрбиеші балалардың үстел үстінде дұрыс отыруларын қадағалайды. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) |
||||
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық |
Шаттық шеңбер Міндеті. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Бақыт толы шеңберге, Шаттық толы шеңберге Қол ұстасып келдік біз, Жан достармыз енді біз. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
||||
|
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет |
Дене шынықтыру "Ақшақарлар секілді билейміз". Міндеті. Балаларда сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; қойылған заттардың арасымен "жылан" тәрізді еңбектеу дағдысын жетілдіру; бір жағы 20-30 см биік қиғаш тақтайдың үстімен жүру іскерліктерін дамыту. |
Музыка "Ақшақарлар билейді". Міндеті. Балаларды әнді ықы-ласпен тыңдай білуге үйрету; әннің сөздік мазмұнын эмоционал-ды қабылдауға және сипатын ажырата білу қабілетін дамыту; төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетіл-діру; ырғақты сезіне білу қабілетін дамы-ту; музыка әуенімен жүгіруге және алға-артқа секіру дағды-сын қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би қимылдарын еркін орындауға үйрету; музыкалық аспапта ойнау қабілетін қа-лыптастыру; қардың пайдасы туралы ұғымдарын кеңейту. |
Дене шынықтыру "Әдемі билейміз". Міндеті. Балаларда еденге тігінен тұрған құрсаудан еңбектеуге үйрету; еңбектеу кезінде епті болуға тәрбиелеу; арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру; сап түзеп шеңберге, шеңберден сапқа ауысу дағдыларын жетілдіру. |
Қазақ тілі «Қыс бізбен қар атысып ойнайды». Қыс жыл мезгілі Міндеті. Қар туралы шағын өлең жолдарын қайталап оқу, сөздерді анықтап айтуды үйрету; жақсы көңіл күйлерін білдіруді үйрету. Қазақ тілін түсінуді, «қыс» сөзімен қарапайым сөз тіркестерін жасауды, сәйкесінше, сын есімдердің жалғауларын өзгертуді үйрету. |
Дене шынықтыру "Ақшақарлар билейді". Міндеті. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; қойылған заттардың арасымен "жылан" тәрізді еңбектеу дағдысын жетілдіру; бір жағы 20-30 см биік қиғаш тақтайдың үстімен жүруге үйрету. |
|
Серуенге дайындық |
Еңбегі адал жас өрен. Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау, бір‑біріне көмектесуге баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Серуен |
Қолғапқа түскен ақша қарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балаларға қолғапқа түскен, салмағы жеңіл, көлемі кішкентай, ақша қарды бақылауға үйрету; ақша қардың оюға, гүлге ұқсағандығын байқату; көрген құбылыстан жағымды әсер алуға ынталандыру. - Балалар, қолдарыңды созып, алақандарыңды ашыңдаршы. - Қолғаптарға не түсті? - Иә, ақша қарлар түсіп жатыр. - Ақша қарлар оюлы Күн көзіне жылтырайды. Ақша бұлттың гүлдері Баяу ұшып, асықпайды. - Ақша қарлар неге ұқсайды? - Жарайсыңдар, ақша қарлар кішкентай гүлдерге ұқсайды. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхана орындықтарын қардан тазалауға шақыру. Міндеті: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Қолғап" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту) Балаларды педагогтің соңынан көркем сөз жолдарының ырғағына, мазмұнына сай қимылдарды жасап, жағымды көңіл-күйге бөленуді үйрету; бүкіл дене бұлшық еттерін, түйсікті, есте сақтау қабілетін дамыту. - Балалар, ал қазір қолғаптарымызбен әдемі жаттығулар жасап, ойнап көрейік. - Қане, қолғапты киеміз, (алақандарды өзара уқалау) Бір қолды салып көреміз, (бір қолмен екінші қолды сипау) Екінші жұп қолғапты (екінші қолымен бірінші қолды сипау) Киіп алсақ – жарап тұр. (алақандарымен ары-бері бұраңдау) Біз татумыз, біз біргеміз, Шапалақтап, секіреміз. Оп-оп! Шапалақ! Секір, секір! Шапалақ! Жаттығу бірнеше рет қайталанады. "Тегіс жолмен жүреміз" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: алға қарай жылжи отырып, қос аяқпен секіруге жаттықтыру. |
Қарды бақылау (қардың жерге түсуі). (қоршаған ортамен танысу, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру) Міндеті. Балаларға қардың жоғарыдан төмен ақырындап түскеніне көңіл аудару, қардың көп болғанын байқату; зейінін, түйсігін, ой-қиялын дамыту.
- Міне, міне, қар жауды (екі алақанды екі жаққа жайып, жоғары көрсету), Міне, жинады тауды (шапалақтау). Міне, ақшақарым-ай (алақандарды ашып, айналдыру), Тоңды саусақтарым-ай (алақандарды бір-біріне қою).
Міне, міне, қар жауды (екі алақанды екі жаққа жайып, жоғары көрсету), Міне, жинады тауды (шапалақтау), Міне, басты балақай (қол белде, аяқпен сап түзегендей болып жүреді), Аяқпенен тәй-тәй (қол белде, аяқпен сап түзегендей болып жүреді). Д. Ахметова Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды қарды күректермен күреп, жүруге арналған жолдарды жасауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Кім тыныш?" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Балаларды бір бағытта тыныш жүру әдебіне үйрету, аяқтың табанын толық басып және аяқ ұшымен жүріп қимылдау дағдыларын қалыптастыру; сигналға сай қозғалуға ынталандыру. - Балалар, қазір аяқтарымызды нық басып, менің соңымнан сайға қарай жүрейік. Сайға қарай адымдаймыз, Түрлі дыбысты тыңдаймыз. Көрейік. Бұл қай бұрыш? Тыңдайық. Тыныш ... Тыныш ... - Қанекей, аяқтың ұшымен тыныш жүрейік ... - Бұл жақта не бар екен? - Тамаша ... Педагог белгілі объектіні тапқандарын айтады, балаларды мақтайды. Жаттығу бірнеше рет өткізіледі, жүру бағыттары ауысады. "Шеңберден шықпа" жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды шеңберге тұрып, шеңбердің бойымен қимылдауға баулу; кеңістікті бағдарлауға, мұқияттылыққа, достыққа тәрбиелеу. |
Қысқы шыршаны бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Міндеті. Балалардың шырша ағашы туралы ұғымдарын қалыптастыру, оның ақ қар астында жасыл болып тұрғанын байқату; шыршаның үшкір қылқандарын ұстатып, жапырақтарға ұқсамайтынына және түсіп қалмайтынына назар аудару; шыршаны қабылдаудан жағымды әсер алуға тәрбиелеу. Педагог балаларды жасыл шырша алдына алып келеді. Аулада шырша өспеген болса, педагог жасанды шыршаны аулаға уақытша шығарып қоя алады. - Балалар, мынау не? - Жарайсыңдар, бұл шырша. - Қараңдаршы, шырша ағашы бізге қуанып тұрған сияқты. "Шырша". Қызық-думан күн келді, Жасыл шырша түрленді. Аяз сүйіп, терленді, Үйге кірді төрледі. Ә. Табылдиев Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды шыршаның айналасын түсіп қалған қоқыстардан тазалауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Шыршаны айнала билейік" қимылды жаттығу. (дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту) Балаларды шыршаға қарап, қызықты қимылдарды жасап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленуге баулу. Педагог балаларға алдын-ала безендірілген шыршаны көрсетеді. Шыршаға қараңдар, Таңқалып қалмаңдар. Бұтақтағы ойыншықпыз, Шеңбердегі аюмыз. Енді, біз түлкіміз, Түлкі болып жүрміз. Қоянмен біргеміз, Бірге секіреміз. Балалар педагогтің көрсетуіне еліктеп, жабайы аңдарға тән қимылдарды орындайды. Балықтай жүземіз, Үндемей күлеміз. "Шашылған қарларды (доптарды) жинайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, қоршаған кеңістікті бағдарлауға баулу, топтастармен тату ойнауға, достыққа тәрбиелеу. |
Қысқы ауа райын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Міндеті. Балаларға қыс мезгілі жөнінде жалпы ұғымдар беру, қыстың ауа райы бұлтты және ашық, суық болуына көңіл аудару, адамдардың жылы киінгенін байқату; зейінді, ойлау қабілетін дамыту. - Балалар, айналаға қараңдаршы. - Иә, айналада қар жатыр. - Аспанымыз сұр (көгілдір). - Бірақ қыста күн суық. - Адамдарға қараңдаршы, жылы киінді. - Біз нені кидік? Балалар жауап бермей жатса да, үстіне көрсете де алады. - Қыс мезгілі. Суықта Қар жауады қалықтап. Қар жауады қалыптап, Аппақ қабықпен қаптап. Қыс мезгілі. Аппақ қала. Ақ көшелер. Ақ сала. Ақ көшелер. Ақ сала. Аулада тұр аққала. Д. Ахметова. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды учаскедегі орындықтарды қылшақтар арқылы қардан тазалауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Машиналар жүреді" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті. Балаларды қызыл, жасыл не сары түсті таңбалауыштардың біріне сәйкес қимылдарды жасауға үйрету; топтасып, бір-біріне соғылмай жүре білу дағдыларын қалыптастыру; жағымды әсерлерге бөленуге тәрбиелеу. Педагог балаларға кезегімен қызыл, сары, және жасыл таңбалауыштарды көрсетіп жатып, белгілі таңбалауышқа сай белгілі қимылдарды жасауды ұсынады: - жасыл таңбалауыш - қолға рульді ұстағанға ұқсап, ары-бері, жан-жаққа бағыттап жүгіру; - сары таңбалауыш - орнында тоқтап, шапалақтау, - жасыл таңбалауыш - жерге шоқайып отыру. - Бағдаршамда жасыл шам - Жол ашық, машиналар. Бағдаршамда сары шам - Шапалақта, балалар. Бағдаршамда қызыл шам - Тоқтасын машиналар. Ойын екі рет өткізіледі. "Допты (қарды) қағып ал" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды допты екі қолмен ұстауға жаттықтыру; тепе-теңдікті сақтауға, ептілікке баулу. |
Қарды бақылау (қардың жауған алқабы). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Міндеті. Балалардың табиғат құбылысы, қарды бақылауға деген қызығушылығын ояту; қардың қайда жатқанына көңіл аударып, айтуға ынталандыру. - Балалар, бәрекелді! - Қараңдаршы, айналада не жатыр? - Иә, бұл қар. - Қар қайда жатыр? - Айналаның бәрі аппақ.
- Жапалақ қар, Армысың? Дүниеде бармысың? Қысқы дала тәуелді, Жау, жау енді! Ұзақ уақыт қалықтар, Жау, жау енді, Мамық қар! Қ. Мырзалиев Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды қарды күректермен күреп, жүруге арналған жолдарды жасауға шақыру. Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. Қимылды ойыны. "Пингвиндер сапта жүреді". (дене шынықтыру) Балаларға сигнал бойынша жан-жаққа жүгіру және сигнал бойынша сапқа, педагогтің соңынан жүру дағдыларын қалыптастыру, кеңістікті бағдарлауға үйрету; пингвин құсы туралы алғашқы ұғымдар қалыптастыру, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру. Педагог балаларға пингвиннің суретін көрсетеді, пингвинше жүру үлгісін көрсетеді, содан соң балаларды сөздеріне, қимылдарына еруге ынталандырады. - Пингвиндер ұқсап жүрейік, Оңға, солға теңселейік: Топ-топ-топ, топ-топ-топ, Оңға, солға теңселейік. Ал енді, пингвиндер, тоқта! Қане, жиналыңдар сапқа! Бір-бірімізден қалмаймыз, Сапта жүріп-ай, жараймыз! Д. Ахметова "Өз орныңды тап" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Міндеті: балаларды сапға (түзу сызық, жіп бойына) сигнал бойынша тізілуге, сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге дағдыландыру; зейінді болуға, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу. |
|
Серуеннен оралу |
Еңбегі адал жас өрен. Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру. |
||||
|
Түскі ас |
Үнемді тұтыну. Ас мәзірімен таныстыру. Балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру. |
||||
|
Күндізгі ұйқы |
Ұйқыға арналған әуен аудио-ертегі тыңдату. |
||||
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары |
Шаңғы жаттығуы; (екі аяқты тізеге бүгіп, кезекпен созып-жинау, табанды төсек үстіне үйкеу). Жалпақтабандықтың алдын алу Міндетінде денсаулық жолдарымен жүру. Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау. (дене шынықтыру) |
||||
|
Бесін ас |
Үнемді тұтыну. Қолды жуып тамаққа отырғызу. Ас мәзірімен таныстыру. Бір- біріне кедергі жасамай мәдениетті отыруға баулу, балалардың назарын тағамға аудару. |
||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Қардың қасиеті". Міндеті. Қардың қасиеттерін атау арқылы балалардың есте сақтауы мен қабылдауын, зейіні мен тілін және дүниетанымы мен ойлауын дамыту. Сурет салудан ойын-жаттығу "Терезеде ақшақарлары". Міндеті. Балаларды мақта таяқшалары арқылы шаршы пішініне, "терезе" кескініне ақша қарларды салуға үйрету; терезе сұлбасын бояумен жүргізіп, төрт шақпақ орталарына дөңгелектерді салып, бойларын түрлі нүктелер және сызықтармен толтыруға машықтау. |
Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу "Қолғап". Міндеті. Балаларды "Қолғап" ертегісінің қызықты мазмұнымен таныстыра отырып, ертегіні әңгімелеу барысында кейіпкерлердің бейнесі мен сөзін мұқият есте сақтауға үйрету.
"Қажетті киімді алыңыз" дидактикалық ойыны. Міндеті: балаларды қысқы және жазғы киімдерді ажыратуға үйрету, зейін, есте сақтау және логикалық ойлауды тәрбиелеу, қуыршаққа қажетті киімді табу. Барысы: балалардың алдындағы үстелде қуыршақтар мен қысқы және жазғы киімдер бейнеленген. Педагог кезекпен жазғы және қысқы мезгілдердің суретін көрсетеді. Балалар қуыршақтарға жыл мезгілдеріне сәйкес киім кигізу керек. |
Мүсіндеуден ойын-жаттығу "Аққала". Міндеті. Балаларға аққала туралы түсініктерін тиянақтау, аққаланың дене құрылымы жөнінде білімді жетілдіру; аққаланың қардан жасалған мүсін екеніне көз жеткізу; қысқы ойын-сауықтар түрлерімен таныстыру.
"Үйшікте кім тұрады?" сөздік ойыны. Дидактикалық міндеті: балалардың жануарлар туралы білімін, дыбыстарды дұрыс айту іскерлігін бекіту. Ойын ережесі. "Үйшікте кім тұрады?" деген сұраққа кім үйшікте тұрса, сол балалар ғана жауап береді (балалар жануарлардың дыбысын салады). Ойын әрекеттері: дыбыспен еліктеу; әр түрлі жануарлар мен құстардың қозғалысын көрсету. |
Математика негіздерінен ойын-жаттығу "Аққалалармен ойнайық". Міндеті. Балалардың екі қарама-қарсы заттарды биіктігі мен жуандығы бойынша тұстастырып, беттестіріп, іс-тәжірибеде сәйкестігін тауып, салыстыра білу дағдыларын жетілдіру, салыстыру нәтижесін сөзбен жеткізуге үйрету; көзбен мөлшерлеу, қолдың ұсақ моторикасын, кеңістікті бағдарлау, есте сақтау, қабылдау және елестету қабілеттерін дамыту. "Дәріхана"сюжетті-рөлдік ойыны. Міндеті: дәріхана қызметкерлерінің мамандықтары туралы білімдерін кеңейту: фармацевт дәрі-дәрмек жасайды, кассир-сатушы оларды сатады, дәріхана меңгерушісі дәрі-дәрмек жасау үшін қажетті шөптер мен басқа да препараттарға тапсырыс береді, балалардың сөздік қорын кеңейтеді. |
Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу "Ақшақарлар жауып тұр. Дауыссыз [ш] және [ж] дыбыстары". Міндеті. Балаларды [ш] және [ж] дыбыстарының жеке, буын және сөз құрамында айтылу тәртібімен, сөздің жекеше және көпше түрлерімен таныстыру; қардың қасиеттері жөнінде білімдерді жетілдіру. Сюжетті-рөлдік ойыны: "Тазалықты сақтайық". Міндеті: ойынға деген қызығушылықты дамыту; балалар арасындағы жағымды қатынастарды қалыптастыру; тазалыққа ұқыпты қарауды тәрбиелеу. |
|
Балалармен жеке жұмыс |
"Сыпайы сөздер" дидактикалық ойыны. Міндеті: балаларда өзін-өзі ұстау мәдениетін, сыпайылықты, әрқайсысына деген құрмет сезімін, досқа, бір-біріне көмектесуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу. Барысы: педагог балаларға әртүрлі сюжеттер бейнеленген суреттерді көрсетеді және сұрақтар қояды. Балалар сұрақтарға толық жауап береді. |
Санамақтар айтқызу. "Кел, санайық санамақ". Бір, екі, үш, Бір, екі, үш, Ал, кәнеки, ұш. Төрт, бес, алты, жеті, Төрт, бес, алты, жеті, Мынау - ауыл шеті. Сегіз, тоғыз, он, Сегіз, тоғыз, он, Ал, кәнеки, қон. Асықпа да саспа, Бірден қайта баста. (сөйлеуді дамыту) |
"Ақ қоян" ойыны. Ойын Міндеті: балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, тілдерін дамыту, достыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу. Ойын құралдары: қоянның маскасы. Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада "қоян" болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып, қоянды айнала жүріп, тақпақ айтады: Ақ қоян-ау, ақ қоян, Орныңнан тұршы, Бетіңді жушы, Шашыңды тарашы, Әй-әй көйлек киші, Біреудің қолын үзші, - дегенде, қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп, өлең бітісімен, жүгіріп барып, шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген жердегі, оң жақтағы бала "қоян" болады. (сөйлеуді дамыту, көркем сөз, дене шынықтыру) |
"Қар" тақпағын айтқызу. Міндеті. Бала тілін дамыту. "Қар" (Тілеген Шопаев) Жауды міне, қар аппақ, Айналаның бәрі аппақ. Жасырыпты жолдарды: Тегістепті орларды.
Үстін жауып көлдердің, Бетін бүркеп белдердің. Жастық етіп тауды асқақ Жантайыпты жамбастап. Жантайыпты жамбастап. (көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту) |
Суреттер қарастыру. Міндеті: "Қыс қызығы" тақырыбында сюжетті суреттер қарастыру. Сұрақтар қою және толық жауапты талап ету. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу, қазақ тілі) |
|
Серуенге дайындық |
Еңбегі адал жас өрен. Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Серуен |
Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
||||
|
Серуеннен оралу |
Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет) Смарт бала жобасы бойынша конструкторды дұрыс айқастырып біріктіру мақсатында ойындар ойнату. Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка) Өнер бұрышында қыс мезгілін бояу суреттерін бояту, ұлпақар мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу) Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті) Еркін рөлдік, ұлттық ойындар ойындар. |
||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут. Баланы үйде аяқ киімін оң, теріс деп үйрету. Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру |
||||
Тексерді әдіскер «13» 01. 2025 ж Г. А. Албаева
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген