жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Циклограмма, Тақырыбы: "Менің Қазақстаным", апталық тақырыбы: "Туған өлкем"
ЦИКЛОГРАММА
ІІ апта, желтоқсан айы-2020
КМҚК «№174 бөбекжай-балабақшасы»,
ортаңғы «Балбөбек» тобы
Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным»
Тақырыпша: «Туған өлкем»
Күн тәртібі |
Уақыты |
Дүйсенбі 07.12.2020 |
Сейсенбі 08.12.2020 |
Сәрсенбі 09.12.2020 |
Бейсенбі 10.12.2020 |
Жұма 11.12.2020 |
||
|
||||||||
Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )
Таңертеңгі гимнастика (5 мин)
Гигеналық шаралар |
8.00-8.30
|
Балаларға Туған жер, Отан туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерді қорғауға, аялауға тәрбиелеу. |
||||||
«Туған өлкем» өлеңі Мақсаты: Балаларға қысқа өлең жолдарын қайталатып, сөздік қорын молайту.
|
Үстел үсті ойыны: «Менің Қазақстаным» Мақсаты: балаларға берілген суреттердің бөлігін тауып орналастыра білуге үйрету.
|
Мақал-мәтелді жаттату: «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» |
«Көрікті жерлерді ата» суретпен жұмыс. Шарты: Алматы қаласының көрікті жерлерін көрсетіп, атау. «Алматы» слайдын көрсетеді, таныстырады. |
«Көрікті жерлерді ата» суретпен жұмыс. Шарты: Алматы қаласының көрікті жерлерін көрсетіп, атау. «Алматы» слайдын көрсетеді, таныстырады. |
||||
8.30- 8.45
|
Жаттығулар кешені Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау. Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүру. Қол бүйірде, аяқтың ұшымен жүру. Қол бүйірде, өкшемен жүру. «Бала қораз» - тізені жоғары көтере, қолды жан-жаққа сермей жүру. Шеңбер бойымен еркін жүру. Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау. Бастан аяққа дейінгі дене жаттығуларын жасау. |
|||||||
|
|
Ойын-жаттығу: Бола білсең төзімді, Тап-таза етер өзіңді. Тазалықтың досы, Сабын деген осы. |
||||||
Таңғы ас |
8.40-9.10 |
Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі. Ас ішкенде тамақтану ережесін сақтау, төкпей шашпай ішуге үйрету. Дастархан басында сөйлейге болмайтынын айту. Ботқада көп дәрумен, Нан мен майда жеймін мен. Тәтті шәйді ішемін, Көңілді болып жүремін. |
||||||
Ойындар. Ұйымдастырыл- ған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық |
9.10- 9.15 |
Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар |
||||||
Дидактикалық ойын:
«Сиқырлы суреттер» Мақсаты: Қазақтың ою – өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру, атай білуге үйрету. Баланың есте сақтау қабілетін, елесін дамыту.
|
Дидактикалық ойын: «Пішініне қарай ажырат» Мақсаты: Балаларға үлестірмелі материалдар таратып шаршы пішінге ұқсас заттарды топтастыру. |
Дидактикалық ойын: «Пішініне қарай ажырат» Мақсаты: Балаларға үлестірмелі материалдар таратып шаршы пішінге ұқсас заттарды топтастыру. |
Дидактикалық ойын: «Ұлттық киімдерді ата» Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киімдері мен бұйымдары жайлы балалардың білімдерін кеңейту шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
|
Дидактикалық ойын: «Ұлттық киімдерді ата» Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киімдері мен бұйымдары жайлы балалардың білімдерін кеңейту шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
|
||||
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырыл-ған оқу қызметі |
9.20 10.20
|
Дене шынықтыру. Тақырыбы: Үлкен допты қос қолмен арқаннан асыра лақтыру.Құрсаудың ішіне қос аяқпен секіру. Мақсаты: Жаттығу ережелерін және жаттығуларды толық орындауға үйрету. Шыдамды,төзімді азамат тәрбиелеу.Есте сақтау қабілеттерін дамыту .Қимыл-қозғалыс ойындарына қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: Туған жердің төрінде! Мақсаты: Балаларға туған өлкесі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру Қазақстанның табиғатының сұлулығымен таныстыру. Өз туған өлкемізді танып білуге,жақсы көруге,өз еліне туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Сөйлеу қабілеттерін жетілдіру. Патриоттық сезімге тәрбиелеу.
|
Математика негіздері. Тақырыбы: Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта. Мақсаты: таңертең (таң)-тәулік бөлігімен таныстыру. Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру;осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану;таныс заттарды көлеміне қарай(үлкен-кіші)және санына қарай (бір-көп)салыстыруды үйрету.Қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу. Музыка. (Музыка жетекшісінің жоспарымен өткізіледі)
|
Дене шынықтыру. Тақырыбы:
Құрсаудың ішіне қос
аяқпен секіру. Қатар қойылған кегелдер
ортасымен жүгіру. Мүсіндеу. Тақырыбы: Күннің батуы. Мақсаты: мүсіндеудің негізгі: жұмсарту,созу, құрастыру,жаю, тегістеу,жалпақтау,домалақтау тәсілдерімен таныстыру.
|
Дене шынықтыру. Тақырыбы: Қатар қойылған кегілдер ортасымен жүгіру.Еденнен тігінен тұрған құрсаудан еңбектеп өту. Мақсаты: Жаттығу ережелерін және жаттығуларды толық орындауға үйрету. Шыдамды,төзімді азамат тәрбиелеу. Есте сақтау қабілеттерін дамыту . Қимыл-қозғалыс ойындарына қызығушылықтарын арттыру. Сурет салу Тақырыбы: Туған өлкенің табиғаты! Мақсаты: Балалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу. Балалардың эмоциялық көңіл-күйін көтеру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу. Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Табиғатты аяла! Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікті көре білуге, табиғатты қорғап аялауға үйрету.
|
Жаратылыстану. Тақырыбы: Туған өлкем тамаша! Мақсаты: Туған өлке туралы мәлімет беру. Отбасында туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерінің табиғатын, қаласын, көл , өзендерін білуге жаттықтыру. Музыка. (Музыка жетекшісінің жоспарымен өткізіледі)
|
||
Серуенге дайындық
|
10.20 10.30 |
Киіну: Балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру. Балаларға ауыстырған аяқ киімдерін шкафтарына салып қою керектігін айту, серуенге шығу.
|
||||||
Серуен: |
10.30-11.25 |
Бақылау: «Күннің көзін бақылау». Мақсаты: балалармен бірге қыс мезгіліндегі күннің көзін бақылау, қыс басында күннің көзі сирек шығатынын түсіндіру(бұлыңғыр, бұлтпен жабылған, жоғары көтерілмейді, жылытпайды). Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады. Қимылды ойын: « Ит пен қоян » Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Шарты: Бір бала ит болады да, қалғаны қоян болады. Бұдан кейін «ит», « қояндарды» қуып ұстауға тырысады. Өзі ұстаған балалардың барлығын итке айналдарды. Сөйтіп барлық қояндар итке айналғанша ойын жалғаса береді. Еркін ойын: «Достарыммен ойнаймын». Балалардың өз қалаулары бойынша еркін ойындар ұйымдастырып ойнату. Дене қозғалысы мен еркін қимылда белсенділікке тәрбиелеу. |
||||||
Серуеннен оралу |
11.25-11.35 |
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, еркін ойын әрекеті . |
||||||
Түскі ас |
11:40 12:30 |
Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі. Дастарханның басында, Әдептен біз озбайбыз. Үлкендердің алдында, Қолды бұрын созбаймыз. |
||||||
Ұйқы |
12.45-15.00 |
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. Таспадан баяу ырғақты әуен қою. |
||||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары |
15.00-15.10 |
Балаларды баяу дауыспен ұйқыдан ояту. Төсекте шалқаларынан жатып велосипед тебу жаттығуларын орындату. Балаларды
майтабандылықтан сақтау үшін
кедір-бұдырлы кілемшелер үстімен
жүргізу. |
||||||
Бесін ас |
15.10-15.30 |
Балаларға бесін ас ішулерін ұйымдастыру, астарын асықпай, ұқыпты ішулеріне баулу, ас ішу мәдениетіне тәрбиелеу. |
||||||
«Алақай, ойын!» Мазмұнды –рөлдік, шығармашы-лық және дидактикалық ойындар.
|
15.35 15.55
|
Сюжетті-рөлдік ойын: «Балықшылар» Мақсаты: Балықшының еңбек құралдарымен және оларды қалай пайдаланатынын үйрету. |
Сюжетті-рөлдік ойын: «Шеберхана»; Шарты: Ірі құрылыс материалдарымен және конструкторлармен ойын: Ғимарат құрастырып ойнайды. |
Вариативтік компонент: «Қызықты ертегілер». Тақырыбы: «Маша мен аю» ертегісі. Мақсаты: Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету. Балалардың сөздік қорын молайту. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тірбиелеу.
|
Сюжетті-рөлдік ойын: Емхана Шарты: Балаларды рөлдерге бөлу: дәрігер, медбике, ауру бала - қуыршақ, ауру баланың шешесі. |
Сюжетті-рөлдік ойын: Шағын маркет «Ойыншықтар әлемі» Шарты: Достарымен ойыншық дүкеніне келіп өз қалауындағы ойыншықты сатып алып,ойнау дағдысын қалыптастыру |
||
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс |
|
Сөйлеуді дамыту оқу қызметі бойынша Аяна мен Санжарға өз туған өлкеміз туралы әңгімелеп беріп, жетелеуші сұрақтар қою арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
|
Математика негіздері оқу қызметі бойынша «Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта» тақырыбында Айымға тереңірек білім беріп, сұраққа жауап беру дағдысын қалыптастыру. |
Мүсіндеу оқу қызметі бойынша Даниалға жұмсарту,созу, құрастыру,жаю, тегістеу,жалпақтау, домалақтау тәсілдерін үйрету.
|
Сурет салу оқу қызметі бойынша «Туған өлкенің табиғаты!» тақырыбында балаларға тереңірек білім беріп, туған жерін сүюге тәрбиелеу. |
Жаратылыстану оқу қызметі бойынша Сұлтанға туған жерінің қалаларын білуге жаттықтыру. Музыка оқу қызметі бойынша «Туған жер» әнін барлық балаларға жаттату. |
||
Серуенге дайындық |
15.55-16.15 |
Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды , киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау. |
||||||
Серуен |
16.15-16.45 |
Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу: «Балабақша ауласындағы не бар?» Қимылды ойын: « Қояндар мен қасқыр» Еркін ойын: «Сырғанақта ойнаймыз!» Сырғанақта бірлесіп ойнап, достық қарым –қатынастарының нығайуының алғы шарттарын орнату. |
||||||
Серуеннен оралу |
16.45-16.55 |
Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау. |
||||||
Тазалық және шынықтыру шаралары |
16.55-17.00 |
Мәдени –гигиеналық тазалық туралы айту, балаларға қол жуу алгоритімін түсіндіріп, дағдыландыру. |
||||||
Кешкі ас
|
17.00-17.30 |
Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс. Ас ішер кезде, Сөйлемейміз, күлмейміз Астан басқа өзгені Ойламаймыз білмейміз. |
||||||
Балалардың үйге қайтуы |
17.30-18.30 |
Күн тәртібінің ережесіне сәйкес балабақшаға кешікпей келулерін ата-аналарға айту. |
Ата-аналармен балалардың балабақшадағы тәртібі жайлы әңгімелесу. |
Ата-аналарға қыс мезгілі болғандықтан аяздан қорғану мақсатында балаларды жыл мезгіліне сай киіндірулерін ескерту. |
Ата-аналармен балалардың тазалықтары жайлы әңгімелесу. |
Жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс жүргізілген балалардың ата-аналарымен әңгімелесу. |
||
Толтырған тәрбиеші: Мәжен Д.К.
Тексерген әдіскер:__________________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген