400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Циклограмм.Ортаңғы топ.Қазан айына толық сабақ жоспары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешісіне қазан айының толықтай сабақ жоспарлары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Циклограмма

Алмалық ауылы «Ақбота» шағын орталығы. Ортаңғы топ.

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»

Тақырыпша: «Менің отбасым, ата-аналар еңбегі»


Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау.

Ата -аналармен әңгімелесу.

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б.)






Таңертенгі гимнестика

(5 мин)






8.00-8.35

Тәрбиешінің балалармен қарым –қатынасы: бадалармен достары туралы әңгімелесу, қарым –қатынас және көтеріңкі көңіл күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.

Құрылыс ойыны:

«Үй» құрастыру.

Шығармшылық жұмыс:

Ақ қағаздардан «Кеме» жасап үйрену.


Менің кітапханам:

Отбасы жайлы кітаптарды ашып, ішіндегі суреттерге көңіл аудару.

Санамақтар:

«Менің отбасым» санамағын жаттау.


Үстел – үсті ойыны:

«Саулетті үйшік» пазлын құрастыру. Ондағы бір үйде мекен ететін жануарлар достығы туралы әңгіме жүргізу.

Жаттығулар кешені.

Бәріміз бірге еңкейейік.
Бірге секірейік.
Бірге созылайық.
Бірге қолымызды созайық.
Бірге еңбектейік.
Бірге тіземізді ұстайық.
Бір орында секіру.
Тыныс алу.


Таңғы ас


8.35-9.05

Балалардың беті қолын жуып, таңғы асқа отыру. Ас ішу мәдениетімен таныстырып отыру. Қасық, шанышқыны дұрыс пайдалануды үйрету. Асты сөйлемей ішу. Астан соң беті – қолды жуу.

Ойындар ұйымдастыр-ылған оқу қызметіне дайындық


9.05-9.20

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және бояу қимылды ойын жаттығуларды ойнату.

«Менің отбасым мүшелері» әңгімелеу.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту. Сөздерден сөйлемді саптап дұрыс құрауға үйрету. Отбасы мүшелері арасындағы құрмет жайлы саналарына сіңірту.

«Сүйікті отбасым» бейнеленген суретке қарап әңгіме құрастыру.

Мақсаты:

Көз алдарына өз отбасыларын елестету арқылы суретке қарап сөйлету, ойлау қаблеттерін дамыту.

«Анашымның көмекшісімін» ойыны.

Мақсаты:

Ойын арқылы балалардың бойында қамқорлық сезімін қалыптастыру. Үстел үстінде шашылып жатқан заттар суретін орын – орнына топтастыру.

«Ана көрген тон пішер, іке көрген оқ жонар» суретке қарап әңгіме жүргізу.

Мақсаты:

Отбасы мүшелерінің отбасындағы еңбегі жайлы әңгімелету арқылы балалардың сөйлеу мәнері мен сөздік қорын дамыту.

«Отбасымды бейнелеймін» сурет салғызу.

Мақсаты:

Сурет салғызу арқылы отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікті арттыру. Саусақ бұлшықеттерін дамыту, түстерді ажырата білуге үйрету.

Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастыр- ылған оқу

кестесі

























































9.20 - 10.05




























































Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Қапшықты нысанаға лақтыру.

Мақсаты: Қапшықты нысанаға лақтыруды үйрету. Көзбен мөлшерлей білуге үйрету. Гимнастикалық баспалдақпен өрмелеуге жаттықтыру.

Мотивациялық

қозғаушылық

Бір қатар сапқа тұру.

Топтарда жүгіру жаттығулары (ысқырық бойынша қарқындарын ауыстыру).

Ұйымдастыру-шылық ізденістік

1.Доппен орындалатын ЖДЖ:

Негізгі тұрыс, доп оң қолында төмнде. 1-қолдары екі жақта; 2-қолдары жоғарыда, допты басқа қолға ауыстыру;

3-қолдарын екі жаққа созу;

4-бастапқы қалып.

Аяқтары сәл ашылған қалыпта тұру, доп оң қолында. 1-оң аяғына иілу; 2-3-допты оң аяқтан сол аяққа ауыстырып домалату; 4-бастапқы қалып, сол сияқты сол аяққа.

Тізерлеп тұру, доп екі қолда, 1-2-өкшемен отырып және денесін оңға бұрып, допты еденге тигізу; 3-4-бастпақы қалыпқа келу. Сол сияқты солға орындау.

Еденде отыру, доп табаңдарының арасына қысылған, қолдары артқа тірелген. 1-2-түзу аяқтарын көтеру, допты түсіріп алмауға тырысу; 3-4-бастапқы қалыпқа келу.

Шалқадан жатып, допты түзу қолдарына басының жоғарғы жағында ұстау.

1-2-алға қарай түзу қолдарын және оң аяқты көтеру, допты аяғына тигізу;

3-4-бастапқы қалыпқа келу.

Сол сияқты сол аяқпен.

Аяқтары сәл ашылған, доп оң қолында. Допты еденге оң қолмен соғып ұрады, ол оны екі қолмен соғып ұрады, ал оны екі қолмен ұстайды.

2. Нысанаға қаршықты көздеп лақтыру. Педагог құм толтырылған қапшықты 3метр қашықтықта тұрған нысанаға қалай лақтыру керектігін көрсетеді.

Рефлексиялық

түзетушілік

Екі аяқтың ұшымен жүру, қолдары жоғарыда.

Қорытындылау:

1.Қандай сабақ болды?

2. Сабақ ұнады ма?

3.Қандай ойын ойнадындар?

Мадақтау.

Бағалау.


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Қанқыз

Мақсаты:

Жәндіктер туралы білімдерін толықтыру, қанқыз жайлы мақлұмат беру. Қалдық материалдарды қолдана отырып қанқыз жасап үйрету.

Мотивациялық –

қозғаушылық

Үлгі суретті көрсетіп, педагог «қанқыз» қоңызы туралы әңгімелер береді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Қанқызды жасау үшін бөтелкенің қақпақтары керек болады. Пішіндері домалақ қақпақты аламыз, оның үстіне түрлі түсті бояумен дене бөліктерін жасаймыз: қанаты, басы, көзі т.б. Үлкен қақпақ – қанқыздың денесі, ал басын ермексаздан жасаймыз. Ермексазды пайдалана отырып басы мен денесін біріктіріп, ермексаздан аяғын жасаймыз. Қара түсті гуашь бояуымен ортасынан түзу сызық сызып, оны сәл толықтырыпқанаттарын жасап, қара дақтар түсіреміз. Қанқыз дайын болған соң оны орналастыратын жерге әртүрлі ұсақ тастарды пайдаланып, жасыл түсті қағаздан шөптерді қиып жапсырамыз. Қанқызды ұсақ «малта тастардан» жасап, оны қызыл гуашьпен бояп, қара түсті бояумен дене бөліктерін жасауға да болады. Балалардың қызығушылығы мен таңдауына баланысты педагог шығармашылықпен іс – әрекетті ұйымдастырады.

Рефлексиялық –

түзетушілік

Балалар жұмыстарын қарап, қанқыздың дене бөліктерінің дұрыс жасалғанын қадағалайды, тастарды қалай бояғанына мән береді және оны қалай орналастырғанын атап өтеді, жақсы жасалған жұмыстарды мадақтайды. Мақтайды, қоштасады.


Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Драма

Тақырыбы:

Екі әтеш (ертегі)

Мақсаты:

Ертегіні тыңдап, өз түсінігін жүйелі айта білуге баулу. Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру.

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Ғажайып түс көрдім,

Таң ата мен бүгін.

Ертегі әлемінің

Нұрына шомылдым.

Жұлдыз-айы көркем,

Әдемі еді неткен.

Құстары сөйлейді,

Бұлттары тербейді,

Мен оянып кеттім, әттең...

Ертегілер,ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер?

Әлеміңнің ғажап күйін

Шертпедіңдер сендер.

Гүл тердім бақтардан.

Әр гүлде бір арман.

Таусылмайтын тәтті

Сый әкеліп жатты

Жан біткеннің бәрі маған.

Ұйымдастыру-ізденістік

Кіріспе әңгіме

-Балалар, өлең ұнады ма?

-Өлең не туралы?

-Қандай ертегілерді білесіңдер?

-Бүгін біз «Екі әтеш» ертегісімен танысамыз.

«Екі әтеш» ертегісін мәнерлеп оқу.

Сұрақ-жауап

-Ертегі қалай аталады?

-Әтеш қандай құсқа жатады?

-Ертегі не жайлы?

-Екі әтеш нені қызғанады?

-не үшін төбелесті?

Сергіту сәті

Қораз,қораз,қоңқылдақ,

Ерте тұрып қоңқылдап,

Алтын айдар басында,

Ән салар үй қасында.

Дәптермен жұмыс:

  1. Жұмбақ шешу

  2. Сурет бойынша әңгімелеу.

Рефлексиялық-түзетушілік

Оқу іс-әрекетін «Үй құстарын ата» ойынымен аяқтау. Ойын арқылы пысықтайды.















Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Адам еңбегінің нәтижесі.

Мақсаты: Еңбектің нәтижесінде пайдалы және қажетті өнім (киім, аяқ киім, жиһаз, ойыншық) алынатынын түсіндіру.

Мотивациялық- қозғаушылық Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырады.

Кәне бәріміз қайырлы таң деп айқайлайықшы.

Ұйымдастырушылық-

Ізденістік.

-Мынау не?

-Олар неден жасалған екен?

-Бұларды бір сөзбен қалай деп атаймыз?


-Бұларды бір сөзбен қалай деп атаймыз?

-мыналар не? (киім,аяқкиім, қант,макарон)

Мына суреттерге қараңдаршы (кір жуып жатқан)

Адамдар немен айналысып жатыр?

-Кірді қалай жуып жатыр?

Сергіту сәті.

Мен ұқыпты баламын.

Айтқан тілді аламын

Кірлеп қалса киімім

Өзім жуып аламын.

Едендерді шаңдарды

Шаңсорғышпен сорамын

Ойыншықтарды орнына жинастырып қоямын.

Рефлексиялық - түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл- күйлерін,немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.


Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Бау – бақшада бақтарда.

Мақсаты:

Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіртетін сөздермен байыту (көлемін, түсін, пішінін)

Мотивациялық- қозғаушылық

Сұрақтар:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?

- Ал бүгін аптаның қай күні?

- Сәрсенбі күн қандай?

Бәріне сәттілік тілеу:

- Балалар, күндердің сәті өтсін!

Ұйымдастырушылық- ізденістік

- Балалар, бүгін біздің оқу іс-әрекетіміз жемістер мен көкөністер туралы және олардың қайда өсетіні туралы болады.

- Кәне, күз мезгілінде пісетін жемістер көкөкністерді айтайықшы?

- Олай болса, себеттегі жемңстер мен көкөкністердің біреуін алып, оның атауын айтып, түсін, пішінін айтып, әңгімелеу. Мысалы, мынау алма, оның түсі қып-қызыл, пішіні дөп-дөңгелек, дәмі тәп-тәтті т.б.


Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырату»

Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністерді қайда өсетінін, оларды ажырата білуге баулу. Саусақ моторикасын дамыту.

Шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі №1 тапсырмадағы жемістер мен көкөністерді атап, олыр қайда өсетінін анықтап, ағаштарға жемістерді және әр жүйектерге көкөністерді орналастыру.

- Жесістер қайда өседі?

- Ал көкөністер ше? (егер білмесе қайталау)


Сергіту жаттығуы: «Шие»

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын енде бар,

Төмен басты иемін.


(«З» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау)

- Алманы ағаштан қалай аламыз?

Кәне бақтағы ағаштардан жеістерді үзіп-үзіп алып жинайықшы.


- Көкөкністер мен жемістерді қай мезгілде жинаймыз?

Күз-күз-күз

- Кәне, енді бәріміз тәтті жемістерді жегісі келіп, дәмін татқысы келіп ұшып жүрген ара болайықшы. Ыз-ыз-ыз.

- «З» дыбысы бар қандай жемістер мен көкөністердің атауын білесіндер?

- Балалар, бізге осындай дәмді жемістер мен көкөністерін сыйлаған асыл өлкемізге, жерімізге арналған тақпақты қайталаймыз.


Отаным менің кең-байтақ.


Жайнаған сансыз қаласы

Жайқалған жомарт қаласы

Ел-Отан біздің кең байтақ

Отанның біздер баласы.


Жұмбақ:

Аспай піскен, қайнамай түскен.

(жеміс)

(түсіндірілу жұмысы жүргізіледі:

- Неге ол аспай, қайнамай піседі? Оларға күннің көзі, яғни күн пісуіне көмектеседі)

- Жемістерді жемес бұрын нестеу керек?

- Жемістердің, көкөністердің көп болуы, үлкен болып өсуі неге байланысты.


Жаңылтпаш

Бес түп алма,

Бестік алғандікі.

Төрт түп алма,

Төрттік алғандікі.

Бестік алған

Төрт түп алмайды

Төрттік алған

Бес түп алмайды.

(4-5 сандарын жіне алманы көрсету арқылы қайталау)

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Қапшықты нысанаға лақтыру.

Мақсаты: Қапшықты нысанаға лақтыруды үйрету. Көзбен мөлшерлей білуге үйрету. Гимнастикалық баспалдақпен өрмелеуге жаттықтыру.

Мотивациялық

қозғаушылық

Бір қатар сапқа тұру.

Топтарда жүгіру жаттығулары (ысқырық бойынша қарқындарын ауыстыру).

Ұйымдастыру-шылық ізденістік

1.Доппен орындалатын ЖДЖ:

Негізгі тұрыс, доп оң қолында төмнде. 1-қолдары екі жақта; 2-қолдары жоғарыда, допты басқа қолға ауыстыру;

3-қолдарын екі жаққа созу;

4-бастапқы қалып.

Аяқтары сәл ашылған қалыпта тұру, доп оң қолында. 1-оң аяғына иілу; 2-3-допты оң аяқтан сол аяққа ауыстырып домалату; 4-бастапқы қалып, сол сияқты сол аяққа.

Тізерлеп тұру, доп екі қолда, 1-2-өкшемен отырып және денесін оңға бұрып, допты еденге тигізу; 3-4-бастпақы қалыпқа келу. Сол сияқты солға орындау.

Еденде отыру, доп табаңдарының арасына қысылған, қолдары артқа тірелген. 1-2-түзу аяқтарын көтеру, допты түсіріп алмауға тырысу; 3-4-бастапқы қалыпқа келу.

Шалқадан жатып, допты түзу қолдарына басының жоғарғы жағында ұстау.

1-2-алға қарай түзу қолдарын және оң аяқты көтеру, допты аяғына тигізу;

3-4-бастапқы қалыпқа келу.

Сол сияқты сол аяқпен.

Аяқтары сәл ашылған, доп оң қолында. Допты еденге оң қолмен соғып ұрады, ол оны екі қолмен соғып ұрады, ал оны екі қолмен ұстайды.

2. Нысанаға қаршықты көздеп лақтыру. Педагог құм толтырылған қапшықты 3метр қашықтықта тұрған нысанаға қалай лақтыру керектігін көрсетеді.

Рефлексиялық

түзетушілік

Екі аяқтың ұшымен жүру, қолдары жоғарыда.

Қорытындылау:

1.Қандай сабақ болды?

2. Сабақ ұнады ма?

3.Қандай ойын ойнадындар?

Мадақтау.

Бағалау.


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы:

1 цифры және санымен таныстыру. Сол жағында, оң жағында. Шеңбер мен шаршы туралы өткенді пысықтау.

Мақсаты:

1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру.

Өзге сандар арасынан 1 цифрын табуға үйрету.

Мотивациялық -қозғаушылық

Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Бір күні анасы мен қызы хайуанаттар бағына барады. Қызы торда тұрған арыстанды көріп, таңырқап. Қасында тұрып қалады. Оны байқамаған анасы ары қарай жүріп кетіп қалады.

-Өыз нешеу?

-Арыстан нешеу?

Ұйымдастыру

Іздестіру

1-тапсырма:

Педагог балаларға 1 санының таңбасы 1 цифрымен таныстырады.

Педагог 1 цифры жайлы өлең оқып, жаттатады.

Бір дегенің бірінші

Тұрады ғой қатарда

Көтеріп ап танауды

Бастайды ол санауды.

Педагог сандар қатарынан 1 тауып, сонша моншақты бояуды ұсынады.

2 тапсырма.

Педагог сандар қатарынан 1 тауып, оны қоршап сызуға ұсынады.

Сергіту сәті: «Арыстан»

Мен мықты арыстан

Аңдардың патшасы

Жауымның соғыстан

Күл болған қаңқасы.

3-тапсырма:

Педагог балаларға суреттерді қарап шығып, бірдейлерін бір-біріне қосуды ұсынады.

-Сендер қандай суреттердібір-біріне қостыңдар?

4 тапсырма

Педагог балаларға бірінші және екінші қатардағы фигуралардың қалай орналасқанына назар аудартады.

-Балалар, фигураларды дәл осындай ретпен орналастыра отырып, қатарды жалғастырыңдар.

Рефлесифті -түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Тәрбиеші балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:

Мүсіндеу.

Тақырыбы: Кірпінің жанұясы.

Мақсаты:

Жануарлардың жанұясы туралы мағлұмат беру. Ермексазбен жұмыс істеуге, әртүрлі пішін жасауға үйрету. Саусақ бұлшықеттерін дамыту.

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші балаларға бір-бірімен қол ұстасып тұруды ұсынады.

Армысың,алтын Күн!

Армысың,асыл жер!

Армысың,көк аспан!

Армысың, жан досым!

Тәрбиеші балалардан: «Бір-біріңнің қолдарыңның жылуын сезіндіңдер ме?»-деп сұрайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші кез келген отбасының суретін көрсетеді.

-Балалар,осы отырған адамдарды бір сөзбен қалай атауға болады?

-Отбасында кімдер бар?

-Сен анаң мен әкеңе кім боласың?

-Сен атаң мен әжеңе кім боласың?

-Сен әпкеңе және ағаңа кім боласың?

-Мен сендерге тағы бір сурет әкелдім.

-Мұнда не бейнеленген?

-Кірпінің бәрі бірдей ме?

-Кірпілер-орманды мекендеушілер.

-Балалар, мен сендерге ертегі оқып берейін.

Тәрбиеші қуыршақ ойыншықтарды пайдаланады.

-Ерте,ерте,ертеде, бір орманда кірпі өмір . Жыл сайын ол күз бойы ата-анасымен бірге саңырауқұлақ жинап, ал қыста бәрі ұйқыға кетеді екен.

Бір күні ол өзінің ата-анасынан адасып қалады. Оларды іздей бастайды.

Тәрбиеші кірпіні жасу техникасын естеріне түсіруін сұрайды.

-Біз алдыңғы сабақта кірпі жасап үйренгенбіз. Бүгін әртүрлі көлемдегі (үлкенірек,орташа,кіші) кірпілерді жасап,оларды бір жанұяға біріктіреміз. Кірпінің тікенектерін әртүрлі материалдардан жасаймыз.

-Жұмысты екі топқа бөлініп жасаймыз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті

Қолды алға созамыз,

Қолды артқа созамыз,

Саусақтарды ойнатып,

Бір тынығып аламыз.

Тәрбиеші музыка қояды.

Балалар, кірпілерің дайын ба? Енді орман ішіне жібереміз,кішкентай кірпінің қасына. Біз кірпінің ата-анасын тауып беруге көмектестік.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Анашым» әні

Мақсаты:

Анаға деген құрмет, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Тыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.


Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Аппликация.

Тақырыбы: Табақты әшекелейміз.

Мақсаты:

Балаларды қазақ халқының тұрмысымен таныстыруды жалғастыру. Ұлттық қол өнерлерімен таныстыру.

Мотивациялық- қозғаушылық.

Қонаққа қуыршақ келеді. Ол балалардан екі табақ сұрайды. Біреуі өрнекпен, екіншісі өрнексіз.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік.

-Табақ өрнегімен әдемі. Ол көрікті және одан тамақ ішкен өте дәмдірек болады. Ондай тәрелкелерді қонақтар келгенде қоюға болады.

-балалар, табақтар не үшін қажет?

-Оны неден жасайды?

Табақты әдемілік үшін әртүрлі өрнектермен безендіреді.

Оны гүл, жапырақ, нүкте, сызықшалармен безендіреді.

-Ақ табақ ашық және қою түстер анық көрінеді.

-Ақ түсті қағаздан жапсырып тарелке жасаймыз:

1. домалатып қиып аламыз

2. қөқ қағаздың үстіне орналастырамыз.

3. нүктелерді басқа түстен қиып алып сол арқылы безендіреміз


Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Қыздар мен ұлдарға арналған ойындар.

Мақсаты: Физиологиялық мүмкіншіліктеріне қарай балаларды топтастырып ойнауға үйрету.

Мотивациялық

қозғаушылық

  1. Жүру

  2. Алаң бойынша баяу жүгіру.

  3. Жүру

Екі сапқа тізіліп тұру.

Ұйымдастыру-шылық ізденістік

1.Кегельмен орындалатын ЖДЖ:

Негізгі тұрыс, кегель қолында төмнде.

1-кегельді екі жақта созу;

2-кегельді жоғарыға көтеру,

3-кегельді екі жаққа созу;

4-бастапқы қалыпқа оралу

Аяқтары сәл ашылған қалыпта тұру, кегельді кеуде тұсында ұстау. 1-кегельдерді екі жаққа созу.; 2- алға иілу, кегельди еденге тигізу.

3-тік тұру, кегельді екі жаққа ұстау. 4-бастапқы қалып (5-7рет)

Тізерлеп тұру, кегельді иыққа қойып тұру. 1-2-оңға бұрылу, оң аяқтың өкшесінің тұсына жақындатып, еденге тигізу. 3-4 түзу тұрып, бастпақы қалыпқа келу. Сол сияқты солға орындау(6рет)

сияқты сол аяқпен.

2. Орта қарқынмен 40 сек.жүгіру (80м), сонан соң баяу ырғақпен 40м жүгіру.

3. Бір орында тұрып, бүйірмен жіптен секіріп өту.

4. Орта қарқынмен 40 сек жүгіру 80м , сонан соң жылдам ырғақпен 40м жүру.

5. Қапшықты алысқа лақтыру.

Рефлексиялық

түзетушілік «Ұйқыдағы түлкі» ойыны.

Шарты: «Түлкі» болып бір бала сайланады. Қалған балалар балапандар. Түлкі ұйықтап жатқанда балапндар шашырап ойнайды. «Түлкі оянды» дегенде үйлеріне қашады.

Қорытындылау:

1.Қандай сабақ болды?

2. Сабақ ұнады ма?

3.Қандай ойын ойнадындар?

Мадақтау.

Бағалау.


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Үйдің суретін саламыз.

Мақсаты:

Түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй бәлу дағдыларын қалыптастыру. Түстерді таңдай білуге үйрету.

Мотивациялық-қозғаушылық.

Таңдандыру сәті.

-Балалар, бізге қонаққа Қолтырауын Гена және Қалқанқұлақ келді. Олар сендкрдің еңбеққор екендеріңді бұрыннан біледі.

Бізе олардың үлкен өтініштері бар. Сендер үй салып бергендеріңді қалайды. Сендердің сияқты олардың да көп достары бар, сол достарымен бірге тұрғылары керек. Ал, біз оларға көмектесейік.

Ұйымдастырушлық-

ізденістік.

-Үй құрылысын батамас бұрын, үй құрылысы қандай бөліктерден тұратынын есімізге түсірейік: іргетасы, қабырғасы, төбесі, терезе, есігі.

Үйді салу жолдарын түсіндіру:

1. Бір қатарға екі терезені салу үшін жоғарыдан төмен қарай түзу сызық сызылып, шаршы жасалады.

2.Шатыры үшбұрыш болып келеді.

Сергіту сәті:

Мен құрылысшы боламын

Зәулім үйлер саламын

Өз қаламды көркейтіп,

Ел алғысын аламын.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Балалар жұмысын талдау. Гена мен Қалқанқұлақ рахметтерін айтады.





Серуен

10.05-12.00

Серуенге қызығушылық тудыру. Серуенге ойын материалдарын таңдау. Серуенде балаларды еңбек етуге ынталандыру. Табиғат құбылыстарын, онда мекен ететін жан-жануарларға, жәндіктерге бақылау жасауға бейімдеу.

Бақылаулар: Қүннің көзін бақылау. Құстарды бақылау. Аспанды бақылау. Жаңбырды бақылау. Желді бақылау.

Мақсаты: Табиғат құбылыстарын, ондағы өзгерістерді, өлі және тірі табиғат ерекшеліктеріне назар аударту. Бақылап, зерттеп, қорытынды шығара білуге дағдыландыру.

Қимылды ойындар: «Торғайлар мен автомабиль», «Қолшатыр мен жаңбыр», «Соңғыны ұста»

Мақсаты: Балаларды шапшаідыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Еңбек: Қоқыстарды теріп жәшікке салғызу.


Серуенне оралу

12.00-12.20

Балаларға киімдерін шешіп, бүктеп, жинап қоюға дағдыландыру. Қолдарын жуғызу. Қол жуу барысында сабынды пайдалануды дағдыға айналдыру. Болған соң орамалмен сүртіп, орнына ілуді қадағалау.

Түскі ас

12.20-13.00

Балалардың беті қолын жуып, таңғы асқа отыру. Ас ішу мәдениетімен таныстырып отыру. Қасық, шанышқыны дұрыс пайдалануды үйрету. Асты сөйлемей ішу. Астан соң беті – қолды жуу.

Тәтті ұйқы

13.00-15.00

Балалардың тыныш ұйықтауына жағдай туғызу. Ертегі оқып беру. Жақсы тілектер айту.

Біртіндеп ұйқыдан ояту. Ауа, су шаралары

15.00-15.10

Жағымды дауыспен балаларды ояту. Орындарынан тұрғызбай керілу-созылу жаттығуларын жасату. Жалпақ табандылықты алдын алу шарасы ортопедиялық жол бойымен жалан аяқ жүргізу. Сертгіту жаттығуларын жасату.

Ойын жаттығуы:

Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен әрдайым

Таза бетің, маңдайың.

Бесін ас

15.10-15.40

Балалардың беті қолын жуып, таңғы асқа отыру. Ас ішу мәдениетімен таныстырып отыру. Қасық, шанышқыны дұрыс пайдалануды үйрету. Асты сөйлемей ішу. Астан соң беті – қолды жуу.

Ойындар дербес әрекет

15.40-16.10

Қолғап театры.

«Менің сүйікті отбасым» ойдан ертегі құрастыру.

Сюжеттік –рөлдік ойын.

«Саулетті үйшік»

Балаларды рөлге бөліп ойнату.

Көлеңке театры.

«Жеті лақ» ертегісін корсету.

Ертегі арқылы шыншылдыққа тәрбиелеу.

Өз еркімен ойын.

Балалар қалаған ойыншықтармен ойнайды.

Топтағы кітаптар бұрышы.

Балалар өздеріне ұнаған кітаптарды алып танысалы.

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

16.10-16.30

Суретке қарап әңгіме құрастыру.

«Мысығым»

Мақсаты: Сүйікті жануары туралы әңгімелету.

Цифрларды қайталау.

1 ден 10 ға дейін санату.

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін арттыру.

Орыс тіліндегі қарапайым сөздерді жаттату.

Мақсаты: Мағынасын ашу. Дұрыс айта білуге баулу.

Ағылшан тіліндегі сөздерді жаттау. Мақсаты: Тілін дамыту. Әріптерді дұрыс дыбыстауға үйрету.

Әңгіме құрастыру.

Ата-әже туралы айту. Олардың немерелерін қалай еркелететіні жайлы айту.

Мақсаты: Отбасындағы қарым- қатынасты дәріптеу.

Серуен

16.30-17.00

Серуенге қызығушылық тудыру. Қимылды ойындар ойнау.

«Доппен ойын», «Ыстық картоп», «Эстафеталық ойындар»

Кешкі ас

17.00-17.30

Балалардың беті қолын жуып, таңғы асқа отыру. Ас ішу мәдениетімен таныстырып отыру. Қасық, шанышқыны дұрыс пайдалануды үйрету. Асты сөйлемей ішу. Астан соң беті – қолды жуу.

Уйге қайту

17.30-18.00

Ата – аналарға кеңес: «Балалардың жеке бөлмесі»

Психологиялық кеңес:

«»

Ата – аналарға кеңес:

«Бала дамуына қандай ойыншықтар пайдаланған жөн»

«Алтын күз» жайлы ата-аналармен әңгіме.

Жобамен таныстыру:

Жапырақтардан жапсыру арқылы өзіне ұнаған затты бейнелеу. Үйге тапсырма.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
65 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
21394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі