400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары

Материал туралы қысқаша түсінік
11.3.5 – айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________

«21» қаңтар 2025ж.


Бөлім

11.3.А Айналу денелері және олардың элементтері

Педагогтің аты-жөні

Пернебай Айжан Сериккызы

Күні

21.01.2025жыл

Сынып: 11 «А»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.3.5 – айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару

Сабақтың мақсаты

цилиндрдің элементтерін табуға есептер шығарады

Құндылықтарға баулу

Әділдік және жауапкершілік

-өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру;

-әдеп нормасына сәйкес өзінің және басқалардың іс әрекеттерін талдау;

-оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

-берілген ортақ іс үшін ұжым алдындағы жауапкершілікті түсіну;

-басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу;

Сабақ барысы

Уақыты/

кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут






4 минут













5 минут


Ұйымдастыру кезеңі

-оқушылармен амандасу;

-түгелдеу

-психологиялық ахуал тудыру

«Адам – өз өмірінің суретшісі»


Үй жұмысын тексеру

«Киіз үй» әдісі

12.13 (2)

Бірлік кубты:

2)қарама-қарсы жақтарының центрлерін қосатын түзуден айналдырғанда пайда болған цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңдар.



Үй жұмысын қорытындылау

«Киіз үй» әдісі

Сұрақ-жауап

1) Қандай фигура цилиндр деп аталады?

2) Цилиндрдің осі дегеніміз не?

3) Цилиндрдің табандары қандай фигура?

4) Цилиндрдің осьтік қимасы қандай фигура?

5) Цилиндрдің жасаушысы дегеніміз не?

6) Цилиндрдің биіктігі дегеніміз не?

7) Цилиндрдің жазбасы қандай фигуралардан құралады?

8) Цилиндрдің бүйір беті ауданы

9) Цилиндрдің толық бетінің ауданы

Оқушылар парақ пен қалам алып, сурет салады






«Киіз үй» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің тапсырмаларын тексереді. Дұрыс орындаған оқушылар бір уықтан жинайды









Киіз үйдің артына сұрақтар жазылған. Сұрақ түскен оқушы жауап береді.











«Уық» арқылы бағалау





Мадақтау арқылы бағалау

парақ

қалам






интерактивті тақта



Сабақтың

Ортасы

15 минут

































8 минут












7 минут


Оқулықпен жұмыс

Оқулықтан №12.18 есептақтада орындалады

12.18

Киіз үй – көшпенділердің ежелден келе жатқан тұрғын үйі. Биіктігі 2м, ал диаметрі 5м болатын киіз үйдің керегесінің бетінің ауданын табыңдар

12.21

Цилиндрдің биіктігі 8дм-ге, ал табанының радиусы 5дм-ге тең. Оның осіне параллель жазықтықпен қимасы – квадрат. Цилиндрдің осінен осы қимаға дейінгі қашықтықты табыңдар


Қосымша оқулықтан тапсырма

1)Теңқабырғалы цилиндрдің осьтік қимасының диагоналі 16 см-ге тең. Цилиндрдің табан радиусын табыңдар


2) Цилиндрдің осьтік қимасының диагональі оның жасаушысымен 30° бұрыш жасайды, ал табанының радиусы 4 см-ге тең. Цилиндрдің биіктігін табыңдар






Топтық жұмыс

www.gimkit.comплатформасы арқылы жүргізіледі




Сабақты қорытындылау

«Plickers» платформасы арқылы тест тапсырмасы орындалады

1) Табанының радиусы 3 м және биіктігі 8 м цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналін табыңдар

А) 24 м В) 11 м

С) 10 м D) 5 м

2) Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын келесі формула арқылы анықтауға болады

А) В)

С) D)

3) Цилиндрдің бүйір беті ауданының оның осьтік қимасының ауданына қатынасы

А) В)

С) D)

4) Табанының радиусы 6 см, осьтік қимасының диагоналі 13 см цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданын табыңдар

А) 25 см2 В) 60 см2

С) 34 см2D) 144 см2

5) Цилиндрдің осьтік қимасы квадрат және оның ауданы 441 см2. Цилиндрдің радиусын табыңдар

А) 11 см В) 21 см

С) 42 смD) 10,5 см

Дескриптор:

-табанының радиусын табады;

-цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табу формуласын қолданады;

-бүйір бетінің ауданын табады




Дескриптор:

-шеңбер центрін қиманың бір төбесімен қосады;

-Пифагор теоремасын қолданады;

-қашықтықты табады


Дескриптор:

-Пифагор теоремасын қолданып теңдеу құрады;

-теңдеуді шешіп, табан радиусын табады


Дескриптор:

-табанының диагоналін табады;

-30°-қа қарсы жатқан катеттің қасиетін қолданады;

-осьтік қиманың диагоналін табады;

-Пифагор теоремасын қолданады;

-цилиндрдің биіктігін табады



www.gimkit.com платформасында ойын ойнау арқылы есеп шығарады








Оқушылар тест тапсырмасын орындап, дұрыс жауабы жазылған парақты көтереді.

«Plickers» платформасы арқылы тексеру жүргізіледі

«Уық» арқылы бағалау
































«Уық» арқылы бағалау









«Уық» арқылы бағалау


оқулық

тақта

бор



























www.gimkit.comплатформасы












Сабақтың

Соңы

4 минут


Рефлексия

D-ID бағдарламасы арқылы жүргізіледі




Бағалау

«Киіз үй» әдісі


Үй жұмысын беру

12.20

Оқушылар D-ID бағдарламасында өздерінің бейнелерін сөйлету арқылы сабаққа рефлексия жасайды



Оқушылар киіз үйге жиналған уықтарын санайды. Уықтардың санына қарай оқушыларға балл қойылады.


Телефон

D-ID бағдарламасы










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27.02.2025
224
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі