Цилиндр және оның элементтері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Цилиндр және оның элементтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы мемлекеттік бизнес колледжі

Оқу сабағының жоспары

Модуль/Пән

ЖБП 01/Математика

Педагог

Әбдісана Ұ.Ә.

Күні:


Жалпы мәліметтер

Курс 1

Бөлім/бөлімше

14. Айналу денелері және олардың элементтері.

14.1 Цилиндр және оның элементтері.

Сабақтың тақырыбы

14.1.1 Цилиндр және оның элементтері.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Мақсаты (оқу нәтижелері)

1) Айналу денесінің түрлерін анықтау (цилиндр);
2) Цилиндр элементтерін табуға арналған стереометриялық есептерді шешу;

Міндеттері (бағалау критерийлері)

1) Цилиндр және оның элементтерін анықтайды;
2) Сызбалар мен модельдерде цилиндрді таниды;
3) Цилиндрді жазықтықта бейнелейді;
4) Цилиндрдің жазықтықпен қималарын бейнелейді;
5) Цилиндр элементтерін табуға есептер шығарады.

Күтілетін нәтижелер

Цилиндрді, оның элементтерін таниды және ажыратады, оның қималарын жазықтықта бейнелейді, элементтерін, қимасын табуға есептер шығарады.

Қажетті ресурстар

Компьютер, интербелсенді тақта, оқулық, бағалау парағы, Youtube бейнематериалы, Lumio, Flippity, Learningapps, Qr code Monkey қосымшалары, Geogebra бағдарламасы, телефон, смайликтер,

Сабақтың барысы

Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Кіріспе бөлімі

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Білім алушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару;

  • Белсенді оқу әдісі: «Ой қозғау».

Жағымды психологиялық жағдай орнату.

Саралау тәсілі. Топтастыру. Білім алушыларға фигураларды ұсыну арқылы топтарға бөледі.

  • Бағалау парақтарын ұсынады, бағалау ережесімен таныстырады.

Үй тапсырмасын тексеру.

Белсенді оқу әдісі: «Сен маған, мен саған» Дұрыс жауапты экранға шығарады.

  1. Венн диаграммасын ұсынады.


  1. Flippity қосымшасында тапсырма ұсынады. Анаграмма


ЕБҚ білім алушысына (зейіні төмен) конспектісін қолдана отырып, Венн диаграммасын толтыруға және анаграммадағы сөздерді табуға нұсқаулық береді.



Есімінің бірінші әрпінен басталатын 1 математикалық термин мен бойындағы 1 жақсы қасиетті атайды.


Дөңгелек, төртбұрыш, шаршы, эллипс фигураларының бірін таңдау арқылы топқа бөлінеді, басшыларын тағайындайды.



Дәптерлерін ауыстыру арқылы бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.

Венн диаграммасын толтырады.

Көпжақтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

Қосымшада жасырылған сөздерді табады және олардың анықтамасын береді. (Көпжақ, Көпбұрыш, Қиық пирамида, Табаны, Қыры, Биіктігі, Жақтары, Ауданы, Төбесі, Апофемасы, Пирамида, Үшбұрыш, Тетраэдр, Трапеция, Цилиндр)





Оқытушы ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан білім аушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: (сөзбен қолдау көрсету, ынталандыру) «Жарайсың!

Жақсы!

Өте жақсы!

Талпын!»



Кері байланыс беріледі.





https://suite.smarttech.com/share/4cea2fa8-7162-4e93-98d5-1258b0a83656

1-2 слайд




10 мин

3 -4 слайд

Интерактивті тақта

ІІ. Негізгі бөлім

2 мин

Сабақтың тақырыбын ашу. «Ойлан, тап» әдісі.

Жаңа тақырыпты, оның мақсатын, міндетін анықтайды.

ЕБҚ білім алушысына анаграмманы шешу үшін қажетті сөз беріледі.

Алдыңғы тапсырмада кездескен таныс емес сөз арқылы жаңа тақырыпты анықтайды.




5 слайд

20 мин

Саралау: диалог арқылы қолдау

Белсенді оқу әдісі: «Миға шабуыл» Теориялық материалды бағыттаушы (жетелеуші) сұрақтары мен Geogebra бағдарламасы арқылы меңгеруге жағдай жасайды.

1) Айналу денесі дегенді қалай түсінесіздер?

2) Қандай денені айналдырсақ, цилиндр пайда болады?

3) Цилиндрдің анықтамасы қандай болуы мүмкін?

4) Цилиндрдің элементтері қандай болуы мүмкін?

5) Цилиндр жасаушысы деген не, саны қанша?

6) Цилиндрдің табаны нешеу және қандай фигура?

7) Тік цилиндр деген не?

8) Цилиндрдің радиусы деген не?

9) Цилиндрдің биіктігі деген не?

10) Цилиндрдің осі деген не?

11) Цилиндрдің осіне параллель қимасы қандай фигура болады?

12) Цилиндрдің табан жазықтығына параллель қимасы қандай фигура болады?

13) Цилиндрдің өмірде қолданылу.

ЕБҚ ететін білім алушыға жеке тапсырма беріледі.

Цилиндрді алады, анықтамасын тұжырымдайды, элементтерін атайды, цилиндрдің түрлерін, қималарын анықтайды, қолданылуын атайды.


  • сұрақтарға жауап береді;

  • жазады;

  • өз ойларын ортаға салады

  • пікірлерін білдіреді

  • талдау жасайды;

  • бір-біріне көмектеседі;

  • сөйлеу дағдысы қалыптасады;

  • бір-біріне қолдау көрсетеді.


Оқытушы жаңа тақырып меңгеру кезеңінде белсенділік танытқан білім алушыларды смайликтер арқылы бағалайды.





Кері байланыс беріледі.

6 слайд

https://www.geogebra.org/m/J2qwHzcB

https://www.geogebra.org/m/mumzsz2f

https://www.geogebra.org/m/z93uxU79












1-қосымша bilimlend.kz алынған

БІЛУ

Жеке жұмыс

5 мин








5 мин

Жаңа білімді бекіту. Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар орындау.

Белсенді оқу әдісі: «Кім жылдам?»

1-тапсырма. Жабық тапсырма

Белсенді оқу әдісі: «Өзіңді тексер»

2-тапсырма. Жабық тапсырма

ЕБҚ білім алушы оқытушының көмегімен, қолдауымен тапсырманы орындайды.

Qr code немесе сілтеме арқылы қосымшаға өтіп, цилиндр элементтерінің орналасуын анықтайды.







Lumio қосымшасындағы бос орындарға қалдырылған сөздерді жазып, сөйлемдерді толықтырады.

Орындау қадамдары: Цилиндр элементтерінің орнын анықтайды;








Орындау қадамдары:

Терминдердің анықтамасын біледі;


50-100 баллдық жүйе бойынша бағаланады


Кері байланыс беріледі.

8 слайд, телефон

https://learningapps.org/view13894692










9 слайд

2-қосымша

5 мин




10 минут

ТҮСІНУ. Жеке жұмыс.

Белсенді оқу әдісі: «Қарқын»

3 тапсырма. (тест, ақиқат жалған, қысқа жауапты ашық сұрақ, )

Жұптық жұмыс.

Белсенді оқу әдісі: «Ойлан, жұптас, бөліс»

4 тапсырма. Қысқа жауапты ашық тапсырма Қималардың сипаттамасын жазу.

ЕБҚ білім алушы белсенді білім алушының көмегімен, қолдауымен тапсырманы орындайды.

Lumio қосымшасында тест тапсырмасын орындайды.



Әрбір білім алушы тапсырманы ойлана отырып орындайды, жұптасып пікірлеседі, басқа жұптармен бөліседі.

Тапсырманың дұрыс орындалуына сәйкес бағаланады


Орындау қадамдары:

  • Қималарды ажыратады;

  • Сипаттамасын жазады.

50-100 баллдық жүйе бойынша бағаланады


Кері байланыс беріледі.

10 слайд

3-қосымша





Интернет дереккөздері

4-қосымша


15 мин


ҚОЛДАНУ. Топтық жұмыс

«Карусель» әдісі. 5 тапсырма. (оқулықпен жұмыс) Ашық тапсырма.

І топ. Есептерді шығарыңыз.

1. Цилиндрдің биіктігі 3 см-ге, ал табанының радиусы 2 см-ге тең. Оның осьтік қимасының диагоналін табыңыз.

2. Алынған қиманың ауданын табыңыз.

3. Берілген цилиндрдің табанының ауданын табыңыз.

4. Берілген цилиндрдің табанының ұзындығын табыңыз.

Қалған топтардың тапсырмалары 5-қосымшада көрсетілген.

ЕБҚ білім алушы белсенді білім алушылардың көмегімен тапсырманың 1-есебін орындайды.

Білім алушылар берілген тапсырманы топта талқылайды, есептің шешуін табады. Таңдаған білім алушы екінші топқа барып, есептің шешуін түсіндіреді. Екінші топтағы таңдалған білім алушы үшінші топқа барып түсіндіреді. Үшінші топтағы бір білім алушы төртінші топқа барып түсіндіреді.

Э крандағы дұрыс жауап арқылы жауаптарын тексереді.

Ш ешуі:

  1. D=2R=4

  1. Sқима=D*H=12

  2. SтабR2=4π

  3. C=2πR=4π

Жауабы: 1) 4 см 2) 5 см

  1. 4π 4) 4π

Орындау қадамдары:

  • Цилиндрдің сызбасын салады;

  • Цилиндрдің элементтерін табу формуласын қолданады;

  • Цилиндрдің элементтерін табады;

  • Қорытынды жасайды.



Кері байланыс беріледі.

Бас бармақ арқылы бағаланады.

Геометрия §12. Цилиндр және оның элементтері, 81 бет № 12.6









5-қосымша

13 мин

Талдау. Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі

6 тапсырма Функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырма. Топтарға жеке тапсырма беріледі.

І топ.

Киіз үй – көшпенділердің ежелден келе жатқан тұрғын үйі. Биіктігі 2м-ге, ал диаметрі 5 м болатын киіз үй табанының ауданын табыңыздар?

Қалған топтардың тапсырмасы 6-қосымша көрсетілген.

ЕБҚ білім алушы белсенді білім алушылардың көмегімен топта жұмыс жасайды.

Әрбір топ білім алушылары 1,2,3,4 бөлінеді. Бірінші топқа әрбір топтың 1, екінші топқа 2, үшінші топ 3, төртінші топқа 4 мүшелер жиналып, есептерді тақылайды, түсіндіреді, шешу жолын және жауаптың дұрыстығын экрандағы жауап арқылы тексереді.








Шешуі: S=πR2

К=D\2=5/2=2,5

S=2,52π= 6,25π

Жауабы: 6,25π

Орындау қадамдары:

  • Киіз үйдің табанының сызбасын салады;

  • Дөңгелектің ауданын табу формуласын қолданады;

  • Дөңгелектің ауданын табады;

  • Қорытынды жасайды.



Смайликтер арқылы бағаланады.


Геометрия

§12. Цилиндр және оның элементтері, 82 бет

12.18











6-қосымша

2 мин

ІІІ. Қорытынды бөлімі

Сабақ қорытындысын жасау.

Бағалау.

Рефлексия.


Lumio тақтасына бүгінгі сабақта не ұнады, не білдім, не үйрендім сұрақтарына жауап жазады.



Кері байланыс беріледі.

телефон

Үй тапсырмасы

«Геометрия», 77-82 беттер, §12. Цилиндр және оның элементтері. № 12.7, 12.21 есептер.


Тақырыпты бейнематериал арқылы қайталайды. Тапсырмаларды орындайды.



https://drive.google.com/file/d/1UKFhecrzNDfgIfePkQ-k0Vugf_VjLRRZ/view?usp=sharing

В.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов, Геометрия.


















1-қосымша





2-қосымша

Бос орындарды толтырыңыз:



Дөңгелектерді цилиндрдің ________________, ал дөңгелектердің сәйкес нүктелерін қосатын кесінділерді цилиндрдің ____________________ дейді. Цилиндрдің табандары, жасаушылары ________ және ________________ болады. Цилиндрдің _________________ деп оның табанының радиусын, _________________ деп табан жазықтықтарының ара қашықтығын атайды.



Қажетті сөздер: биіктігі, табандары, радиусы, жасаушылары, параллель, тең.

3-қосымша

Тест тапсырмасы

  1. Бір жазықтықта жатпайтын екі дөңгелектен және олардың сәйкес нүктелерін қосатын, параллель көшіргенде дәл беттесетін кесінділерден

құралатын денені _______________ А)призма Ә) пирамида Б)цилиндр В) тетраэдр

  1. Цилиндр айналу денесі болып табылады? Ақиқат Жалған

  2. Қандай фигураны айналдырғанда цилиндр пайда болады А) үшбұрыш Ә) төртбұрыш Б) дөңгелек В) бесбұрыш

  3. Табандарының центрлерінен өтетін түзуді қалай атайды ? А) радиусы Ә) биіктігі Б) жасаушысы В) қимасы Г) осі

  4. Цилиндрдің жазбасы қандай фигуралардан тұрады? А) Үшбұрыш Ә) Дөңгелек Б) Төртбұрыш

  5. Цилиндрді осіне параллель жазықтықпен қиғанда қимасы қандай?

___________________________________________________________



4-қосымша

Қималардың сипаттамасын жазыңыз:

Қима түрлері

Сызбасы

Сипаттамасы

Цилиндрдің жазықтықпен қимасы











Жауабы:


Сызбасы

Сипаттамасы

Цилиндрдің жазықтықпен қимасы


Қиманың бұл түрі осьтік қима деп аталады, өйткені жазықтық цилиндрді оның осі арқылы қиып өтіп тұр.

Осьтік қима – тіктөртбұрыш болып табылады, оның екі қабырғасы – цилиндр жасаушысы, ал қалған екеуі – оның табанының диаметрі.


Цилиндрдің осіне перпендикуляр қимасы дөңгелек болып табылады және ол цилиндр табанына тең.


Жазықтық цилиндрдің осіне бұрыш жасап қиғанда пайда болатын қима эллипс болып табылады.


Цилиндрдің осіне параллель жазықтықпен қиғанда пайда болатын қима тіктөртбұрыш болады, оның екі қабырғасы – цилиндр жасаушысы, ал қалған екеуі – оның табанының хордасы.





5-қосымша

ІІ топ

1. Табанының диаметрі 12 см, биіктігі 3,5 см-ге тең цилиндр берілген. Оның осьтік қимасының диагоналін табыңыз.

2. Алынған қиманың ауданын табыңыз.

3. Берілген цилиндрдің табанының ауданын табыңыз.

4. Берілген цилиндрдің табанының ұзындығын табыңыз.



ІІІ топ

1. Цилиндрдің биіктігі 3 см-ге, ал табанының диаметрі 1,5 см-ге тең. Оның осьтік қимасының диагоналін табыңыз.

2. Алынған қиманың ауданын табыңыз.

3. Берілген цилиндрдің табанының ауданын табыңыз.

4. Берілген цилиндрдің табанының ұзындығын табыңыз.



ІV топ

1. Табанының радиусы 5 см, биіктігі 4,5 см-ге тең цилиндр берілген. Оның осьтік қимасының диагоналін табыңыз.

2. Алынған қиманың ауданын табыңыз.

3. Берілген цилиндрдің табанының ауданын табыңыз.

4. Берілген цилиндрдің табанының ұзындығын табыңыз.

6-қосымша

ІІ топ

Цилиндр тәріздес бөрененің ұзындығы 6 м, диаметрі 2 м. Бөренені қақ бөлу керек. Сонда бөлінген бөрененің тіктөрбұрышты бетінің ауданын табыңыз.

ІІІ топ

Алмастың үйінде су сақтауға арналған радиусы 50 см цилиндр тәріздес цистерна бар. Цистернада суретте көрсетілгендей су бар. Цистернадағы су бетінің ауданын табыңыз.

ІV топ

Хоккей шайбасы биіктігі 2,5 см, ал диаметрі 7,6 см болатын цилиндр тәріздес. Шайбаның табан ауданын табыңыз.

Бағалау парағы қосымша

Топ _____________________

Студент аты-жөні

Қайталау

1-т

2-т

3-т

4-т

5-т

6-т

Барлығы

1










2










3










4










5











Барлығы











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі